Коллизиялық нормалар
Жоспар:
Құқық коллизиясының екi себебi бар:
Коллизиялық ережелерде кездесетiн байламдардың келесi түрлерi бар:
Коллизиялық ереженiң мәнiне қарай:
359.39K
Категория: ПравоПраво

Коллизиялық нормалар

1. Коллизиялық нормалар

2. Жоспар:

1. Коллизиялық және материалдық
құқықтық реттеу әдістері.
2. Коллизиялық норманың
құрылысы, жүйесі.
3. Коллизиялық нормалардың
түрлері.

3.

Негізгі ұғымдар:
Коллизия (лат. collіsіo – қақтығыс) – қарама-қарсы мүдделер
мен күштердің, көзқарастардың қақтығысы.
Құқықтық норма — мемлекет таныған, және оны өзі
қамтамасыз ететін, қоғамдық қатынастарға араласып
түсушілердің құқықтары мен міндеттерін туындататын,
олардың әрекеттерін үлгі, эталон, масштаб, өлшем есебінде
реттей алатын жалпыға бірдей міндетті ереже, норма.
Коллизиялық мәселе– бұл белгiлi бiр құқықтық қатынастағы
қай елдiң заңын қолдану туралы мәселе.

4.

Халықаралық жеке құқықты
реттейтiн шетел элементi бар
қарым-қатынастарда кейбiр
кездерде коллизиялық мәселелер
туындайды. Бұл мәселеде
қарама-қайшылықтағы екi
заңның қайсысын қолдану керек
екенi туралы сұрақты шешу
керек.
Бұл мәселелер белгiлi бiр
коллизиялық нормалар қолдану
арқылы шешiлуi мүмкiн.
«Коллизия» (латын сөзiнен
«collisio») – ол қақтығыс немесе
қайшылық деген мағынаны
бiлдiредi. Заңдардың
коллизиясын реттеу туралы
айтқанда, әр түрлi мемлекеттер
арасындағы құқықты таңдау
қажеттiгiн айтады.

5. Құқық коллизиясының екi себебi бар:

жеке құқықтық қатынаста шетел
элементiнiң болуы
қатынасқа
байланысты әр
түрлi мемлекет
құқығының
мазмұндарының
ерекшiлiгi

6.

Коллизиялық
норманың
мақсаты – қарамақайшылықтағы екi
не одан да көп
құқықтық жүйе
арасындағы
қақтығысты
шетел элементi бар
қатынастарды
белгiлi бiр құқық
тәртiбiне
бағындыру болып
табылады.
реттеу,
шешу ,

7.

• Бiрақ, коллизиялық норма
мәселенi мәнi бойынша өзi
шеше алмайды, ол тек тиiстi
мiндеттi қарастыратын
материалдық нормаға сiлтеме
жасайды. Осы тәртiп негiзiнде
мәселе шешiледi. Осыдан
коллизиялық ереженiң заң
әдебиеттерiнде «даулы»,
«сiлтемелiк» деген
анықтамалармен неге
қолданылуын байқауға
болады.

8.

• Сiлтеме жасалған материалдық құқықтық нормамен бiрге
коллизиялық норма азаматтық айналым қатысушыларына
жүрiс-тұрыс ережесiн анықтайды. Халықаралық жеке құқық
құрамында коллизиялық және материалдық құқықтық
норманың қосылуы, сипаты бойынша бiртектi қарымқатынастарды екi түрлi әдiспен реттеу қажеттiлiгi негiзделедi.
Халықаралық келiсiмдердегi материалдық құқықтық нормамен
бiрге халықаралық жеке құқық iшiне iшкi заңнамадағы
материалдық құқықтық нормалар кiредi. Олар шетел элементi
бар азаматтық қатынастарды реттеу үшiн арнайы белгiленген.
• Бұл нормаларға жататындар:
сыртқы экономикалық қызметтi реттейтiн норма,
инвестициялар режимiне қатысты нормалар,
Қазақстан азаматтарының шетелдегi мәртебесiн анықтайтын
нормалар,
Қазақстан Республикасында азаматтық, неке және еңбек пен iс
жүргiзу құқығы аясында шетел азаматтары мен ұйымдардың
құқықтық жағдайын анықтайтын нормалар.

9.

Оның бiрiншi бөлiгi коллизиялық
ереженiң көлемi болып табылады, ол
коллизиялық ереженiң қандай құқық
қатынасында қолданылатыны туралы
анықтайды. Мысалы: меншiк құқығы,
отбасы құқығы.
Коллизиялық
ереженiң
құрылымы
Коллизиялық ереженiң екiншi бөлiгi
коллизиялық байлам (қағидат, бекiту
формуласы) деп аталады. Байлам – бұл
тиiстi қарым-қатынаста қолданылатын
заңға не құқықтық жүйеге нұсқау, яғни
қай елдiң заңын қолдану қажеттiлiгiн
көрсетедi.

10. Коллизиялық ережелерде кездесетiн байламдардың келесi түрлерi бар:

• Lex personalis – жеке тұлғаға байланысты
ереже. Оның өзi екi түрде қарастырылады:
1) Lex patriae – азаматтыққа байланысты заң;
2) Lex domicilii – тұлғаның тұрақты тұру
жерiне байланысты заң.

11.

• Lex societatis – бұл заңды тұлғаның ұлтына байланысты
байлам. Бұл байлам, егер заңды тұлға бiр елде тiркелген
болып, екiншi мемлекетте жұмыс iстеп, ал оның бас
органы үшiншi мемлекетте қызмет жасаса, сонда оның
ұлтын анықтау қажет. Сонымен, заңды тұлғаның ұлтын
анықтау үшiн осы төрт iлiмге, қағидатқа сүйенемiз:
1) инкорпорация немесе тіркелу қағидасы – заңды тұлға
қай мемлекетте тiркелсе, онда сол мемлекеттiң заңы
қолданылады;
2) отырықшылық қағидасы – заңды тұлғаның бас органы
қай мемлекетте орналасса, онда сол мемлекеттiң заңы
қолданылады;
3) қызмет ету қағидасы – заңды тұлға қай мемлекетте
нақты жұмыс iстесе, сол мемлекеттiң заңы
қолданылады;
4)бақылау теориясы – бiр мемлекетте орналасқан кәсiпорынның құрылтайшысы қай мемлекеттiң тұлғасы
болса, сол мемлекеттiң заңын негiз ретiнде алады.

12.


Lex voluntatis – бұл байлам бойынша шарт тараптары, өз ерiктерi бойынша
бiр мемлекеттiң заңнамасын таңдауға құқылы.Тараптар қай мемлекеттiң
заңын қолданатын шартта нақты көрсету керек.
Lex loci contractus – бұл коллизиялық байлам шарт қай елде бекiтiлгенiн
анықтау керек кезде пайда болады. Бұл байлам бо-йынша, шартқа қай
мемлекетте қол қойылса, онда сол мемле-кеттiң заңы қолданылады. Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес сыртқы экономикалық мәмiле
бойынша шартқа қол қойған жақтардың құқықтары мен мiндеттерi қол қойылған жердiң заңнамасымен анықталады. Бiрақ заң бойынша тараптарға құқық
таңдау еркiндiгi берiлген.
Lex venditoris – бұл байлам бойынша сатушы тұратын мемлекеттiң заңын
қолдануды қарастырады. Бұл байлам сырт-қы экономикалық мәмiлелерiне
тән.
Lex rei sitae – бұл коллизиялық қағидат меншiк құқық саласында
қолданылады. Бұл ереже бiр мемлекетте, белгiлi бiр затқа меншiк құқығын
анықтауда көмек көрсетедi. Қазақстанның заңнамасында мүлiк қай
мемлекетте орналасса, сол мемлекеттiң заңнамасымен меншiк құқығы
анықталады. Бiрақ егер мүлiк мұра ретiнде қарастырылса, онда мұрагердiң
соңғы тұрғылықты жерiнiң заңнамасымен реттеледi.
Lex loci delictii commissii – бұл коллизиялық байлам құқық бұзушылық
жасалған жердiң заңнамасына байланысты. Яғни, сот қай мемлекетте зиян
келтiрiлген болса, онда сол мемлекеттiң заңнамасымен iстi қарастырады.

13.

• Іех Іосі 1аbогis және Іех Іосі delegationis - жұмысты атқару
орнының және және басқарушы ұйымның орналасқан жерінің заңы –
тек арнайы сипатқа ие коллизиялық нормалардың бірі, көрінісі оның
көбіне еңбектік қатынастарға тән. Олар еңбек қатынастарды реттеуге
бағытталған.
• Іех Іосі орегаtіоnіs- негізгі қызметті атқару орнының заңы - бұл
қағида заңды түлғаның қызметінің атқарылу жері, яғни сол
мемлекеттің заңнамасымен реттелетіндігін көрсетеді және заңды
тұлғаның жеке мәртебесі қағидасымен жұмыс істейді.
• Lex loci selebrationis – бұл байлам отбасы құқығында қолданылады,
яғни қай мемлекетте неке қиылды сол мемлекеттiң заңы қолданылады.
• Lex fori – сот заңы, яғни дау қай мемлекетте қарастырылса, онда сол
мемлекеттiң заңы қолданылады. Бұл қағидатқа сәйкес сот
қатынастағы шетел элементiне қарамастан, өз елiнiң заңнамасын
қолданады.
• Ту заңы (Іех bandeгае). Жүктерді тасымалдау мен оларды басқару
қатынастарын реттегенде су немесе әуе кемелеріндегі қай мемлекеттің
ту астында болуына байланысты қатынастарды реттейтін қағида.
• Төлем валютасынын заңы (Іех monetae) - аталған қағида бойынша
валюталық шарттық міндеттемелерде қай валютада шарт жасалса, сол
мемлекеттің заңнамасы қолданылады.

14.

• Қазiргi халықаралық жеке құқықта
коллизиялық нормалар көп түрлi және көп
санды болып табылады. Оларды түрлерге
бөлудiң критерийлерi көп. Бұл
ерекшелiктер, халықаралық байланыстар
кезiнде пайда болатын қатынастар
топтардың ерек-шелiктерiн айқындайды
және осы нормалардың тәжiрибеде қолдану
кезiнде зор маңызға ие.

15.

Маңызды сараланудың бiрi
коллизиялық байлам нысанына
байланысты саралану болып табылады
Бiр жақты – бұл қолдануға жататын елдiң
қазақстандық, немiс, ағылшын құқығын
Екi жақты коллизиялық ереже нақты
тiкелей атайтын байлам нормасы. Бiр
мемлекеттi атамайды. Оған құқықты
жақты ереже әдетте өз елiнiң құқығын
таңдауға мүмкiндiк беретiн, жалпы
қолдануды белгiлейдi. Мысалы, Қазақстан
белгiнiң болуы тән. Мысал ретiнде, ҚР
Республикасы Азаматтық кодексiнiң 1104АК-не сәйкес, «мұрагерлiк бо-йынша
бабының 3-тармағында былай делiнген:
қатынастар ... мұра қалдырушының соңғы
«Қозғалмайтын мүлiкке қатысты
тұрақты тұрғылықты жерi болған елдiң
мәмiленiң нысаны – осы мүлiк орналасқан
құқығы бойынша анықталады». Бұл
жердегi елдiң құқығына, ал Қазақстан
ереженiң байламы, жалпы белгiсi ретiнде:
Республикасында мемлекеттiк тiзiлiмге
«мұра қалдырушының соңғы тұрақты
енгiзiлген қозғалмайтын мүлiкке қатысты
тұрғылықты жерiн көрсетедi».
болса, Қазақстан Республикасының
құқығына бағынады».

16.

Реттеу тәсiлi бойынша
коллизиялық ережелер
Императивтi ережелер
– түпкiлiктi, азаматтық
құқықтық
қатынастардың
тараптарымен өзгертiле
алмайтын құқықты
қолдануға қатысты
ұйғарымдар.
Диспозитивтi ережелер –
құқықты таңдау бойынша жалпы
тәртiптi бекiте тұра, тараптарға
оны басқа тәртiппен өзгерту
мүмкiндiгiн бередi. Диспозитивтi
ережелер әдетте тараптар құқығы,
егер тараптардың келiсiмiмен
өзгеше көзделмесе және т.б.
нысандарда, көрiнiс табады.
Мысалы, ҚР АК-нiң 1108бабының 2-тармағына сәйкес:
«Егер тараптардың келiсiмiнде
өзгеше көзделмесе, мәмiленiң
нысанасы болып табылатын
мүлiкке заттық құқықтардың
пайда болуы және тоқтатылуы,
елдiң осы мәмiле бағындырылған
құқығы бойынша анықталады».
Баламалы ережелер –
мазмұнында, ереже
көлемiнде көзделген,
жеке құқықтық
қатынасқа қолданылатын
құқықты таңдауды
көздейтiн бiрнеше
ережелерi бар нормалар.

17. Коллизиялық ереженiң мәнiне қарай:

генералды
(басты)
Бас ереже –
қолданудағы
артықшылыққа ие,
қолданылатын құқықты
таңдау кезiндегi басты
ереже. Мысалы, егер
Қазақстан
Республикасының заң
актiлерiнде өзгеше
көзделмесе, шарт
тараптардың келiсiмiмен таңдалған елдiң
құқығымен реттеледi.
Мұндағы басты ереже
Қазақстан
Республикасының заң
актiлерiнде өзгеше
көзделмеуi қажет.
субсидиарлы
(қосымша)
Субсидиарлы ереже –
басты ережемен
байланысты бiр немесе
бiрнеше құқықты
таңдау ережелерi, ол
басты ереже белгiлi бiр
себептерге байланысты
қолданылмаған
жағдайда қолданылады.
Сонымен қатар,
субсидиарлы ережелер
бiрiншi, екiншi, үшiншi
және т.б. дәрежелi
болып бөлiнедi. Басты
және барлық дәрежелi
субсидиарлы ережелер
бiр-бiрiмен тығыз
байланысты болып,
iшкi байланысқа
негiзделген өзiнше
ереженiң бірлігін
құрады. Мысалы, ҚР
АК-нің 1112 б.және
1113 б. т.б.

18.

Ал арнайы ережелер бұл
қатынасты жүзеге асыру
барысында туындаған
қосымша сұрақтарды
шешуге арналған
құқықтық қатынасты
бекiтедi.
Жалпы коллизиялық
ережелер қатынастың
мәнiне қолданылатын
құқықты анықтайды.
Коллизиялық
ережелер құқықтық
қатынастың
күрделiгiне
байланысты

19.

Коллизиялық ереже географиялық
мәні бойынша бөлінеді
Интерлокалды коллизия
Бірнеше мемлекеттердің шекаралары
бірнеше әкімшіліктік округтерге бөлінген,
оның әрқайсысын өзінің заңнамалары бар.
Бұл жердің критериі таза географиялық
Италияның орта ғасыр кезеңіндегі,
«республикалар» деп аталатын әр
қалаларында (Венеция, Греция) статут деп
аталатын өздерінің заңнамалары болған.
Қазіргі уақытта интерлокалды коллизия
әдетте федералды құрылым мемлекеттерінде
пайда болады – Құрама Штаттарда және де
Кеңес Одағында Американ штаттарының
әрқайсысында, оларды ол елу, өздерінің жеке
заңнамалары бар, ал сонымен қатар өздерінің
халықаралық байланыстары бар.
Интерперсоналды коллизия
Интерперсоналды коллизияның
интерлокалды коллизиядан
айырмашылығы ол әртүрлі
әлеуметтік топтардың болуына
байланысты. Яғни бұл жердің
критериі болып шекараның
құрамында болушылық емес, ал
этникалық топқа немесе дін тұту
болып отыр. Осы типтілік мысал –
Оңтүстік Сахара және Таяу
Шығыста кездеседі.
English     Русский Правила