Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Жоспар
Физикалық қасиеттері
Химиялық қасиеттері
Алыну жолдар
Зертханада алынуы
3.30M
Категория: ХимияХимия

Сірке қышқылын алу технологиясы

1. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Сірке қышқылын алу технологиясы
Орындаған: Әлиханов Т.Е.
Бүркітбаев Ә.Т.
Калиакпаров Д.Т.
Манапхан Д.Н.
Қабылдаған: Елибаева Н.С.
Алматы
2018

2. Жоспар

Кіріспе
II. Негізгі бөлім
• Тарихы
• Физикалық және химиялық қасиеттері
• Алыну жолдары
• Технологиялық сызба нұсқасы
• Қолданылуы
I.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

3.

Спирттік сұйықтықтардан
сірке қышқылын өндіру тәсілі
мыңдаған жылдар бұрын белгілі
болған еді. Гректер мен
Римдіктер сірке қышқылын
құлдарға қарқындылық күшін
беретін және шөлін басатын
сусын ретінде қолданған. Олар
бұл сусынды шараптың бетін
ашып қойып алған болатын.
Бактерия пленкасы шараптың
бетінде қалқып жүреді.

4.

Сірке қышқылының
ашылуына швед химигі И.Я.
Берцелиус те зор үлес қосты.
Ол 1814 жылы сірке
қышқылының сандық
құрамын анықтады.
1845 жылы неміс химигі А.В.
Кольбе ең алғаш болып
күкіртті көміртек, хлор және
судан сірке қышқылын
синтездеп алған болатын.

5. Физикалық қасиеттері

Сірке қышқылы - этан қышқылы, CH3COOH – бір
негізді органикалық қышқыл. Ол өткір иісті, қышқыл дәмді,
тұссіз сұйық. Суда кез келген мөлшерде ериді. Ылғал
сіңіргіш қасиеті бар. Сусыз сірке қышқылының балқу
t=16,75ºС, қайнау t=118,1 ºС, тығызд. 1,055 г/см3 (15ºС-та).

6. Химиялық қасиеттері

1)Тұздар түзуі. Негіздермен, негіздік оксидтермен, активті
металдармен жеңіл әрекеттеседі:
2CH3COOH + Mg → (CH3COO)2Mg + H2↑
CH3COOH + NaOH → CH3COONa + H2O
2)Этерификация реакциясы. Спирттермен күрделі эфирлер түзеді:
CH3COOH + CH3-CH2OH → CH3-CO-O-CH2-CH3 + H2O
3)Галегентуындылар түзуі. Галогенангидридтер түзілуі:
CH3COOH + PCl3 → CH3-CO-Cl + H3PO3
Зелинский-Гелль-Фольгард реакциясы: PCl3, I2
CH3COOH + Cl2 → CH2Cl-COOH + HCl
4)Ангидридтер түзілуі. Қышқылдарды қыздыру арқылы
дегидратациялау кезінде қышқыл ангидридтері түзіледі: t, Al2O3
CH3COOH + CH3COOH → CH3-CO-O-CO-CH3 + H2O
5)Тотықсыздану. Йодты сутекпен алканға дейін тотықсызданады:
CH3COOH + 6HI → CH3-CH3 + 2H2O + 3I2

7. Алыну жолдар

1) Спиртерді тотықтыру:
CH3CH2OH + [O] → CH3COH + [O] → CH3COOH
2) Күрделі эфирлерді гидролиздеу:
CH3-O-CO-CH3 + H2O → CH3COOH + CH3OH
3) Нитрилдерді қышқылдық н/е негіздік гидролиздеу:
CH3-CN + H2O → CH3CONH2 + H2O → CH3COOH + NH3

8. Зертханада алынуы

Сірке қышқылын алу синтезі келесі сатылардан тұрады:
1. Ацетиленді алу.
CaC2 + H2O → C2H2 + Ca(OH)2
2. Кучеров реакцисы бойынша ацетилен гидратациясы.
C2H2 + H2O → CH3CHO
3. Сірке альдегидінің ауа оттегісімен сірке қышқылына дейін тотығуы.
Mn, Co, Wa катализаторларының қатысында.
СН3СНО + FeSO4 + Н2О = СН3СООН + H2SO4 + Fe
English     Русский Правила