Серік Ақсұңқарұлының өлеңдеріндегі ежелгі түркілік берік ұстанымдар
Еңбектері:
Еңбектері:
Аудармалары:
АЗ ҒАНА КЕРЕК АДАМҒА (Роберт Рождественский)
Ана тақырыбына жыр арнамаған ақын кемде кем. Бұл тақырып Серік Ақсұңқарұлы поэзиясынан да қомақты орын алған. Кітаптың «Қайран
«ТАЛАНТ – ТАҒДЫРҒА ТӘУЕЛДІ»
«Топырақтағы жазу» өлеңі...
«Оғлан» өлеңі... Нұрмахан Оразбекке
Алла – Алаш – Абай
Көк бөрінің зары...
Қорыта айтқанда...
3.47M
Категория: ЛитератураЛитература

Серік Ақсұңқарұлының өлеңдеріндегі ежелгі түркілік берік ұстанымдар

1. Серік Ақсұңқарұлының өлеңдеріндегі ежелгі түркілік берік ұстанымдар

Орындаған:Байданова Г
Тексерген: Тебегенова А

2.

• Текті жұрттың –
• Әрі – ұлы, әрі – ірі,
• Топырақта жатады ылғи тамыры.
• Мен Алтайдан алты ағаш боп шығып ем,
• Алты Алашқа айналдырған - Тәңірі.

3.

• Серік Ақсұңқарұлы (29.3.1950 жылдарға
таман, Жезқазған облысы Ақтоғай ауданы
Қызыларай ауылы) - ақын. ҚарМУ-ды
бітірген (1989).
1967 - 1974 ж. туған ауылында шопан,
1974 - 1978 ж. Ақтоғай ауданы "Арқа
еңбеккері" газетінде әдеби қызметкер, бөлім
меңгерушісі болды.
1978 - 1987 ж. Қарағанды облысы Қарқаралы
ауданы "Коммунизм таңы" газетінде ауыл
шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі кызметін
атқарды.
1987 - 1990 ж. еркін шығармашылық жұмыста
болды.
1990 жылдан Қазақстан Жазушылар одағының
Қарағанды облысаралық бөлімшесінің жауапты
хатшысы "Орталық Қазақстан" газеті бас
редакторының әдебиет жөніндегі кеңесшісі
.

4.

• 1950...
• Шыққан тоз-тозы
• Соғыс келіп айпап-жайпап
өткенде,
• Арқадағы «Қызыларай» колхозы,
• Көзін ашып келе жатқан
көктемде...
Түстім Жерге!
Туа салып шыңғырдым!
Көзімді ілсем, көрем соны түсімде:
Біткеніне бес жыл болған
қырғынның
Ызғары бар жүрегімнің ішінде!
Мен туғанда өлкемізде таң екен.
Қазағының ырымына еліктеп, –
Серік болсын деп өзіне жан әкем
Есімімді қойған екен «Серік» деп.
Серік болдым.
Ал, мен осы қандаймын?
Жұрт біле ме мына мендей серіні,
Күйкентайға серік бола алмаймын,
Менің атым – Ақсұңқардың
Серігі!

5. Еңбектері:

• "Көктем тынысы" (1975),
• "Қарлығаш" (1981) жинақтарында бір топ
өлеңдері жарық көрген.
• "Жиырмасыншы ғасырдың жиырма сәті" (1984),
"Ғасыр кардиограммасы" (1991) кітаптары,
"Жезтасқын" (1988), "Қызыларай" (1990) "АдамАта - Хауа Ана"(2000) атты өлеңдер мен поэмалар
жинақтары жарық көрді.

6. Еңбектері:

7. Аудармалары:

• Орыс ақындары А.С. Пушкин, Анна
Ахматова, М.Цветаева, Е.Евтушенко,
А.Вознесенский, Р.Рождественский,
т.б. өлеңдерін қазақ тіліне аударған

8. АЗ ҒАНА КЕРЕК АДАМҒА (Роберт Рождественский)


Бір – Өмір керек!
Бір – Өлім.
Аз ғана керек Адамға:
Газеттер керек ғаламға
Арбама, алтын тағынып,
Рухын шыңдар ұл-қызым.
Жер-Ана керек Адамға.
Өзіңе – басқа жұлдызың...
Жол керек жұлдыз аралық
Көретін бергі, арғыны.
Бәрі де мұның – балалық,
барлығы!
Аз ғана керек Адамға
Іздесін,
Тапсын
Мәртебе ме екен сол дағы?
Жол – сыншы:
Сарғайып үйде, сағынып
Жалғыз дос керек,
Ғаламда
Жауы да жалғыз
болсыншы...
Тыныштық болсын
ғаламда.
Бір Адам күтсе – болғаны!

9.

10. Ана тақырыбына жыр арнамаған ақын кемде кем. Бұл тақырып Серік Ақсұңқарұлы поэзиясынан да қомақты орын алған. Кітаптың «Қайран

шешем»
.
бөлімінде ана бейнесі ақынның қалам мәнеріне тән ерекшелікпен өрілген
• Кейінгі кезде күстәна,
• Боп кеттім неге мұнша мен?
• Төбеңнен өткен құстан да
• Жүрсің бе жолдап бір
сәлем?
• Уақыт-ай, зулап ұшқан кеп,
• Ұрлайды-ай күнде
жамалын.
• Сіз жақтан дағы құстар кеп,
• Көктемнің берді хабарын.

11.


Өрім едік.
Өстік.
Қаттық.
Бекіндік.
Қол бұлғайды жыр елінің даласы.
Өмірдегі жесірлік пен жетімдік, –
Өлеңімнің Анасы һәм Баласы!
О, Аналар!
Ақындардың Анасы!
Сенің ұлы рухыңа болдық таң,
Ақын деген – Махаббаттың Баласы!
Фашист «ақын» жоқ ғаламда – сондықтан!

12. «ТАЛАНТ – ТАҒДЫРҒА ТӘУЕЛДІ»

13.

• Серік Ақсұңқарұлының өлеңдерінде
«Тәңір» сөзі біршама айтылады.
• Мысалы: «Қараорман», «Топырақтағы
жазу», «Оғлан», «Құран жыры»,
«Ақсұңқар» т.б өлеңдерін оқи отыра
кездестіруге болады.

14. «Топырақтағы жазу» өлеңі...


Тәкаппарлық әбден бабы келгенде
Көнбейді екен көкке құс боп ұшпаса:
Цезарь бірде қас дұшпанын жеңгенде
«Келдім,
Көрдім, Жеңдім» - депті қысқаша.
О, Отаным! – О, Жеңімпаз Тәңірім!
Қызы қаның,
Ащы жасың төгілді...
Талай жендет жүргізбек боп әмірін
Цезарь құсап...
«Келді.
Көрді.
Жеңілді.»

15. «Оғлан» өлеңі... Нұрмахан Оразбекке


Көк аспандай Көк Түріктің тұнығы,
Күлтегіннің желбіреген тұлымы;
Шыңғысханның тал – бесігін
тербеген,
Қоңыраттың тұяғы –
Саф алтынның сынығы!
Ақиқаттың толғауын,
Арқаға кеп,
Ақтанберліше толғадың.
Асау басы ноқтаға сыймаған,
Арыстаннан да айылын жимаған –
Оғланым!
Тар заманда сен көрмеген талқы жоқ,
Өрт ғасырда өзегіңді шарпыды от.
Көк Тәңірі жетпіс мәрте жебеген,
Текті,
Түкті жүрегіңе тәнті боп!

16. Алла – Алаш – Абай


Махаббат пен Ғаділет –
Хикметі Алланың!
Жанымды жасыныңа жаны кеп,
Жаһаннамға ұшқанда жан сезбейтін салмағын.
Теріс қарап дойыр заманға,
Іргеден Көк Бөрі ұлып, Алаш – Алланы мойындағанда,
Алдынан Абай көрініп;
Көкжиектен шығып, көк ала бұлттан әрі асам,
Көз ұшында көрінер – көрінбес нүкте боп;
Алла менен Алаштың арасына қарасам –
Абай тұр!
Басқа түкте те жоқ...

17.


«Төбемнен жауһар жауып тұр» жыр жинағының поэтикалық табысы «Адасқан
ұлдың ата жұртқа қайтып оралуы», «О, Тәңірім», «Кең Алла әлі сақтап тұр»
т.б. бөлімдерге кіргізілген өлеңдерден де айрықша көрінеді. Елінің азабына
күңіреніп, қуанышына шаттанатын ақынның:
Көк Тәңірі Көктен жерге сауып Нұр,
Еділ патша елге келді шауып бір!
Қайда жөнеп барасыңдар ауып бір?!
…Қазақты қайырып түркіге,
Төбемнен жауһар жауып тұр, –
деген толғанысы барынша шынайы шыққан.

18.

• Ақын Серік Ақсұңқарұлының поэзиясында
көк бөрінің символы ерекше орын
алады. Құлдықтың қамытынан құтыла
алмаған қара тобырдың бүгінгі лас тірлігіне
күшті қарсылықты туғызу үшін ақын
қасқырдың образына еніп сөйлейді.

19. Көк бөрінің зары...


Жек көрем итті!
Алысып жүрем,
шабысып жүрем!
Қағынып...
Сайын даланың тағысымын – мен,
Не деген ғажап – тағылық!
Шауып түсемін!
Күш ағысымды
Сыйғыза алмай ішіме.
Адамның алмас пышағы сынды
ырзамын азу тісіме!
Қасқыр – бабалар!
Бар ұлыстардың
Мазасын алып манадан –
Иттермен болған
қанды ұрыстардың
иісін сезем даладан.
Қанқу сөз жүрек кегін үрлейді
Қорлық-қарғысқа барабар.
Бізбенен иттің тегі – бір дейді.
Рас па, қасқыр – Бабалар?!
Өлексе үшін жұлысқан болсақ,
Өмірі бітпей кегіміз,
Иттермен бірге туысқан болсақ,
Не болды ата-тегіміз?!
Ала төбеттің астында қалар
Күн туғаны ма ақыры...
Неге үндемейсіңдер, қасқыр –
бабалар,
Қағынып кеткен жатыры?!
Неге үндемейсіңдер?!
Ұрлық түн еді:
Жатқаным мынау – жау іші.
Аспанның астын дүрліктіреді
Үрген иттердің дауысы...

20. Қорыта айтқанда...

• Қазақтың рухына жасалып жатқан қастандықпен
қасқырша арпалысып, өмірін жаугершілікте өткізген
бабаларының асқақ рухын аңсап аспанға қасқырша
қарап зарлайды, - ақын Серік Ақсұңқарұлы.
• Өлеңдері ежелгі түркілік танымды жаңғырту,
жырлау, сонымен қатар оқырманға өз Отанын, өз
тарихын ұмытпауға насихаттайды.

21.

•Назарларыңызға
рахмет!!!
English     Русский Правила