426.70K
Категория: ПравоПраво

Қылмыскерлерді топтастыру

1.

14 Қылмыскерлерді топтастыру
1 Қылмыскерлерді топтастырудың түсінігі мен негіздері
Қылмыскерлерді топтастыру – белгілі бір ерекшеліктеріне қарай қылмыскерлерді
нақты топтарға жіктеу
Қылмыскер тұлғасы
қылмыс жасамаған
адамнан қоғамға
қауіптілігімен
ерекшеленеді. Қоғамға
қауіптілік сипаты
қылмыстық ниеттің
бағытына тәуелді.
Тұлғаның қоғамға
қауіптілік дәрежесі осы
бағыттың
тұрақтылығына және
көлеміне қарай өзгеріп
отырады.
Сондықтан
қылмыскерлерді
екі негізбен
жіктеу елеулі
маңызға ие
болады:
- қылмыстық
ниеттің сипаты
мен мазмұны
бойынша;
- криминогенді
бағытының
тұрақтылығы мен
көлемі бойынша

2.

3.

2 Қылмыстық ниеттің сипаты және мазмұны бойынша топтастыру
Қылмыстық ниеттің сипаты және мазмұны бойынша қылмыскерлердің негізгі топтары
- адамның жеке тұлғасы, оның маңызды құндылықтарына
(өмірі, денсаулығы, анатомиялық тұтастығы) негативтіпарықсыз көзқарастағы қылмыскер – зорлықшыл тип
- пайдакүнемдік ниеті басым қылмыскер – пайдакүнемді
тип
- өзінің азаматтық және еңбек міндеттемелеріне көрінеу
парықсыз көзқарастағы қылмыскер;
- қоғам мүшелеріне қойылатын талаптар мен міндеттеріне
жауапсыздық-жеңіл оймен және салғырттықпен қарайтын
қылмыскерлер – қылмысты абайсызда жасайтындар
- өзінің (туыстарының, жақындарының) жеке
қажеттіліктерін абсолютті орынға қоятын қылмыскерлер
- өмірдегі қарапайым қажеттіліктерін қанағаттандыру
қажеттілігіне бой ұратын қылмыскерлер

4.

3 Криминогенді ниетінің тұрақтылығы мен көлеміне қарай топтастыру
Тұлғаның криминогенді ниетінің тұрақтылығы мен көлеміне қарай
қылмыскерлердің негізгі топтары
- жағдайдың тоғысуы салдарынан алғаш рет қылмыс
жасағандар, олардың жасаған қылмыстық әрекеттері
жалпы мінез-құлқына қарама-қайшы болады –
кездейсоқ қылмыскерлер
- адамның тұлға ретінде қалыптасуы және жетілуінің
қолайсыз шарттарының ықпалымен алғаш рет қылмыс
жасағандар – ситуациялық қылмыскер, жалпы алғанда
бұндай адамдар жағымды мінез-құлқымен (әріптестер
арасында, күнделікті тұрмыста) сипатталады
- қылмысты алғаш рет жасағандар, бірақ бұрын өзге
құқық бұзушылықтарға жол берген және негізі теріс
мінез-құлқымен танылғандар – тұрақсыз қылмыскерлер
- бірнеше рет қылмыс жасағандар, оның ішінде бұрын
сотталғандар – кәнігі қылмыскерлер
- ерекше қауіпті рецидивисттер – аса қауіпті
қылмыскерлер
English     Русский Правила