Похожие презентации:
Кәсіпкерлік: мәні, мазмұны мен қалыптасу шарттары. (Тақырып 1)
1. 1-ші тақырып. Кәсіпкерлік: мәні, мазмұны мен қалыптасу шарттары
1.Кәсіпкерліктің мәні мен мазмұны.
2.Кәсіпкерліктің функциялары.
3.Кәсіпкерлік қызметтің субъектілері мен объектілері.
4. Кәсіпкерліктің мақсаттары.
5. Кәсіпкерліктің ұйымдастыру қағидалары.
2.
• 1.Кәсіпкерліктің мәні мен мазмұны.
• Кәсіпкерлік – адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің
басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. Бұған кезінде атақты
неміс экономисі Гарвард университетінің профессоры Иозеф
Алиоз Шумпетер мән берген. Ол былай деп айтқан «Кәсіпкер
болу – басқаның істегенін істемеу».
3.
• Екінші жағынан кәсіпкерлер – алдымен кәсіпкерлік жұмыстыұйымдастырушылар. Ол туралы француз экономисі Жан Батист
Сэй былай деген: «Кәсіпкер – адамдарды өндірістік шеңбер
ауқымында ұйымдастыратын адам».
• Кәсіпкерлік терминін алғаш рет айналымға енгізген ағылшын
ғалымы Ричард Кантильон болды. Бұл ағымға ол нарықтық
тәуекелділік жағдайында табыс алу мақсатымен өндірісті
ұйымдастырудағы адам белсенділігін жатқызды.
4.
• Экономикалық әдебиеттерде кәсіпкерлік пен бизнес ұғымдарынбалама түрінде қарастыру жиі кездеседі.
• Бизнес пен кәсіпкерлік жақын ұғымдар болғанымен, оларды бір
– бірімен баламалап, теңестіріп қарауға болмайды. Бизнес –
табыс әкелетін кез келген қызметтің түрі. Ал, кәсіпкерлік болса
– новаторлық іс. Нағыз кәсіпкер – ол өнертапқыш адам.
Сондықтан бизнеспен айналысатын адамдар, осы көзқарас
тұрғысынан ешуақытта кәсіпкер бола алмайды.
5.
• Экономикалық ғылымда «кәсіпкерлік қабілеттілік» деген ұғымдабар. Кәсіпкерлік қабілеттілік дегеніміз адамның бизнесте
жаңалықты аша білу қабілеттілігі, бірақ бизнеске
қатысатындардың барлығының қолынан бұл келе бермейді.
• Яғни айтқанымызда кәсіпкерлік дегеніміз – бұл адамдар мен
олар құрған бірлестіктердің белсенді, дербес шаруашылық
қызметі.
6.
• Тағы айта кететін жайт, кәсіпкерлікті түсіндіре келгендемынадай екі жағдайға мән беру керек: біріншіден,
коммерциялық бағыт-бағдарға, тәуекелге бел буушылық пен
дербестікке, бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге, кездескен
кедергілерді жеңе білуде; екіншіден, экономикада,
ұйымдастыру ісінде тапқырлық пен жаңашылдық танытуға,
ғылыми-техникалық прогреске жетуге тікелей қатысты.
7.
• Кәсіпкерлік өз бастауын ғасырлар тереңінен алып жатыр.Алайда ңарық атрибуты ретінде ол капитализм дамуы кезеңінде
айқын көріне бастады.
• А.Смит кәсіпкерді коммерциялық идеяны жүзеге асыру және
пайда алу үшін экономикалық тәуекелге баратын меншік иесі
ретінде сипаттады.
8.
• Қазақстан заңында: кәсіпкерлік азаматтар мен бірлестіктердіңпайда алуға бағытталған және олардың тәуекел етуімен,
сондай-ақ мүліктік жауапкершілігі негізінде жүзеге асырылатын
ынталы қызметі.
• Барлық шаруашылық қызметін емес, тек тәуекелмен, ынтамен,
іскерлікпен, дербестікпен, жауапкершілік және белсенді
іздеумен байланысты шаруашылық қызметті кәсіпкерлік қызмет
деп санауға болады. Олардың бәрі кәсіпкерліктің белгілері
болып табылады.
9.
• 2.Кәсіпкерліктің функциялары.• Кәсіпкерлік экономикада маңызды орынға ие бола отырып
бірқатар маңызды функцияларды орындайды. Олардың
қатарына жалпы экономикалық, ресурстық, шығармашылық –
ізденушілік (инновациялық), әлеуметтік, ұйымдастырушылық
функциялары жатады. Осы функцияларға қысқаша тоқталайық.
10.
• 1)Жалпы экономикалық функция.• Кәсіпкерліктің жалпы экономикалық функциясы өндірістік,
табыстық және жұмыспен қамту функцияларынан көрініс
табады.
• Өндірістік функция тұтынушылар қажеттіліктерін
қанағаттандыратын өнім өндірумен (жұмыс, орындаумен,
қызмет көрсетумен) сипатталады. Кәсіпкерліктің дамуы
экономикалық өсімнің, жалпы ішкі өнім көлемін ұлғайтудың
маңызды шарттарының бірі болып табылады.
11.
• Табыстық функциясы әртүрлі деңгейдегі бюджеттергекәсіпкерлік қызметтен түсуін, ұлттық табыстың артуын
қамтамасыз етеді.
• Жұмыспен қамту функциясы жаңа жұмыс орындарының
ашылуын, жұмыссыздықтың қысқаруын білдіреді.
• Жалпы экономикалық функция өз атынан және мүліктік
жауапкершілігімен қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғалар
мен дара кәсіпкерлердің, кәсіпкерлік ұйымдардың рөлімен
байланысты болып келеді.
12.
• 2)Ресурстық функция да кәсіпкерліктің маңыздыфункцияларының бірі. Ұдайы өндірістік және шектеулі
ресурстарды тиімді пайдалану арқылы кәсіпкерлік дамиды.
Мұндай ресурстар ретінде материалдық және материалдық
емес өндіріс факторларын айтамыз. Бірінші кезекте
ресурстарға (осы сөздің кең мағынасында) еңбек ресурстарын,
жер мен табиғат байлықтарын, өндіріс құралдары мен ғылыми
жетістіктерді, сондай-ақ кәсіпкерлік қабілетті де жатқызуға
болады. Ресурстық функция экономикалық ресурстардың,
өндіріс факторларының айтарлықтай тиімді үйлесуімен
байланысты болып келеді.
13.
• 3) Кәсіпкерліктің шығармашылық – ізденушілік (инновациялық)функциясы кәсіпкерлік қызмет үрдісінде жаңа идеяларды
пайдаланумен ғана емес, сондай-ақ алға қойылған мақсатқа
жетуге арналған жаңа құралдарды әзірлеумен де байланысты.
14.
• 4) Кәсіпкерліктің әлеуметтік функциясы әрбір әрекет қабілеттіадамның өз ісінің меншік иесі болу мүмкіншіліктерін жақсы
көрсете білумен сипатталады.
• 5) Кәсіпкерліктің ұйымдастырушылық функциясы
кәсіпкерлердің өз ісін ұйымдастыру туралы дербес шешім
қабылдауда, кәсіпкерлік басқаруды жүзеге асыруда, өндірістік
құрылымды құруда, фирманың іс-әрекет стратегиясын
өзгертуде және тағы басқаларда көрініс табады.
15.
• 3.Кәсіпкерлік қызметтің субъектілері мен объектілері.• Кәсіпкерлік өз бастауын ғасырлар тереңінен алып жатыр.
Алайда
• Кәсіпкерлікте тұлға (субъект) және объект бөліп қарайды.
• Кәсіпкерліктің тұлғалары (субъектілері): жеке тұлғалар, әр
түрлі ассоциациялар
16.
• Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметтің субьектілерімыналар бола алады:
•—
Қазақстан азаматтары;
•—
Шетел мемлекетінің азаматтары;
•—
Адамдардың бірігуі (кәсіпкерлер ұжымы).
• Кәсіпкердің мәртебесі заңды және заңды тұлғалар мемлекеттік
тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.
• Құқығы, міндеті, жауапкершілігі және кәсіпкерлердің
кепілдіктері ұлттық заң дармен реттеледі.
17.
Мысалы, Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеленуі:
—
кәсәпкерлік қызметпен айналысу құқығы, кәсіпорындар құру
және олар үшін қажетті мүліктер сатып алу;
—
барлық субьектілердің нарықтағы материалдық, еңбек,
ақпарат
және табиғи ресурстарға қол жетеізудің теңдік құқығы ;
—
меншік түрлеріне және ұйымдастыру-құқықтық формасына
қарамастан кәсіпорын қызметінің теңдік жағдайы;
—
кәсіпкерлердің мүліктерінен заңсыз айыруды қорғау;
—
кәсіпкерлік саласындағы бекітілген шегінді еркін таңдау;
—
нарықтық монополия жағдайында кәсіпкерлер мен кейбір
тауар
өндірушілердің бәсекеге селқос қарауына жол бермеу.
18.
• Жеке кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды тұлғаҚазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында
көзделген ұйымдық-құқықтық нысанда құрылады.
Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi мынадай санаттарға
жатқызылады:
1) шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi, оның ішінде
микрокәсiпкерлiк субъектiлерi;
2) орта кәсiпкерлiк субъектiлерi;
3) iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi.
19.
• Жеке кәсіпкерлік субъектілерін санаттарға жатқызу критерийлері:жұмыскерлердің жылдық орташа саны;
жылдық орташа табысы.
Заңды тұлға құрмаған дара кәсiпкерлер және жұмыскерлерiнiң
жылдық орташа саны жүз адамнан аспайтын және жылдық орташа
табысы республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиісті
қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептiк
көрсеткiштің үш жүз мың еселенген мөлшерінен аспайтын, жеке
кәсiпкерлiкті жүзеге асыратын заңды тұлғалар шағын кәсiпкерлiк
субъектiлерi болып табылады.
20.
• Жұмыскерлерiнiң жылдық орташа саны он бес адамнанаспайтын немесе жылдық орташа табысы республикалық
бюджет туралы заңда белгiленген және тиісті қаржы жылының
1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштің
отыз мың еселенген мөлшерінен аспайтын, жеке кәсiпкерлiкті
жүзеге асыратын шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi
микрокәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылады.
21.
• жұмыскерлерiнiң жылдық орташа саны екi жүз елу адамнанасатын және (немесе) жылдық орташа табысы республикалық
бюджет туралы заңда белгiленген және тиісті қаржы жылының
1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштің үш
миллион еселенген мөлшерінен асатын және заңды тұлға
құрмаған дара кәсiпкерлер және жеке кәсiпкерлiкті жүзеге
асыратын заңды тұлғалар iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып
табылады.
22.
• Шағын және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын, заңдытұлға құрмаған дара кәсiпкерлер және жеке кәсіпкерлікті
жүзеге асыратын заңды тұлғалар орта кәсiпкерлiк субъектiлерi
болып табылады.
23.
• Кәсіпкерлік объектілеріне пайда әкелетіннің бәрін жатқызуғаболады: мүлік, тауарлар, ақша және құнды қағаздар, ақпарат,
интеллектуалды қызметтің нәтижелері (патенттер,
лицензиялар, ноу-хау). Кәсіпкерлік объектіліерің еркін сатуға
және сатып алуға болады.
24.
• Мүлікті жылжымалы және жылжымалы емес түрлеріне бөледі.Жылжымалы емес мүліктерге ғимараттар, құрылымдар, жер
учаскілері т.б. жатады. Жылжымалы емес мүліктерді
мемлекеттік регистрация жасау керек. Жылжымалы мүлік
(автомобильдерден басқа) мемлекеттік регистрациядан өтпейді
(жихаз, ақша, тұрмыс техникасы).
25.
• Кәсіпкерлік объектісіне кәсіпорындар да жатады – кәсіпкерлікқызмт жасайтын мүліктік коплекстер. Кәсіпорын жылжымайтын
мүлікке жатады және еркін сатылады.
• Кәсіпкерлік объектісіне өндірілген тауар мен көрсетіліп жатқан
қызметті де жатқызуға болады.
26.
• 4. Кәсіпкерліктің мақсаттары.• Мақсаттар кәсіпкерлік қызметке бағыт береді және оны
реттеп отырады. Өйткені кәсіпкерлік қызмет анықталған
мақсаттарға жетуге бағытталады. Кәсіпкер өзінің
мүмкіндіктеріне сәйкес мақсаттарын анықтайды.
27.
• Жалпы алғанда кәсіпкерлік қызметтің негізгі мақсаттарынакелесілерді жатқызуға болады:
• 1)белгілі бір уақыт ішінде кәсіпкерліктің қандай-да бір
объектісіне салынған капиталдан және жұмсалған ресурстардан
пайда табу.
• 2)қоғам мүшелерінің, мемлекеттің немесе аймақтың нақты
қажеттіліктеріне деген сұранысын қанағаттандыру.
28.
• 5. Кәсіпкерліктің ұйымдастыру қағидалары.1)кәсіпкерлік қызметтің еркіндік қағидасы
2) Әртүрлі меншік нысандарының танылуы, меншік құқықтрының
заңдық теңдігі мен бірдей қорғау қағидасы.
3) бәсекены қолдау және жосықсыз бәсеке мен монополиялануға
бағытталған экономикалық қызметке жол бермеу қағидасы.
4) кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу қағидасы.
5) заңдылық қағидасы.
6) кәсіпкерлер мен тұтынушылар құқықтарын қорғау қағидасы.
29.
• Әрбір тұтынышының, атап айтқанда:• тауарлар сатып алу, жұмыс пен қызметті пайдалану үшін еркін
шарт жасасуға;
• тауарлардың (жұмыстың, қызметтің) тиісінше сапалы және
қауіпсіз болуына;
• тауарлар (жұмыс, қызмет) жөнінде толық және анық мәлімет
алуға;
• тұтынушылардың қоғамдық ұйымдарына бірігуге құқығы бар.
30.
• Кәсіпкерліктің негізгі қағидаларына келесілерді де жатқызуғаболады:
• кәсіпкерсік қызметке азаматтар мен заңды тұлғалардың мүліктері
мен қаражаттарын тарту;
• кәсіпкердің кәсіпкерлік қызмет түрлерін тандау еркіндігі;
• кәсіпкердің тәуекелге баруы және комерциялық есеп жүргізуі;
• кәсіпкерлік қызметті іске асыру мен даму бағыттарын дербес анықтау
;
• материалдық, қаржылық, еңбек, табиғи және таңы басқа да
ресурстарды тарту және айдалану;
• кәсіпкерлердің жұмыскерлерді жалдау еркіндігі.