Тақырып 4. Мемлекеттің валюталық саясатын қалыптастыру
Валюталық резервтерді әртараптандыру — халықаралық есеп айырысуларды қамсыздандыру мен валюталық жоғалтулардан қорғану
87.95K
Категория: ФинансыФинансы

Мемлекеттің валюталық саясатын қалыптастыру

1. Тақырып 4. Мемлекеттің валюталық саясатын қалыптастыру

* Тақырып 4. Мемлекеттің
валюталық саясатын
қалыптастыру

2.

*Валюталық саясат (Currency policy; exchange
policy) — бұл мемлекеттің экономикалық және
сыртқы экономикалық саясатының құрамдас
бөлігі, ол мемлекетпен, ОБ-мен және орталық
қаржы органдарымен мемлекет ішінде және
сыртындағы валютаға, валюталық курсқа,
валюталық операцияларға, ақшаның сатып алу
қабілетіне және жалпы ел экономикасына
ағымдағы және стратегиялық мақсаттарға сәйкес
әсер ету арқылы жасалатын шаралар жиынтығы.

3.

*Валюталық саясаттың міндеттері:
валюталық дағдарыстан шығу және валюталық
тұрақтылықты қамсыздандыру;
валюталық шектеулер;
валютаның конверсиялануына өту;
валюталық операцияларды либерализациялау.

4.

*Заңды түрде валюталық саясат валюталық
заңнама арқылы ресімделеді.
*Валюталық заңнама – ол елдегі және оның
сыртындағы валюталық құндылықтармен және
валюталық мәселелер бойынша мемлекеттер
арасындағы екі жақты және көп жақты
валюталық келісімдер операцияларын іске
асыру тәртібін реттейтін құқықтық нормалар
жиынтығы.

5.

* Валюталық саясат келесіге бағытталған:
*1. Ұлттық валюта бағамының тұрақтылығын
қамсыздандыруға;
*2. Валюталық реттеу мен валюталық бақылау
органдарының қызмет етуін қамсыздандыруға;
*3. Халықаралық есеп айырысуларды
регламенттеуге;
*4. Елдің әлемдік валюта нарығына жағымды әсер
етуін қамсыздандыруға.

6. Валюталық резервтерді әртараптандыру — халықаралық есеп айырысуларды қамсыздандыру мен валюталық жоғалтулардан қорғану

*Валюталық саясатты жүзеге асыру
деңгейлері:
*— валюта ресурстары бар және валюталық
операцияларға қатысатын жеке кәсіпорындар
мен банктер;
*— ұлттық мемлекет (Қаржы министрлігі,
Орталық банк, валюталық бақылау
органдары);
*— мемлекет аралық институттар,
конференциялар, келісімдер.

7.

*Валюталық саясат өзінің мақсаттары мен
нысандарына байланысты құрылымдық пен
ағымдағы болып бөлінеді.
*Құрылымдық валюталық саясат — бұл әлемдік
валюта жүйесіне құрылымдық өзгерістерді
жасауға бағытталған ұзақмерзімді шаралардың
жиынтығы.
*Ол валюталық реформалар түрінде жүзеге
асырылады. құрылымдық валюталық саясат
ағымдағы саясатқа әсерін тигізеді.

8.

*Ағымдағы валюталық саясат –
валюталық операцияларды, валюта нарық
пен алтын нарығының қызметіне,
валюталық бағамды күнделікті, жедел
түрде реттеуге бағытталған қысқа мерзімді
шаралар жиынтығы.

9.

*Теория түрінде валюталық саясаттың 5
нұсқасын белгілеуге болады:
*1. Валюталық бағамды өзгертусіз жалпы төлем
тапшылығын қаржыландыру.
*2. Қатаң валюталық бақылау.
*3. Қалқымалы валюталық бағам.
*4. Тұрақты белгіленген валюталық бағамдар.
*5. Валюталық бағамдар ымырасы (3 пен 4).

10.

*Валюталық саясатты жүзеге асыру
құралдарының бірі болып валюталық реттеу
табылады.
*Валюталық реттеу (Foreign exchange controls)
– бұл валюта айналысын басқару, валюталық
операцияларды бақылау, ұлттық валютаның
бағамына әсер ету, шетел валютасын
қолдануына шектеу бойынша мемлекеттік
органдардың қызметі.

11.

*Жедел (тактикалық) мақсаттарға ішкі валюта
нарығының тұрақтылығын, оны нақты
ұйымдастыруы мен бақылауын қамсыздандыру
кіреді.
*Тактикалық мақсаттарға валюталық реттеу
мен валюталық бақылауды ұйымдастыру,
сыртқы қарызға қызмет ету, экспорттықимпорттық салаларды ынталандыру және т.б.
жолмен жетеді.

12.

• Девиздік валюталық саясат – шетел валютасын
сату және сатып алу жолымен валюталық
бағамды реттеу бойынша мемлекеттің
шаралары.
• Девиздік валюталық саясат екі бағытта жүзеге
асады:
• 1. Ұлттық валюта үшін валюталық бағам
тәртібін қою жолымен;
• 2. Әртүрлі құралдардың көмегімен оны реттеу
арқылы.

13.

Девиздік валюталық саясаттың
құралдары келесілер :
1. Валюталық интервенция;
2. Девальвация мен ревальвация;
3. Валюталық шектеулер.

14.

Валюталық шектеулердің түрлеріне келесілер
жатады:
1. Валюталық блокада
2. Шетел валютасының еркін сауда-саттығына
рұқсат бермеу;
3. Халықаралық төлемдерді, капитал қозғалысын,
пайданы репатриациялауды, алтын мен бағалы
қағаздар қозғалысын реттеу;
4. Мемлекеттің қолында шетел валютасы мен
басқа да валюталық құндылықтарының
шоғырлануы.
English     Русский Правила