ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ӘЛ – ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ
Педагогикалық қарым-қатынас деңгейлері:
Педагогикалық қарым-қатынас құрылымы (В.А.Кан-Калик):
Педагогтардың қарым-қатынас стилдері:
Педагогикалық қарым-қатынас функцияларын анықтау көбінесе оқытушының өз қызметінде алға қоятын мақсатына байланысты:
педагогикалық еп
Педагогикалық ықпал ету шеберлігі.
В. А. Кан-Калик Тәрбиелік әсердің нәтижелігіне байланысты педагогикалық қарым-қатынас стильдері:
Педагогтың сөзі тәрбиелік ықпал ету мен мағлұмат беру құралы ретінде.
Үгіттеуге қойылатын талаптар:
Үгіттеудің тиімді шарттары:
Қарым-қатынас әлеуметтік-психологиялық үрдіс ретінде мынадай қызметтерге ие:
Қорытынды
Өзін-өзі тексеру сұрақтары 
Әдебиеттер тізімі
911.38K
Категория: ПедагогикаПедагогика

Кәсіби шеберлік құрылымындағы педагогикалық қарым-қатынас

1. ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ӘЛ – ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ

2.

3.

Педагогикалық
қараымқатынас
9-шы дәрісте
қарастырамыз
Үгіттеу
Педагогикалық
еп

4.

5.

қарым-қатынастың
ерекше түрі, «кәсіби
категориясы» болып табылады.
Ол әрқашан оқытушы,
дамытушы және тәрбиелеуші
қызмет атқарады.
біріккен іс-әрекет
қажеттілігін туғызатын,
білімгерлер арасындағы
байланыстың дамуын
орнататын көп жоспарлы үрдіс.

6.

Педагогикалық қарым-қатынастың басқа қарым-қатынас
(әлеуметтік, психологиялық, тұрмыстық, кәсіби және т.б.)
түрлерінен ерекшелігі - оның оқушылардың дамуы мен
тәрбиесіне бағытталған педагогикалық міндеттерді шешуі.
Қарым-қатынастың екі жағы бар: қатынас және өзара
әрекеттесу. Қарым-қатынастағы қатынас және өзара
әрекеттесу – бұл айсбергтің суүсті және суасты бөліктері
сияқты. Суүсті бөлігі – бұл сөздік және сөздік емес әрекеттер
қатары болса, суасты бөлігіне адамды қарым-қатынас
жасауға итермелейтін қажеттіліктер, мотивтер,
қызығушылықтар, сезімдерді енгізуге болады.

7.

Мұғалімнің қарым-қатынас стилі – бұл оның бағалауында,
бағытталуында, тұлға мен ұжымға ықпал ету тәсілдерінен,
басқару стилінен көрінетін мұғалімнің балалаларға, оқушылар
ұжымына деген көзқарасының, қарым-қатынасының сипаты.
Педагогикалық қарым-қатынас стилінде педагогтың
коммуникативті мүмкіншіліктерінің ерекшеліктері, педагогтың
шығармашылық даралығы, педагог пен тәрбиеленушілердің
өзара әрекеттесуінің сипаты, оқушылардың ерекшеліктері
көрінеді. Қарым-қатынас стилі педагогтың жалпы және кәсіби
мәдениетінің деңгейін, оның кәсіби біліктілігін айқындайды.

8. Педагогикалық қарым-қатынас деңгейлері:

9. Педагогикалық қарым-қатынас құрылымы (В.А.Кан-Калик):

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС
ҚҰРЫЛЫМЫ (В.А.КАН-КАЛИК):
Болашақ
қарымқатынасты
модельдеу
(жобалау
кезеңі).
Бастапқы
әрекеттесуде
тікелей
қарымқатынасты
ұйымдастыру
(коммуникативті
шабуыл).
Дамып
отыратын
педагогикалы
қ үрдісте
қарымқатынасты
басқару.
Жүргізілген
қарымқатынас
жүйесін
талдау және
оны келесі ісәрекетте
модельдеу.

10. Педагогтардың қарым-қатынас стилдері:

ПЕДАГОГТАРДЫҢ ҚАРЫМҚАТЫНАС СТИЛДЕРІ:
Авториталы стиль- бұл стилде оқушы мен мұғалім арасындағы қарымқатынас тең дәрежеде емес, педагогиклық әсердің обьектісі ретінде
қарастырады.Мұғадім шемімді өзі қабылдайды, оқушыладың жағдайын
және олардың шешімдерін ескермейді.Бұл стилді ұстанған мұғалім өте
қатал, талапшыл,өзі айтқанаын екі етпей орындатуды қалайтын,
оқушылардың өз ойы мен пікірін ескермейтін болып келеді.
Демократиялық стиль - Оқушы қарым-қатынастағы тең серіктес, бірігіп білім
іздеудегі әріптес ретінде қарастырылады. Мұғалім оқушыларды шешім қабылдауға
тартады, олардың пікірлерін есепке алады, ой-пікір білдіруін бағалайды, оқушылардың
тек оқу үлгерімін ғана емес, сондай-ақ олардың тұлғалық сапаларын да есепке алады.
Әсер ету әдістеріне әрекетке түрткі болу, кеңес, өтініш жатады. Басқарудың
демократиялық стилін ұстанған мұғалімдердің оқушылары байыпты қанағаттану, өзінөзі жоғары бағалау күйін сезінеді. Осы стильдегі мұғалімдер өзінің психологиялық
іскеріктеріне көбірек назар аударады. Мұндай мұғалімдер үшін үлкен кәсіби
орнықтылық, өз мамандығына қанағаттану тән.
Либералдық стиль - Мұғалім шешім қабылдаудан қашып, бастаманы
оқушыларға, әріптестеріне береді. Оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру
мен қадағалауды жүйесіз орындайды, жалтақтаушылық-ты, толқуды
көрсетеді. Сыныпта ауытқымалы микроклимат, жасырын қақтығыстар
байқалады»

11. Педагогикалық қарым-қатынас функцияларын анықтау көбінесе оқытушының өз қызметінде алға қоятын мақсатына байланысты:

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС
ФУНКЦИЯЛАРЫН АНЫҚТАУ КӨБІНЕСЕ
ОҚЫТУШЫНЫҢ ӨЗ ҚЫЗМЕТІНДЕ АЛҒА
ҚОЯТЫН МАҚСАТЫНА БАЙЛАНЫСТЫ:
а) оқу-тәрбие материалдарын білім алушының
дара ерекшеліктеріне қарай іріктеу, құру және
олардың жеке тұлғалық үлгісін жобалау секілді
конструктивтік қабілеті;
ә) білім алушыны әр түрлі оқу әрекетіне
қатыстырып, ұжымда тұлғаның белсенділігін
көтеру сынды ұйымдастырушылық қабілеті;
б) білім алушылармен жақсы қарым-қатынаста
болу, олардың даму деңгейіне, талабына сай болу
секілді коммуникативтік қабілеті.

12.

13. педагогикалық еп

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЕП
• Балалармен психологиялық байланыс орнату және дамыту мүмкіншілігін
сипаттайтын басты талаптың бірі – педагогикалық еп. Еп (такт) әсер ету,
қол тигізу деген мағына береді. Бұл адамдардың өзара әрекеттесуін
реттеуге көмектесетін адамгершілік категориясы. Ізгіліктік ұстанымына
негізделе отырып, педагогикалық еп кез-келген күрделі де қиын
ситуацияда адамға деген құрметтің сақталуын талап етеді. Еп – жоғары
адамгершілікті мақсатқа жету үшін адамның моральдық ымыраға
(компромисс) келетін іс-әрекет формасы. Бұл басқа моральдық талапқа
нұқсан келтірмей, нақты адамгершілік талаптың жұмсаруы, саналы түрде
әлсіреуі. Еп – қиындықтардан бас тарту емес, мақсатқа жетудің қысқа
жолын таңдау, көру. Епті болу - әрбір адамға, әсіресе педагогқа,
қойылатын адамгершілікті талап.

14.

Педагогикалық епті
меңгеруде мұғалімге қандай
білім қажет?
Қазіргі жасөспірімдердің жас
ерекшелік психологиясын,
жеке ерекшеліктерін білу.
Жасөспірімдермен қарымқатынас стилінде құрметтеу,
тану, сенім арту, кәсібилік,
салмақтық реңдері болғаны
жөн. Әрине, оқушыларға
ықпал ету тәсілдерін білу
керек. Олар:
балаларды сүю, өз
махаббатын орынды көрсету;
балалар іс-әрекетінің ішкі
мәнін түсіну, көру, бақылау;
нақты жағдайда дұрыс бағыт
табу;
ықпал етудің ыңғайлы тәсілін
таңдау. Бұнда тәрбиенің
жанама жолдарын білу өте
маңызды: «Сен өзің білесің,
бірақ мен саған айтар
едім...»;

15. Педагогикалық ықпал ету шеберлігі.

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЫҚПАЛ ЕТУ ШЕБЕРЛІГІ.
Педагогикалық тіл табысу, оның мәні,
қызметі, стилі. Педагогикалық еп педагогтің
оқушылармен, мұғалімдермен, атааналармен педагогикалық жалпылық
қатынастар орнату шеберлігі.
Педагогтің педагогикалықепті игеру
шарттары. Педагогтің оқушыларға,
ата-аналарға, мұғалімдерге
байланыстық ықпал ету тәсілдері.
Үгіттеу адамдар психологиясына
танымдық және ұйымдасқан
ықпалету тәсілі. Үгіттеудің сөздік
формалары: дәлелдеу, хабарлау,
әңгімелеу, түсіндіру.
Педагогикалық процестегі тиімді
үгіттеу шарттары. Үгіттеу – педагогтің
оқушыларға, ата-аналарға,
мұғалімдерге психологиялық ықпал
ету тәсілі. Сендіру түрлері. Сенімнің
сөздік формалары: команда, бұйрық,
сену немесе талқылау, әзіл арқылы
білдіру, мысқыл, жұмбақтап білдіру.

16. В. А. Кан-Калик Тәрбиелік әсердің нәтижелігіне байланысты педагогикалық қарым-қатынас стильдері:

- бірлескен шығармашылық қызмет негізінде – бұл стиль
мұғалімнің кәсіби қызметі мен этикалық көзқарастарының бірлестігіне
негізделеді.
жолдастық байланыс негізінде – жолдастық байланыс, әсіресе
педагогикалық қарым-қатынастың маңызды реттеушісі. Алайда қарымқатынас үдерісінде кез келген эмоциялық көңілдің сияқты да жолдастықтың
да шегі болуы қажет. Кері жағдайда ол оқыту тәрбиелеу үдерісінде теріс
нәтиже беруі мүмкін.
- қашықтық қарым-қатынас – мұғалім мен білім алушы арасында
әрқашан қашықтық байқалады, оқытуда- бедел мен кәсібилікке, тәрбиелеуде
– жас пен өмірлік тәжірибеге нұсқау арқылы көрінеді. Бұл стиль
шығармашылық ортаны құруға мүмкіндік бермейді.
- қорқыту қарым-қатынасы – қарым-қатынастың жағымсыз түрі.
Көбінесе мұны мұғалім қызметін жаңадан бастаушылар қолданылады. Бұл
тиімді ортақ қызметті ұйымдастыра алмаушылықпен түсіндіріледі.
- әзілдесу қарым-қатынасы – білім алушыда «оңай» бедел алуға
тырысуға негізделеді, мұндай қатынас өз кезегінде педагогикалық этика т
алаптарына қайшы келеді. Бұл стиль бір жағынан білімгермен тез байланыс
орнатуға деген құштарлықпен, екінші жағынан педагогтық және
коммуникативтік мәдениеттің жоқтығымен сипатталады.

17. Педагогтың сөзі тәрбиелік ықпал ету мен мағлұмат беру құралы ретінде.

ПЕДАГОГТЫҢ СӨЗІ ТӘРБИЕЛІК ЫҚПАЛ ЕТУ МЕН
МАҒЛҰМАТ БЕРУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ.
• Педагог сөзі оның іс-әрекетінің құрылымында. Тіл және сөз.
Ауызша сөйлеу ерекшеліктері: жағдайлық, кері байланыс,
баптау стереотилизациясы, эмоционалдық. Сөз әрекетінің
психологиялық құрылымы: мақсаты, мазмұны, формасы. Сөз –
мұғалім мен оқушылардың тіл табысу құралы.
В.А.Сухамлинскийдің мұғалім сөзі мен оның тиімділігіне деген
талаптары туралы. Педагог сөзінің тиімділігінің әлеуметтікпсихологиялық факторлары. Сөз мәдениеті, оның элементтері.
Мұғалім сөзінің логикасы. Сөздің лексикалық мәдениеті. Сөздің
грамматикалық дұрыстығы. Сөз сөйлеу құралдары. Сөз сөйлеу
техникалар: дем алу, дауыс, дикция, ырғақ. Педагог сөзін ары
қарай жетілдіру жолдары.

18.

19.

Үгіттеу – тәрбиеші балалардың
сана-сезіміне, тәжірибесіне жүгіне
отырып педагогикалық ықпал ету
тәсілі. Оның мақсаты –
тәрбиеленушілердің ақиқатқа,
адамдар іс-әрекетінің мазмұнына,
нормаларына саналы көзқарасты
қалыптастыру. Үгіттеу – адамның
санасына, өзін және қоршаған
ортаны түсінуіне әсер ету, оның
түсініктерін ғылыми білімнің,
моральдың талаптарына
сәйкестендіру.
Үгіттеу екі мағынасында
қолданылады: біріншіден, бұл
ықпал ету тәсілі немес әдісі,
екіншіден, бұл үгіттеп ықпал
етудің нәтижесі, яғни белгілі бір
ұстанымдарға, өмірлік
позицияларға негізделген
сенімдер жүйесі.
Үгіттеу – бұл адамның немесе
ұжымның рационалдық және
эмоционалдық салаларына
тұтастай ықпал ету. Ол жаңа
көзқарастарды, қарымқатынастарды қалыптастыруға
бағытталған.
Педагогикалық практикада
үгіттеудің мына формалары кең
таралған: әңгімелеу, түсіндіру,
дәлелдеу, әңгіме, дәріс.

20. Үгіттеуге қойылатын талаптар:

үгіттеудің мазмұны мен формасы тұлғаның жас ерекшелік деңгейіне сәйкес болуы,
оқушыларға түсінікті және қол жетерлік деңгейде ұсынылуы;
үгіттеу оқушылардың жеке ерекшеліктерін есепке ала отырып құрылуы тиіс;
үгіттеу бірізділікке, қисындылыққа, дәлелдікке ие болуы шарт;
үгіттеуде жалпылама қағидалармен (ұстанымдар, ережелер) қатар нақты фактілер,
мысалдар, көрнекілік, үлгі қолданылуы тиіс;
басқаны үгіттей отырып, тәрбиеші өзінің айтқанына сенуі керек.

21. Үгіттеудің тиімді шарттары:

ҮГІТТЕУДІҢ ТИІМДІ ШАРТТАРЫ:
1.Үгіттеудің күштілігі оның мазмұндылығына және үгіттеушінің беделіне тәуелді.
2.Үгіттеудің тиімділігі үгіттелушінің психикалық ерекшеліктеріне (қызығушылықтары,
қажеттіліктері, талғамы, ойлау ерекшеліктері), олардың үгіттеуде есепке алынуына тәуелді.
3.Үгіттеуші мен үгіттелушінің өзара әрекеттесуі барысындағы интеллетуалдықэмоциональдық күйіне тәуелді.
4.Үгіттеудің мораль оқудан айырмашылығы – үгіттеуде белгілі бір қағида дәлелденсе,
моральда тек ұсынылады, мысалы: «оқушы міндетті...», «ұят болады...» және т.б.
5.Сендіру, немесе суггестия (латын сөзі – сендіру) – бір адамның басқа адамға немесе адамдар
тобына психологиялық ықпал етуі. Оның мақсаты – айтылған сөздерді, ондағы ойларды және
ерікті сынға алмай қабылдау және сіңіру.

22.

23. Қарым-қатынас әлеуметтік-психологиялық үрдіс ретінде мынадай қызметтерге ие:

ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ӘЛЕУМЕТТІКПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҮРДІС РЕТІНДЕ
МЫНАДАЙ ҚЫЗМЕТТЕРГЕ ИЕ:
адамдардың бірін-бірі танып-білуі – қарым-қатынас үрдісінде адамдар бірінбірі көзбен қабылдайды, бағалайды, яғни «әлеуметтік перцепция»
(А.А.Бодалев) жүзеге асады.
ақпаратпен алмасу – қарым-қатынас материалдық және рухани
құндылықтармен, интеллектуалдық-эмоционалдық ақпаратпен
алмасуды қамтамасыз етеді. іс-әрекетті ұйымдастыру;
рольдермен алмасу;
тұлғаның өзін-өзі бекітуі;
бірге әсерленушілік.

24. Қорытынды

• Кәсіби шеберлік құрылымындағы педагогикалық
• қарым-қатынас – бұл педагог пен оқушылардың тіл табысуын, өзара
түсінісуін, өзара әрекеттесуін ұйымдастыру, тұрақтандыру және
дамытудың көпқырлы үрдісі. Қарым-қатынас арқылы педагог
оқушылардың іс-әрекетін, тәртібін ұйымдастырады, олардың жұмысы
мен әрекеттерін бағалайды, болып жатқан құбылыстар, оқиғалар
жайында ақпарат береді, белгілі бір әрекеттері бойынша қажетті
толғаныстарын тудырады, қиындықтарды жеңуде көмек береді, өз
мүмкіншіліктеріне сенімін арттырады.

25. Өзін-өзі тексеру сұрақтары 

ӨЗІН-ӨЗІ ТЕКСЕРУ СҰРАҚТАРЫ
• Педагогикалық қарым-қатынас стильдеріне сипаттама беріңіз.
• Қазіргі мектепте педагогикалық қызметтің қай стилі басым?
• Педагогикалық еп дегеніміз не?
• Педагогикалық епті игерудің қандай жолдарын білесіз?
• Педагогтың оқушылармен қарым-қатынас орнату техникасын көрсетіңіз.
• Педагогтың ата-аналармен қарым-қатынас орнату техникасын көрсетіңіз.
• Үгіттеудің мәні, формалары, шарттары қандай?
• Сендірудің түрлері және формалары.
«Бүгінгі мұғалім...Ол кім?» атты анкета өткізіңіз. (Қараңыз: Орлов А.А.,
Агафонова А.С. Введение в педагогическую деятельность. М., 2004. – 95б.)

26. Әдебиеттер тізімі

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
• Усманова А. Системный подход к коммуникативной организационнопедагогической деятельности руководителя организации среднего
гуманитарного образования в целях активизации педагогических кадров к
воспитательной работе. //Ізденіс. – 2005. – №2. – 209 б.
• Жолдасбекова С., Махмудова Г. Болашақ мұғалімдерді дайындауда оқытудың
ақпараттық технологиясын пайдалану жолдары. //Ізденіс. – 2005.- №1. – 238
б.
• Абенова Е., Машенбаев Т. Жас мұғалім жақсы ұстаз болу үшін //Қазақстан
мектебі. - 2003. - №9. – 7б.
• Зязюн И.А. Основы педагогического мастерства. - Киев., 1987. – 38-43б., 6282б.
• Балл Г.А., Бургин М.С. Анализ психологического воздействия и его
педагогическое влияние//Вопросы психологии. – 1994.- №4.

27.

Назарларыңызға
рахмет!!!
English     Русский Правила