Сынып жетекшісінің ұйымдастырушылық қызметі   Сынып жетекшісінің оқушыларды танып білу жолдары
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТҰРМЫС ЖӘНЕ ТӘРБИЕ ЖАҒДАЙЫН ЗЕРТТЕУ
409.42K
Категория: ПедагогикаПедагогика

Сынып жетекшісінің ушыларды танып білу жолдары

1.

2.

Бастауыш сыныптарда жетекшілік қызметті сынып мұғалімі атқарады.
Бүгінгі күні сынып жетекшісі - кәсіпкер-педагог, ол өсіп келе жатқан бала
үшін:
• жалпы адамзаттық мәдениетті меңгеретін оқушы мен қоғамның
арасындағы рухани жалғастырушы;
• сынып ұжымының алуан түрлі бірлескен іс-шаралары барысында өзара
ынтымақтастық қарым-қатынасының қалыптасуын ұйымдастырушы;
• оқушы тұлғасының қалыптасуына қолайлы жағдай жасау мақсатымен,
олардың дамуын бақылаушы; тәрбие жүйесіне қажетті өзгерістер енгізуші,
мектеп психологымен бірігіп оқушының қоғамдық өміріне кейбір түзетулер
жасаушы;
• оқушының күнделікті өмірі мен әрекетін ұйымдастыруда, кәсіби бағдар
беруде, қоғам өмірінің әлеуметтік-экономикалық, саяси ерекшеліктерін
түсінуде көмекші, кеңесші;
• сыныпта қолайлы моральдық-психологиялық ахуал қалыптастыру үшін
сынып ерекшеліктерін ескере отырып, қажетті тәрбиелік ықпалдар
жасаушы;
• оқушының дамуы мен жетілуіне ықпал жасайтын тәрбиелік күштердің
(мектеп, отбасы, қоғам) басын қосушы, үйлестіруші.

3.

4. Сынып жетекшісінің ұйымдастырушылық қызметі   Сынып жетекшісінің оқушыларды танып білу жолдары

5.

Бүгінгі ақиқат өмірдегі қарқынды реформалау жағдайы мектеп
мұғалімдерінің оқушының жеке тұлғасы мен оқушылар ұжымының
ерекшеліктерін зерттеудің, саның негізінде тәрбие процесінің
нәтижесін, тиімділігін арттырудың ғылыми- педагогикалық және
психологиялық әдістемесін танып білуге біршама қызығушылығын
тудырып отыр. Оның себебі, біріншіден, жаңа жағдайға сай балалар
мен ата-аналардың көзқарастарының өзгеруі , біздің елдегі және
әлемдегі болып жатқан қарқынды даму жағдайды, қоғамның
құндылық бағдарының жаңа сипатқа ие болуы, соған сәйкес
мектептегі оқу және тәрбие жұмыстарының стратегиясы және
тактикасының мазмұнының жаңаруы, жастардың мінез-құлқы мен
әрекеттерінде кейбір келеңсіз құбылыстың пайда болуы әсер етуде.
Мұндай жағдай балалардың дамуы мен тәрбиесін қазіргі ақиқат
өмірмен байланыстыра қарастыруды міндеттейді.

6.

7.

Екіншіден,
қоғамның бүгінгі жаңа
сипатқа ие болу жағдайында өмір
сүріп жатқан балалар өзгеше бір күй
кешуде.Ол, бір жағдайда үлкендер
алдында өздерінің тұйықтылығымен
әсер қалдырса, яғни ата-аналары мен
ұстаздары алданда бір, ал жеке немесе
жолдастары ортасында басқа мінезде
болып көрінуге тырысады.

8.

9.

10.

Оқушының жеке басын және сынып ұжымын танып білуге
болады. Зерттеу жұмысын ұйымдастыруға байланысты
қандай педагогикалық талаптар қалыптасқан:
1. Зерттеуді бастамас бұрын, ең алдымен оның мақсатын
анықтау.
2. Зерттеу барысында оның жоспары құрылып, жүйелігін
қамтамасыз ету.
3. Зерттеуді оқушының өмірі мен түрлі әрекетінің табиғи
жағдайында жүргізу.
4. Зерттеу жұмыстарының барысында нысананың
жариялығын болдырмау.
5. Зерттеу жұмысын ұйымдастыру мен нәтижесінің
объективтік жағдайларын қамтамасыз етуде әртүрлі
тәсілдерді пайдалану.

11.

6. Зерттеу барысында оқушының
жеке басының мінез-құлық
ерекшеліктерін жан-жақты танып білуді
қамтамасыз ету.
7. Зерттеу барысында жазба және
талдау жұмыстарын үнемі атқару.
8. Зерттеу жұмыстарының
нәтижесіне қорытынды жасау,
оқушыларға психологиялық мінездеме
жазуды әдетке айналдыру.
Зерттеу жұмыстары барысында аталған
талаптардың орындалуын қадағалау,
оны нәтижелі ұйымдастырудың басты
шарты. Зерттеу жұмысы ұзақ және
күрделі процесс.

12. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТҰРМЫС ЖӘНЕ ТӘРБИЕ ЖАҒДАЙЫН ЗЕРТТЕУ

Бұл тәсіл әдетте қиын, болбыр, үлгермейтін, тәртіпсіз
оқушыларды зерттеу кезінде қолданылады. Тұрмыс және
тәрбие жағдайын білмейінше, ықпал жасаудың нақты
және тиімді тәсілдерін белгілеу мүмкін емес. Әрине,
барлық оқушылардың үйдегі тұрмыс және тәрбие
жағдайын зерттеу қиын, тіпті мүмкін емес. Бірақ осы
жағдаймен жекелеген отбасыларда, әсіресе берекесіз
оқушының немесе жаңа оқушының отбасында танысуға
әбден болады. Бұл тәсілді қолдану ата-аналардың бос
уақытты дұрыс ұйымдастыруға көмек беруі арқылы
оқушының өз уақытын тиімді өткізуіне ықпал жасайды.
English     Русский Правила