1.13M
Категория: БиологияБиология

Өсімдіктану негіздері

1.

Өсімдіктану негіздері.
Хабдолда Қорлан Дво-11қ

2.

Ботаника (гр. botn —
шөп, өсімдік) — өсімдіктер
туралы ғылымдар
жиынтығы, биологияның бір
саласы; өсімдіктер туралы
ғылым. Ботаника жеке
өсімдіктер мен олардың
бірлестігінің өзара және
қоршаған ортамен
байланысын, жер бетіне
таралуын, шығу тегі мен
эволюциясын, салалану
заңдылығын (жіктелімін)
зерттейді.

3.

Салалары:
Өсімдіктер жүйеленімі;
геоботаника;
өсімдіктер анатомиясы
(мүшелердің микроқұрылысын
және ұппаларды зерттейді);
өсімдіктер морфологиясы
(мүшелердің макроқұрылысын
және сыртқы пішінін зерттейді);
өсімдіктер физиологиясы
(өсімдіктің өмір сүру процесін
зерттейді);
палеоботаника (қазбадағы
өсімдіктерді зерттейді);
өсімдіктер селекциясы;
өсімдіктер генетикасы;
өсімдіктер биохимиясы;

4.

Ботаниканың тарихы:
Ботаника ғылымы б.з.б. 4-ғасырдан
бері белгілі. Оның негізін салушы грек
жаратылыстанушысы және философы
Теофраст (б.з.б. 372 — 287 ж.). Ол 500-ге
жуық өсімдік түрлерін сипаттап, олардың
құрылысы мен көбеюі, дара жарнақтылар
мен қос жарнақтылардың
айырмашылықтары туралы Ботаникаға
ғыл. мәліметтер мен терминдер енгізді.
18 ғасырдың орта кезінде швед ғалымы
К. Линней “Табиғат жүйесі” атты
еңбегінде ғылымға өсімдіктердің қос
номенклатуралық жіктелімін енгізді (қ.
Бинарлық номенклатура).
19 ғасырдың ортасында неміс ботаниктері
М. Шлейден, Т.Шванн клеткалық
теорияның, ал А. Гумбольт ботаникалықгеографикалық зерттеулердің негізін
салды.

5.

Өсімдіктің қоректенуі – өсімдіктердің қоршаған ортадан бейорганикалық
қосылыстарды қабылдап, бойына сіңіруі және олардың өсімдік бөліктерінің қалыптасуы мен жаңаруына,
функцияларының энергиямен қамтамасыз етілуіне қолданылатын органик. заттарға айналуы.
Фотосинтез және өсімдіктің минералдық қоректенуі ашылған соң өсімдіктердің екі негізгі: ауамен және
топырақ арқылы қоректену көзі анықталды. Топырақ арқылы өсімдіктің қаректенуі минералдық
қосылыстар мен топырақтағы органик. заттар арқылы жүзеге асады. Дегенмен өсімдіктің қаректенуі
үшін көміртек (С), оттек (О), сутек (Н), азот (N), фосфор (P), күкірт (S), калий (K), кальций (Ca), магний
(Mg), темір (Fe), т.б. қажет. Қоректік заттарды өсімдік көмірқышқыл газ (СО2) түрінде ауадан, су (Н2О)
және минералдық тұздар иондары түрінде топырақтан алады; азотты тамыры арқылы сіңіргенде, оларды
нитратты немесе аммоний тұздары түрінде қабылдайды
Өсімдік ағзаларына енген қоректік элементтер зат
алмасу процесіне қосылады. Олар кейде өсімдік
клеткаларында клетканың физ.-хим. қасиеттерімен
анықталатын иондар түрінде де кездеседі. Көптеген
өсімдіктердің қоректенуі микроорганизмдердің
тіршілігімен тығыз байланысты. Кейбір өсімдіктер
гетеротрофты (дайын органик. заттармен қоректенеді)
тіршілікке бейім келеді. Ал паразитті және жартылай
паразитті өсімдіктер толық гетеротрофты қоректенуге
көшеді (қ. Гетеротрофты ағзалар). Өлі органик.
қалдықтармен қоректенуді сапрофиттік, ал мұндай
өсімдіктерді сапрофиттер деп атайды. Өсімдіктің
көпшілігі көмірқышқыл газын сіңіріп, оны органик.
қосылыстарға айналдырады. Қоректенудің бұл түрін
автотрофты деп атайды. Мұндай қоректену барлық жоғ.
сатыдағы өсімдіктерге, балдырларға және кейбір
бактерияларға тән.

6.

Өсімдіктер экологиясы — өсімдіктердің өзара және ортамен
қатынастарын зерттейтін экологияның және ботаниканың бөлімшесі.
Жер шарында өсімдіктердің 500 млн. астам түрі бар. Жыл
сайын ғылыми-лабораторияларда олардың бірнеше жаңа
түрлерін өсіріп шығарады. Өсімдік – жер шарының
«өкпесі» деп бекер айтылмаған. Тіршілік атаулыны
өсімдіксіз елестетуге болмайды. Жер шарында өсімдіктер
жамылғысы біркелкі тарамаған.
Орман қоры жер шары бойынша жылдан-жылға азая
түсуде. Құрлықтың 62 млн. км² жерін өсімдіктер мен
орман алып жатыр. Республикамызда ормандар аз және
олардың жағдайы мәз емес. Оның негізгі себептері – адам
факторы, өрт, ауа райының өзгеруі мен айнала қоршаған
ортаның ластануы.
Орманды қорғау біздің міндетіміз. Орманның адам мен
жалпы биосфера үшін маңызы зор.
Орман топырақтағы ылғалды сақтай отырып, су балансын
тұрақтандырады. Ылғалды жер өсімдік жамылғысы мен
жан-жануарлардың көбейе түсуіне ықпал етеді. Орманды
алқаптардағы жер асты сулары өзен мен көлдерді
қоректендіреді. Орман аң мен құстың мекені, дәрідәрмектік өсімдіктер мен жеміс-жидектердің панасы әрі
қолайлы тіршілік ортасы болып табылады.
Ормандардың егістік алқаптарын қорғауда да рөлі зор.

7.

Өсімдіктің практикалық маңызы.
Жер бетінде тек жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің 500 мыңға жуық түрі өседі.Өсімдіктер
дүниесі-нағыз тіршілік атауларының тірегі. Ол өлі табиғат пен тірі табиғат
аралығындағы дәнекер, яғни органикалық емес заттарды адам мен хайуанаттар қабылдай
алатындай етіп, бойына түрлі микроэлементтерді, витаминдерді және басқа тіршілік
негізіне қажетті заттарды жинақтайды.
Пайдалы деген жабайы өсімдіктерді,
практикалық маңызына қарай мынадай топтарға
бөлуге болып:
1. Ағаш беретін сүректі өсімдіктер /отын, баға,
тал, тіреу ағаш материалдары, фанера т.б./.
2. Өндіріс салалары мен медицинада түрлі
заттар алу үшін пайдалантын өсімдіктер.
3. Тағамдық заттар беретін өсімдік
/консервілеуге/.
4. Мал азығы ретінде пайдалантын өсімдіктер.
5. Көгалдандыру мен безендендіру
мақсатында және эрозиядан қорғау үшін
пайдалантын өсімдіктер.
6. Өзіндік ерекшелігімен қасиетіне
байланысты комплекстік түрде пайдалантын
өсімдіктер.
English     Русский Правила