Похожие презентации:
Қазіргі жағдайда балық шаруашылығын ұйымдастыру
1. Қазіргі жағдайда балық шаруашылығын ұйымдастыру
2.
• Балық шаруашылығы – халықшаруашылығының балық
аулау, тасымалдау, қорғау және өсірумен, өңдеумен
, су өсімдіктерін жинаумен шұғылданатын саласы.
Балық шаруашылығы бағалы тағамдар, балық
ұны, майы, теңіз өсімдіктерінен йод, маннит, агар,
т.б. емдік заттар, мал азығы мен техникалық
өнімдер өндіреді. Қазақстанда 1919жылы Гурьев (қ
азіргі Атырау) қаласында Жайық – Жем балық
аулау және аңшылық басқармасы, Арал
қаласындаТүркістан өлкелік балық шаруашылығы
басқармасы ұйымдастырылды. Кейін бұл сала
тұтынушыларға тағамдық белоктың 20%-ын беретін,
қуатты аулау кемелерімен жабдықталған, өндірістік
процестері механикаландырылған аса іргелі тамақ
индустриясына айналды.
3.
• Отандық балық шаруашылығын жандандыру мақсатында елүкіметі балық шаруашылығын дамытуға арнайы көңіл бөліп,
осыдан бірнеше жыл бұрын ұзақ мерзімді шаралар
бағдарламасын қабылдады. Осы бастама соңғы жылдарда
көңіл көншітерліктей нәтижелер бере бастағаны байқалды.
Әуелі ресми дерекке жүгінелік. Статистика жөніндегі агенттіктің
таратқан мәліметіне сенсек, былтыр Қазақстандағы балық өсіру
және балық аулау саласының берген өнімі 4 миллиард 370
миллион теңгені құрап, алдыңғы жылмен салыстырғанда 11
пайыз өсім тіркелген. Отандық балық шаруашылығында әсіресе
Атырау облысының үлесі мол: шығарылған өнімнің 44,7
пайызын беретін бұл өңірдің ауылшаруашылығы саласында
балық өсіру ерекше маңызға ие. Сондай-ақ, Алматы және
Шығыс Қазақстан облыстарының да мақтанарлықтай табыстары
аз емес.
Балық өсіру – нағыз табыс көзі. Бұлай дейтініміз, елімізге балық
өнімдері 50-ге жуық мемлекеттен келеді екен. Негiзгi өнім
жеткiзушi елдер - Ресей, Норвегия және Қытай.
4.
• Балықшылықты кәсіп қылған қазақ «өзен жағалағанның өзегіталмайды» деп бекер айтпаса керек. Кеңес одағының
тұсында елде балық шаруашылығы мейлінше дамыған еді.
Мысалы, 1970-1990 жылдар аралығындағы тауарлы балық
өсiру көлемi 0,7 мың тоннадан 9,8 мың тоннаға дейiн өсiп,
14,2 есе артты. Алайда, бір кездері дүрілдеп тұрған балық
шаруашылығы экономикалық дағдарыс жайлаған жылдарда
тоқырауға ұшырады. 1990 - 2005 жылдар аралығында
тауарлық балық өсiру мүлдем дамымады десек,
қателеспейміз. Осыдан 5-6 жыл бұрынғы мәлімет бойынша
тоған шаруашылықтарында өсірілген тауарлық балықтың
көлемі 150 тоннадан аспаса, соңғы дерекке жүгінсек
көрсеткіш 500 тоннаға жуықтаған. Әлбетте, бұл балық
өнімдерін экспортқа шығармақ түгілі жергілікті нарықты
қамтуға да жетпейді. Есесіне халық үшін балық аса қажетті
тағамның түрі болып есептеледі. Ғалымдардың зерттеулеріне
сенсек, әр адам орта есеппен жылына 14,6 келі балық өніміне
зәру. Бұл қажеттілікті өтеу үшін балық өсіру, аулау мен импорт
көлемін жылына 272 мың тоннаға дейін жеткізу керек екен.