Похожие презентации:
Нотариустармен және өзге де құзыретті тұлғалармен жасалатын нотариалдық іс-әрекеттер
1. 5 тақырып. Нотариустармен және өзге де құзыретті тұлғалармен жасалатын нотариалдық іс-әрекеттер.
1. Мемлекеттік және жекешенотариустар жасауға құқылы
нотариалдық іс-әрекеттер
2. Өзге де құзыретті тұлғалармен
жасалатын нотариалдық іс-әрекеттер.
2. 1. Мемлекеттік және жекеше нотариустар жасауға құқылы нотариалдық іс-әрекеттер
Қазақстан Республикасының заңактiлерiнде нотариус жасайтын өзге де
нотариалдық iс-әрекеттер көзделуi мүмкiн,
яғни, заңда келтірілген тізім шектелмеген
болып табылады. Мысалы, нотариустар
азаматтардың әртүрлі арыздарын
куаландырады, және т.б.
3.
1. Осы Ереже мемлекеттік нотариустар менжекеше практикамен айналысатын
нотариустардың (бұдан әрі - нотариус)
нотариаттық іс-әрекеттер:
1) Мәмілелерді куәландыру;
2) Мүлікті иеліктен алу туралы шарттарды
куәландыру;
3) Мүлікті пайдалану тәртібі туралы шарттарды
куәландыру;
4) Некелік келісім-шарттарды куәландыру;
5) Өсиеттерді куәландыру;
6) Сенімхаттарды куәландыру;
8) Шаруашылық серіктестіктерінің құрылтай
құжаттарын куәландыру;
9) Мұрамен сенімгерлік басқарушыны
тағайындау;
10) Мұраға құқық туралы куәліктер беру;
4.
11) Жұбайлардың және ортақ бірлескен меншікқұқығы негізінде мүлкі бар басқа адамдардың ортақ
мүліктегі үлесіне меншік құқығы туралы куәліктер беру;
12) Мүлікті иеліктен алуға тыйым салу және тыйымды
жою;
13) Құжаттардың көшірмелері мен олардан алынған
үзінділердің дұрыстығын куәландыру;
14) Құжаттардағы қолдардың түпнұсқалығын
куәландыру;
15) Құжаттардың бір тілден екінші тілге аудармасының
дұрыстығын куәландыру;
16) Фактілерді куәландыру;
17) Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін басқа
жеке және заңды тұлғаларға беру;
18) Ақшаларды депозитке қабылдау;
19) Вексельдер наразылықтарын жасау;
20) Құжаттарды және бағалы қағаздарды сақтауға
қабылдау;
21) Теңіз наразылықтарын жасау;
22) Дәлелдерді қамтамасыз етуді жасау тәртібін
белгілейді.
5.
Нотариус мынадай нотариалдық iс-әрекеттер жасайды(Нотариат туралы Заңның 34-бабы):
1) мәмiлелердi куәландырады;
2) шаруашылық серiктестiктерiнiң және акционерлік қоғамдарды
құрылтай
құжаттарын куәландырады;
3) мұраға сенiмгерлiк басқарушыны тағайындайды;
4) мұраға құқық туралы куәлiктер бередi;
5) ерлi-зайыптылардың және ортақ бiрлескен меншiк
құқығындағы мүлкi бар өзге
адамдардың ортақ мүлiктегi
үлеске меншiк құқығы туралы куәлiктер бередi;
6) мүлiктi иелiктен алуға тыйым салады және салынған тыйымд
алып тастайды;
7) құжаттардың көшiрмелерi мен олардан алынған үзiндiлердiң
дұрыстығын куәландырады;
8) құжаттарға қойылған қолдың түпнұсқалығын куәландырады;
6.
9) құжаттардың бiр тiлден екiншi тiлге дұрысаударылғанын куәландырады;
10) азаматтың тiрi екендiгi фактiсiн куәландырады;
11) азаматтың белгiлi бiр жерде болу фактiсiн
куәландырады;
12) құжаттардың берiлген уақытын куәландырады;
13) жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн басқа
жеке және заңды тұлғаларға бередi;
14) ақшаны депозитке қабылдайды;
15) сақтауға құжаттар және бағалы қағаздар
қабылдайды;
16) вексель наразылықтарын жасайды;
17) теңiз наразылықтарын жасайды;
18) қозғалмаған азаматтық істер бойынша
дәлелдемелердi қамтамасыз етедi.
7. 2. Өзге де құзыретті тұлғалармен жасалатын нотариалдық іс-әрекеттер.
Елдi мекенде нотариус болмаған жағдайдааудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың
(селоның), ауылдық (селолық) округтiң әкiмi
аппаратының нотариалдық iс-әрекеттердi жасауға
уәкiлеттi лауазымды адамы - әкімі - мынадай
нотариалдық iс-әрекеттер жасайды (Нотариат
туралы Заңның 35-бабы):
1) өсиеттердi куәландырады;
2) сенiмхаттарды куәландырады;
3) құжаттар көшiрмелерiнiң және олардан алынған
үзiндiлердiң дұрыстығын куәландырады;
4) өтiнiштерге қойылған қолдың түпнұсқалығын
куәландырады.
8.
Қазақстан Республикасының атынан консулдық қызметтi жүзегеасыратын лауазымды тұлғалары мынадай нотариалдық iс-әрекеттер
жасайды:
1) Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлiктi иелiктен
алу туралы шарттардан басқа мәмiлелердi куәландырады;
3) мұраға құқық туралы куәлiктер бередi;
4) ерлi-зайыптылар мен ортақ бiрлескен меншiк құқығындағы мүлкi бар өзге де
адамдардың ортақ мүлiктегi үлеске меншiк құқығы туралы куәлiктер бередi
5) құжаттардың көшiрмелерi мен олардан алынған үзiндiлердiң дұрыстығын
куәландырады;
6) құжаттарға қойылған қолдың түпнұсқалығын куәландырады;
7) құжаттардың бiр тiлден екiншi тiлге аудармасының дұрыстығын
куәландырады;
8) азаматтың тiрi екендiгi фактiсiн куәландырады;
9) азаматтық белгiлi бiр жерде болу фактiсiн куәландырады;
10) құжаттар берiлген уақытты куәландырады;
11) жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн басқа жеке және заңды
тұлғаларға бередi;
12) ақшаны депозитке қабылдайды;
14) сақтауға құжаттар және бағалы қағаздар қабылдайды;
15) теңiз наразылықтарын жасайды;
16) дәлелдемелердi қамтамасыз етедi.
9.
Нотариалдық куәландырылған құжаттарғамыналар теңестiрiледi (Нотариат туралы Заңның
37-бабы):
1) ауруханаларда, санаторийлерде, өзге де емдеуалдын алу мекемелерiнде емделiп жатқан, сондайақ қарттар мен мүгедектер үйлерiнде тұрып жатқан
азаматтардың, осы ауруханалардың,
санаторийлердiң, өзге де емдеу-алдын алу
мекемелерiнiң бас және кезекшi дәрiгерлерi,
сондай-ақ қарттар мен мүгедектер үйлерiнiң
директорлары, бас дәрiгерлерi куәландырған
өсиеттерi;
2) госпитальдарда, санаторийлерде және басқа да
әскери-емдеу мекемелерiнде емделiп жатқан
әскери қызметшiлер мен басқа адамдардың осы
госпитальдардың, санаторийлер мен басқа да
әскери-емдеу мекемелерiнiң бастықтары, олардың
медициналық жағынан орынбасарлары, аға және
кезекшi дәрiгерлерi куәландырған өсиеттерi мен
сенiмхаттары;
10.
3) әскери қызметшiлердiң, ал нотариустары мен нотариалдықiс-әрекеттер жасауға уәкiлеттi лауазымды адамдары жоқ әскери
бөлiмдердiң, құрамалардың, мекемелердiң, әскери-оқу
орындарының орналасқан пункттерiнде, сондай-ақ
жұмысшылар мен қызметшiлердiң, олардың отбасы
мүшелерiнiң және әскери қызметшiлердiң отбасы мүшелерiнiң
осы бөлiмдер, құрамалар, мекемелер мен орындардың
командирлерi (бастықтары) куәландырған өсиеттерi мен
сенiмхаттары;
4) бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдардың бас
бостандығынан айыру орындарының бастықтары
куәландырған өсиеттерi мен сенiмхаттары;
5) жүзу кезiнде Қазақстан Республикасының туы астында жүзiп
жүрген теңiз мекемелерiнде немесе iшкi суларда жүзiп жүрген
кемелердегi азаматтардың осы кемелердiң капитандары
куәландырған өсиеттерi;
6) барлау және басқа да экспедицияларда жүрген азаматтардың
осы экспедициялардың бастықтары куәландырған өсиеттерi;
7) халықты әлеуметтiк қорғау мекемелерiнде тұрып жатқан
кәмелетке толған жастағы iс-әрекет қабiлетi бар азаматтардың
осы мекемелердiң немесе халықты әлеуметтiк қорғаудың тиiстi
органының басшысы куәландырған сенiмхаттары.