Маңызды мұнай өнімдері
Мұнайдың физикалық қасиеттері
Мұнай
Мұнай өнімдері
Бензин
Лигроин
Керосин
Газойль
Маңғышлақта алғаш рет осы жердегі ұңғымадан мұнай атқылаған.
1.60M
Категория: ХимияХимия

Маңызды мұнай өнімдері

1. Маңызды мұнай өнімдері

2. Мұнайдың физикалық қасиеттері

Мұнайдың физикалық қасиеттері. Мұнай — жанғыш,
қара-қоңыр түсті өзіне тән иісі бар май тәрізді сұйықтық,
ол судан жеңіл және суда ерімейді.
Мұнайдың негізінен көмірсутектер қоспасы екеніне
тәжірибеде көз жеткізу қиын емес. Егер мұнайды
қыздырсақ, оның жеке заттарға тән белгілі бір
температурада емес, температураның кең аралығында
айдалатынын байқауға болады. Жайлап қыздырған кезде
ең алдымен молекулалық массасы аз, содан кейін жоғары
температурада молекулалық массасы үлкен заттар айдала
бастайды.

3.

4. Мұнай

Алкандар
Ароматты
қосылыстар
Циклоалкандар

5.

6. Мұнай өнімдері

Зауыттарда мұнайды айдау арқылы оны
жеке фракцияларға бөледі: 40-200°С
аралығында қайнайтын құрамында С5—
С11 көмірсутектері бар бензин алынатын,
150-250°С аралығында қайнайтын,
құрамында С8—С14 көмірсутектері бар
лигроин; 180-300°С аралығында қайнайтын
С8—С14 көмірсутектері бар керосин;
бұлардан кейін газойль алынады. Бұлар —
ашық түсті мұнай өнімдері деп аталады.

7.

8. Бензин

Бензин(французша: benzіne) – 30 – 205°С аралығында қайнайтын, құрамы әр
түрлі жеңіл көмірсутектердің қоспасы; түссіз не арнайы боялған сұйық. Судан
жеңіл, тығыздығы 0,70 – 0,78 г/см3, өзіне тән иісі бар, 60°С-та қатады. Бензин
тез буланғыш, оңайтұтанғыш зат, буының ауамен қоспасы қопарылғыш
келеді. Бензин алудың негізгі кең тараған әдістері: мұнайды тікелей айдау,
мұнайдың ауыр фракцияларын крекингілеу, көмірсутек газдарынан бөліп алу,
тас көмірді гидрогендеу және көмірсутек газдарын (изобутан, бутан, пропан)
алкилдеу, т.б. Бензинді іштен жанатын қозғалтқыштарда отын, майды,
шайырды, каучукті еріткіш ретінде, т.б. қолданады.
Отын ретінде қолданылуына қарай авиация Бензині және автомобиль Бензині
болып бөлінеді. Бензиннің негізгі қасиеті – детонацияға тұрақтылығы, яғни
қозғалтқыштарда бірқалыпты жану қабілеті. Оның детонацияға тұрақтылық
қасиеті октан санымен сипатталады. Октан саны неғұрлым көп болса,
детонацияға тұрақтылық қасиеті соғұрлым жақсы болады. Бензиннің
маркалары (А-80, А-93, А-95, т.б.) осы қасиетке негізделген. Автомобиль
санының күрт өсуіне байланысты Бензин үлкен қалалар ауасын ластаушы
негізгі факторға айналып отыр. Ауадағы Бензин буының қойыртпалығы 100 –
300 мг/м3-ден көп болса, адам организміне қауіпті, сондықтан онымен жұмыс
істегенде және оны пайдаланғанда барлық сақтық шаралары қадағалануы
тиіс. Қазақстанда
Бензин Атырау, Павлодар, Шымкент қалаларындағы мұнай өңдеу зaттарында
өндіріледі.

9.

10. Лигроин

Лигроин- Мұнайды тікелей өңдеу өнімі. 120-240
°С аралығында қайнай бастайды.
Тығыздығы 0,760- 0,795 г/см3.
Лигроин бензин мен керосиннің (жермай)
аралығына сәйкес келеді.
Бұл фракцияны дербестеп алу ұдайы жүзеге
асырыла бермейді. Лигроин трактор
жанармайы ретінде, лактау-сырлау өндірісінде
еріткіш ретінде (уайт-спирт деп аталатын, 165200 °С температура аралығында алынатын
фракция) және кейбір аспаптарда
гиравликалық сұйық ретінде қолданылады.

11.

12. Керосин

Керосин-
мұнайдан бөлініп алынған,
қайнау температурасы 200-300°С
болатын, көмірсутектері қоспасынан
тұратын, козғауыштарға арналған отын.
Керосин — трактор, реактивті ұшақтар
мен зымырандардың (ракеталардың)
жанармайы.

13.

14. Газойль

Газойль.
Мұнайды өңдеу
сатысында керосин (жермай) мен
майлау майының аралығында
бөлінген,біршама
тазартылған көмірсутегі қосындылары.
Газойль дизель жанармайы ретінде
пайдаланылады.

15.

16.

Мұнайдан
ашық өнімдерді
айдағаннан кейін, қара түсті,
тұтқыр мазут деп аталатын
сұйықтық қалады. Қосымша айдау
арқылы мазуттан жағар майлары
алынады.

17. Маңғышлақта алғаш рет осы жердегі ұңғымадан мұнай атқылаған.

English     Русский Правила