392.42K
Категория: ЭкономикаЭкономика

Халықаралық экономикалық байланыс

1.

Шымкент қаласы физика-математика бағыты
Назарбаев Зияткерлік мектептері
Сыныбы: 12
география пәні мұғалімі: Есенов Т.Қ.
Оқыту тілі: қазақ

2.

Сабақ тақырыбы: Халықаралық
экономикалық байланыс
Оқу мақсаты:
Экономикалық байланыс түрлері

3.

Оффшорлық орталық
Оффшор – ағылшын тілінен аударғанда «жағалаудан
қашық» деген мағынаны білдіреді. Әлемдік қаржы
орталықтары, сондай-ақ банк операцияларының кейбір түрлері
үшін қолданылатын термин. Оффшорлық бизнестің қаржы
орталықтары шетел капиталын салық жеңілдіктері мен басқа
да жеңілдіктер беру, орталық орналасқан елде тіркелген шетел
компанияларының табысына салынатын салықты азайту
немесе толық жою жолымен тартады. Оффшорлық бизнестің
дамуын көтермелей отырып, елдер қыруар табыс алады.
«Оффшорлық аймақтар тек аралдарда ғана болады» деген
жаңсақ пікір. Еуропаның көптеген елдерінде де оффшорлық
фирмаларды тіркеуге мүмкіндік бар. Оффшорлық компания
тек салық шығынын азайтуға ғана емес, шетелдік
компанияның атынан келісімді жүзеге асырып, шетелдік
банктердегі несие қорларына қол жеткізе алады.

4.

ОФФ-ШОРЛЫҚ ОРТАЛЫҚТАР
1) Нью-Йорк
2) Токио
3) Лондон
4) Сингапур
5) Сянган
6) Багам және Кайман
7) Панама

5.

Басқарылатын құбылмалы валюта
Басқарылатын құбылмалы валюта бағамдары
жүйесі (Ямайкалық валюталық жүйе) (1971 ж.). Жаңа
валюталық жүйеде оның алтынмен байланысы заң
жүзінде жойылды. Ешқандай да валютаның алтындық
мазмұны
болмайтын
болды
және
алтынға
айырбасталмайтын болды. Валюта жүйесін реформалау
долларды резервтік валюта ретінде шеттетуге
бағытталды. Ұлттық валютаны ұжымдық валютамен
ауыстырудың қажеттілігі туындады. Қазіргі заманғы
әлемде екі ұжымдық валюта орын алып отыр:
1) арнаулы өзара қарыз құқықтары (SDR)
2) еуропалық валюта бірлігі

6.

Еңбек күшінің капиталы
Еңбек күшінің халықаралық миграциясы – еңбек
ресурстарының өз еліне қарағанда анағұрлым тиімді
жағдаймен жұмысқа тұру мақсатында бір елден басқа
елге ауысу үредісі.
Еңбек мигранттарының негізгі категориялары:
- елге заңды жіберілген еңбек мигранттары, себебі
кейбір елдер шетелдік еңбек күшіне тәуелді;
- еңбек иерархиясының ең төмен сатысында тұрған
заңсыз еңбек мигранттары:

7.

Халықаралық еңбек миграциясы көбінесе
жіберуші елдерге тиімді. Отанына жіберілген
ақша аударымдары есебінен елдің ЖІӨ артады
және елдің теңгерімі
нығаяды. Шетелде
жұмысқа орналастырушы фирмаларға қосымша
салық салынады. Мигранттар аударымды
қаржыдан
бөлек
қосымша
жинақталған
ақшаларын әкеледі. Донор елінде әлеуметтік
қажеттіліктерге деген шығындар азаяды.
Шетелде
біліктіліктерін
мүмкіндігінше
арттырады. Жұмыссыздық деңгейі азаяды.

8.

Жұмыс күшін
тартатын 3
басты орталық
Парсы
шығанағы
Батыс
Еуропа
АҚШ

9.

Дамыған елдер арзан еңбек күшін алады.
Алайда мигранттардың келуіне байланысты
дамыған елдерде жергілікті халықтың жалақысы
төмендейді, өйткені шетелдіктер төмен ақыға
жұмыс істеуге дайын.
Кейбір шетелдік елдер мигранттардың
келуін
шектейді
немесе
реэмиграцияға
ынталандырады.
Сұрақ: қандай елдер, не үшін?

10.

Талдау сұрақтары
1. Еңбек күшінің халықаралық миграциясы дегеніміз не?
2. Ең мигранттары қандай категорияларға бөлінеді?
3. Еңбек мигранттарының негізгі ағымы келетін елдер?
4. Еңбек мигранттарын қабылдауда көш бастайтын елдер?
5. Еңбек күшінің халықаралық миграциясы және донор
елдер мен реципиент елдердегі демографиялық жағдай
арасында байланыс бар ма?
6. Еңбек мигранттары кеткен және келген елдеріне қандаф
пайда әкеледі?

11.

ІІ дүниежізілік соғыстан кейін күйреген
Жапония мен ГФР-дің (кейіннен Германия)
тез арада қарқынды дамуына саясиэкономикалық түсінік бер?
38 параллель демаркациялық сызықпен
бөлінген екі Корея елдерінің экономикалық
дамуында қаржы ұйымдарының үлесі
қандай болды? Саяси-экономикадық
зерттеу жасаңыз.

12.

ТАРАУДЫ
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
КЕРІ БАЙЛАНЫС
БАҒАЛАУ
English     Русский Правила