Похожие презентации:
Сырдарияның гидробиологиялық режимі
1.
Орындаған: Қалданов Н.ҚТексерген: Жанабаева Ж.А
2.
Жоспар:1.Гидробиологиялық режим
2.Ертістің гидробиологиялық режимі
3.Сырдарияның гидробиологиялық режимі
3.
Гидробиология(гидро... және биология) – судатіршілік ететін организмдерді (гидробионттар),
олардың қоршаған ортамен қарым-қатынасын,
тіршілік әрекеттерін, сулы экожүйелерді және
олардың биол. өнімділігін зерттейтін кешенді
ғылым саласы. Гидробиология (грекше:, hydorг су, bios — тіршілік және logos — ғылым) — суда
тіршілік ететін организмдер, олардың қоршаған
ортамен қарым-қатынасы, тіршілік әрекеттері,
өзен-көлдің биологиялық өнімділігі туралы
ғылым.(1)
4.
Ертіс (орыс. Иртыш, қыт. 额尔齐斯河) — СолтүстікМұзды мұхит алабында жатқан өзен, Обь өзенінің сол
жақ саласы.[1]
Қазақстан жерінде Шығыс Қазақстан, Павлодар
облыстары арқылы ағады. Жалпы ұзындығы 4248 км,
оның 1698 км-і Қазақстан жерінде. Су жиналатын алабы
1643 мың км2.
5.
Арнасы бастау жағында, негізінен, қар, мұз суымен, орта жәнетөменгі ағыстарында қар, жаңбыр және жер асты суымен
толығады. Алабы Алтай тауларының оңтүстік-батысын,
Тарбағатайдың солтүстік-батыс баурайын, Сарыарқаның солтүстікшығысын, Ресей жерінде Батыс Сібір жазығы мен Шығыс Орал
етегін қамтиды.
Қазақ жерінде Ертіс ағынын Қатын, Қалба, Нарын, Тарбағатай
және Сауыр жоталарынан, Құлынды даласынан жинайды. Көп
жерінде тау сілемдерін тіле терең шатқалдар қалыптасқан. Бұл
тұста жағаларының биіктігі 500 м-ге жетеді. Құлынды даласында
өзеннің арнасы кеңейіп, жайылмасы пайда болады. Таулық аңғары
(250 м биіктікке дейін) қылқан жапырақты орманды, оң жағы
көбіне қарағайлы шабындықты келеді, осы тұстағы арнасының ені
100 – 150 м, Омбы қаласы тұсында 6 – 8 км, Тобыл кент тұсында 25
– 30 км-ге жетеді.
6.
Ертісті бойлай кеме қатынасы бар (3600 км- ге жуық).Басты кемежайлары: Өскемен, Семей, Павлодар, Омбы,
Тобыл, Ханты-Мансийск. 1953 жылы Ертісте Өскемен су
электр станциясы (СЭС) салынған. Ертіс каскадындағы 3саты Шүлбі СЭС-і бөгетінің құрылысы басталды. Ертіс
алабының су энергетикалық ресурстарын игеру жылына 30
млрд. кв/сағ-қа дейін электр энергиясын бере алады.
Ертістің суы Орталық Қазақстанды сумен қамтамасыз
етуге және суландыруға арналған Ертіс-Қарағанды
каналын қоректендіруге (75 м3/с су алынады)
пайдаланылады. Ертіс сүйрік, сылан, бекіре, шортан,
алабұға, елең және т.б. балықтарға бай. Сазан, табан,
көксерке және байкал омулі жерсіндірілген.[2]
7.
Өзен Қырғызстан мен шығыс Өзбекстандағы Тянь-Шаньтауларындағы екі өзеннің: Нарын және Қарадария өзендерінің
қосылуынан бастау алады да, 2,212 км қашықтықта орналасқан
Арал теңізіне барып құяды. Сырдария өзенінің алабы 800 000
шаршы километрді құрайды, бірақ су іс жүзенде соның тек 200
000-ынан ғана жиналады. Оның біржылдық теңізге құюы — 28
км³ ғана, бұл Амударияның теңізге құятын суының жартысына
тең. [3]
8.
Облыстың едәуір бөлігін құм басып жатыр. Топырағықоңыр, құмдақ сұр, сортаң болып келеді. Жусан, бетеге,
сексеуіл, жыңғыл, тал, тораңғы, қамыс өседі. Ауыл
шаруашылығына қолайлы жер аумағының 12%-ы Сырдария
өзенінің жайылмасында, 23%-ы шөлейтте, 65%-ы шөл
аймағында орналасқан.
Жануарлар дүниесінен ақ бөкен, құлан, қарақұйрық, қасқыр,
түлкі, қоян, қарсақ, шибөрі, қосаяқ, күзен, сарышұнақ
тіршілік етеді.Құстардан бүркіт, қаршыға, қырғауыл, қаз,
үйрек.Көлдерде балықтың алабұға, сазан, жайын, бекіре
түрлері кездеседі.(3)
9.
Дереккөздер· Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Ғылымтану. Жалпы
редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. АрынПавлодар: ҒӨФ «ЭКО», 2006 жыл. - 430 б.ISBN 9965-80878-3
https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%93%D0%B8%D0%B4%D.
1%80%D0%BE%D0%B1%D0%B8%D0%BE%D0%BB%D0
%BE%D0%B3%D0%B8%D1%8F
kk.wikipedia.org/wiki/Сырдария