Похожие презентации:
Әлемдегі ең ерекше 10 қонақүй
1.
Әлемдегі ең ерекше10 қонақүй
Орындаған:Өктембай Гүлдана
Деф-15,1 тобы
2.
Бүгінгі таңда қонақүйлердің адам өміріндеалатын орны өте ерекше. Алыс-жақын шет
елдерге іс-сапармен шыға қалсаңыз немесе
шытырман оқиғаларды іздеу мақсатында ел
кезетін болсаңыз, қонақүйдің көмегінсіз
тығырықтан шығу мүмкін емес. Әсіресе,
қонақүйлер - туристер қауымының екінші
үйіне айналып кетті десек те болады.
Celica қонақүйі. Атақты Lonely
Planet жолкөрсеткіш
кітапшасында Celica
қонақүйін әлемнің ең сәнді
қонақүйі деп көрсеткен. Польша
жерінде орын тепкен бұл
ғимаратқа қонақ бола қалсаңыз,
тұтқындардың өмірін сезініп
көруге мүмкіндігіңіз бар. Қалай
дейсіз бе? Өйткені қонақүйдің
бөлмелері түрме камерасы секілді
(есік-терезелері де түрме торына
ұқсас) жасалған.
3.
Gyreum Eco-Lodge қонақүйі. Сізөміріңізде пудинг жеп көрдіңіз бе? Тіпті,
көзіңізбен көрген де жоқсыз ба?! Олай
болса, Ирландияда орналасқан Gyreum EcoLodge атты ерекше қонақүй дәл осы пудинг
пішіндес болып келеді. Әдетте мұнда
мерекелік іс-шаралар, семинарлар мен
конференциялар, үйлену той рәсімдері
өткізіледі.
4.
Yunak Evleri қонақүйі. Бұл - әлемдегіжалғыз «үңгір» қонақүй. Ол Түркия
жеріндегі тас діңгектер аумағында
орналасқан. Сондай-ақ, қонақүйде бес
ғасыр бойы қызмет көрсетіп келе
жатқан бөлмелердің бар екендігін біле
жүріңіз.
5.
Clink қонақүйі. Clink қонақүйі Лондонныңескі сот ғимараттарының бірінде
орналасқан. Қонақүйге ат басын тірей
қалсаңыз, сот залында отырып тамақтануға
мүмкіндігіңіз бар. Қонақүйге жақын маңда
атақты Сент-Панкрас вокзалы мен Британ
мұражайы бар.
6.
Kadir's Top Tree қонақүйі. Түріксәулетшілерінің тағы да бір тамаша
туындысы - Kadir's Top Tree қонақүйі. Бұл
ғимарат қалың өсімдік әлемінің ортасында
орналасқан. Табиғат-Ананың сұлулығын
тамашалап болған қонақтар ағаш ішіндегі
үйде жатып тыныға алады. Және «швед
дастарханының» дәмі тіл үйірер тағамдарын
армансыз жеуге мүмкіндік бар.
7.
Radeka Downunder қонақүйі. RadekaDownunder қонақүйі жер астында
орналасқан. Оңтүстік Аустралияның
Кубер-Педи қаласының орталығындағы
қонақүйдің бөлмелері түрме
камераларын еске салады.
8.
Point Montara қонақүйі. Калифорнияштатындағы шамшырақта орналасқан Point
Montara қонақүйі тіптен ерекше. Тынық
мұхитының жағалауындағы ғимарат
терезесінен толқындарды, киттердің қоныс
аударуын тамашалай аласыз. Ең бастысы,
бұл қонақүй қаланың қарбалас тіршілігі мен
у-шуынан демалуға таптырмас мекен.
9.
Railway Square қонақүйі. Теміржолвагондарынан жасалған Railway Square
қонақүйі Сидней жерінде орын тепкен.
Қонақүй ішінде көптеген мейрамханалар,
дүкендер, сауықтыру кешендері жұмыс
істейді.
10.
Қазақстанныңкөрікті қонақ
үйлерінің бірі
Holıday Inn
Almaty қонақ
үйі.Бұл қонақ үй
елімізді аралап
келген
туристерге қол
жетімді ғана
емес,сондай-ақ
өзінің қазахи
дәстүрімен
танымал.