Похожие презентации:
Қазақстан Республикасының Конституциясы
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы
2.
3. Ата заңымыз
1. Қазақстан Республикасының 28 қаңтар 1993жылғы Конституциясы.
2. Қазақстан Республикасының 30 тамыз 1995
жылғы Конституциясы.
3. 1998-2007 жылдары Конституцияға өзгерістер
енгізілді.
4. Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясы.
.1992 жылдың басында Н.Ә. Назарбаевтың
бастамасымен Қазақстан Республикасының
Жоғарғы Кеңесі жаңа Конституцияның жобасын
әзірлеу үшін конституциялық комиссия құру
туралы қаулы қабылдады. Жобаны әзірлейтін
жұмыс тобы жасақталып, оны Ғайрат Сапарғалиев
басқарды. Құрамында Б.Ә. Мұхамеджанов, Т.С.
Донақов, Ю.А. Ким және бірнеше белгілі заңгерлер
жұмыс жасады. Бір жылдан кем уақытта
Конституцияның жобасы жасалынып бітіп,
Жоғарғы Кеңестің сессиясында мақұлданып 1993
жылы 28 қаңтарда заңдық күшке ие болды.
5.
Конституцияның кіріспе бөлімінде Қазақстанның тәуелсіз,құқықтық мемлекет екендігі негізделді. Ол 4 бөлім және 27
тараудан тұрды. Оның құрылымында кіріспе,
«Конституциялық құрылыстың негіздері», мынадай төрт
бөлімнен тұрды:
I. «Азамат, оның құқықтары мен міндеттері»,
II. «Қоғам мен оның құрылысының негіздері»,
III. «Мемлекет, оның органдары мен институттары»,
IV. «Конституцияны сақтау кепілдіктері», сондай-ақ «Өтпелі
ережелер» бар.
Демократиялық және құқықтық мемлекет құруда республика
халықаралық нормалар мен курстарды ұстана отырып,
Қазақстан алғаш рет әлемдік қауымдастықтың ажырамас бір
бөлігі ретінде жарияланды.
6. 1993 жылғы Конституцияның кемшілігі
Қазақстан қоғамын дамыту барысында Конституциядағыкемшіліктер мен оның шындықтан алыс жатқандығы байқала
бастады. Қазақстан демократиялық мемлекет деп
жарияланды. Ал шын мәнінде 1993 жылдары демократиялық
қайта құрулар енді-енді ғана өзіне жол ашып жатқан болатын.
Бірақ ic жүзінде 1993 жылы қабылданған Конституцияның
Қазақстандағы шынайы әлеуметтік-экономикалық жаңа
саяси үдерістерден алшақтығы мемлекет тұрғындарының
мәселесі, меншік нысандары, жерге, азаматтыққа,
мемлекеттік сипатына қатысты сәйкессіздіктерін туындатты.
Үкіметтің биліктен кетуімен жалғаскан парламенттік
дағдарыс, атқарушы биліктің дәрменсіздігін кушейтіп,
мемлекеттік биліктің тұрақтылығына, мемлекетті басқарудың
мүдделеріне қәуіп төндірді. Осы себептерге байланысты 1993
жылғы Конституцияны кайта карау және жаңа
Конституцияның қажеттілігі туралы туындады.
7. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы
1995 жылы 30 тамызда республикада бүкілхалықтық референдумөтті, нәтижесінде Қазақстанның жаңа Конституциясы
қабылданды. Дауыс беру еліміздің қалалары мен ауылдарындағы
10253 сайлау учаскелерінде жүрді. Бұл Конституцияның 1993
жылғы Конституциядан айырмашылығы оның мазмұнының
сапасында еді. Жаңа Конституцияға алғаш рет азаматтың
құқығына қатысты ғана емес, адам дүниеге келген сәттен одан
ажырамас құқықтарына да қатысты нормалар енді. Ол бойынша
Қазақстан Республикасының Президенті саяси жүйенің басты
тұлғасы болып табылады, билік тармақтарынан жоғары тұрады.
Бұл президенттік басқару жүйесіндегі мемлекетке сай келеді.
Парламент туралы конституциялық бөлім өзгерістерге ұшырады.
1995 ж. желтоқсанда екі палаталы (жоғарғы палаталы — Сенат,
төменгі палаталы —Мәжіліс) Парламентке сайлау өткізілді.
8. 1993 жылғы конституция мен 1995 жылғы конституцияның айырмашылығы.
1993 жылғы Конституция ескіәкімшілік, әміршілдік ережелеріне
көбінесе кеңестік демократия
қағидаларына негізделгендіктен,
жаңа қоғам өмірінің талабына
жауап бере алмады. Онда адам
құқықтары мен бостандықтары,
оларды жүзеге асыру қағидалары,
мемлекеттік өкімет билігін жүзеге
асыру нысандары, басқару
саласындағы демократиялық
институттардың қызметі жете
көрсетілмеген еді.
Осыған орай 1995 жылы
Конституция қабылданды.
Жаңа Конституцияның
ерекшеліктері заң шығарушы,
атқарушы сот билігін белгілеп,
олардың құзіретін, өзара ісқимыл бірлігін заң тұрғысынан
айқындап береді. Мемлекеттік
лауазымды адамдардың,
азаматтардың конституциялық
құқықтары мен бостандықтарын
бұзуға жол бермейді.