Кіріспе
1.1 ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ, САРЫАҒАШ АУДАНЫНЫҢ АУА РАЙЫ,КЛИМАТЫ,ТОПЫРАҒЫ ЖАҒДАЙЫ
1.2. Жидек дақылының өсіру технологиясы
Жеміс және жидек ағаштарын отырғызудың 5 тәсілі бар:
Негізгі бөлім 2.1Жеміс-жидектердің зиянкестері
Қарақаттың мөлдірқанатты көбелегі – Sunanthedon tіpulіformіs Cl.
Қарлыған қан көбелегі – Zophodia convolutella Zell.
Бүлдірген кенеcі – Tarsonemus fragarіae Zіmm.
Шие бізтұмсығы – Rhynchites auratus L.
Шиенің шырынды егеушісі – Caliroa limacina Retz.
2.2.Зиянкестермен күресу шаралары
Қорытынды
829.47K
Категория: БиологияБиология

Жеміс-жидек дақылдарының зиянкестеріне сипаттама

1.

Жеміс-жидек
дақылдарының
зиянкестеріне сипаттама
Қабылдаған: Искендирова Р
Орындаған: Сартбаева Г

2.

Жоспары:
Кіріспе
1.1.ОҚО, Сарыағаш ауданы ауа
райы,климаты,топырағы жағдайы
1.2.Жидек дақылдарының өсіру технологиясы
Негізгі бөлім
2.1.Жидек дақылдарының зиянкестері
2.2.Зиянкестермен күресу шаралары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

3. Кіріспе

Қазақстанның ауыл шаруашылығы өндірісінің маңызды салаларына
жидек және жеміс шаруашылығы жатады. Жеміс және жидек
шаруашылығының негізгі міндеті – халықтың азық-түлігі және өңдеу
өнеркәсібінің шикізаты саналатын көкөністерді, жемістерді, жидектерді
және жүзімді өндіру. Жидек дақылдарының жемісінде органикалық
қышқылдар, минералды тұздар, витаминдер ,хош иісті заттар болады.
Кейбір жидек дақылдарының жемісінің (қаражидек,таңқурай, қара
жемістішетен)дәрілік қасиеттер ібар. Жидек дақылдары ерте және
жылсайын жеміс береді (бүлдірген екінші, таңқурай үшінші, қарақат пен
тұшала үшінші-төртінші жылдары).Жидек
дақылдары әртүрлі
топырақ-климат жағдайларына жеңіл бейімделеді

4.

Жемістерде, жидектерде кальций, темір, фосфор, калий және т.б.
минералды заттар бар. Бұлар адам ағзасының ұлпаларын құруға
қажет, физиологиялық үдерістерге белсенді қатысады, тамақтың
негізгі түрлерін тұтынған кезде пайда болатын қышқылдарды
бейтараптандырады.
Жемістер, жидектермен жүзімдер техникалық өңдеуге кең
қолданылады: ашыту, маринадтау, әртүрлі консервілер дайындау,
кептіру, тоңазыту және шарап дайындау, яғни олармен халықты жыл
бойы қамтамасыздандыруға мүмкіндік береді.
Жеміс және жидек шаруашылығының қоршаған ортаны
қорғаудағы рөлі зор. Жеміс және жидек өсімдіктерінің
жапырақтары шаң – тозаңдардың таралуына кедергі жасайды
және ауадан көмір қышқыл газын сіңіреді, ауаны тазалайды.

5.

Жеміс және жидек дақылдарын зақымдайтын
зиянкестер өсімдіктің ұлпасын, жапырақтарын,
тамырын, жемістерін кеміріп немесе сорып
бүлдіреді.
Органикалық қышқылдар (лимон, алма, шарап,
қымыздық) жемістердің, жидектердің дәмдік
сапасын қамтамасыздандырады және азықтың
жақсы сіңірілуіне мүмкіндік туғызады.
Жемістер, жидектермен жүзімдер техникалық
өңдеуге кең қолданылады: ашыту, маринадтау,
әртүрлі консервілер дайындау, кептіру, тоңазыту
және шарап дайындау, яғни олармен халықты жыл
бойы қамтамасыздандыруға мүмкіндік береді.
Жеміс және жидек өсімдіктерінің жапырақтары шаң
– тозаңдардың таралуына кедергі жасайды және
ауадан көмір қышқыл газын сіңіреді, ауаны
тазалайды.

6.

Жеміс және жидек дақылдарын зақымдайтын зиянкестер
Өсімдіктің ұлпасын
жемістерін кеміріп
немесе сорып
Тамырын
бұтақтарын
бүлдіреді.
жапырақтарын

7. 1.1 ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ, САРЫАҒАШ АУДАНЫНЫҢ АУА РАЙЫ,КЛИМАТЫ,ТОПЫРАҒЫ ЖАҒДАЙЫ

Оңтүстік Қазақстан өңірінің топырағы және ауа райы жағдайлары жеміс-жидек
пен жүзімнен мол өнім алуға қолайлы.Сондықтан бау және жүзім
шаруашылығын өркендету ең басты мақсаттардың бірі болып табылады. Бұл
өңірде жылы температуралар жиынтығы, суықсыз кезеңнің ұзақтығы және қыс
айларының жұмсақтығы жеміс-жидек ағаштарының қымбат бағалы түрлерін
және жүзімнің түрлі уақытта пісіп-жетілетін, ұзақ сақталатын және түрлі
мақсатқа арналған сорттарын өсіруге өте ыңғайлы болып табылады. Жоғары
агротехникалық шаралар қолдану нәтижесінде сапасы дүние жүзілік
стандарттарға сәйкес келетін өнім өндіруге болады.
Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданының жер көлемі – 7,7 мың
шаршы км. Ол облыс жерінің 6,6% қамтиды. Сарыағаш ауданы – төбелі-жонды
жазықтар. Топырақтың беткі қабаты әдеттегі карбонатты және ашық түсті сұр
топырақ. Оңтүстік-шығыс бөлігінде аймақшаны Келес өзенінің аңғары және оған
қатарласа Құркелес өзені басып өтеді. Сарыағаш ауданы үшін жүзімнің
астаналық сорттары – Нимранг, Тайфи розовый, Киш-миш черный, Мускат
Венгерский, Ранний ВИРа, Мускат Александрийский, Киш-миш розовый,
техникалық сорттар – Мускат розовый, Баян Шерей, Ркацители, Майский
черный, Сапирави, Рислинг, Мускат фиолетовый, Рубиновый, Матраса,
Кульджинский өсіріледі.

8.

Сарыағаш ауданы – төбелі-жонды жазықтар. Топырақтың беткі
қабаты әдеттегі карбонатты және ашық түсті сұр топырақ.
Оңтүстік-шығыс бөлігінде аймақшаны Келес өзенінің аңғары
және оған қатарласа Құркелес өзені басып өтеді. Мұнда
топырақтың беткі қабатында нашар тұзданған ашық түсті сұр
топырақ басым
.Өзен аңғарларындағы сұр топырақ суармалы жерлердің негізгі
қоры болып табылады. Аймақта болашағы зор суарылатын ірі
алқаптар жеткілікті. Бұл – Келес өзенінің оң жағына
орналасқан жерлер.
Келес өзенінің табиғи жағдайдағы төменгі ағысында айына
орта есеппен секундына 1,5 текше метр су шығындайтын баяу
ағын бар. Бірақ келес өзені және оған қатарлас Құркелес өзені
Зах және Ханым каналдарынан, өтпелі сулардың қоры орасан
зор Шыршық өзенінен қосымша су алады.

9. 1.2. Жидек дақылының өсіру технологиясы

Қазақстанда жеміс ағаштары мен
жидек бұталарын, олардың
тектеріне, телімнің дайын болуына
шаруашылықта күзгі және көктемгі
кезеңдердегі жұмыстардың
қаурыттылығына байланысты
көктемде де, күзде де отырғызуға
болады. Көктем мұнда, әсіресе
далалық аймақтарда, қысқа. Қар
кетісімен, өсімдіктердің көндігуіне
қолайсыз ыстық және құрғақ
кезеңдер басталады. Осыған
байланысты шыдамды ағаш
тұқымдықтары мен сұрыптары,
сондай-ақ көктемде өсуін ерте
бастайтындарды күзде отырғызуды
жоспарлаған жөн.
Күзгі отырғызуды кешеуілдету,
көктемдіктілерде тіпті, екпелердің
көндікпеуіне және
сақталғандырының нашар өсуіне
әкелуі мүмкін. Өндірістік бақтар
үшін тұқымдарды және сұрыптарды
таңдау республикалық тұқымдар
және сұрыптар сынау
комиссиясының ұсынысы бойынша
жүргізіледі. Тұқымдарды және
сұрыптарды таңдауға жемістік және
жидектік дақылдардың жеміс
салуға кірісу мерзімі және өнімнің
деңгейі мен экономикалық
тиімділігі, оның өңдеуге
жарамдылығы, жұмыс күшіне,
техникаға, суландыру суына деген
қажеттілік, т.т. тәуелді.

10. Жеміс және жидек ағаштарын отырғызудың 5 тәсілі бар:

алдын ала дайындалған
шұңқырларға қолмен
отырғызу
механикаландыру
тәсілімен
экскаваторлық
тәсіл
шұңқырды алдын
ала қазбай
отырғызу
орларға
отырғызу

11. Негізгі бөлім 2.1Жеміс-жидектердің зиянкестері

Қарақаттың мөлдірқанатты көбелегі(Sunanthedon tіpulіformіs Cl)
Қарлыған қан көбелегі (Zophodia convolutella Zell)
Бүлдірген кенеcі (Tarsonemus fragarіae Zіmm)
Бүлдірген-таңқурай бізтұмсығы(Anthonomus rubі Hrst)
Шие бізтұмсығы (Rhynchites auratus L)
Шиенің шырынды егеушісі(Caliroa limacina Retz)

12. Қарақаттың мөлдірқанатты көбелегі – Sunanthedon tіpulіformіs Cl.

Қарақаттың мөлдірқанатты көбелегі –
Қабыршаққанаттылар (Lepіdoptera)
Sunanthedon tіpulіformіs Cl.
отрядының мөлдір қанаттылар (Aegerііdae)
тұқымдасына жатады.Қазақстанның батыс,
оңтүстік-шығыс және солтүстік аймақтарында
таралған.
Көбелектің денесін көкшіл қара түсті
қабыршақтар басқан. Құрсағында сақина тәрізді
орналасқан ақшыл-сары түсті жіңішке жолақтар
болады. Олардың саны еркектерінде 4,
ұрғашыларында 3. Қанаттарының түсі шыны
тәрізді мөлдір. Алдыңғы қанаттарының сыртқы
жиегінде қызғылт-сары түсті көмкерме болады.
Қанаттарының өрісі 20–28 мм-ге жетеді.
Жұлдызқұрттарының жалпы түсі ақ, басы мен
көкірек бөлімдері және аналь қалқаншалары
қоңыр. Ұзындығы 30 мм-ге жетеді.
Күресу шаралары. Жидек ағаштарын
гүлдегеннен кейін инсектицидтермен бүрку.
Екпе ағаштарын жақсылар күту бұтақтардың
зақымдануын тоқтатады. Ерте көктемде түптері
жұлдызқұрттармен зақымданған бұтақтарды
кесу және бірден жою маңызды. Кесу кезінде
түбірін қалдырмаған жөн; ірі кесінділерге бақ
нұмын жағу.

13. Қарлыған қан көбелегі – Zophodia convolutella Zell.

Қарлыған қан көбелегі – Zophodia
convolutella Zell.
(Lepіdoptera) отряды (Piralididae)тұқымдасы.
Бұл қарақат пен қарлығанның еі қауіпті
зиянкестерінің бірі. Қанкөбелек
жұлдызқұртымен зақымданған жидектер қурап
қалады. Өрмекке оралған олар сау жидектердің
ортасында байқалады.
Қуыршақтары топырақтың жоғарғы қабатында
қарақат пен қарлыған түптерінің астында өрмек
пілләларда қыстайды. Көктемде жидек ағашы гүлдеу
алдында қуыршақтар көбелектерге айналады. Олар
жұмыртқаларын қарақат пен қарлыған гүлдеріне
салады. Жұмыртқадан шыққан көбелек құрттар
түйіндерге еніп, оларды жей бастайды. Бір жидектен
екіншісіне көшкен жұлдызқұрттар оларды өрмекпен
орап алады. Бір ай шамасында зақымдайды. Жоғары
жастағы жұлдызқұрттардың ұзындығы 1,8 см дейін
жетеді.
Күресу шаралары. Қанкөбелек
жұлдызқұрттары көбейіп кеткен жағдайда
инсектицидтердің ерітіндісін бүрку қажет.
Бүркуді қарақат пен қарлыған гүлдегеннен
кейін бірден жүргізеді.
Топырақты өңдеу қуыршақтың біршама
бөлігін жояды. Кішігірім бақтарда
жұлдызқұрттарды зақымданған жидектермен
қоса қолмен жинау ұсынылады.

14.

Бүлдірген кенеcі – Tarsonemus fragarіae Zіmm.
Өсімдік қоректі кенелердің (Acarіna) түрліше тырнақтылар (Tarsonemіdae)
тұқымдасына жатады. Қазақстанның оңтүстік-шығысында суармалы жерлерде
өсірілетін бүлдіргеннің аса қауіпті зиянкесі.
Ұрғашы кененің түсі ақшыл-сары, кейде қоңыр, ұзындығы 0,2–0,24 мм,
сопақша келген денесі айқын көрінетін айғызбен (бороздка) протеросома және
гистеросома деп аталатын екі бөлікке бөлінген, алдыңғы 3 жұп аяғының
тырнақтары бірқалыпты жетілген, ал төртінші жұп аяғы басқаларына қарағанда
жіңішке және тырнақтың орнына екі қылшық болады, олардың біреуі өте ұзын.
Ұрықтанған ұрғашы кенелер бүктелген жапырақша тақталарының арасында
қыстайды. Көктемде өсімдіктің өсуі басталған кезде (ауаның температурасы
13оС-тан асқанда) кенелер жұмыртқаларын әлі ашыла қоймаған жас
жапырақтарға сала бастайды. Бұл жұмыртқалардан шыққан дернәсілдер бір рет
түлеп, нимера фазасына өтпей, бірден ұрғашы және еркек кенелерге айналады.
Бір ұрпағының дамуы орта есеппен 32 күнге созылады. Қазақстанның оңтүстікшығысында ол жылына 4–5 ұрпақ береді.
Кенелер сорып зақымдаған өсімдіктердің жапырақтары сарғайып, қалыпты
көлемге жетпей өліп қалады. Қатты зақымданған өсімдіктердің өсуі нашарлап,
беретін өнімі кілт төмендейді, жидектері ұсақ болады. Сондықтан зиянкес
негізінен көшет өсімдіктерімен бірге таралады.
Күресу шаралары. Бүлдіргеннің сау көшетін отырғызу. Екпе материалды 4546°С температурадағы суға 15 минут салу арқылы залалсыздандырады.
Өсімдіктерді мұқият қарау. Жидектерді жинап алған соң зақымданған мөлтекте
дегеліктерді зақымдамай, жапырақтарды қырқиды, одан кейін «Тізіммен...»
рұқсат етілген (Ирвита ПлантПротекшион, ИзраильП-112.2022 ж.0.3-0.4
л/га)(Омайт, 57 % к.э.(пропаргит, 570 г/л)(Кемтура Еуроп Лтд.,
ВеликобританияП–412.2022 ж.1.5-2.0л/га)препараттармен өңдейді.

15. Бүлдірген кенеcі – Tarsonemus fragarіae Zіmm.

16.

Бүлдірген-таңқурай бізтұмсығы – Anthonomus rubі Hrst.
Қаттықанаттылар (Coleoptera) отрядының бізтұмсытылар (Curculіonіdae)
тұқымдасына жатады. Бүлдірген мен таңқурайдың жапырақтары мен
шанақтарын, сондай-ақ қожақатты, итмұрынды және басқа өсімдіктерді
зақымдайды. Бунақдененің дене пішіні жұмыртқа тәрізді, арқа жағы дөңес,
түсі қара-қоңыр, ұзындығы 2,5–3,2мм-ге жетеді. Дернәсілдері ақ түсті,
қоңыр басты, С түріндегі формада, ұзындығы 3,5мм дейін.
Күресу шаралары. Бүлдірген алқабы таңқураймен қатар болмағаны жөн.
Өсімдік қалдықтарын жинау және жою. Өсімдіктерді мұқият қарау.
Шанақтану кезінде және жидектерді жинап алғаннан кейін қоңыздар жаппай
байқалған жағдайда «Тізім...» сәйкес(Ирвита ПлантПротекшион, ИзраильП112.2022 ж.0.3-0.4 л/га)инсектицидтермен өңдеу жүргізіледі.

17. Шие бізтұмсығы – Rhynchites auratus L.

(Coleoptera
отряды, Attelabidae тұқымдасы). Шиені, қызыл шиені, өрікті,
шабдалы мен басқа түрлерді зақымдайды.
Қоңыздар топырақта 2-15 см тереңдікте қыстайды.
Көктемде қоңыздар шие бүршік жарғанда топырақ бетіне
шығады. Жемістер түйіндене бастаған кезде аналықтары
жемістің бір бүйірін сүйегіне дейін тесіп, жұмыртқа салады.
Шамамен бір апта өткен соң жұмыртқадан дернәсілдер
шығады, ол әлі қатпаған сүекке еніп, өзегін жеп қояды.
Дернәсілдер даму кезеңі шамамен бір айға созылады. Дамуы
аяқталған құрт зақымданған жемістен шығады да, топыраққа
5-10см еніп, сонда қуыршақтанады. Күзде бұл
қуыршақтардан қоңыздар шығады, олар келесі жылдың
көктеміне дейін топырақта қалады.
Күресу шаралары. Күзде бақта топырақты қопсытады.
Көктемде таңертеңгілікте қоңыздарды өсімдік
қалдықтарынан сілкіп, жояды. Инсектицидтерді қолдану
«Тізім..» бойынша (золон, 35% к.э.(фазолон 350
г/л)Кеминова А.С, ДанияП–112.2014 ж.0.8-2.8л/га) (каратэ
050, к.э.(лямбда-цигалотрин, 50 г/л)Сингента Кроп
Протекшн АГ, ШвейцарияП-112.2022 ж.0,3-0,4 л/га)
жүргізеді.

18.

Шиенің шырынды егеушісі – Caliroa limacina Retz.
(Hymenoptera отряды, Tenthredinidae тұқымдасы). Шиенің,
қызыл шиенің, сирек жағдайда өріктің, алмүрттың, қара
жемісті шетеннің жапырақтарын зақымдайды.
Имаголары қара түсті, қанаттары мөлдір, 4-6мм. Жалған
жұлдызқұрттың денесінің алдыңғы жағы тым жуан, жасылсары түсті, қара жылтыр кілегеймен қапталған, ұзындығы
11мм дейін. Жоғары жастағы жұлдызқұрттар пілләларда
топырақта 5-10см тереңдікте қыстайды. Көктемде
дернәсілдер қуыршақтанып, мамыр-шілде айларында ересек
дарақтар пайда болады. Аналықтары жұмыртқа салғыш
қынабымен жапырақтардың төменгі қабығын тесіп, соның
ішіне бір-бірден жұмыртқа салады. Жұмыртқаның дамуы екі
апта шамасында созылады.
Жұмыртқадан шыққан жұлдызқұрттар 15-20 күн бойы
жапырақ жұмсағымен қоректеніп, жапырақтың төменгі
бетіндегі мөлдір қабығы мен тарамысын ғана қалдырады.
Қоректеніп болған құрттар бүршікке түсіп, пілләлар
жасайды. Бір кезеңде 1-3 ұрпаққа дейін дамиды.
Күресу шаралары. Ағаш түбірінің шеңберлерін қопсыту.

19. Шиенің шырынды егеушісі – Caliroa limacina Retz.

20. 2.2.Зиянкестермен күресу шаралары

Қазақстанда жидек
ағаштарын зақымдайтын
насекомдардың жүздеген
түрлері белгілі.
Насекомдармен қатар жеміс
жидек ағаштарына өсімдік
қоректі кенелер де қатты
зиян келтіреді.
Зиянкестердің түр
құрамы жеміс жидек
ағаштарының жас немесе
кәрі болуына,
физиологиялық күйіне және
сонымен қатар жеміс
шаруашылығының зоналық
ерекшеліктеріне байланысты
түрліше болады.
Жеміс жидек ағаштарының питомниктерінде екпе
шыбықтарды негізінен көп
қоректі зақымды. Тікпе
шыбықтардың өсу барысында
оларды біртіндеп
жапырақтарын соруға және
кеміруге ма-манданған
зиянкестер мекендей
бастайды. Ал бақтағы
әлсіреген кәрі ағаштарды
қабық жемірлері, шел
қабықшалар, мөлдір
қанаттылар, бұрғы көбелектер
сияқты зиянкестер зақымдап,
олардың қурап қалуына
себепкер болады.

21. Қорытынды

Қарқынды жеміс-жидек шаруашылығының одан әрі дамуы және халықты
дәрумені мол өніммен қамтамасыздандыру үшін сұрыптарды, олардың
өсірілетін жердің топырақ-климат жағдайына қарай, биологиялық және
шаруашылық ерекшеліктерін ескеріп дұрыс арақатынасын ескеріп
таңдаудың маңызы өте зор. Қазақстан аумағында жеміс-жидек
шаруашылығының өнімділігін арттырудың көзі болып жемістерінің,
жидектерінің биохимиялық құрамы жақсы, жоғары өнімді, суыққа (қысқа)
және ауруларға төзімді сұрыптарды таңдау саналады. Ірі жемісті орал және
сібір сұрыптарын өсіру үлкен маңызға ие.
Зиянкестерге күресу шараларын дұрыс ұйымдастыру үшін олардың
түр құрамын, биологиясын, олардың көбеюіне әсер ететін жағдайларды,
мониторингті дұрыс жүргізуді білу қажет. Олардың таралуы және белгілі бір
өсімдіктерінде зиянкестердің бірнеше түрлерінің шоғырланып қалыптасуы –
қоршаған ортаның өзгеру жағдайымен, зиянкестер түрлерінің сол ортаға
бейімділігімен тікелей байланысты. Қоршаған орта факторларының
үйлесімділігі (жылылығы, ылғалдылығы, жауын-шашыны, жыртқыштары,
тоғышарлары) көптеген зиянкестердің көбеюіне әкеліп соқтырады.

22.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор
Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ
энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, II
том
2. Қ.К.Әрінов, Қ.М.Мұсынов, А.Қ.Апушев,
Н.А.Серекпаев, Н.А.Шестакова,
С.С.Арыстанғұлов-алматы «өсімдік
шарушылығы»2011ж
3. Н.Ашықбаев, Б.Дүйсембеков, А.Ағыбаев,
Р.Карбозова «Өсімдік қорғау» астана-2011
English     Русский Правила