Похожие презентации:
Ұсыныс хат
1. Ұсыныс хат
Орындаған: оқытушы Кульманова М.Н.2. Ұсыныс хат
– белгілі бір ұйым басшысыныңжоғары тұрған басшылыққа қызметкердің
жалақысын өсіру, дәрежесін көтеру т.б. туралы
немесе еңбек нәтижесінің тиімділігін арттыру
мақсатындағы жеке қызметкердің ұсынысы
жазылған хат түрі.
Ұсыныс хаттың құрылымы:
бланктің штамп реквизиттері;
мекеменің толық аты;
мекеме басшысының қызметі, аты-жөні,
тегі
мәтін
ұсыныс хат иесінің қызметі, қолы, аты-
жөні тегі.
3.
1-Жаттығу. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.1. Ұсыныс хат қандай құжат?
2. Ұсыныс хат қай кезде жазылады?
3. Ұсыныс хаттың негізгі бөліктері қандай?
Ұсыныс хат
Көкшетау қаласы Қазақ мемлекеттік Басқару
25.06.2007ж. № 15 академиясындағы экономика
саласы бойынша білім
жетілдіру институтының
директоры Б.Б. Манаповқа
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің ректораты
экономикалық теория және кәсіпкерлік кафедрасының аға оқытушысы
Гүлнар Алтайқызы Қожахметованы 2000 жылдың 4 – 13 желтоқсанға дейін
экономикалық пән оқытушыларының білімін жетілдіру курсына
жібереді.
Университет ректоры,
Профессор: қолы А. С. Сәрсекеев
4.
Штат бірлігін көбейту туралыАқтау қаласы әкімі
аппаратының басшысы
Умакулов К.Т
Ұсыныс хат
Экономика және бюджетті жоспарлау департаментіне берілген 2010 жылға
арналған штаттық кесте жобасында мәдениет, тілдерді дамыту, білім және
спорт бөлімінің бөлінуі қаралмаған1. Мұның себебі 2010 жылға арналған
штаттық бірлік2 өсімінің3 қаралмағандығы болып отыр.
Білім және спорт бөлімін қосымша құру жөнінде мәдениет, тілдерді дамыту,
білім және спорт бөлімін бөлудің есебінен үш қосымша бірлік қажет.
Берілген штат саны есебінен бөлім құру әрбір қызметкердің жұмыс көлемі
лауазымдық нұсқаулықтармен белгіленгендіктен және штаттық бірлікті
қысқарту қызметкерлерге қосымша жүктеме түсіретіндіктен мүмкін болмай
отыр. Қазіргі уақытта аппарат бойынша маман тапшылығын ескерсек,
жоғарыда аталған жайттар жағдайды күрделендіруі мүмкін.
Осыған байланысты Сізден штат кестесін үш бірлікке көбейту туралы
мәселені шешуді өтінеміз.
Аудан әкімі ___________
(қолы)
Койлыбаев А.Р.
5.
2-Жаттығу. Төмендегі тапсырмалар бойынша ұсыныс хатжазыңыздар.
1. Ақмола облыстық мемлекеттік тілді дамыту басқармасының бастығы
Ғ. Т. Төлеғұлға «Өзге ұлт өкілдері арсында мемлекеттік тілді меңгеру»
байқауына денсаулық сақтау басқармасынан қызметкер ұсынылатындығы
туралы ұсыныс хат жазыңыз.
2.Ақмола облыстық мәдениет басқармасы бастығы Н. С. Сейітжановаға
облыстық халық шығармашылық орталығы бас маманы Қ. Қалдырбаевты
Мәдениет басқармасының маманы қызметіне лайық екендігі туралы ұсыныс хат
жазыңыз.
3.Көкшетау қаласының «Отан» бірлестігі кеңесінің директоры Ю. И.
Совотинге іс жүргізуші-хатшы Г. Теміртасованың әдіскер қызметіне, лайық
екендігі туралы ұсыныс хат жазыңыз.
4.Мектептің педагогикалық кеңесі атынан мектеп директорына тәжірибелі
ұстазы мектептің тәрбие ісінің меңгерушісі қызметіне ұсыну туралы хат үлгісін
жазыңыз.
5.Студенттердің атынан факультет деканы атына хат жазып, үздік
студентті факульете кеңесінің мүшесіне ұсыныңыз.
6.Кәсіпорын басшысынң атына білікті маманмен келісімшартты ұзартуды
ұсынып, бөлім меңгерушісінің атынан ұсыныс хат үлгісін жазыңыз.
6.
7.Университет ректорының иатына студенттік кеңестің төрағасының атынанАстана қаласынада өткізілетін «Жастар жарқын болашақ үшін» форумына
депутаттыққа бір студентті ұсынып, хат жазыңыз.
8.Университет ректорының атына бір оқытушыны аға оқытушылыққа
ұсынып,кафедра меңгерушісінің атынан ұсыныс хат үлгісін жазыңыз. 9.Қала әкімінің
атына бір азаматты экономика бөлімінің бас маманы қызметіне ұсынып, әкімнің
орынбасары атынан ұсыныс хат үлгісін жазыңыз.
10.Қалалық Ішкі істер басқармасының кадрлар бөлімі бастығының
атынаұйымдасқан қылмыспен күресу бөлімі бастығының атынан бір қызметкерге
әскери «капитан» шенін беруге ұсыну үшін ұсыныс хат үлгісін жазыңыз.
11.«Валют-Транзит» банкінің жергілікті филиалы директорының атына екі
қызметкерді алуға ұсыныс білдіріп, несие бөлімінің меңгерушісі атынан ұсыныс хат
үлгісін жазыңыз.
7.
Ұсыныс хатКөкшетау қаласы Ш. Уәлиханов атындағы
05.09.2007ж. № 31 Көкшетау мемлекеттік
университетінің ректоры,
проф. А. Б. Қайсаровқа
Филология факультетінің деканаты қазақ тілі кафедрасының аға
оқытушысы, филология ғылымының кандидаты Өміргүл Ақанқызы
Жұмағұлованы факультет деканының орынбасары қызметіне лайық
деп тауып, осы қызметке алуыңызды сұрайды.
Декан: қолы О. В. Черненко