Қазақстан республикасының kase қор биржасы
113.32K
Категория: ФинансыФинансы

Қазақстан республикасының kase қор биржасы

1. Қазақстан республикасының kase қор биржасы

СС-306 Ділдабай Әйгерім

2.

Қазақстан қор биржасы (KASE) 1993
жылғы 17 қарашада құрылған. Оны құруға
бастама көтергендер Қазақстан
Республикасы Ұлттық Банкі бастаған
қазақстандық жетекші 23 коммерциялық
банк болып табылады.
Биржаның негізгі міндеті Қазақстанның
ұлттық валютасы – теңгенің енгізілуіне
байланысты ұлттық валюта нарығын
ұйымдастыру және дамыту болып
табылады.

3.

Қазіргі уақытта KASE акционерлік қоғамның
ұйымдастыру-құқықтық нысанында жұмыс
істейтін коммерциялық ұйым болып табылады.
Биржаның акционерлері негізінен бағалы қағаздар
нарығына кәсіби қатысушылар болып табылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі KASE
ірі акционері болып табылады (орналастырылған
акциялардың 50,1%-ы).
KASE екі онжылдықта шетел валютасымен,
мемлекеттік бағалы қағаздармен, корпоративтік
сектордың бағалы қағаздарымен және туынды
қаржы құралдармен операциялар жүргізуге
арналған әмбебап алаңға айналды.

4.

KASE еншілес ұйымдары
“ИРБИС” қаржы нарығының ақпараттық агенттігі" ЖШС
– қаржы нарығына қатысты ақпаратты жинау, өңдеу және
ұсынуды ұйымдастыру, осыған байланысты қызмет көрсету
және тиісті өнімді өндіру (KASE-тің жарғылық капиталдағы
үлесі – 100,0%).
“eTrade.kz” ЖШС – KASE үшін бағдармалалық қамтамасыз
етуді әзірлеу, қолдау көрсету және түрлендіру, сондай-ақ KASEке және басқа да басқа тұлғаларға ақпарат технологиялары
саласындағы өзге де қызметтерді көрсету (KASE-тің жарғылық
капиталдағы үлесі – 100,0%).
“РТРС” ЖШС – KASE және "Бағалы қағаздардың орталық
депозитарийі" АҚ резервтік сауда және есеп айырысу
орталығының функцияларын орындау, сондай-ақ KASE-ке және
"Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ-ға өзге де
шаруашылық мақсатындағы (қосалқы) қызметтерді көрсету
(KASE-тің жарғылық капиталдағы үлесі – 50,0%).

5.

Биржаның 2016 – 2018 жылдарға
даму стратегиясы
Биржа 2019 жылы – инновациялар мен
комммуникацияларға максималды ашық,отандық
эмитенттердің, сондай-ақ қазақстандық және шетелдік
инвесторлардың қажеттіліктерін тиімді
қанағаттандыруға қабілетті, клиенттерге бейімделген
замани сауда алаңы

6.

жаңа инвесторларды тарту
Биржалық
инвесторлық базаны кеңейту
нарықтың дамуы

7.

KASE
акционерлері
2014 жылдың 01 маусымдағы жағдай
бойынша биржаның 57 акционері бар,
солардың ішінде банктер, брокерлікдилерлік ұйымдар, активтерді басқару
компаниялары, жинақтаушы зейнетақы
қорлары және басқа ұйымдар бар.
"Қазақстан қор биржасы" АҚ жарияланған
акцияларының жалпы саны 5 000 000
дананы құрайды, олардың 942 013 акциясы
орналастырылған.

8.

KASE
қызмет көрсететін нарықтар:
шетел валюталары (соның ішінде
валюталық своп операциялары);
мемлекеттік бағалы қағаздар;
үлестік бағалы қағаздар (акциялар мен
пайлар);
корпоративтік борыштық бағалы қағаздар;
репо операциялары;
деривативтер.
English     Русский Правила