3.71M
Категория: СоциологияСоциология

Иманипедагогика

1.

ИМАНИПЕДАГОГИКА

2.

Қазақ-өткенді қадірлеген,жаңаны байыптаған, болашақты болжап бағдарлаған дана халық.Ежелгі ескі заманнан бастап күні бүгінге дейін ғұмыр
кешкен қазақ халқы: отбасы,әулет,ауыл,ата-ру,тайпа,топ,одақ,ұлт қатарлы
қауымдастықтың сан түрін құрай отырып,елдікке жетіп, аты әйгілі (шамамен 16 империя орнатып) мемілекет құрып, Ұлы Дала кеңістігінде бес мыңнан астам уақыт тіршілік еткен көне,текті, байырғы қауым. Мемлекеттің
шаңырағы бір де биіктеп,бір де шайқалып, скифтердің тұңғыш патшасы
Торғытайдан бастап,қазақтың соңғы ханы Кенесарыға дейінгі уақыт кеңістігінде тасқын судай сапырылған сақ, ғұн, түркі,оғыз-қыпшақ ұрпақтары
ұзақ сонар тауарихын найзаның ұшымен ғана емес, ақыл-парасат күшімен
де,ұрпақ тәрбиелеу ісімен де,ұлағатты үлгі өнегелі сөзімен де, «кісі»
болдыру амал-айласымен де, ақыл-кеңес үлгісімен де айшықтап,бізге
сарқылмас ілім мұрасын мирас етті.Қазақтың тәрбиелеу ілімі қалыптасып,
дамып,іске асу барысында талай ұлық ұстаздар туып шықты, әулет
мектебінің сан түрі пайда болды.Бұл мектептердің бас ұстаздары ана мен
дана,ата мен әже,әке мен шеше,аға мен көке,дос пен таныс,жеңге мен жезде
сияқты ұлағатты ұстаздар есімі,іс-әрекеті ел есінде,халық жадында мәңгі
сақталған. Ұлы Даланың ұлық ұстаздарының ақыл парасаты мен тәжірибесі негізінде: «Көшпелі тұрмысқа сәйкескен,киізтуырдықтыарға (қазақ,
қырғыз,монгол) ортақ жас ұрпақты оқытып білім беретін,тәрбиелеп үлгі
өнеге көрсететін,еңбек пен өнерге баулитын,өмірге дайындайтын, өздеріне
ғана тән ОҚУ БІЛІМ-ТӘРБИЕ жүйесі қалыптасқан.

3.

Қазақтың түп тұқияны жұмыр Жерге келіп ғұмыр кешкеннен бері: «ТәнТәңірден,Тәрбие-өзімізден»-деген қағиданы басшылық етіп,«Кісілік» мұратты
шамшырақ болдырып, ұрпағын өмірге дайындап,тәлім-тәрбиелік кең тынысты,
орасан аумақты,заңғар мақсатты,іс-шара,қимыл-әрекет,жұмыс-шаруа жүргізу,
ұйымдастыру, өткізу нәтижесінде: «Бала бақшадағы гүлің,оны тәрбиелеу үлкен
ғылым» деген даналық қорытындыға келген. Иә,Қазақ танымында:-тәрбиелеу
әрі өнер,әрі ілім. Түбі бір,бар қазақ отау тігіп, орда көтеріп, тамырын тереңге
жайып өсіп-өне отырып,бір шаңыраққа топтасып әулеттік тұғыр,тектік бастауҚарашаңырақ мектебін дүниеге әкелді.Оның бас ұстаздары Дана Аналар мен
Дана Аталар болды.Ол дамып жетілу барысында Дана мектебіне ұласып оның
барлық түрі мен тармағы,саласы мен бұтағы , бөлшегі мен бөлігі,тарауы мен
бөлімі ұйыса келіп-Әулет мектебіне айналды. Қазақ қауымында осы негізде
пайда болған, әлмисақтан бері, әлеуметтік және әулеттік деп аталатын екі
топтағы мектеп болған-ды.Әулеттік мектеп-жеке отбасынан бастап, әулет,
ауыл,тайпаға дейінгі адамдарға ортақ, жарық дүниеге жаңа келген сәбиден
бастап, қарттарға дейін қатысатын,қазаққа тән(түрік тектес халықтардың
барлығында ұқсас қалыптағы тәрбие мектебі болғанымен арасында аздап
айырмашылық бар),сан ғасыр бойында қызмет жасаған,күні бүгінге дейін
жалғасып келе жатқан,келешекте де болатын,ұлт өкілін қалыптастыратын
шынбайлы нұсқа, ерекше тәлім-тәрбиелік орта.

4.

Қазақ ұғымында жеті жастан он үш-он бес жасқа дейін- балалық шақ.Балалық шақтың
тіршілік тұрағы, тұрмыс аясы-жанұя аталған.
Отау иесі болғаннан,немере (не жиен)
сүйгенге дейінгі кезең-отағасы (отанасы) аталып, тіршілік тынысының шеңбері-отбасы
делінген.Немерелі-шөберелі болғаннан бақиға аттанғанға дейінгі кезең-ата(әже)делініптұрмыс аясы-әулет атанған.Осы аталған кезеңдердің тіршілік шеңберінде
жүргізілген,мақсатты,жүйелі тәрбелік іс-қимыл әрекетті,тәлім-тәрбиелік үлгі-өнегеніӘУЛЕТ МЕКТЕБІ деп отырмыз.Бұл мектеп- аты-жөнін айпарадай етіп маңдайшасына
жазып қойған еңселі, ғимарат емес. Әулет мектебі-кім-кімге?,нені?, қалай? үйретіп
жатқаны айқын көрініп тұратын, «тұнық шыныдан жасалған»,әулет мүшелерінің көз
алдында сабағын өткізетін мөлдір де, ашық мектеп.Ол талантты да озаттарды бөліп
алып, оңаша оқытпайтын,кәрі-жас,ұл-қыз,бай-кедей,шенді-шекпенді,хан қараша баласы
деп алаламайтын көпке ортақ мектеп. Кейбір әулет өсіп-өніп,рулы елге,тайпа дәрежесіне
жеткен. Орталарынан неше түрлі дарынды,өнериелері туып шыққан.Осы негізде
дамыған,тайпа арасына қызмет жасаған, өнерлік-кәсіптік мектептер де болған.Олардың
ерекшелігі тарихи тұлғалардың, өнер-иелерінің есімімен аталуы.Мәселен, Қорқыт,
Ықылас мектебі,Құрманғазы,Тәттімбет мектебі, Бұқар,Абай мектебі т.б. Сондайақ,керейлік үйшілер мектебі, адайлық зергерлік мектебі, наймандық бақсылар мектебі.
Әулет мектебінің түрі де мол.Мәселен ата-әже немесе әке-шеше мектебі,жезде-жеңге
мектебі,ақсақалдар мектебі,қарашаңырақ мектебі, ана мектебі,дана мектебі, ақшам мектебі, бала думаны, құрбы-құрдас мектебі, мереке-мейрам мектебі,еңбек-өнер мектебі т.б.
Әулет мектебі қазақтың тұрмыс салтынан туындағандықтан,оны,әдет-ғұрып,дәстүрден
айыра.тану оңай емес.

5.

Былай қарасаңыз,қазақта не көп,той думан,мереке көп. Оның бәрі,асып-төгіліп,
шашылып-тарату үшін жасалған, мақтаншақ-бөспенің іс-әрекеті емес,бала тәрбиесі
үшін жастарға ұлағат үшін, үлгі-өнеге беру үшін жасалады. Оларды жалпы алғанда,
қазақ-жастар думаны (бала қуанышы)деп атаған.Қазақ қандай да,салтын,думанын
жасаса да,оның тәрбие мектебіне айналуын көздеген. Қазақ салтанатты адам рухын
асқақтату үшін жасайды.Ал,ұлттық рух бала жанына ділмен, тілмен,дәстүрмен,
өнермен сіңетінін аңғарған халық,бала алғашқы мүшелден асқанға дейін,оның дамып
жетілуі,өсіп нығаю әр кезеңін мұқият бақылап,жетістігіне жігер беріп, табысына
талдау жасап,үнемі атап өтіп отырған Мәселен,құрсақ той,ат қою, шілдехана,бесікке
салу,шаш алу(қию),тұсауқияр, атқа мінгізу,сүндет той,тілашар т.б. ғұрыптарды осы
кезеңдерде өткізген.Ондағы негізгі мақсат:жас баланы әлпештеумен қатар басқа
балаларға берілетін тәрбие мен білімді осы шараларға сіңіріп беру ісін ұйымдастыру
еді.Басқаша айтқанда; балаларға тәлім-тәрбие беру үшін,әулет мектебін осылай
ұйымдастырып, оның пәндерін осылай оқытқан.Ол өз кезегінде, осы ұйымдастыру
нәтижесінде, қазақтың ғұрып салтымен біте қайнасып,әдет-әдебіне ұласқан,күнделікті
тыныс-тіршілігінің қалыбына айналған.Олай болса әулет мектебінің түрлері дегеніміз
қазақ салтында,әдет-ғұрпында атқарылған әрбір іс-әрекеттің,ұйымдасқан, бірлескен,
белгілі мақсатқа сай жүзеге асырылған шаралардың жиынтығы болмақ.Әулет
мектебінің тәрбие құралдары мен тетіктері де ерекше болған.Мәселен,тіл және
сөз,ырым және әдеттер,ғұрыптар,рәсім-тәмсілдер,наным-сенімдер, мұралық және
жәдігерлік дүниелер,атамекен-ел-жұрты, тұтынған ас суы,киім-кешегі, баспанасы,
өскен өлке,ата-баба моласы,зираты т.б.

6.

Қазақ қоғамы аталы сөзді дәріптеп,оны тек қатынас құралы немесе тәрбие құралы ғана емес,өмір
салтын үйлестіруші тетік ретінде пайдаланған.Осы негізде дала демократиясын қалыптастырып,
жетім-жесір,қарт,мүгедек үйлерін жекелемей, түрме, қамау орындарын тұрғызбаған. Ол олма,
құлдар мен күң, тұткындар мен олжаланған адамдар тағдыры ізгілікпен шешілген.Сондайақ,қазақ азаматын марапаттаса,«шенді шекпен жаппайтын, төсіне жылтыратып металл
тақпайтын.» Қазақтың марапаты да-сөз,жазасы да-сөз.Сол себепті әулет мектебінде негізгі тәрбие
құралы міндетін сөз атқарған. Мысалы; ардақтау, ұлықтау, мадақтау,дәріптеу,қолдау ,
қолпаштау,кешірім сұрау, тағзым ету,аяққа жығылу, көңіл сұрау,естірту, дауыс шығару,
көрісу,жоқтау қатарлы әдеттер,өз рәсім-тәмсілдерімен ғұрыпқа сіңісіп, қазақтың кім екенін
басқаға танытатын ерекше бір ұлттық нышанға айналған.Оған коса,тәлімдіқ сөздер,тыйымдық
сөздер,өсиет сөздер, бата-тілектер,аңыз-әңгімелер,ертегі-хикаялар,шешендік сөздер,өлең-жыр,
толғау дастандар қазақтың телегей теңіз рухани мүрасын құрай отырып, нағыз тәрбие құралы
бола алған.Бұлар ислам хадис шарифімен ұштаса келіп діни тыйымдар мен бұйрықтарға етене
қабысып кеткендіктен әулет мектебінің басты да, нақты тәрбие құралына айналған.Қазақ бір ауыз
сөзбен, тұрғанды отырғызған, жатқанды тұрғызған, есенгірегеннің еңсесін көтерген, еліргеннің
екпінін басқан, бір ауыз сөзбен «тірілтіп», бір ауыз сөзбен «өлтірген». Тіптен, «Әулет мектебінің
ең басты әлеуметтік пәні де- «Тіл өнері» болған. Осылайша, қазақ деген халықтың;сөзді
тыңдау,сөзге тоқтау,сөзде тұру,сөзді ұғып оны қадірлей білу дағдысы, оның салихалы әдебіне,
ерекше қасиетіне,өзгеше мінезіне айналған.Қазақ сөзбен адам жанын да,тәнін де емдеген. Қазақ
тілмен тұлға,азамат тәрбиелеп қалыптастырған. Қазақтың тілі-қылыш, сөзі сойыл.Әулет
мектебінде берілген үлгі-өнеге,білім мен дағдының мазмұнын пайымдасақ, жекелеген пәндерді
үйрету ғана емес, жалпы әлеуметтік білімді үйрету көзделген.

7.

Тарихқа көз жүгіртетін болсақ,кең байтақ өлкемізде буыннан –буынға жалғасып,
ұяттылық, әдептілік, көргендік, мейрімділік салтанат құрып, үйлесім тауып жатқан. Міне,
сол қымбат,асыл қасиеттердің бәрі отбасы,ошақ қасында бүршік атып,бұтақ жайған.
ҚАРАПАЙЫМ ҚАЗАҚ ОТБАСЫ түрлі тәрбие құралдарын толық пайдалана алмаса
да,өңірлік,рулық ,ауылдық шеңберде өз балаларын әулет мектебінде тәрбиелеп келді.
Шаруа отбасында тәрбие,үлгі өнеге көрсету іс-әрекеті, әулет пен тайпаның,рудың
шынайы өмір әрекеттерінен айырмашылығы аз еді.Тәрбие тағылымдарының аясы атам
заманнан қалып-тасқан шаруа отбасының қатынастар жүйесіне,еңбек қимылдарының
ауқымында, ғұрып-салтының шеңберінде жүзеге асырылатын.Ұлттық тәрбие құралдары
өз жүйесін құрай отырып,тұрмыс салтында тұрақты әрекет етуші дәйекке
айналған.
Осы аумақта,тәлім тәрбиелікк ұланғайыр тәжірибе жинақталып
,Ұлы даланың ұлық
ұстаздарының зерделеуі нәтижесінде-қазақтың отбасылық педагогикасы қалыптасуына
негіз болған.Оны осы заманғы зерттеушілер Әулет педагогикасы деп атап жүр.
Қазақтың тәлім-тәрбиелік ілім-бідім тек әулеттік педагогикамен шектелмейді.Ұлы
Даланың Ұлық ұстаздарының, өз таным шанағында зерделенген талай ілімдер бар
.Мысалы: Әл-Фарабидің парасатты адам ілімі (Х ғасыр),Жүсіп Баласағүнидің
жәуанмәртілік ілімі((Х1 ғасыр), Ясауидің хәл ілімі (ХІІ-ХІІІ ғасыр), Абайдың толық адам
ілімі (ХІХ ғасыр соңы), Шәкәрімнің ар ғылымы (ХХ ғасыр басында).М.Жұмабаевтың
Тәрбиелік ұлттық ілімі, М.Ж.Көпейұлының түгел адам ілімі Ақыт қажының иманжүзді
адам ілімі, т.б.Бұларға қазақтың әлеуметтік мектептерінің тәжірибесін қосыңыз.

8.

Мысалы,А.Байтұрсыновтың айтқан: «Қазақтың ескі жырларынан, ескі сөздерінен
батыр болғандарды қалай баулып батыр қып өсіргендерін көреміз,батырлар
басқалардың балаларын қалай баулып өсіргенін көреміз. Мәселен, Шыңғыс ханды
жасында баулыған Шолақ қол батыр тас атудан бастап, садақ пен құс атуға дейін
баулыған. Адам арқасына мініп қару қылудан бастап, ат арқасында қару қылуға дейін
баулыған.О заманда би болғандар би мектебінде баулынған, яғни биге атшы болып,
бірге жүріп, бірге тұрып, бітірген істердің ішінде бірге болып, баулынып, би болған.
Үйрету бастапқы кезде қайда да болса, "БАУЛУ" түрде болған.»)-би және батырлық
мектептерінің педагогикасы бір төбе. М.Жолдасбековтың айтқан: .«Ғасырдан ғасырға
жалғасып, атадан ұрпаққа мирас болып келе жатқан қазақ сөз өнерінің екі үлкен
айшықты мектебі бар тәрізді.Бірі-өмір,заман жайын терең толғанатын шешендік,
фәлсафалық, данышпандық мектеп.Мұның аты сақталып бізге жеткен түпкі атасы
Асанқайғы,одан бұл өнер ғасырлар аттап Абайдың қолына тиді. Екіншісі-өлеөлгенше көмейі күмбірлеп жағы талмайтын дария -даңғыл жыраулар мектебі» мен
шешендер, сал-серілер педагогикасы-телегей –теңіз ұлы мұра.Күллі түркі жұртына
жазу-сызу үйретіп,ұстаздық еткен бақсылар мектебін айналып өтумен жүрміз
.(Ш.Уәлиханов, Ә.Марғұлан).Егер,олар зерделеніп,ғылыми айналымға түсіп жатса
Қазақ елі, ата-ана, жалпақ жұрт ұрпақ тәрбиесінде шексіз байлыққа кенелер еді.Бұл
педагогика Қазақтың әлеуметтік педагогикасы аталып дамып келеді.

9.

Педагогика – тәрбие, білім беру, оқыту, өзін-өзі тәрбиелеу, өз білімін көтеріп, адам
дамуына бағытталған, тәрбиелік қарым-қатынастар туралы ғылым.Адам биологиялық
тіршілік иесі ретінде дүниеге келеді. Оның тұлға болып жетілуі үшін-тәрбиелеу қажет.
Дәл осы тәрбие адамды ізгілендіріп, оған қажет қасиет сапаларды қалыптастырады.
Қазіргі қоғамда тәрбие жұмыстарын жүргізу үшін арнайы мекемелер түзілген. Бұл
үдерісті кәсіби білімді адамдар басқарады. Тәрбие жөнінде арнайы ғылым қалыптасқан.Ол-тәрбиелеу теориясы аталады. Барша дәуірлерде педагогтар балалардың
табиғаттан берілген мүмкіндіктерін іске асырып, жаңа сапаларды қалыптастырудың
тиімді жолдарын тауып,оларға көмектесумен келеді. Мың жылдар бойы қажетті
білімдер тырнақтап жиналып педагогикалық жүйе дүниеге келді, тексерілді, қажет
болмаған тұстары қолданыстан шығарылды, ақырында өміршең, ең пайдалы
педагогикалық идеялар сақталып, бүгінгі күнімізге жетті. Қазақ адам тәрбиесін ұрық
тазалығынан бастап,ұрықтың жатырда өсіп өну даму,жетілуін жіті бақылап,шаранадан
шайқап тәрбиелеп, қызылшақа
/шақалақ,жандыбақа/ іңгәлап өмір есігін ашқанда,
баулуды бастап кетеді (қазақта бүгінгі тәрбиелеу деген ұғымды-баулу дейді.)
Одан,нәрестені адамаралық қатынастар дүниесіне енгізуді олар өзінің ең басты парызы
деп біледі. Педагогика баланы оқыту, тәрбиелеу тәжірибелерін қорытып, тәрбие және
даму үшін қажетті жағдайларды анықтайды.әдістері қарастырылады. Бірақ соңғы
кезеңдерде өмір (заман, қоғам) талабына сай тұлға ретінде қалыптасып жетілу үшін тек
балалар ғана емес сонымен қатар ересектер де білікті педагогикалық басшылықты
қажет ететіндігі мойындалуда.

10.

Сіз,Жаңа Қазақстанның жаңа ғасырлық даму алғашқы ширегінде қоғамға қосылған жастардың
бір бөлігінің дүниетаным көзқарасына,сенім-нанымына шамалы ғана көз жүгіртіп көріңіз...
Бүғінгі мектеп партасында отырған жас ұрпақ-осы ғасырдың басындағы әріптестерінен
дүниетанымы,ой өрісі,өресі де тіптен бөлек.Олар материалистік дүниетанымға сүйеніп
жасалған,ашылған ғылми жаңалықтарды оқып-үйреніп жатыр. Сондай-ақ,интернет арқылы
кейбірі шет елге шығып (саяхатта болу,халықаралық жарыс сайыс,олимпиада, конференцияларға т.б. қатысып) ғылымның сан түрлі мәліметтері мен ақпараттарына қанығуда.Осы
шақта,екі-үш шет тілін үйреніп,білімге қол жеткізіп жүрген жеткіншектер де бар.Бұл
тұжырымды тек мектеп оқушыларына ғана тән заманауи болмыс бітім ғана емес барша жұртқа
бағыттап айтсақ та артық айтқандық болмайды.Адамдар күнделікті тұрмыста , өмірде, діни,
ресми және халықаралық мейрам-мереке,айтулы даталарға қатысып,салт-санасында көпқырлы
наным-сенім орнығуда.Міне рухани жаңаруға іліккен қазақ халқының бүгінгі азаматын бір ғана
педагогикалық теориялық ұстаным, қағидамен тәрбиелеймін деп құлшыну нағыз бейшоралық
болар еді.Заманның өзі,өмірдің өзі тәрбиелеудің ғылыми негіздерін бір арнаға тоғыстыруды
талап етеді. Тәрбие - қоғамның негізгі қызметтерінің бірі, кісіні мақсатты, жүйелі қалыптастыру
процесі, аға ұрпақтың тәжірибесін кейінгі буынға меңгертіп, олардың сана - сезімін, жағымды
мінез - құлқын дамытушы. Ересек буын қоғамда, тарихи өмірде жинақталған тәжірибені, білімді
жас буынға тәрбие процесі арқылы береді.Тәрбие материалдық игіліктерді өндіруге қабілетті,
іскер адамдарды дайындауға бағытталуы қажет. Басты өндіруші күш - жеке тұлға. Адам жүйелі
түрде күрделі қатынастарға араласып, қоғамдағы қалыптасқан идеяны, саяси және моральдық
көзқарастарды, сенімдерді қоғамдағы адамдардың өмір сүру тәртібін меңгереді.Тәрбие қоғамның тарихи әлеуметтік- экономикалық жағдайларынан туатын объективтік процесс.

11.

Тәрбиенің мақсаты мен жүйесі мемлекеттің саясаты мен экономикасына тәуелді. Тәрбие мен
қоғам бір мезгілде пайда болды. Тәрбие қоғамдық құбылыс, онсыз қоғам өмірі ілгері
дамымайды.Осы негізде, Қазақстан Республикасының педагогикалық ғылым әлемінде
Иманиипедагогика атты
тәрбие теориясы көрініс беріп,тәй-тәй басып келеді Иманипедагогика-заманауи тәрбие теориясы.Ол осы дәуірдегі іргелі педагогикалық ілімдердің бір
арнаға тоғысуы.Анығырақ айтқанда: Материалистік педагогика, Гуманипедагогика, Этнопедагогика, Исламипедагогика ғылымдарының заңды байла-ныстарына сүйеніп, олардың
өзара ықпалдасуынан туған синтездік ғылым.Иманипедагогика әлеуметтiк және қоғамдық
жағдайлардың ықпалымен орныққан ұлттың өзiне тән тәрбие саласында қалыптасып, жүзеге
асқан өзiндiк ерекшелiктерiнде: дiни iлiмдерде; халық шығармашылығында (поэтикалық,
музыкалық, сәндiк-қолдан-балы);отбасы өмiрiнде; тұрмыста; салт- дәстүр-лерде орын алған
халықтың жалпақ жұртты тәрбиелеу мен үйрету (оқыту) туралы бiлiмiн, халықтың бүкiл
даналығын, сондай-ақ кісінің әлеуметтiк және тарихи-мәдени тұрғыда қалыптасуына ықпал
ететiн философиялық, этикалық, педагогикалық ой-пiкiрлерi мен көзқарастарын зерттеу
барысында қалыптасқан педагогикалық қағидаларын, ережелерiн, заңдылықтары мен
принциптерiн, құралдарын, әдiс-тәсiлдерi мен амал-жолдарын жинақ-тап, жүйеге
келтiредi,зерделейді Жалпы жоғарыда аталған педагогикалық ғылымдардың мұрат
мақсатында,қағида заңдылықтарында,зерттеу әдіс-тәсілінде,ілімдік әдіснамасында айтулы
өзгешелектірдің бар екені рас.Алайда,құрамдас бөліктері мен аталған құрыл-ымында,
заңдылықтарында ортақтастық , сабақтастық,ықпалдастық
мол екені
даусыз.Бұл
педагогикалық ғылымдарда бір-бірімен бітіспейтін даулы,жаулы қөзқарастар мен қағи-далар,
құндылықтар жоқ.

12.

Сондықтан олардың тізесін түйістіріп,бір арнаға тоғыстыруға әбден болды.
Иманипедагогика-ислами педагогиканың көшірмесі емес.Алайда,ислами педагогика-ның
бірер қағидалары мен ұстанымдарын,тәрбиелеу амалдары мен жолдарын
пайдаланаады.Иманипедагогика-гуманипедагогиканың да көшірмесі емес.Алайда табиғатты аялап,
аламға жанашырлықпен,сүйіспеншілікпен қарайтын оның ізгілік жолын ұста-нады.Оны Абай
атамыздың үш сүю қағидатына қабыстыра отырып,жаңа белеске көтеріп керектенеді.
Иманипедагогика -материалистік педагогиканың заманға лайықталған, жаңаланған
нұсқасы да емес.Алайда,жалпы адамзаттық құндылыққа айналған,европалық педаго-гиканың
негізін құраған,педагогика классиктерінің ашқан тәлім-тәрбиелік заңдылықтар мен теориялық
пайымдар иманипедагогиканың тұғырлы сүйеніші,әрі бағыт-бағдар берер Темірқазығы бола
алады. Айталық,тұлға қалыптастыру теориясын жасаған бүгінгі көптеген теориялар,жас
өспірімдер мен жеткіншектердің даму заңдылығын ашқан шет ел ғұламаларының ілімдері
ешуақытта маңызын жоймайды.
Сондықтан, иманипедагогика оларды
ғылыми түйін ретінде қабылдайды. Шындығында,диалектикалық ойлау, материалистік
көзқарас қазаққа тән емес деп ешкім де айта алмас.Иманипедагогикаға материалистік
педагогиканың ғылыми қорытын-дылары бұрын да жат болмаған,кәзір де жат емес.Алайда,
материалистік педагогикаға басқа көзқарас негізінде жасалған қорытындылардың жат
болғаны жасырын емес. Иманипедагогикада таптық,топтық пиғыл тәрбиелеу ісінде шешуші
міндет атқармайды. Мысалы,өмірге осы заманғы бәсекеге қабылетті бизсмен дайындаса
да,кибернетиканың жілігін шағып,ішегін сүзетін инженер дайындаса да,адам жанын ажалдан
арашалаушы шипагер дәрігер дайындаса да Абай атамыздың толық адам болдыру қағидасын
басшылық етеді,европалық жан-жақты жетілген адам дайындау теориясына сүйенеді.

13.

Иманипедагогика-этнопедагогиканың жаңарған атауы да емес.Алайда оның ұлттық тәрбиеге жасаған
түйіндері мен қазақ тәлім-тәрбиесінің тәжірибесі негізінде тұрақтанған тоқтамдарын, ғылыми
қорытындыларын екшей отырып бүгінгі адамдардың дүниетаным көзқарасы мен жан әлеміндегі нақты
өзгешеліктерді ескеріп,теориялық тұғыр етеді. Шындығында,өткен дәуірдегі қазақ педагогикасыиманипедагогика болғандығы баршаға аян. Имандылық тәрбиесi бүгiнгi таңда қоғам қажеттiлiгiнен
туындап, өзектi мәселелердiң құрамына енді. Имандылық ұғымы ерте кезден бастап қолданыста болған
оны көне жазба мұраларға көз жiберту арқылы дәлелдеуге болады. Анығырақ айтар болсақ, түрік
дәуірінен бастау алады. Бұл ұғым көпшiлiк түсiнiгiнде дiни ұғыммен суреттеледi. Бiрақ имандылық
ұғымы таза дiни ұғымды бiлдiрмейдi. Тұрмыстық өмiрде иманжүздi, иманды т.б. ұғымдар пайдаланылған және әлi де пайдалануда. Мәселен осы екі сөзді жеке-жеке талдап көрсек иманжүздi деп, бойында
адамгершiлiк қасиеттер, кеңпейiлдiлiк, жанашырлық, инабаттылық, iзеттiлiк т.б. да қасиеттерi бар
адамдарды жатқызсақ, иманды адам деп те осы қасиеттердi бойына сiңiрген және оны сенiммен
ұштастыра бiлетiн адамдар тобы жатқызылады. Бұл қасиеттердiң бiрi де таза дiни ұғымға жатпаса керек.
Яғни бұдан имандылық адам бойындағы iзгi қасиеттердiң жиынтығы деген ой түйiндеуге болады. Бiз
әрқашанда болашақ ұрпақты өзiнiң тарихын, халқын, жерiн бiр сөзбен айтқанда рухани құндылықтарын
сүюге, қорғауға, сақтауға, бағалауға үйретуiмiз қажет екенi дәлелдеудi керек етпейтiн қағида.Заманның
өзі,өмірдің өзі тәрбиелеудің ғылыми негіздерін бір арнаға тоғыстыруды талап етеді. Иман сөзі
ортағасырлық түркі халықтарының әдебиетінде,ғылымында қолданыста болған. Мәселен мұсылмандық
шығыс поэзиясында екі түрлі сарынның яғни жүректің культі (имани гүл) мен ақылдың культін мадақтау
өріс алып келгені мәлім. Осы себепті болса керек, әдебиеттерде бұл сарындарды білдіретін Әбу Али ибн
– Синада “имани ақыл”,Абайда “имани гүл” сияқты арнайы атаулар қолданылған.Ал,казақта: имани
гүл,имани ақыл,имани адам,иманды адам,иманы кәміл жан,иманжүзді кісі,иманы жолдас болғай,имани
әдеп,имани құлық т.б. сөз тіркестері күні бүгінге дейін қолданылып келеді.Иманипедагогикада иман
ұғымы қазақ дүниетанымы негізінде қалыптасқан, психологиялық-педагогикалық өрелі түсінік ретінде
қарастырылады

14.

Араб тiлiнде «иман» сөзi жүрекпен қабылдау, сену, бiр нәрсеге немесе бiр хабарға iштей, шын
көңiлмен сенiп, оны мойындау деген мағынаны бiлдiредi. Иман ұғымы әуел баста Құран
арқылы қазақтардың санасына сіңсе де, уақыт өте келе халықтың ежелден қалыптасқан салтдәстүрімен, таным түсінігімен, наным-сенімімен біте қайнасып, жаңа бір сапалық деңгейге
көтерілген ұғым. Халық түсінігіндегі иман сөзі діни шеңберден шығып,жалпы ұлттық, бүкіл
адамзаттық құндылықтарды қамтитын ауқымды дүниетанымдық категорияны білдіреді.
Имандылық концепті – тілімізде көптеген ұғымдарды біріктіретін, жинақтайтын жалпы түсінік.
Ар, ождан, ұят, шын, шындық , намыс, жүрек, жан, тазалық, әділет, мейрім – имандылық концеп
тісінің тірек ұғымдары.Имандылық(атауы әр түрлі болғанымен)- барлық наным-сенімдерге
ортақ ұғым. Түрлі кездерде пайда болған ежелгі Рим, Грек, Иран, Конфуций ілімі, Христиан
діні, даосизм, синтоизм, ілімдерінің барлығында адамдарды бауырмалдыққа, мейрімділікке,
қайырымдылыққа, адалдыққа шақыратын ортақ құндылықтар бар.Кез келген дәстүрлі діннің
көздейтіні – күллі адамзат арасындағы сыйластық пен сүйіспеншілікті, бірлік пен ынтымақты
уағыздау.Діни сенімдердің өнегелі рухани бастауларға негізделетіндігі және зор гуманистік
әлеуетке ие екендігі де дәлелдеуді қажет етпейді. Осынау мол әлеуетті қоғамның дамуына,
патриотизмді қалыптастыруға, ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға, діни
экстремизмнің алдын алуға пайдалану жолын көрсетіп , заңдылықтарын ашу бүгінгі заманауи
Әлем педагогика ғылымының абзал борышы.Осы міндетті атқарушы,жүзеге асырушы,
тиянақтаушы Қазақстан Республикасының тәрбиелеу теориясы болушы Иманипедагогикасының игілікті ісі,оның маңдайына жазылған тарихи парыз.Себебі қазақтың тәрбиелеу дәстүрлі
ілімінде жоғарыдағы педагогикалық ғылымдардың алғашқы мағлұматы толық сақталған,әрі
сенімді түрде қолданыста болып,бізге жетті.Ол Қазақ елінде ғана толыққанды жүзеге асады.
English     Русский Правила