Қыпшақ этникалық қауымдастығы
Жоспар:
Қыпшақтар
Махмуд Қашқари
Батыс қыпшақтар:
Шығыс қыпшақтар:
Конфедерация құрамы:
Пайдаланылған әдебиеттер:
842.02K
Категория: ИсторияИстория

Қыпшақ этникалық қауымдастығы

1. Қыпшақ этникалық қауымдастығы

Дайындаған: Қошан Берік

2. Жоспар:

Дешті қыпшақ даласы
2. Қыпшақтардың этникалық құрамы
1.

3. Қыпшақтар

Қыпшақ - қазақ халқының, басқа да бірқатар түркі халықтарының
негізін құраған ежелгі тайпа, орта ғасырларда Орта Азия
мен Шығыс Еуропаны мекендеген аса ірі ұлыстардың бірі.

4.

Қыпшақ атауы ежелгі түркінің Шина Усу ескерткішінде алғаш
кездеседі. Қыпшақ Түрік қағандығы ыдырағаннан кейін
алғашында Қимақ қағандығының құрамында болып, 11
ғасырдада бөлініп шықты. Қыпшақ хандығы тез арада
күшейіп, Қыпшақ Орта Азия мен Шығыс Еуропаға тарала
бастады. Шыңғыс хан империясының батыс бөлігіндегі
Жошы ұлысын (Алтын Орда) тарихшылар Дешті Қыпшақ деп
атады. 13 — 14 ғасырларда Қыпшақ сөзі жалпы “түркі”
ұғымын алмастырып, Алтын Ордадағы саудагерлер үшін
қыпшақ сөздігі — “Кодекс Куманикус” шығарылды. Алтын
Орда ыдырағаннан кейін Қыпшақ көптеген ұлыстарға бөлініп
кетті. Бір бөлігі Қазақ хандығының құрамына кірді.

5. Махмуд Қашқари

Имақ
Субар
Қаңлы
Қарабөрікті
Тоқсаба
Бөрілі
Жете

6.

Қыпшақтар — XI ғасырдың басында
бұрынғы қимақ, қыпшақ және қуман тайпалары
қоныстанған аумақта әскери-саяси үстемдік
қыпшақ хандарының қолына көшті.
Қыпшақтардың билік басына келген билеуші
әулеттік шонжарлары оңтүстік және батыс
бағыттарда белсенді қимыл жасай бастады, мұның
өзі оларды Орта Азия мен Оңтүстік-Шығыс
Еуропа мемлекетімен тікелей белсенді қарымқатынас орнатуға жеткізді.

7.

XI ғасырдың орта шенінде қыпшақ жөне қуман
тайпалары батысқа қарай қозғала бастады. XI
ғасырдың екінші жартысында оңтүстік орыс далалары
шегінде болған саяси және этнографиялық өзгерістерді
парсы тарихшысы Хамдаллах Казвини атап өткен, оның
мәліметтері бойынша, Дешті Қыпшақ деген Дешті
Хазардың нақ өзі. X ғасырда оңтүстік орыс далалары
Дешті Хазар ретінде белгілі болған.Қумандар 1055
жылдан бастап ертедегі орыс жылнамаларында
айнытпай аударылған «половец» деген атпен кездеседі.
Барлық жағынан алып қарағанда, «половецтер»
терминін екі мағынада: дәл қумандарды білдіретін
нақты және бүкіл қыпшақ тайпалары бірлестігіне
қолданьшған кең көлемдегі мағынада түсіну керек.
Алайда жылнамаларда бұл мағыналары
ажыратылмаған.

8.

«Половец даласының» шегі ертедегі орыс
жылнамаларында Еділ мен Днепр аралығында
деп белгіленді. Ал мұсылман деректемелеріне
сәйкес, батыс Дешті Қыпшақ әлдеқайда көп
жерді алып жатқан. Мәселен, араб географы әлИдрисидің (XII г.) мәліметтері қумандардың
көшіп жүретін
жерлері Днестр мен Днепр аралығында
орналасқан, ал Днепрден шығысқа қарай
қыпшақ тайпаларының ордалары жатқан деп
санауға мүмкіндік береді.

9. Батыс қыпшақтар:

тоқсоба
анджоғлы
жартан
йетиоба
дурут
қүлабаоглы
бұржоғлы
қарабөріклі
елбөрілі
қотан
қаңғаротлы

10. Шығыс қыпшақтар:

16 этникалық компонент
8 негізгі таңдаулы тайпалар
Бөрілілер (Елбөрілер)
Тоқсоба (тоғыз тайпа)
Иетиоба (Жеті тайпа)
Дурут немесе туртоба (төрт тайпа)
Әл арс
Бұржоғлы
Манкуроглы
Қимақ тайпасы
8 ұсақ бөлімше тайпалар
Тағ тайпасы ( аңыз бойынша
Оғыздардан тараған)
Башқұрттар
Куманлу
Базанақ
Бажна
Қарабөріклі
Үз
Жортан

11. Конфедерация құрамы:

Қимақ
Печенег-башқұрт
Куман
Қыпшақ тайпалары

12.

Кыпшақтар конфедерациясы тайпалык құрамының XI—
XII ғасырларга қатысты құрылымы оның күрделі және әр
текті болғанын барынша айқын көрсетеді. Қыпшақ
конфедерациясы өзінің қыпшақ тайпаларымен қоса, түркі
тілдес қимақ, қуман, печенег, ертедегі башқұрт, оғыз
тайпаларын, сондай-ақ иран тілдес этникалық жіктердің
түркі тілдес элементтерін жинақтаған. Ал мұның өзі
иерархияға және оған қоса әлеуметтік организмдер
болатын. Тегінде, топтасу және бірігу негізінде туыстас
қыпшақ тайпалары одағынан халық болып ұйысу үрдісі
жүріп жатқан болса керек. Қыпшақ мемлекетіне
ұйымдасқан қыпшактар халықтың қалыптасу сатысында
бірқа- тар жағдайларда өздерінің қол астындағы халықты
сіңістіре отырып, кең- байтақ аймаққа таралуға қабілетті
болып шықты.

13.

14. Пайдаланылған әдебиеттер:

«Қазақстан тарихы» (көне заманнан бүгінге
дейін). Бес томдық. 1-том. — Алматы:
Атамұра, 2010
2. http://kk.wikipedia.org
3. http://e-history.kz
1.
English     Русский Правила