ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті
Сұрақтары:
Қажетті тұқым мөлшері мен жер көлемін есептеу
Тұқым сақтау
Тұқым сақтау сатылары
Тұқымды сақтау кезіндегі бақылауды ұйымдастыру
3.17M
Категория: БиологияБиология

Өндірістік тұқымның жұмыс жоспарын құрастыру

1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті

«Өсімдік шаруашылығы және егіншілік» кафедрасы
Практикалық жұмыс №11
Тақырыбы: «Өндірістік тұқымның жұмыс жоспарын құрастыру»
Орындаған:Жексенбайқызы Гүлім
АН-31 топ студенті
Тексерген: а.ш..ғ.к. Тулегенова.Д.К.
Орал-2017жыл

2. Сұрақтары:

1.Тұқымшаруашылығы егістіктерінің алаңын есептеу
2.Егістікке қажетті тұқымды есептеу
3.Тұқым сақтағыштағы тұқымдардың жағдайын
тексеру

3.

Тұқым шаруашылығы - ауылшаруашылық ғылымының және
өндірісінің бір саласы, оның басты міндеті шаруашылықтарды
дақылдардың жоғары сапалы тұқымдарымен қамтамасыз ету

4.

. Тұқым шаруашылығының негізгі мақсаты - барлық
шаруашылықтарды жоғары сапалы аудандастырылған және
перспективалы сорттық тұқымдармен үздіксіз қамтамасыз ету, жаңа
сорттар тұқымдарын жылдам көбейту өндіріске енгізу, тұқымның
өнімділік қасиетін алғашкы тұқым шаруашылығында іріктеп өсіру
арқылы күшейту, қолдау және тұқым шаруашылығының барлық
буындарында жоғарғы агротехникалық шараларды пайдалану; copт
тазалығьш сақтау, яғни оны басқа сорттармен және дақылдармен
ластануына жол бермеу, агротехниканы көмегімен жоғарғы егістік
сапалы қамтамасыз ету, тазалау; сорттау, дұрыс сақтау және
тасымалдау; тұқым шаруашылығының барлық буындарында еңбек
өндіріс жоғарлату және тұқымның өзіндік құнын төмендету.
Тұқым шаруашылығы ауылшаруашылығы дақылдарының
аудандастырылған сорттар мен будандарының жоғары сапалы
сортты тұқымын көбейтіп, шаруашылықтарды қамтамасыз етумен
қатар, тұқымдық дәннің сорттық, билогиялық және өнім беру
қасиеттерінің сақталуын қадағалап отыратын ауыл шаруашылығы
өндірісінің негізгі бір саласы.

5.

Қ
ҰҚ
ұ
ү
ү

6.

7. Қажетті тұқым мөлшері мен жер көлемін есептеу

Қажетті материалдар: әр сорттың егіс көлемі, га, себу нормасы га\ц, сақтандыру қоры,сорт ! жаңарту мерзімі, әр
гектардан алынатын сұрыпталған тұқым.
Мысалы, Бидайдың «Саратовская 29» сорты бойынша оның тұқым учаскесінің көлемін және қажетті тұқым
мөлшерін есептеп шығару.
Қажетті деректер: Облыс бойынша тауарлық сорттың егіс көлемі 50.000 га жерге себіледі, тұқым себу нормасы
– 1,2 ц\га.
Себуге дайындалған сортты тұқымның 15 % мөлшері сақтандыру қорын құрайды.Барлық тұқым учаскесінде –
элита арқылы сорт жаңарту мерзімі 4 жылда бір – ақ рет жүргізіледі.
Тапсырманың орындалу реті:
1.Тауарлық егіс көлеміне қажетті тұқым мөлшерін есептейміз. Ол үшін тауарлық сорттың көлемін тұқымның
себу нормасына көбейтеміз (50.000 * 1,2 ц\га)=60000 ц
2.Осыған 15 % мөлшерінде сақтандыру қорын қосамыз. (60000* 15%)= 9000 ц. Сақтандыру қоры мен жалпы
егіске керек тұқым 100%. (6000ц + 6900ц)=6900ц
3.Тұқымдық егіс көлемін анықтау үшін тұқымды әр гектардан алынатын сұрыпталған тұқым мөлшеріне бөледі:
6900ц /14=4928.5 га
4.Тұқым шаруашылығына қажетті тұқымды облыстық тәжірибе станциясы өсіреді.Қажетті тұқым мөлшері егіс
көлемін себу нормасына көбейту арқылы табылады. ( 4228.5 * 1.2 ц\га.=5914.2 ц)
Мұндай көлемдегі тұқым барлық сорт жаңанрту кезеңіне сәйкес келеді немесе 4 жылға созылады.
Облыс шаруашылығында қажетті сортты тұқымның ¼ бөлігі жаңартылады. (5914.2* ¼=1478.6 ц.) Мұндай
мөлшердегі тұқымды облыстық тәжірибе станциясы өткізеді. Сақтандыру қоры қажетті тұқымның 25 %
құрайды ( 147806*25)/100=369.7 ц
Тәжірибе станциясы жыл сайын (1478,6+369,7=1848,3 ц) элита немесе бірінші репродукциялы тұқым өндіру
керек.

8.

9. Тұқым сақтау

Тұқымдарды сақтау – тұқым өндірісінің күрделі технологиялық
үдерісінің соңғы операциясы.Оның мақсаты-стандарттар талабына
сәйкес тұқымның өнгіштігін, өсу күші мен өну энергиясын сақтауды
қамтамасыз ету.Бұл, сепкеннен кейін егістік жағдайында тұқымның
жаппай көктеп шығуын және ол сорттың потециалына сәйкес жоғары
өнім қалыптастыруына мүмкіндік туғызады.

10.

Жеміс (тұқым) түрлері

11. Тұқым сақтау сатылары

1.Алғашқы тазалау
2.Кептіру немесе белсенді желдендіру
3.Қайта тазалау
4.Іріктеу

12.

Бұл жұмыстардың мақсаты- тұқымды талапқа сай деңгейге
жеткізу, сол арқылы оның сақтау мерзімін ұзартып,
жұмсалатын шығын мөлшерін азайту.Тұқымды сақтау
жұмыстары комбайн бункерлерінде басталып,жинаудан кейінгі
өңдеуден соң көліктік құралдар мен қырманда жалғасады.

13.

Қырманнан көрініс
ХІХ-ХХ ғасыр
ХХІ ғасыр

14.

Бастырылған кезде ылғалдылығы жоғары тұқымның сапасы күрт
төмендеп кетеді, сондықтан алғашқы тазалау және кептіру өте
жауапты кезең.Әдетте дәл осы кезде олардың өнгіштігі барынша
төмендейді.Осы кезеңді неғұрлым қысқартып,жинаудан кейінгі өңдеу
жұмыстарын ағындық әдіспен жылдамдату керек,әсіресе тұқымды
кептіруді.
Тұқымдарды жинап ,бастапқы өңдеуден кейін оларды сыртқы немесе
жасанды суытылған ауамен белсенді желдету арқылы уақытша
консервациялайды.Желдету үрдісінде дәннің температурасы 20- дан
15 ºС –қа төмендесе тұқымдар консервациясының ұзақтығы 1,5 есе
төмендейді.Мұндай өңдеу тәсілі ылғалды аймақтар шаруашылығы
үшін өте қажет.Алайда бастапқы өңдеу тұқымдардың ұзақ сақталуын
қамтамасыз етпейді.

15.

Одан кейін тұқымдарды стационарлық сақтауға дайындау керек.
Сақтаудағы тұқымдардың өнгіштігін төмендететін негізгі факторлардың бірі- зең
саңырауқұлақтарымен залалдануы.Олардан қорғану және тұқым өнгіштігін
төмендеуден сақтау үшін тұқымдарды мұқият кептіреді.
Бидай,тары,арпа тұқымдарының зең саңырауқұлақтарына шалдықпайтын
оптималды ылғалдылығы 14 %.
Тұқымды ұзақ уақыт сақтау бірнеше дайындық шараларынан тұрады:
1.
Қоймаларды даярлау.
2.
Тұқымды қоймаға орналастыру
3.
Сақтаудағы тұқымды бақылау және баптау

16. Тұқымды сақтау кезіндегі бақылауды ұйымдастыру

Тұқымды өлшеп,сапасын тексеріп, қабылдаған соң оны қадағалап тұру, қажет
кезінде тиісті шаралар қолданып отыру жауапты жұмыс.Әсіресе жаңа
жиналған тұқымда физиологиялық үдеріс толық аяқталмағандықтан оны жиі
бақылап тұрады.Дегенмен бақылаудың тұқым сапасы
бұзылмайтын,құрамындағы өзгерістерді толығымен қадағалап тұруға
мүмкіндік болатын экономикалық тиімді жоспары жасалады.
Тұқым сапасын бақылау жоспары бойынша белгіленген мерзімде оның
температурасы,ылғалдылығы,ластығы,зиянкестермен зақымдануы, түсі және
иісі тексеріледі. Тұқымдық мақсаттағы астықта бұл белгілерге қосымша
өнгіштігі мен өну энергиясы анықталады.

17.

Назарларыңызға рахмет!!!
English     Русский Правила