Похожие презентации:
Органикалық қосылыстардың химиялық құрылыс теориясы, органикалық қосылыстардың структурасы және қосылыстары
1.
Қ.А.Ясауи атындағыХалықаралық Қазақ-Түрік
Университеті
2.
СӨЖТақырыбы:
Органикалық қосылыстардың химиялық
құрылыс теориясы, органикалық
қосылыстардың структурасы және
қосылыстары
Қабылдаған:Тулешова Э
Орындаған: Әбутәліп А
Тобы: ЖМ-217
3.
ЖоспарІ.Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
Химиялық құрылыс теориясы
Молекуланың химиялық құрылымы, құрылымдық формуласы
Изомерлену, қосылыстары, құрылыс теориясының маңызы
ІІІ.Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
4.
“Білімді, сауаттыадамдар – бұл
адамзат дамуының
негізгі күші”
Н.Ә. Назарбаев
5.
ХХ ғасырдың бірінші жартысында қарқындапдамып келе жатқан өнеркәсіпке қажет көптеген
органикалық заттар (әр түрлі бояулар, дәрі-дәрмек,
жарылғыш заттар,т.б ) алынып, зерттеле бастады.
Сондықтан жинақталған тәжірибелік материалдарды
жүйелеп түсіндіретін ілім қажет болды.
Неміс ғалымдары А.Кекуле мен А.Кольбенің
зерттеулері нәтижесінде (1857ж) көміртек атомының
валенттіліктері төртке тең екені және басқа көміртек
атомдарымен тізбек түзе байланыса алатындығы белгілі
болды. Сол кезден бастап көміртек атомы оның
валенттіліктерін бейнелейтін төрт сызықша арқылы
байланысқан “С” таңбасы арқылы белгіленді:
С
6.
Бірақ бұл ғалымдар органиклық химиядасол кезде түсініксіз болған көп сұрақтарға
жауап беретін жалпы теорияны шығара
алмады.
Осындай көп мәселелерді Қаза
университетінің профессоры Александр
Михайлович Бутлеров 1861 жылы негізін
қалаған органикалық қосылыстардың
химиялық құрылыс теориясы түсіндірді.
Ол теорияның негізгі қағидалары мыналар:
7.
8.
А.М.Бутлеров молекуладағы атомдардыңбайланысу ретін заттың химиялық
құрылысы деп атады.
Молекуладағы атомдардың байланысу реті
көрсетілген химиялық формула
құрылымдық формула немесе құрылыс
формуласы деп аталады.
9.
2.Заттың қасиеті оныңмолекуласының
құрамына қандай
атомдардың қанша
мөлшерде кіретіндігіне
тәуелді болуымен қатар
молекуладағы
атомдардың өзара
байланысу ретіне де
(яғни, химиялық
құрылысына) тәуелді
болады.
10.
Зат молекуласының құрылысын осы заттыңөзіне ғана тән жалғыз құрылымдық
формуласы арқылы өрнектеуге болады.
Бір-бірімен тікелей атомдар мен атом
топтарының өзара әсерлері күштірек
болады.
11.
3. Молекулақұрамындағы
атомдар мен атом
топтары бір-бірінің
химиялық қасиетіне
әсер етеді.
4. Заттың қасиеті
арқылы
оның молекуласының
құрылысын анықтауға
және керісінше оның
молекуласының
химиялық құрылысы
бойынша заттың
қасиетін болжауға
болады.
12.
Енді химиялық құрылыс теориясының кейбіржағдайларын талдап түсінейік.
1. Органикалық қосылыстар молекуласындағы әр
элемент атомы өзінің валенттілігіне сәйкес (көміртектөрт, оттек-екі, сутек-бір валентті) белгілі бір
тәртіппен қосылады. Көміртек атомдары бірімен-бірі
және басқа атомдармен ортақ электрон жұптарын
тұзеді.
Молекуладағы атомдардың байланысу ретін
электрондық формуламен қатар құрылымдық
формуламен де бейнелейді. Яғни, құрылымдық
формула молекуладағы атомдардың өзара
байланысу тәртібін көрсететін формула. Құрылымдық
формулалардағы атомдардың арасындағы
сызықшалар коваленттік байланыс түзуші электрон
жұбын көрсетеді:
13.
2. Сандық және сапалық құрамдары бірдей, біраққасиеттері әр түрлі заттардың болуын химиялық
құрылыс теориясы түсіндірді. Молекулалық
формуласы бірдей С Н О-ға сай екі заттың құрылысы
мен қасиеттерін салыстырайық.
Диметил эфирінің құрамындағы оттек атомы екі
жағынан көміртек атомдарымен байланысқан, сутек
атомдарының бәрі көміртектермен байланысқан:
Н
Н
Н-С-О-С-Н
Н
Н
диметил эфирі
қайнау темп.-23,7
НН
Н-С-С-О-Н
НН
этил спирті
қайнау темп.+78,3
14.
Этил спиртіндегі оттек бір көміртек және бірсутек атомымен байланысқан, сутек
атомдарының бесеуі көміртекпен, біреуі
оттекпен жалғасқан. Құрамдары
(молекулалық формулалары) бірдей бұл екі
қосылыстың қасиеттері әр түрлі. Диметил
эфирі бөлме температурасында газ тәрізді,
ал этил спирті- сұйық зат. Химиялық
қасиеттері де өзгеше.
15.
3. Енді молекуладағы атомдар мен атом топтары бір-бірінеөзара қалай әсер ететінін қарастырайық. Атомдардың
реакцияласу қабілеті олардың қандай атомдармен
байланысқанына тәуелді. Себебі атомдар мен атом топтары
өзара әсерлеседі. Бір-бірімен тікелей байланысқан
атомдардың әсерлері көбірек болады. Жоғарыда
қарастырылған диметил эфирі мен этил спиртінің
құрамдарын салыстырсақ, спирт молекуласындағы оттек
атомымен байланысқан сутектің қасиеті көміртекпен
байланысқан сутектердің қкасиеттерінен өзгеше.
Электртерістігі үлкен оттек атомының әсерінен тек
оттекпен байланысқан сутек қана белсенді металдармен
орынбасу реакцияларына түсе алады:
2С2Н5ОН+2Na
2C2H5ONa+H2
Ал диметил эфиріндегі сутек атомдары белсенді
металмен орынбасу реакциясына түспейді.
16.
17.
Изомерлер –молекулалық формулаларыбірдей болғанымен, құрылыстары мен
қасиеттері әр түрлі заттар . Изомерлердің
физикалық және химиялық қасиеттері
өзгеше болады. Грекше изос-тең, меросбөлшек деген мағынаны
береді.Изомерлену-органикалық химияда
жиі кездесетін құбылыс. Изомерлеудің
бірнеше түрі бар.
18.
СН -СН -СН -СН3
2
2
н-бутан
СН -СН -СН
3
СН
3
изобутан
3
3
19. Изомерлену түрлері
Құрылымдық изомерленуМолекулалардың молекулалық
формулалары бірдей, бірақ
құрылым формулалары әр
түрлі.
1.Көміртек қаңқасының
изомерленуі.
2.Еселі байланыс орнының
изомерленуі.
3.Орынбасардың немесе функционалдық топтың орнына
байланысты изомерлену.
4. Органикалық қосылыстар
кластары арасындағы
изомерлену.
Кеңістіктік изомерлену
(стереоизомерлену)
Молекулалардың молекулалық
және құрылым формулалары
бірдей, бірақ атомдардың
кеңістікте орналасуы әртүрлі.
1. Геометриялық изомерлену.
2. Оптикалық изомерлену.
20. Органикалық қосылыстардың химиялық құрылыс теориясының дамуы мен маңызы
Химиялық құрылыс теориясы- органикалықхимияның іргетасы. Оның органикалық химиядағы
маңызын бейорганикалық химиядағы
Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесімен
салыстыруға болады.
Химиялық құрылыс теориясы молекулаларды
өзара қатаң тәртіппен байланысқан атомдардан
тұратын жүйе ретінде қарауға мүмкіндік берді.
“Молекуланың құрылысын білуге болмайды” деген
идеалистік көзқарасқа соққы беріп, органикалық
химияда белгісіз болған көп фактілерді, мысалы
изомерлену құбылысын түсіндірді.
21.
Органикалық қосылыстардың химиялыққұрылыс теориясы іс жүзінде жинақталған көп
материалдарды жүйелеуге, жаңа заттардың
бар екенін болжауға және олардың алу
жолдарын көрсетуге көмектесті. Органикалық
химия құрылыс теориясының арқасында
аналитикалық ғылымнан синтетикалық
ғылымға айналды.
Құрылыс теориясын жасау барысында
А.М.Бутлеров: “Органикалық қосылыстардың
кеңістіктік құрылыстары болуы мүмкін” деген
болжам айтты.
22.
Осы болжам дәлелденіп, көп кешікпей-ақ 1874жылы голландиялық ғалым Я.Вант-Гофф пен
француз химигі Ж.Ле Бель: “Көміртек атомының
төрт валенттік электрондары кеңістікте
тетраэдрдің төрт бұрышына бағытталып
орналасады” деген пікірді ұсынды. Осылайша
химиялық құрылыс теориясы молекуладағы
атомдардың кеңістіктегі орналасуы жөніндегі
іліммен толығып, жаңа ғылым- стереохимияның
негізі қаланды.
Қазіргі көзқарас бойынша органикалық
қосылыстардың қасиеттері молекуланың сапалық,
сандық құрамдарымен және химиялық
құрылысымен қатар заттың электрондық және
кеңістіктік құрылыстарына да тәуелді болады.
23.
Пайдаланылған әдебиет:1.Химия,
Ә.Темірболатова, Н.Нұрахметов,
Р.Жұмаділова, С.Әлімжанова
2. М.Б.Усманова, Қ.Н.Сакарянова
3. Органикалық химия
М.Н.Петров