Похожие презентации:
Софья Ковалевская
1. СӨЖ
Непесов Мердан2.
Софья Ковалевская3.
Ол өмiрден ерте кеттi. Небәрi 41 жылғана өмiр сүрдi. Математикадан үлкен
жетiстiктерге жеткен Софья
Ковалевскаяның жеке өмiрiнде де
қиыншылықтар көп болды.
Оның математикаға деген
қызығушылығы былай басталған екен:
Софьяның бөлмесiне ата-анасы түсқағаз
жапсырады. Жетпей қалған жерге
математика кiтабының бiр бетiн
жапсырыпты. Сол беттегi математикалық
өрнектi күнде көрiп жүрген Софьяның
математикаға деген қызығушылығы
артады.
Ол 10 жасқа толғанда алгебралық
есептер жинағын түгел жатқа бiлдi және
оны шығарып та үлгерген едi. Кiтап жұпжұқа емес, қалың болатын. Әкесi, генералмайор Корвин-Круковский қызының
мұнысын “ерiккеннiң ермегi” деп елемедi.
Иә, генерал-майор Корвин-Круковский
қатты қателескенiн кейiн бiлдi.
4.
Софья 13-14 жасында ФедорМихайлович Достоевскийге ғашық
болған. Бiрақ Достоевский Софьяның
әпкесi Аняны жақсы көрдi. Тiптi одан
өзiне күйеуге шығуын да өтiнген.
Мұны естiген Софья әпкесiмен
сөйлеспей қояды. Бiрақ Аняның
Достоевскийдiң ұсынысын
қабылдамағанын кейiн бiледi.
Софья сегiз жыл бойы ер балалар
гимназиясында оқыды. Содан кейiн
Санкт-Петерборда белгiлi педагог
А.Н.Страннолюбскийден сабақ алды.
5.
ВладимирОнуфриевич
Ковалевский
Софья Ресейдiң университеттерiне оп-оңай
түсер едi, бiрақ ол кезде әйелдер үшiн кез
келген жоғары оқу орны жабық болатын.
Софья шетелге кетiп бiлiмiн одан әрi
жалғастырғысы келдi. Ол үшiн шетелде
қоныстануға арналған ықтияр хаттың болуы
шарт едi. Оны бiреумен заңды түрде
некелескен жағдайда ғана аласың.
Сондықтан Софья жалған некеге тұрмақшы
болады.
Әкесiнiң рұқсатын алған ол 1868 жылдың
көктемiнде жас ғалым Владимир
Ковалевскиймен келiсiм бойынша некеге
отырады. Әйтсе де В.Ковалевский некенiң
жалған екенiн мойындамайды. Сөйтiп, тойды
Корвин-Круковскийлердiң ата-бабаларынан
қалған қонысы – Полибинода өткiзедi.
6.
Бiр жылдан соң Софья Гейдельбергуниверситетiнде физика, математика
сабақтарынан дәрiс алады. Мұнда да әйелдер
оқуға жiберiлмейтiн. Бiрақ Софьяның бiлiмiне
тәнтi болған профессорлар оны сабаққа
кiргiзедi. 4 жыл немiс математигi
В.Вейерштрасстан бiлiм алады. Оның негiзгi
математикалық еңбегi дербес туындылы
дифференциялық теңдеулер теориясына
Карл Вейерштрасс
арналған. В.Вейерштрасстың ұсынуы
бойынша 1874 жылы Геттинген университетi
оған философия ғылымының докторы атағын
бередi.
Сол жылы ол Ресейге қайтып келедi. Бiрақ
Санкт-Петербор университетiне жұмысқа
орналаса алмайды. Алты жылдай ғылыммен
Гёттингенский университет
айналыспай, әдеби-публицистикалық
жұмыспен шұғылданады. Өзiнiң өмiрiн, iшкi
сезiмiн, жан тебiренiсiн қағазға түсiредi. Сөйтiп
Софья повесть, мемуар, драма жазады.
7.
1883 жылдың сәуiр айында Мәскеууниверситетiнiң кеңесшiсi
В.Ковалевский өз-өзiне қол (хлорофорға
тұншығып) жұмсайды. Өлер алдында
ағасына: “Софьяға айт, мен оның
алдында кiнәлiмiн, оның өмiрiн
құрттым” деп хат жазады. Күйеуiнiң
қайтыс болғанын естiген Софья 4 күн
тамақ iшпейдi. Ал бесiншi күнi ол есiнен
танып қалады. Өз-өзiне келгенше
бiрнеше айлар өтедi.
8.
Оған Париж, Швеция ҒылымАкадемияларының сыйлығы
берiледi. Ол Стокгольмде белгiлi
социолог, Максим
Ковалевскиймен танысады.
Оның Ниццаның жанында
салынған үлкен үйi болады.
Софьяның қарамағына сол үйдi
бередi. Софья онда теңiзге
түседi, күнге күйедi, жақсы
демалады. Олар 1891 жылдың
маусым айында той
жасамақшы едi, бiрақ... 1891
жылдың 10 ақпанында ұйықтап
жатқан Софья қайтып
оянбайды...
9.
Софья Ковалевскаяның ғылымғасiңiрген еңбегi зор. Ковалевскаяның
негізгі математика еңбегі дербес
туындылы дифференциалдық теңдеулер
теориясына арналған. 1888 ж. “Қатты
дененің қозғалмайтын нүкте маңайынан
айналуы туралы есеп” атты еңбегін
жазады. Ковалевская бұл еңбегі үшін
Париж Ғылым Академиясының сыйлығын
алады. Қатты дененің қозғалысы туралы
екінші еңбегіне (келесі жылы) Швеция
Ғылым Академиясының сыйлыгы
беріледі. Ол – “Нигилистика” (1884),
“Бақыт үшін күрес” (1887), т.б.
шығармалардың авторы.