Похожие презентации:
Биогеохимиялық шет аймақтар туралы түсінік
1.
Қазақстан – РесейМедициналық Университеті
Профилактикалық медицина
курсы
“Экология”пәні
Лектор. Рыскулова А.Р.
2.
• Биогеохимиялық шет аймақтар туралы түсінікАдам денсаулығына топырақтың химиялық
құрамы елеулі түрде әсер етеді. ТМД елдерінде
және алыс шетелдерде жүргізілген зерттеулерде
көптеген микроэлементтер өсімдіктердің өсіп
өнуіне, жануарлар организмдерінің, соның ішіндегі
адам организмінің жағдайы мен қызметіне елеулі
түрде әсер ететіні айқындалған. Топырақтағы
микроэлементтердің тірі организмге әсері туралы
ілім негізін академик В. И. Вернадский қалады.
АДАМ организмінде микроэлеменггердің мәні
аса зор. Мәселен, адам қанының құрамына 24
элемент кіреді, ал әйел сүтінде - 30-ға жуық (мыс,
мырыш, кобальт, кремний, мышьяк және т.б.)
болады.
3.
• Адам организміне микроэлементтер өсімдіктік жәнежануарлық
тағамдармен,
сумен
түседі.
Осы
микроэлементтердің схема бойынша түсуі: топырақөсімдік-жануарлар организмі — адам организмі, былайша
айтқанда транслокациялық жолмен түседі. Өсімдіктер
және жануарлар организмдерінің микроэлементтермен
қамтамасыздық деңгейі ең әуелі олардың топырақта
болуына байланысты. Топы-рақта микроэлементтер
жетіспеуі немесе шамадан тыс артықтығы, адам
организмінде
олардың
жетіспеушілігі
мен
артықшылығына әкеледі, ол эндемиялық ауруларға душар
етеді.
А.
П.
Виноградовтың
анықтауы
бойынша,
биогеохимиялық шет аймақтар - бұл топырағында қандай
да бір химиялық элемент (немесе элементтер) жетіспеуі
немесе молдығымен сипатталатын аумақтар, ол жануарлар
мен адам организмінде патологиялық өзгерістерге
келтіреді.
4.
• Табиғи биогеохимиялық шет аймақтар• Микроэлементтерді 2 топқа бөлуге болады:
• 1топқа белгілі бір мөлшері болмай тіршілік ету мүмкін
болмайтын заттар. Осы топқа темірді, мырышты, мысты,
молибденді, марганецті, кобальтты, йодты, бромды, фторды
және селенді жатқызуға болады, оларды басқа затпен
ауыстыруға болмайды. Бұлар эссенциалдық, немесе
ауыстырылмайтын микроэлементтер.
• 2топқа,
олардың
организмде
жетіспеген
жағдайда
денсаулыққа ерекше зиян келтірмей-ақ, оларды басқа
элементтермен ауыстыруға болатын микроэлементтер жатады.
Бұлар эссенциалдық емес, ауыстырылатын микроэлементтер.
5.
• ТМД елдерінде 30-дан астам ірі табиғи биогеохимиялықшет аймақтардың бар екендігі белгілі. Мысалы, йод
жеткіліксіз жерлер -Украинаның батыс облыстарының
аумақтары, кобальт пен мыс жетіспейтін жерлер - Балтық
маңайындағы республикалардың аумақтары.
• Кобальттың топырақтағы мөлшерінің аздығы зат алмасу
қызметінің бұзылуына әкеліп соқтырады. Фтордың
топырақта және суда жетіспеушілігі тіс кариесіне
шалдықтырады, ал оның артық мөлшері (1,3 мг/л)
жануарлар мен адамда сүйек жүйесі мен тістердің
зақымдануына, теңбіл эмальға әкеліп соқтырады. Осы
бұзылу кешені флюороз деп аталады. Ас пен суда темір
мен
аскорбин
қышқылының
жетіспеушілігі
темірдефициттік анемия ауруының тууына себепкер
болады, ал азот қышқылы тұздарының жоғары мөлшері
ауыр ауру метгемоглобинемия, ал молибден молшылығы
(Армения, Англия) эндемиялық подагра ауруын тудырады.
6.
• Антропогендік биогеохимиялық шет аймақтар• Антропогендік биогеохимиялық шет аймақтар - олар адам қызметінің
нәтижесінде пайда болған өңірлер, олардың санына қоршаған ортаны
химиялық заттармен жедел ластайтын көздер айналасында
қалыптасатын техногендік биогеохимиялық аймақтар да кіреді. Егер
олардың адам үшін қауіптілігінің дәрежесі бойынша бағаласа, онда
бірінші орындарда ауыр металдар, хлорланған көмірсутектер,
нитраттар, нитриттер, асбест, пестицидтер тұр.
• Биогеохимиялық техногендік аномалияларды бөледі: техногендік
биогеохимиялық - химиялық затлардың өсімдіктерде жинақталуы;
техногендік зоогеохимиялық - химиялық заттардың тағы және үй
жануарларында жинақталуы; техногендік антропогеохимиялық —
химиялық заттардың адам организмінде жинақталуы.
• Антропогендік биогеохимиялық шет аймақтар тудыратын зиянды
заттардың көздері: мұнайгаз өндіруші және мұнайгаз өңдеуші
өнеркәсіптер, түсті және қара металлургия, көмір және
жылуэнергетикалық онеркәсіп, автокөлік болады.
7.
• Соңғы жылдары биосфераның ауыр металдармен қанығуыөсуде. Ауыр металдардың негізгі көзі түсті және қара
металдар алудағыкәсіп орындардың шығарындылары
болады және қазылып алынатын отындар - көмір, мұнай,
мазуттарды жағу болады.Әлемде жыл сайын 3 млрд. тонна
тас көмір жағылады,соның нәтижесінде жүздеген мың
тонна металдар жер бетіне таралады. Сонымен бірге
топырақтағы кейбір металдар массасы, мысалы
молибденнің массасы оларды өндіру шамасына жақын.
Көмір жағылғанда, кобальттың жер қойнауынан
өндірілуінен 3,5 есе артық шығарылады.
Металдармен
ластану
кен
өндіруде,
оларды
тасымалдауда, байытуда және металлургиялық үрдісте
болады. Мыс кендерін балқытуда, ауаға шығарылатын 1
тонна шаңнан 100 кг дейін мыс алуға болады, қорғасын
мен мырышты өте аз мөлшерде алуға болады. Кейбір
металдар, мысалы, сынап пен кадмий цементтік шикізатты
қыздырғанда биосфераға түседі.
8.
• Қазақстан аумағындағы биогеохимиялық шет аймақтар• Кең байтақ Қазақстан аумағында қазіргі уақытта табиғи да, техногендік те биогеохимиялық шет аймақтар бар.
• Қазақстанның өндірістік мүмкіндіктерінің деңгейі жөнінде
мынадан білуге болады: республикада жылына 9096 тонна
титан, магний, сары фосфор, хром, 7096 тонна мырыш, 6096
тоннадан астам қорғасын өндіріледі. Республикада бай темір
кен орындары өңделіп жұмыс істеуде (Қостанай облысы), түсті
металдар өндірілуде (Шығыс Қазақстан, Жезқазған облыстары),
көмір шығарылуда (Қарағанды, Павлодар облыстары), фосфор
(Оңтүстік Қазақстан. Жамбыл) және мұнай (Атырау, Маңғыстау,
Орал облыстары) шығарылуда.
• Өндіруші және өңдеуші өнеркәсіптердің аса көп мөлшерде
көбеюі, ондіріс технологияларының артта қалуы қоршаған орта
мен халықтың денсаулық жағдайының күрт нашарлауына әкеліп
соқтырады, бір қатар жағдайларда экологиялық өзгерістерге,
биогеохимиялық шет аймақтардың қалыптасуына жағдай
тудырады
9.
• Оңтүстік Қазақстанда да күрделі жағдай белең алуда. Шымкентқаласында қоршаған ортаны қорғасын және фосфор зауыггары
шығарындыларымен ластауда, Тараз қаласының қоршаған ортасы - фосфорлық және суперфосфаттық зауыттардың,
құрамында фтор мен фосфор қосындылары бар шығарындылар
ластау көздерінен алыста жатқан топыраққа шөгеді. Малдардың
флюорозға шалдыққан жағдайлары осы жерде кездесетіндігі
тосын жағдайлар емес.
• Ақтөбе қаласында ферросплав және хром зауыттары, ЖЭО
атмосфераға көп мөлшерде хром, бор шығарады, ал Алға
қаласында фтор сутегісін шығарады. Шилісай фосфориттік кен
орны осы аймақта қосымша экологиялық қиындықтар
туғызады.
• Қазақстан жұртшылығын Семей ядролық полигоны маңайындағы экологиялық жағдайдың толғандыруы жалғасуда. Ресми
деректер бойынша, радиациялық жағдай онда қазір қауіп
тудырмайды, бірақ ионизациялаушы радиация әсерінің салдары
әлі де орын алуда.
10.
• Қазақстанның биогеохимиялық шет аймақтарыөңірлеріндегі халықтың денсаулық ерекшеліктері
• Республикада қалыптасқан күрделі экологиялық жағдай халықтың денсаулығына елеулі түрде әсер етеді, соның ішінде бұл
демографиялық үрдістерде де байқалуда. Мәселен, ең қолайсыз
аймақта тұрғындардың өлім-жітімінің көбейгені байқалады.
Адамның өлім-жітімге ұшырау көрсеткіші Шығыс Қазақстанда
1000 адамға шаққанда 9,9-ға тең, Солтүстік Қазақстан - 9,5;
Батыс Қазақстанда -8,6 және Алматы қаласында 8,8 тең (орташа
республикалық көрсеткіш - 8,0). Орташа рсспубликалық
көрсеткішпен салыстырғанда (27,4), сәбилердің өлушілігінің ең
жөғары деңгейі Қызылорда (1000 туылған балаға 33,8 кездесу
жағдайы), Маңғыстау (33,4), Атырау (33,4), Торғай (32,2) және
Онтүстік Қазақстан (30,8) облыстарында байқалады.
• Тұрғындардың баланы аз тууы және өлім-жітімнің артуы төмен табиғи өсімнің төмендеуінің бірден-бір себебі болды,
осындай жағдай Шығыс-Қазақстан (1000 түрғынға 6,1 кездесу
жағдайы), Қарағанды (6,9), Солтустік Қазақстан (7,0)
облыстарында кездеседі.
11.
• Бұрын Қатон-Қарағай және Марқакөл аудандары экологиялық тазааудандар болып саналса, енді олардағы жағдай мүлде өзгеше.
Мысалы, Марқакөл көлінің маңайында ауруға ұшыраған ағаштар бар
және жаңа өркендер жоқ орман алқаптары кездеседі. Осы жерлердегі
топырақта цезий-137 мөлшері ТМД елдері бойынша орташа
көрсеткішпен салыстырғанда 10 есе шамасында жоғары. Алынған
нәтижелер қаралған аудандарды радиациялық тәуекел зонасына
жатқызу мәселесін негізді қоюға мүмкіңдік береді.
• Шығыс Қазақстанның бір қатар аудандарында 1986 жылмен салыстырғанда туушылық 7,5—29,9 % төмендеді. Сол уақытта соңғы 9
жылда өлушілік деңгейі 26,0-33,0 % өсті, ол орташа распубликалық
көрсеткіштен жоғары.
• Осы аудандар тұрғындарының өлушілігінің негізгі себептері қан
айналымы жүйесінің аурулары болады, олардың үлесіне барлық өлім
жағдайларының 38—40 % тиеді, одан кейін аса қауіпті жаңа ісіктер,
үшінші орынды жарақаттар мен уланулар алады. Тұрғындар өлімжітімінің себептері ішінде жүйке жүйесі мен сезіну органдары аурулары бастаушылардың бірі болады. Сәбилер өлім-жітімі себептері
ішіңде барлық аудаңдарда негізгілері туылған аномалиялар, иневмониялар және сепсис.
12.
• Шығыс Қазақстаннын 4 аудандарындағы ересек тұрғындардың1993-1994 жылдары қаралуы бойынша аурушаңдылығының
жоғары деңгейі білінді. 1000 ересек адамға шаққанда 1890,5—
1964,7 құрады. Рсспубликаның ауылдық аудандары
тұрғындарының аурушаңдылығы 1000 тұрғынға 1300-1504
құрады.
• Тұрғындардың осындай жоғары деңгейдегі аурушаңдылығын
ионизациялаушы сәулелендіру, ауыр металдар жинақталуы
және адамдар өмірінің әлеуметтік жағдайлары сияқты қоршаған
ортаның қолайсыз факторының кері әрекетімен түсіндіруге
болады.
• Осы аудандар тұрғындарының аурушаңдылығы 1994 жылы
1990 жылмен салыстырғанда 2,1—3,4 есе өсті.
Аурушаңдылықтың өсуі эндокриндік жүйе аурулары, зат алмасу
мен иммунитет бұзады - 2,2 есе, психика бүлінуі - 2,4 есе,
жүйке жүйесі мен сезім органдары аурулары 4,3 есе, зәр
шығару мен жыныс жүйесі аурулары 3,6 есе көбеюі есебінен
болды.
13.
• Соңғы 5 жыл ішінде психикалық аурулар 7,8-20 % өсті.Психикалық аурулар құрамында негізгі үлес салмағын
алатындар шизофрения, барлық психикалық аурулардың
41,5 %, ойлау қалыстығы 26,2 %, психопатиялар 31,4 %,
дебильдік — 46,8 және шизофрения-30,1%.
• Тұрғындар арасында ақыл-ойы кеміс адамдардың көп
мөлшерде кездесетіндігін ионизациялаушы радиацияның
тұрғындардың генетикалық фондына созылмалы түрде
әсер ететіндігі арқылы түсіндіруге болады.
• Психикалық аурулардың салдарынан жасөспірімдер
әскери қызметке жарамай қалады. Мәселен, 1994 жылы
Күршім ауданында әскер қатарына шақырылғандардың
16,2 % әскери қызметке жарамайды, оның себебі
жеткіншектер арасында ақыл ойы кемістер, олигофрения,
психологиялық инфантилизм және дертке шалдығып
туғандар кездеседі.
14.
• Биогеохимиялық шет аймақтардың гигиеналық бағалау• Жеке аймақтардың антропо-экологиялық жағдайын бағалау үшін
гигиеналық зерттеу әдістерін таңдап алу өте маңызды. Осы гигиеналық зерттеу әдістері қоршаған ортаның (атмосфералық ауа, су,
топырақ және тағамдық өнімдер) жағдайын бағалау үшін керек.
Тіршілік ортасының сапасына тұрғылықты түрде бақылау орнату
әрбір 6 немесе 8 сағатта жүргізіліп тұруы қажет, ол басқаша айтқанда, тәулігіне 3-4 рет бақылауға алынуы керек. Санитарлық
қызметтің ондай мүмкіндігі жоқ, сондықтан ағымдағы қадағалау
мүмкіндігінше жүргізіледі. Биогеохимиялық шет аймақтардың аумақтарында атмосфералық ауа сапасына бақылау (контроль) негізінен
Гидрометқызмет зертханалары арқылы жүргізіледі.
• Топырақтың ластану дәрежесіне санитарлық қадағалау орнату
негізінен алғанда жыл маусымдары бойынша жүргізіледі - көктемдік,
жаздық, күздік, қыстық қадағалаулар, қардан сынама алу қыстық
қадағалауға кіреді. Тағамдық өнімдерде, адам мен жануарлардың
биологиялық орталарында (химиялық заттар жинақталуының транслокациялық жолы) олардың жинақталу деңгейіне әсер ететін химиялық заттардың топырақта жинақталу дәрежесі зерттелу керек.
15.
• Биогеохимиялық шет аймақтардың аумақтарында аурулардыңалдын алу бойынша жургізілетін шаралар
• Биогеохимиялық шет аймақтардың аумақтарында аурулардың алдын
алу бойынша жүргізілетін барлық шаралар 2 үлкен топқа бөлінуге
тиіс: біріншіден - қоршаған орта нысандарының ластануының алдын
алу және экологиялық жағдайларды сауықтыру бойынша кешендік
шаралар; екіншіден - халықтың денсаулығына қоршаған ортаның
ластануы әсерін ерте табу мен соның алдын алу бойынша шаралар
қолдану және оны сауықтырудың жолдары.
• Антропогендік биогеохимиялық қоршаған ортаның ластануының
алдын алу бойынша шаралар кешеніңде, атмосфераға шығарылатын
зиянды заттарды, өнеркәсіптік жуынды сулардың және қатты
қалдықтардың су қоймаларына түсуін толық жою немесе күрт
төмендету, басқаша айтқанда бірінші топтардағы шаралар жатқызылады. Оларға атмосфераға зиянды заттар жөне су қоймаларына
жуынды сулар ақтырмайтын жабық технологиялық циклдар жатады.
Қалдықсыз өндірістердің негізгі қағидаттары болатындар:
• шикізатты кешендік өңдеу:
16.
Қалдықсыз өндірістердің негізгі қағидаттары
болатындар:
шикізатты кешендік өңдеу:
технологиялық үрдістердің жаңа өте жетілген
түрін өңдеп жасап шығару;
шаңгаз тазалаудың, сұйық және қатты
өнеркәсіптік қалдықтар жұмсаудың тиімді
әдістерін жасап шығару;
өнеркәсіптік сумен қамдаудың айналма
циклдарын еңгізу;
аумақтық-өндірістік қалдықсыз кешенін жасау.
17.
Биогеохимиялық шет аймақтардағы халықтың денсаулығын
жақсарту үшін аурудың алдын алу шаралары қажет:
жеке топтардың арасыңда жекелеген ауруларды ерте табу мақсатымен
тұрғындардың кешендік медициналық тексерілуін ретті өткізіп тұру;
қоршаған орта ластануының тұрғындар денсаулығына кері әсерінің
нозологияға дейінгі диагностикасы бойынша шаралар қолдану;
қайта қалпына келтіру емделуін жүргізу мақсатымен емханалар мен
медсанбөлімдер жағдайларында реанимациялық бөлімшелер
ұйымдастыру;
уақытында "тәуекел топтағы" адамдарды іздеп тауып оларға кең
сауықтыру шараларын жүргізу қажет;
қоршаған орта ластануының тұрғындар денсаулығына кері әсерін
ескерумен, өнеркәсіптік өндірістердің, жылу энергетикасының және
автокөліктің шығарындыларына ағымдағы санитарлық қадағалауды
күшейту қажет;
денсаулықты нығайту және физикалық дене дамуын жақсарту
мақсатымен профилактикалық және сауықтыру шараларын кең
қолдану.
18.
•Назар аударыптыңдағандарыңызға
рахмет!