Әдебиеттер тізімі
Дәрісте қарастырылатын сұрақтар:
Гербицидтердің айналымы
Гербицидтердің жіктелуі
Гербицидтердің түрлері
Біріктірілген гербицидтер
Біріктірілген гербицидтер
2.34M
Категория: БиологияБиология

Гербицидтер. Дәріс №12

1.

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Дәріс №12
Гербицидтер
Лектор: Сапахова Зағипа Бейсеновна
PhD, қауымдастырылған профессор

2. Әдебиеттер тізімі

Негізгі әдебиеттердің тізімі
1. Сағитов А.О., Исенова Г.Ж., Рвайдарова Г.О., Нуржанов Ә.С., Қалмақбаев Т.Ж., Өсімдікті
химиялық қорғау Алматы, 2013. – 215 б.
2. Ашықбаев Н.Ж., Есеркепов У. Өсімдік қорғау.-Астана.:Фолиант, 2010. – 150 б.
3. Тулеева Ә.Қ., Әжбенов В.К., Сүлейменова З. Ш., т.б. Ауыл шаруашылық өсімдіктерінің
зиянкестері және олардан қорғау шаралары. Оқу құралы. Астана, 2007. – 153 б.
4. Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етiлген пестицидтердiң (улы
химикаттардың), 2013 – 2023 жылдарға арналған тiзiмi. 2013. – 214 б.
5. Груздев Г.С., Зинченко В.А., Калинин В.А., Словцов Р.И. Химическая защита растений. – М.:
Агропромиздат, 1987. – 414 с.
6. 3. Протасов М.И., Миренков Ю.А., Соскевич П.А. Химическая защита растений. – Минск,
Триолта, 2006. – 336 с.
Қосымша әдебиеттердің тізімі
7. Агибаев А.Ж., Тулеева А.К., Сулейменова З.Ш. Ауылшаруашылық дақылдарын зиянкестер
мен аурулардан қорғау. Алматы, 2010. – 172 б.
8. Афанасьева А.И., Груздев Г.С., Дмитриев Л.Б., Зинченко В.А., Калинин В.А., Словцов Р.И.
Практикум по химической защите растений. – М.: 1983. – 272 с.
9. Голышин Н.М. Фунгициды в сельском хозяйстве. – М.: Колос, 1982. – 184 с.
10. Захаренко В.А., Ченкин А.Ф. Справочник по применению гербицидов. – М.: Агропромиздат,
1990. – 240 с.
11. Инструкция по технике безопасности при хранении, транспортировке и применении
пестицидов в сельском хозяйстве М., «Агропромиздат», 1985, 40 с.

3. Дәрісте қарастырылатын сұрақтар:

1
2
•Гербицидтердің жіктелуі
•Қолдану жолдары мен мерзімдері
• Жүйелік әсер ететін гербицидтер
3
4
• Біріктірілген гербицидтер

4. Гербицидтердің айналымы

5.

6. Гербицидтердің жіктелуі

Гербицидтер
өсімдіктерге әсері
және қолдану әдісіне
байланысты
Түйістік
(контактные)
өсімдік тіндерін тікелей
уландырады, өсімдік тез
солып, қурайды
Жүйелік
(системные)
өсімдіктердің сабақтары мен
жапырақтары арқылы бүкіл өн
бойына тарап уландырады, бұл
гербицидтер тамыры ұзын және
көп жылдық арамшөптерге қарсы
қолданылады
Өсімдік ішіне ену қабілетіне қарай:
Жапырақты әсері;
Тамырлы немесе топырақты әсері;
Комбинирлі әсері.

7.

Біріншісі өндіріс орындарының айналасындағы, ормандардың ағаш
кесілетін бөлігіндегі, темір және тас жолдардағы, тоғандар мен көлдердегі
өсімдіктерді құрту үшін (астық егістігінде 2,4-Д, 2М-4Х, лонтрел;
майбұршақ - пивот; қант қызылшасы – бетанал, дуал)..
Екіншісі мәдени өсімдіктерді арамшөптерден тазарту үшін қолданылады
(астық егістігінде 2,4-Д, 2М-4Х, лонтрел; майбұршақ - пивот; қант
қызылшасы – бетанал, дуал).

8.

Қандай да бір арам шөптердің спектрін алдын-алу бойынша:
Дақылдарға қарсы (граминицидтер);
Жалпақ жапырақтыларға қарсы.
Арам шөптерге қарсы қолданылатын гербицидтер шөптердің түрлі өмір
сүру процесстеріне әсер етеді. Сондықтан әсер ету механизміне
байланысты:
Фотосинтез ингибиторы;
Майлар синтезінің ингибиторы;
Пигмент синтезінің ингибиторы;
Амин қышқыл синтезінің ингибиторы;
- Мембрананы бұзатын ингибиторлар.
Қазір гербицидтік қасиеттері бар 1000-нан аса қосылыстар белгілі.
Гербицидтерді ерітінділер, ерігіш ұнтақ, паста, жұққыш ұнтақ,
концентратты эмульсия түрінде дайындайды. Гербицидтер – орташа улы
заттар, дененің ашық жерлеріне, ауызға, көзге, мұрынға тимеу үшін
қолғап, көзілдірік, т.б. пайдалану керек.

9.


Гербицидтердің талғап әсер ету қасиетіне ықпал жасайтын факторларды физикалық
және биологиялық деп бөледі.
Физикалық факторлар - гербицидті бүрку мәнін, оның өсімдікпен түйісуін және өсімдік
үстінде тоқтап қалуына ықпал жасайды. Ал препараттың әсер ету қасиеті оның
мөлшеріне, препараттық формасына, өсімдікте немесе топырақта шоғырлануы
препарат және жұмыс сұйығы мөлшерінен, өсімдіктің даму сатысына байланысты.
Биологиялық талғампаздық – өсімдіктің морфологиялық, физиологиялық және
метоболизімдік әр алуандығына байланысты.
-Морфологиялық факторға – жапырақ пен өсімдік көлемі, өсу бұрышы, жапырақ үсті
қасиеті, өсу нүктелерінің орналасуы, тамыр жүйесі.
-Физиологиялық – гербицидті сіңдіру және өсімдік бойымен жылжу жылдамдығы,
конъюнгаттар пайда болуына байланысты улылығын жоғалту, адсорбция мен
токсикантар бөлу. Мысалы астық тұқымдас дақылдардың 2,4-Д гербицидіне
шыдамдылығы, препарат ұлпа мембраналарындағы белоктармен конъюгант құрып,
өсімдік бойымен тарамау қабілеті.
-Метоболизімдік факторлар – гербицид пен өсімдіктің өмірлік маңызды процестерімен
қарым-қатынас жасау. Кейбір өсімдіктерде гербицидтердің детоксикациялық
жылдамдығы өте жоғары, сондықтан дәрі өсімдік ағзасын улап үлгірмейді. Мысалы
сульфонилмочевина өнімдерінің талғампаздығы осы қасиетке негізделген. Бидай
ағзасында 1 тәулікте гербицидтің 90%, ал сезімтал өсімдіктерде бар жоғы 3-10 %
метаболизмге ұшырайды.

10.

2013 ж. ҚР өсімдікті химиялық қорғау және пестицидтерді қолдану көлемі (ҚР АШМ)
Облыс аты
Зиянкестерге
қарсы
обра-
исполь-
Ауруларға қарсы
Арам шөптерге
қарсы
Тұқым өңдеуге
обра-
исполь- Өңделген Қолданы
жер
лған
көлемі гербицид
мөлшері
ботанная зовано ботанная зовано
площадь инсекти площадь фунги-
исполь-
Реттегіштер
обра-
Барлығы
исполь-
зовано ботанная зовано использовано
тыс.тонн протрав площадь дефоли- пестицидов
и-
тыс.га
тыс.л
тыс.га
тыс.л
мың.га
мың.л
тыс.л
тыс.га
тыс.л
тыс.л
Акмола
413,4
22,1
370,2
74,0
3659,7
2722,2
478,6
205,1
3023,4
Ақтөбе
676,8
49,2
123,4
102,2
18,7
5,6
157,0
Алматы
290,7
37,7
145,2
139,9
61,4
44,4
222,1
Атырау
93,8
6,1
Шығыс Қазақстан
40,2
7,2
22,0
8,5
275,0
Жамбыл
76,1
6,9
8,0
1,6
51,0
Батыс Қазақстан
838,3
64,8
Караганды
102,0
8,0
27,0
Кызылорда
182,9
13,5
Қостанай
1642,4
101,5
Маңғыстау
4,8
0,48
Павлодар
83,5
8,6
13,0
5,3
217,9
218,5
41,2
14,0
246,3
Солтүс Қазақстан
121,2
200,9
785,5
231,5
3659,2
2482,8
498,7
240,7
3156,0
Оңтүс Қазақстан
225,7
107,1
123,0
7,3
14,8
Барлығы:
4791,8
634,2
7577,3
1499,6
941,1
6,1
222,6
33,0
16,0
4,7
9,3
41,5
263,7
8,5
52,7
18,0
14,0
4,8
11,0
237,4
270,1
58,8
53,5
15,2
10,8
42,8
8,1
0,8
0,9
372,6
163,6
2843,1
1270,0
245,6
341,3
87,6
5,8
3,5
346,2
33,3
199,5
279,4
2155,8
0,48
2,6
1613,4
509,0
11307,6
210,0
39,4
286,9
331,7
9993,3

11.

Хлорфеноксиуксусты қышқыл туындасы - бұл класқа астық дақылдарына
шабындық пен жайылымдарда қосжарнақты арамшөптерге қарсы
қолданылатын
тұздар
мен
эфирлер
204-Д,
МЦПА
(диметиламинная+калиевая+натриевая соли) (2М-4Х) жатады. 2,4-Д мен МЦПА
тұздары біржылдық арамшөптерді, ал биологиялық жоғары тиімділігі бар 2,4Д эфирлер кей көжылдық қосжарнақты арамшөптерді жояды.
Арилоксифеноксипропионды қышқыл туындылары - бұларға зеллексупер, пума-супер, тарга-супер, фуроре-супер, фюзилад-супер, фюзилад форте,
шогун, ирбис препараттары жатады. Бұл топ препараттары феноксиуксусты
және феноксипропионды қышқылдарға қарағанда біржылдық және
көпжылдық астық арамшөптеріне тиімділігі жоғары. Қосжарнақты өсімдік
арамшөптері мен мәдени өсімдіктер аталған гербицид түріне төзімді.
Пиколинді қышқыл туындылары - бұларға лонтрел-300, биклон, лонтрел
гранд, Клео пре параттары жатады. Бұл препараттарды біржылдық және
көпжылдық қосжарнақты арамшөптерді жоюға, сонымен қатар 2,4-Д ға
төзімді күрделігүлділер мен қарақұмық тұқымдастарына қарсы қолданады.
Препараттар астық пен жүгері егісінде 2,4-Д мен қызылша егістінде бетанaл,
фюзилад, зеллек және клетодим плюс, микспен бірге қолданылады.

12.

Циклогександиондар: клетодим негізінде центурион, селект және клетодим
плюс, микс препараттары қолданылады. Олар біржылдық және көпжылдық
арамшөптерге (күрмек тары, түкті және арамшөпті, қылтанақты өскіндерді,
жатаған бидайық, құмайға) қарсы тиімділігі жоғары.
Сульфонилмочевиндер туындысы: бұл класс гербицидтері 1970 жылдары
соңында «Дюпон» (АҚШ) фирмасы жасап шығарған, биологиялық жоғары
белсенділікке ие және біржылдық қосжарнақты және кей астық тұқымдас
арамшөптерге, ал жоғарылатылған мөлшерде көпжылдық түрлерін де жояды.
Хлорсульфурон негізінде ленок препараты шығарылуда. Метсульфурон
метил негізінде ларен, гренч, магнум препараттары қолданылады.
Метсульфуронметил көптеген біржылдық және кей қосжарнақты көпжылдық
арамшөптерге қарсы тиімді. Алайда олардың қалдық көлемі сезімтал
дақылдарға (тары, балжүгері, зығыр, күнбағыс, қызылша) әсер етуі мүмкін.
Бірқатар гербицидтер, мысалы 2,4- дихлорфеноксисірке қышқылының аз ғана
мөлшері өсімдіктің өсуіне кедергі келтіреді.
Пестицидтердің көпшілігі гербицидтер болып табылатындықтан оларды
инсектицидтермен салыстырғанда жылықандылар мен құстарға және
балықтарға улылығы аз (А.П. Карпенко А.П., 1981).

13.

Имидазолинді гербицидтер
Имидазолиндер - синтезделген жаңа препараттар.
Оның құрылымында имидазолинді сақина,
көмірқышқылдар мен сілті негіздері бар.
Бұл топ күшті гербицидтік әсерімен, аз жұмсалу
мөлшерімен ерекшелінеді. Суда тез ериді,
сүтқоректілер мен балықтарға аздап улы. Олар
өсімдіктің тамыры мен жапырағына тез енетіндіктен,
препаратты егіске дейін немесе өскін шыққанда
бүркеді. Имидазолинді гербицидтер: имазапир,
имазетапир, имазокс препараттары әдебиеттер
мәліметі бойынша, топырақта 160 күнге дейін
сақталған.
Қазіргі таңда ауылшаруашылығында имидазолинді
гербицидтің мына түрлері көп қолданылады:

14.

Пивот, 10% в.к.(ә. е. з. имазетапир, 100 г/л) БАСФ
Агрокемикал Продактс Б.В., Голландия, П-4. Химиялық фор-сы: (RS)-5-этил-2-(4-изопропил-4-метил-5оксо-2-ими-дазолин-2-ил) никотин қышқылы. Брутто
формуласы: С15Н19N3О3. Препарат біржылдық
және көпжылдық арамшөптерге қарсы 0,5-1,0 л/га
қолданылады.
Арсенал, 25% в.к. ә. е. з. имазапир (БПСФ). Химиялық фор-сы: 2-(4-изопропил-4-метил-5-оксоимидазолинил-2) никотин қышқылы мен изопропиламиннің тұздары. Брутто фор-сы:
С13H15N3O3·С3H9N. Препарат бал араларына
аздап улы. Гербицид біржылдық және көпжылдық
арамшөптерге қарсы 0,25 — 1,5 кг/га қолданылады.

15.

Кейбір гербицидтердің туындылары

р/
р
1
2
Атауы
Аналогы
Ә.е.з.
ДикаминД
Аминопелик
Луварам
Триплекс
Бетанал Про- Этофумегресс ОФ.
зат+фен+
десмедифам
2,4-Д
қышқылы
Лонтрел -300 Клопиралид
Өндіруші
Препарат Тарасы,
тық түрі л, кг
СЕ (ВР),
600г/л
20
ЭК (КЭ),
112+91+7
1
5
Peters &
Burg (Венгрия)
ВР, 300
г/л
1
China
3
Бис 300
4
Аргумент Раундап
Глифосат
қышқылы
China
ВР, 360г/л
20
5
Барс 100
Феноксапроп-Пэтил+антидо
т
Peters &
Burg (Венгрия)
ЭК (КЭ),
100 + 27
г/л
5
Пума 100

16.

Бірақ, гербицидтер топырақта ұз ақ уақыт сақталып, сыртқы
орта нысандарын ластауы мүмкін. Әсіресе, топырақта
пиклорам мен сим-триазиндер, 2М-4Х және хлорфеноксиқышқылды гербицидтердің қалдықтары 4 айға дейін
сақталады.
Гербицидтер әсер ету қасиеттеріне байланысты тағы да
топыраққа, дақылды себу алдында, сепкеннен кейін дақыл
өскіні шыққанша және вегетация кезінде қолданғыш болып
бөлінеді.
Ураган форте 500, в.р.(калий тұзы түріндегі глифосат, 500
г/л) Сингента. Жаңадан өсіп шыққан арамшөптерге қарсы
1,2-5,0 кг/га қолданылады.
Дуал голд 960, к.э.(С-метолахлор, 960 г/л) Сингента,
біржылдық астық тұқымдас арамшөп терге қарсы себу
алдында немесе өсімдік шықаннан кейін де қолданылады.
Жұмсалу мөлшері - 1,6-2,6 кг/га.

17.

Көп қолданылатын гербицидтер қатарына парак ватдихлорид, диносеб, пентахлорфенол және
Na пентахлор фенолят, аметрин, эндотал кіреді.
Қазіргі таңда көп қолданылатын гербицидтерге келесі препараттар жатады:
Раундап 36% в.р.(глифосат, 360 г/л), Монсанто, США,П-4. Химиялық формуласы: глифосат (фосфонометил) глицин. Брутто-формуласы: С3Н8NO5P. Астық тұқымдастар мен жемісжидектердің арамшөптеріне
Октиген, 40% к.э. (хлорсульфурон +ауаға аз ұшатын эфирлер 2.4-Д) НИТИГ, Россия астық
тұқымдастардың арамшөптеріне қарсы қолданылады.. Жұмсалу мөлшері - 0,6-0,9 кг/га.
Пирамин ТУРБО, 52% к.с.(хлоридазон, 520 г/л) БАСФ СЕ, Германия . Химиялық формуласы: 1-фенил-4-амино-5-хлорпиридазон-6. Брутто формуласы: С10Н8CIN3O. Препарат қант
қызылшасының арамшөптеріне қарсы қолданы-лады. Жылықандыларға улы. Жұмсалу
мөлшері - 3,0-5,0 кг/га.
2,4-Д ЭКСТРА, 72% в.р. (диметиламинді тұз 2,4-Д, Вилловоод Лтд., Китай), Вилловоод Лтд.,
Германия. Химиялық формуласы: 2,4-дихлорфеноксисірке қышқылы. Брутто формуласы:
С10Н13CI2 NO3. Бал аралары мен пайдалы жәндіктерге улылығы аз. Препарат ойраншөп-ке,
егіс қышасына және басқа да арамшөптер-ге қарсы қоладнылады. Гербицид мақта, күн-бағыс,
қант қызылшасының дақылдарына өте улы. Астық дақылдарында препарат 1-5 ай аралығында
ыдырайды. Жұмсалу мөлшері - 1,5-2,0 л/га.

18. Гербицидтердің түрлері

Пирамин-турбо - гербицид. Химиялық формуласы: 1-фенил-4-амино-5-хлорпиридазон-6. Әсер
етуші заты-хлоридазон. Брутто формуласы: С10Н8CIN3O. Препарат қант қызылшасының
арамшөптеріне қарсы қолданылады. Жылықандыларға улы. Жұмсалу мөлшері - 3,0-5,0 кг/га.
2,4-Д аминді тұздар - гербицид. Әсер етуші заты - диметиламинді тұздар. Химиялық
формуласы: 2,4-дихлорфен-окси сірке қышқылы. Брутто формуласы: С10Н13CI2 NO3. Бал
аралары мен пайдалы жәндіктерге улылығы аз. Препарат ойраншөпке, егіс қышасына және басқа
да арамшөптерге қарсы қолданылады. Сонымен қатар гербицид мақта, күнбағыс, қант
қызылшасының дақылдарына өте улы. Осы дақылдарда препарат 1-5 ай аралығында ыдырайды.
Жұмсалу мөлшері - 1,5-2,0 л/га.
Дезормон - гербицид. Әсер етуші заты - 2,4-Д диметиламинді тұздары. Препаратты астық
тұқымдастар егістігін түптеу кезінде және арамшөптердің 1-2 жапырағы шыққан кезде қолданады.
Жұмсалу мөлшері - 0,6-1,5 л/га.
Диален-супер - гербицид, 35,7%-ы 2,4-Д мен 12,4%-ы дикамбаның қоспасы. Әсер етуші заты диметиламинді тұздар. Препарат бір жылдық арамшөптерге қарсы бүркіледі. Жұмсалу мөлшері 0,5-1,25 л/га.
Хармони - гербицид. Әсер етуші заты – тифенсуль-фуронметил. Химиялық формуласы: Метил
эфирінің 3-[[[[(4-метокси-6-метил-1,3,5-триазин-2-ил)амино]карбонил]амиино] сульфонил)-2тиофенкарбонды қышқылы. Брутто формуласы: С12Н13О6S2. Препарат бидай дақылдары мен
техникалық дақылдардың арамшөптеріне қарсы, өсімдікте 2-3 жапырақ шыққаннан кейін
қолданылады.

19.

1.
Агритокс. Арам шөптермен күресетін
селективті жүйелі гербицид. Картоп, горох
және басқа дәнді дақылдарда қолданылады.
2.
Алистер Гранд. Бір жылдық және
кейбір көпжылдық арам шөптермен бидай,
тритикале егістерінде қолданылады. Күзде
себіледі.
3.
БиоПауэр. Сульфонилмочевина
негізінде қолданылатын преперат.
4.
Майстер. Бір жылдық және көп
жылдық өсімдіктермен күресетін универсалды
гербицид. Жүгері егістерінде қолданылады.
5.
Эстет. Қос жарнақты арам шөптерді
жоятын селективті жүйелі гербицид. Бидай,
арпа және жүгері егістерінде қолданылады.

20.

Гербицидтер
Жанасқандағы әсеріарамшөптерді, жанасу
кезінде жояды.
Жаппай, тұтас әсері.
Барлық өсімдік түрлерін
жояды.
Топырақтық әсері.
Өсімдіктердің тамырларына
және өсіп келе жатқан
тұқымына әсер етеді.
Жүйелік әсеріөсімдіктердің таралу
жүйесі арқылы таралып,
әсерін
тигізеді.
Таңдамалы әсері. Белгілі
бір өсімдік түрін ғана
зақымдайды.

21.

Гербицидтерді қолдану жолдары мен мерзімдері
РЕГЛАМЕНТ ПРИМЕНЕНИЯ
Культура
Норма применения
Способ, время обработки, особенности применения
Пшеница яровая, ячмень яровой
100–150 г/га
Опрыскивание
посевов в фазе 2–3 листьев — начала кущения культуры весной и
ранние фазы роста сорняков (2 — 4 листа)
100–200 г/га
Опрыскивание посевов в фазе кущения культуры и
ранние фазы роста сорняков (2 — 4 листа)
150–200 г/га
Опрыскивание посевов в фазе выхода в трубку (1 — 2
междоузлия) культуры и ранние фазы роста сорняков в случае
необходимости, если погодные условия не позволили провести
обработку раньше этого срока.
Пшеница озимая, ячмень озимый
150–200 г/га
Опрыскивание
посевов осенью в фазе кущения культуры и ранние фазы роста
сорняков (2 — 4 листа)
100–200 г/га
Опрыскивание посевов весной в фазе кущения
культуры и ранние фазы роста сорняков (2 — 4 листа)
150–200 г/га
Опрыскивание посевов весной в фазе выхода в
трубку (1 — 2 междоузлия) в случае необходимости, если погодные
условия не позволили провести обработку раньше этого срока.

22. Біріктірілген гербицидтер

Өсімдік қорғауда әртүрлі химиялық заттарды біріктіріп пайдалану ауылшаруашылығында кеңінен
қолданылады.Пестицидтердің қоспасын төмендегі бағыттарға пайдаланады:
А). Зиянды организмдердің әр түріне байланысты, пестицидтердің әсері спектрін кеңейту.
Б). Препараттардың зиянды организмге қатысты улағыштығын жоғарылату.
В). Пестицидтердің қорғау қабілетінің ұзақтығын көбейту.
Г). Қорғалатын өсімдікке деген препараттың улылығын төмендету (азайту).
Д). Химиялық өңдеудің кері әсері болмауы үшін.
Е). Пестицидтерді қолдануда жоғары экономикалық тиімділікті алуда.
Пестицидтерді біріктіріп пайдалану, көбіне олардың әсер ету диапазонын кеңейтуде кеңінен
қолданылады.Біріктірілген гербицидтер банвел және логран кең спектр қабілетіне байланысты мәдени дәндідақылдар егістігінде луварам мен эстеролға шыдамды арамшөптерге қарсы қолданылады. Өсімдік қорғау
тәжірибесінде әртүрлі зиянды органи-змдермен күрес мезгілі бірдей болуы жиі кездеседі. Сондықтан,
пестицидтердің бірнеше түрін біріктіре отырып өңдеуді жүргізеді. Жәндіктер мен кенелерді жою үшін
акарицидтерді фосфорорганикалық инсектицид қоспаларын пайдаланады. Бақшаны қорғау шаралары кешенінде
жеміс жеміріне қарсы инсектицидтер және аурулармен күресетін фунгицидтер бірікті-рілген өңдеу
қарастырылды. Жаздық, дәнді-дақыл егістігінде және жүгері алқабында арамшөптер мен швед шыбынымен
залалдануын төмендету үшін инсектицидтер мен гербицидтердің (2,4-Д туынды) бірлесіп қолданылуы мүмкін.
Пестицидтер компоненттері біреуінің төзімділігінің жоғарылауы, олардың бірлесіп әсер ету
қорытындысына байланысты. Компоненттердің біріккен әсері аддитивті, синергизмді және антогонизмді
ерекшеліктері болады. Өсімдік қорғауда химиялық заттардың тиімділігін жоғарылатуда синергизмдік ерекшелігі
пайда болуының маңызы зор. =

23. Біріктірілген гербицидтер

Синергизмдік тиімділік пестицидтерде мына жағдайлар негізінде пайда болады:
1) біріккен компоненттердің біреуі зиянды организмнің ішіне улы затты тез ендіру қасиетіне ие болғанда;
2) егер бір зат зиянды организмнің немесе топырақтың ішіндегі белсенді компоненттің уды тез жою күшіне кедергі келтірген
жағдайда;
Фосфорорганикалық біріккен қоспасы жәндіктің ағзасына түскенде, олардың бірі алиэстераза белсенділігін қатты жаншып,
келесі заттың құртылуына кедергі келтіреді. Сонымен, алиэстераздар ингибиторы жоғары синергиялық тиімділігі карбофос пен
сумитион қоспаларында табылды.
3) механикалық әсер етуіне байланысты ажыратылатын қоспалардың улылығы организмнің әртүрлі кезеңдерінде оның өміріне
аса қажетті физиологиялық реакцияларын ингибирлейді. Сонымен, жақсы нәтижелер фосфорорганикалық инсектицидтер біріккен
түрінде және пиретроидтық топтарда кездескен.
Пестицидтерді біріктіріп қолдануда осы жағдайлар да өсімдікті зиянды организмдерден қорғау кезеңінің ұзартылуын
жоғарылатады. Мыс, карбофостың неоронмен қоспасы қиярды торлы кенеден 30-40 күн ішінде қорғайды. Карбофос-тұрақтылығы
төмен препарат, 7-10 күн аралығында үлкен кенелер мен олардың құрттарын тиімді жояды, ал неорон өсімдікте кене-лерді
болдырмайды. Купрозон - мыс хлортотығы мен цинеб препараттарына қарағанда өсімдікті аз күйдіреді.
Дихлорацетамид (эродиканның құрама бөлігі), белсенділігі аз бола тұра жүгерінің арамшөптерге қарсы күрес тиімділігін
төмендетпестен, тиокарбамат тобындағы гербицидтермен залалданудан қорғайды.
Спецификалық акарицидтердің фосфорорганикалық қосындыларының қоспасы, кенелердің спецификалық төзімділігінің
пайда болуын тоқтатады. Сонымен пестицидтерді кешенді қолдану ауылшаруашылық дақылдарды өңдеуде шығын мөлшерін
едәуір қысқартып, арзан өнім алуға мүмкіндік береді. Бірақ, кейде пестицидтерді бірлестіріп қолдану теріс нәтижелер беруі
мүмкін. Препараттардың улылығының төмендеуі, улылығы жоқ өнім пайда болғандағы химиялық реакциялар натижесінде пайда
болады. Мысалы, фосфорорганикалық қосындылар сілтілік ортада тез ыдырайды, оларды бордос сұйықтығымен, әкпен және
күкіртті-әк суымен араластыруға болмайды. Ондай кезде бұл инсектицидтердің қорғау кезеңі бір мезгілде қысқартылады.
Аурулармен күрес кезінде фталимидті инсектицидті эмульсиялы концентрат қоспасымен бірге қолданған жағдайда өсімдіктің
қатты күюі байқалады. Пестицидтер төзімділігінің төмендеуі антогонизм жағдайында өтеді. Бұл жағдайлар пестицид қоспаларын
механикалық жолдың тек бір түрін пайдаланғанда, бірақ әртүрлі улылықта болуы мүмкін.
Пестицид қоспаларын дұрыс қолдану - олардың әсерін жоғарылатуға мүмкіндік туғызады, химиялық өңдеу кезіндегі еңбек
өнімділігін және өсімдікті зиянкестерден, аурулардан, арамшөптерден қорғаудағы химиялық жеке кемшіліктерін жояды.

24.

НАЗАР ҚОЙЫП ТЫҢДАҒАНДАРЫҢЫЗҒА РАҚМЕТ!
English     Русский Правила