Ойлау және оның түрлері
Ойлаудың негізгі түрлері
Осылайша, шығу тегі мен пайда болуы (генезі) бойынша ойлау келесі түрлерге жіктеледі:
549.11K
Категория: ПсихологияПсихология

Ойлау және оның түрлері

1. Ойлау және оның түрлері

2.

Ойлау– объективті шындықты белсенді
бейнелеудің жоғарғы формасы, дүниені тану мен
игерудің жоғарғы сатысы, тұлғаның танымдық
әрекеті. Ойлау формалары мен құрылымдарында
адамзаттың бүкіл танымдық және тарихиәлеуметтік тәжірибесі, материалдық және
рухани мәдениеті дамуының басты нәтижелері
қорытылып, бекемделген. Сыртқы дүниені толык
тануға түйсік, қабылдау, елестер жеткіліксіз
болады. Біз тікелей біле алмайтын заттар мен
құбылыстарды тек ойлау аркылы ғана
білеміз. Түйсік, қабылдау процестерінде сыртқы
дүниенің заттары мен құбылыстары жайлы
қарапайым қорытындылар жасалады. Бірақ
қарапайым қорытындылар сыртқы дүние заттары
мен құбылыстарының ішкі құрылысын, оның
қажетті қатынастары мен байланыстарын
толықтай ашып бере алмайды. Адамның ойәрекеті әсіресе тұрлі мәселелерді бір-біріне
жанастыра отырып шешуде өте жақсы көрінеді

3. Ойлаудың негізгі түрлері

Психология ғылымы өзінің тарихи дамуы барысында философиядан бірте –бірте алшақтай
түсті, сондықтан психологтардың назарына, ең алдымен, алғашында философтардың
назарында болған ойлаудың түрлері түсті. Бұл теориялық, пайымдап ойлау. Ірі
философтардың бірі Р. Декарт “Мен ойланамын, яғни мен тіршілік етемін”, деген
формуланы ұсынды. Егер формуланың философиялық мағынасын бір жақта қалдырсақ және
оны тек нақтылы–психологиялық тұрғыдан ғана қарастырсақ, онда бұл формула, ойлауды
адамның тіршілік етуінің белгісі деп есептей отырып, ойлауды адамның психикалық
өміріндегі бірінші орынға шығарады: автордың пікірі бойынша, ойлаудан басқа ештеме де
адамның тіршілігін сенімді дәлелдей алмайды. Сонымен, пайымдап ойлау, сөздік–
логикалық ойлау бөліп алынды. Бұл ойлау бүгінгі таңда да тіл, тілдік құралдар базасында
болатын, қызмет ететін түсініктерді, логикалық конструкцияларды пайдалануымен
сипатталатын ойлаудың негізгі түрлерінің бірі ретінде бөлінеді. Бірақ қазіргі кездегі
психология ойлаудың бұл түрін жалғыз түр ретінде қарастырмайды.

4. Осылайша, шығу тегі мен пайда болуы (генезі) бойынша ойлау келесі түрлерге жіктеледі:

Көрнекі-әрекеттік ойлау–мәселені шешу жағдаятын шынайы
түрлендіретін, бақыланатын қозғалыстық әрекет арқылы іске
асатын ойлау түрі. Мысалы кіші жастағы балалармен жүргізілген
тәжірибеде иінтіректің оң жағына бала үшін тартымды, оны алу
тілегін туғызған ойыншық бекітілген. Үстелдегі ойыншықты
қолмен алу мүмкін емес. Бір ғана жол бар – сол жаққа бекітілген
тұтқаны пайдалану. Тұтқаны өзіне қарай тартқанымен ойыншық тае
қана жылжиды, әдетте заттарды өзіне қарай тартқанда жасалатын
әрекеттерге кері қозғалыс жасау қажет. Кіші жастағы бала үшін
елеулі қиындықтармен іске асырылатын, бұл тәсілді табуды ойлау
психологиясында солай атайды. Бұл көрнекі-әрекеттік ойлау, ол
жоғары жануарларда да болады және оны И.П. Павлов, В. Келер,
Н.Н. Ладыгина–Котс және т.б. сияқты ғалымдар жүйелі түрде
зерттеген. Көрнекі-әрекеттік ойлаудың негізгі сипаттамасы
атауында бейнеленген: тапсырмаларды шешу, бақыланатын
қозғалыс актісінің көмегімен, жағдайды шынайы өзгертудің
көмегімен іске асырылады.

5.

6.

Көрнекі–бейнелік (бейнелік) ойлау–жағдаят тек бейне жоспарында ғана түрленетін
ойлау түрі. Психологияда сонымен қатар дербес түр ретіндебейнелік (немесе көрнекібейнелік) ойлау бөліктеніп тұрады. Н.Н. Поддъяков пен оның қызметкерлерінің
зерттеулерінде мектепке дейінгі жастағы балаға белгілі бір формалы жайпақ фигураны
ұсынған, мысалы фанерден кесіліп жасалған қазды. Одан кейін фигура фанерлік
дискімен жабылады, сөйтіп оның тек басы мен мойыны ғана көрініп тұрады. Содан
кейін фигураны бастапқы жағдайынан басқа бір бұрышқа бұрады да, балаға қаздың басы
мен мойынының орналасуы бойынша оның құйрығы қай жерде екендігін анықтауды
тапсырады. Бейнелік ойлаудың қызметі адамның жалпы жағдайлардың нақтылануымен
жағдайды өзгертетін өз іс-әрекетінің нәтижесінде алғысы келетін, жағдайды және
ондағы өзгерістерді түсінуімен байланысты. Бейнелік ойлаудың көмегімен заттың іс
жүзіндегі әр түрлі сипатталарының әр алуандығы біршама толық түрде қайта жасалады.
Бейнеде затты бір мезгілде бірнеше көзқарас тұрғысынан көру тіркелген. Бейнелік
ойлаудың өте маңызды ерекшелігі – заттар мен олардың қасиеттерінің әдеттегі емес,
“керемет” сәйкестіктерін анықтау. Көрнекі — әрекеттік ойлауға қарағанда көрнекі–
бейнелік ойлауда жағдай тек бейне тұрғысында өзгереді.

7.

Сонымен қатар психологияда ойлаудың қос классификациясы да танымал.
Мәселенің түріне байланысты:
1.Теориялық ойлау–ғылыми ұғымдарды пайдалану негізінде заңдар
мен ережелерді танып–білуден тұратын ойлаудың жоғары дамыған түрі.
Практикалық ойлау–ақиқатты физикалық түрде өзгертуге дайындық күйін
(мақсат қою, жоспар, жоба, схема құру) білдіретін ойлау түрі. Бұл ойлау
түрі кеңес ғылым–психологы Б.М. Тепловпен едәуір көп зерттелінген.
2. Таным түрі бойынша:
1. Эмпириялық ойлау–теориялық ойлаумен салыстырғанда,
қарадүрсін, жағдаяттық жалпылаулармен байланысты болатын
ойлаудың түрі.
2. Теориялық ойлау–ғылыми ұғымдар негізінде заттар мен
құбылыстардың мәнін танып–білу.
3. Рефлексия немесе саналу деңгейі бойынша:
1. Интуитивтік ойлау–тез өтетін, анық кезеңдері жоқ, көбінесе
саналанбайтын ойлаудың түрі. Бұл ойлау түрі кеңестік психологияда
Я.А. Пономаревпен, Л.Л. Гуровпен және т.б зерттелінген.
2. Рациональдық ойлау (аналитикалық немесе логикалық ойлау) –
уақыт бойынша кең таралған, айқын кезеңдері бар, ойлаушы
субъектінің санасында едәуір көрініс табатын ойлау түрі.

8.

Әрекеттің тәсілдері негізінде:
Вербалдық (сөздік) ойлау–тілдік құралды пайдалану арқылы адамның өз пікірін тұжырымдамауы, білдіруі.
Көрнекі ойлау–мәселені шешу нақты бейнелі түрде көрінуінде жүзеге асатын ойлау түрі.
Ойлау бағыттылығымен байланысты:
Шынайы (немесе реалистік) ойлау–ақиқат шындыққа басым түрде бағытталған, логикалық заңдармен
реттелетін ойлаудың бір түрі.
Аутистік ойлау–адамның ниеттерін жүзеге асыруымен байланысты болатын ойлау түрі. Осыған ұқсас
келетін эгоцентрлік ойлаудың ерекшелігі–адамның басқа біреудің позициясында тұра алмауы.
Шынайы ойлаудың аутистік ойлаудан айырмашылығы мынада: шынайы ойлау негізінен сыртқы әлемге
бағытталған, логикалық заңдармен реттелінеді, ал аутистік ойлау адамның тілектерін іске асырумен байланысты
(біз тілегіміздегі нәрсені шын мәнінде бар нәрсе тәрізді етіп көрсетеміз). Кейде аутистік ойлаудың орнына
“эгоцентрлік ойлау” деген ұғым қолданылады, ол ең алдымен басқа адамның көзқарасын қабылдаудың мүмкін
еместігімен сипатталады.
Ойлау іс — әрекетінің өніміне байланысты:
Продуктивтік ойлау–адамның ойлау іс-әрекетінің жаңа өнімін шығару.
Репродуктивтік ойлау–ойлау іс-әрекеті барысында өмірде бар білімдерді пайдалану.
Продуктивті және репродуктивті ойлауды ажырату маңызды болып табылады. З.И. Калмыкова бұл
айырмашылықты “субъектінің білімдеріне қатысты ойлау іс-әрекеті процесіндегі алынған өнімнің жаңашылдық
деңгейіне” негіздейді.
7. Ойлаудың функцияларына байланысты:
Творчестволық ойлау–ақиқат дүниге жаңалықты тудырумен, жаңа білімдерді тауып, негіздеумен байланысты
болатын ойлаудың түрі.
Критикалық ойлау–заттар мен құбылыстарды терең зерттеу негізінде, солар жөніндегі көзқарастар мен
пікірлердегі қайшылықтар мен кемшіліктерді таба білуімен байланысты болатын ғылыми дәйектелген сындық
пікірден тұратын ойлаудың бір түрі.
8. Еріктік күштің жұмсалуына байланысты:
Ырықсыз ойлау–түс көру бейнелерін ырықсыз трансформациялау.
Ырықты ойлау–проблемалық жағдаяттарды, ой есептерін мақсатты түрде шешу.
English     Русский Правила