№ 2 дәріс   Тақырып: Биологияны оқыту әдістемесінің қысқаша тарихы.
Жоспар:
Биологияны оқыту әдістемесінің пайда болуы.
Мектеп жаратылыстануы және оның әдістемесінің бастауы.
Мектеп жаратылыстану әдістемесінің XIX бергі дамуы.
Биологияны оқыту әдістемесінің Қазақстандағы даму жайы.
Пайдаланылған әдебиеттер:
73.48K
Категория: БиологияБиология

Биологияны оқыту әдістемесінің қысқаша тарихы

1. № 2 дәріс   Тақырып: Биологияны оқыту әдістемесінің қысқаша тарихы.

2. Жоспар:

Биологияны оқыту әдістемесінің пайда болуы.
Мектеп жаратылыстануы және оның әдістемесінің
бастауы.
Мектеп жаратылыстану әдістемесінің ХIХ бергі дамуы.
Биологияны оқыту әдістемесінің Қазақстандағы даму
жайы.

3. Биологияны оқыту әдістемесінің пайда болуы.

Биологияны оқыту әдістемесінің сыртқы қоршаған орта
жағдайын игерумен байланысты жаратылыс тарихы
ғылымынан
басталды.
Табиғатты
бақылау
және
практикалық білімдер, одан соң ботаника мен зоологияның
дамуы – ғасырлар бойы жинақталған деректер нәтижесі
болды.
Әдістеменің алғашқы элементтері тірі табиғатты оқып
үйрену мақсаттарының мәнін түсіну үшін оқу
практикасында, пәннің мазмұнын және оны оқу тәсілдерін
таңдап алуда туды.

4.

Табиғат құбылыстарына қатысты сұрақтар білім беру
мазмұнына бұрыннан қосылып келгендігін мектеп
жаратылыстануы тарихынан көруге болады. Мектеп
жаратылыстануының мазмұны алғашқы кезеңдерде
ғылымнан алшақ болып, негізінен діни бағытта болды.
XVI – XVII ғасырларда негізге византиялық
авторлардың шығармалары алынды. Көбінесе оларды
қолдан – қолға бірнеше қайта көшірулер кезіндегі құнды
материалдардың ғылымилылығының толық жойылуына
себеп болды.

5. Мектеп жаратылыстануы және оның әдістемесінің бастауы.

Жаратылыстану пән ретінде Ресейде алғаш рет
XVIII ғасырдың соңында мектептерге енгізіле
бастады. Жаратылыстану оқулығын алғаш
құрастыруға
Василий
Федорович
Зуев
шақырылды.

6.

Осы оқулығында В.Ф. Зуев жаратылыстану
пәндерінің оқылу ретін мынадай тұрғыда
анықтаған:
- қазбадағы патшалық (өлі табиғат);
- өсімдіктер патшалығы (ботаника);
- жануарлар патшалығы (зоология).
В. Ф. Зуевтің осы оқулығы жаратылыстанудың
пән ретінде дамуының бастауы болды.

7.

Ол
жекелеген өсімдіктер мен жануарлардың
сипаттамасын берді, олардың биологиясы жайлы айтылды.
Өсімдктердің «жасушалық» құрылысы туралы да сөз
қозғалды. Оқулықтың осындай мазмұны жаратылыстануға
деген қызығушылық тудырды және кең практикалық
мәліметтер берді. Оқулықта көптеген деректік материалдар
келтірілген, онда 148 өсімдік
және 157 омыртқалы
жануарлар сипатталған, систематикаға жалпы еліктеусіз
және қарапайым тілмен жазылғандықтан оқуға жеңіл
болды.

8. Мектеп жаратылыстану әдістемесінің XIX бергі дамуы.

Жаратылыстанудың алғашқы әдістемесін 1840-шы
жылдары Германияда мұғалім Август Любен жазды (18041873). Август Любен де тамаша чех педагогы Я.А.
Коменский сияқты (1592-1670), жаратылыстануды оқу
қарапайымнан
күрделіге қарай, белгіліден белгісізге
қарай, нақтылыдан жалпыға қарай, яғни индуктивтік
жолмен жүзеге асырылуы керек деп есептеді.

9.

Өзінің әдістемесінде ол оқуда мына мәселелерге көңіл
аударуда ұсынады:
- өсімдіктер флорасына қатысты танымда олардың
көптүрлілігіне;
- осы көптұрліліктің негізінде жатқан бірлікті тану;
- өсімдітер тіршілігін танып білу;
- өсімдіктер формаларының тіршілігін және көптүрлілігін
тудыратын заттар мен күштерді танып білу.

10. Биологияны оқыту әдістемесінің Қазақстандағы даму жайы.

Қазақстанда биологиялық білім берудің міндеттерін
шешуде
алғаш
рет
еліміздің
аймағының
этнолингвистикалық жіне экологиялық – географиялық
жағдайларын ескеріп, оқушыларда натуралистік
рефлексия тудыруға мүмкіндік жасайтын бірыңғай
биологиялық
білім
беру
тұжырымдамасы
(концепциясы) қажет болды.

11.

Қазақстанда
сол кезде осындай тұжырымдаманы
жасаған КСРО ПҒА ОМӘ ҒЗИ Қазақ бөлімшесінің
ғылыми бас маманы, Республикамыздың ірі ғылымәдістемелерінің бірі
Мағиза Шаймарданова болды.
Ғалымның анықтауы бойынша қазақ мектептеріндегі
биологияны оқыту ерекшеліктерін ескере отырып,
биологияны оқытуда қайта құрудың негізігі бағыты
еліміздің мектептерінде бірыңғай әдістемелік жүйе
жасауда басшылыққа алынды.

12.

Өзінің авторлық тұғырнамасында М. Шаймарданова
ұлттық қазақ мектептерінде биологиялық білім беру
мазмұнында мына жағдайлар орын алу керектігін көрсетті:
- Қазақстанның өсімдіктер және жануарлар әлемінің
көптүрлілігі;
- Республиканың өсімдіктер мен жануарларының әдеттегі
өкілдерінің тіршілік қалпының ерекшеліктері: қазіргі
уақыттағы олардың саны, қорғау шаралары;
- еліміздің мал шаруашылығымен шұғылданудағы тарихи
жинақталған
тәжірибелері,
олардың
ауруларының
ерекшеліктері, олардың алдын-алу мен емдеу шаралары.

13.

Осы тұғырнама негізінде ғалым биологиялық білім
берудің базалық деңгейін анықтап, қазақ мектептері үшін
биологиядан
оқу-әдістемелік
кешен
дайындады.
Ғалымның айтарлықтай әдістемелік үлесі болып, өзінің
жобалаған ҚР биологиялық білім берудің жаңартылған
инварианттық нобайы саналады.
Көпжылдық әдістемелік жұмыс тәжірибесі негізінде
1984
жылы
ол
зоология
оқулығына
суретті
терминологиялық сөздік жасап шығарды, бұл еңбегі
бұрынғы СССР-дың ірі ғалым-әдістемешісі Р. Маш
тарапынан және Алматы облысы мұғалімдер білімін
жетілдіру институты мамандарынан жоғары баға алды.

14. Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Н.М.Верзилин «Общая методика преподавания
биологии» М,1972ж.
2. В.М.Корсунская «Уроки общей биологии» М,1970г
3. Зверев И.Д., Мягкова А.Н. «Общая методика
преподования биологии»
4. «Биология,география және экология» журналы, 20002002ж.

15.

Назарларыңызға
рахмет!!!
English     Русский Правила