Ағашым, Ағатайым, Бауырым Ішім жанып барады Жаным күйіп..... Ағатайым... Мақсат десе сен нағыз Мақсат едің.......
2.99M
Категория: РекламаРеклама

Ағатайым сені сағындым

1.

www.ZHARAR.com

2.

Жан аға,
Өмірден ерте озғаның ба?
Бәрімізді жылатып
Кетуге асыққаның ба?
Өзіңді іздеп
Жылайды анашым
Өзіңді іздеп
Жылайды әкешім
Өзіңді іздеп
Жылайды інің де
Ағам-ау, алтыным
Өмірден шынымен
Өткенің бе?

3.

Ағатайым.....
Теңіздей терең ойлы
асқақ едің
Баршаға бірдей бауыр
Еліңе сыйлы дархан едің
Жүрген де жерің той-думан
Әр сөзің маржан едің
Ағатайым
Сен бәрінен қымбатты едің
www.ZHARAR.com

4.

Бауырым, күндер өтіп барады сағынышпен
Бір өртеніп, бір өкініп жылауменен
Ақылшым ең, сүйенішім, тірегім ең
Қарындасың қалды ғой егілумен
www.ZHARAR.com

5.

Естеліктер сөйлейді
жүрегімде,
Мұң ұялап іздейді көздерім де.
Сағындым ғой ағатай,
Көктесің ғой
Шақырсам да енді өзің
келмейсің ғой...
Маңдайымнан иіскеп
сүймейсің ғой..

6. Ағашым, Ағатайым, Бауырым Ішім жанып барады Жаным күйіп..... Ағатайым... Мақсат десе сен нағыз Мақсат едің.......

7.

Орның да болсын жұмақтан
Иманың болсын жолдасың
Көктен де жұлдыз боп қарап
Тілекші болып жүре көр
Қарындасың сағынып
Өлгенінше өзіңе
Дұғасын ғана оқиды

8.

Ағатай өзіңді сағындым
Тұңғиық көзіңді
сағындым
Бала кезімізді сағындым
Ағатай
Бәрін-бәрін де сағындым

9.

Ағатай өзіңнің көзіңдей
Бауырларым бар аллаға шүкір
Өшпейді есімің
Жалғастырар Манасың бар
Өзіңнен аумайтын
Еркетай Жанасың бар
Аллаға шүкір
Отаның, отбасың бар.....
www.ZHARAR.com

10.

Кеттің –ау келмеске дара жолмен
Біз қалдық артыңда аңырап
Бір күні көкте өзіңмен
Кездесіп сағынысып көрісерміз
Іштегі шерді ақтарып
Жыласып бір күлерміз
Бауырым әлі-ақ біз
Тәңірі алдында кезігерміз.......
www.ZHARAR.com
English     Русский Правила