Похожие презентации:
Топ-10 қайырымгер - миллиардерлер
1. Топ-10 қайырымгер - миллиардерлер
ТОП-10 ҚАЙЫРЫМГЕР МИЛЛИАРДЕРЛЕРОРЫНДАҒАН: АБАЕВА АЯУЛЫМ, СПИС 15-1
2.
2009 жылы Уоррен Баффетт Биллжәне Мелинда Гейтстердің қолдауымен
«Сыйға тарту анты» (The Giving Pledge)
атты кампаниясын іске қосты. Аталған
кампания барлық миллиардерлерді, көзі
тірісінде не көз жұмған соң, ең кемінде
байлығының жартысын қайырымдылыққа
беруге шақырды. Бүгінгі күнде кампанияға
115
миллиардер
қосылып
үлгерді,
солардың ішіндегі 10 көрнекті қайырымгер
– миллиардерлерді атап өткім келеді.
3.
10. РОНАЛЬД ПЕРЕЛЬМАНРональд Перельман – әл-ақуаты $14 миллиард
қамтитын инвестор. Ол MacAndrews және Forbes
Holdings Inc кампаниясының негізін қалаушы және
иесі, сонымен қатар Карнеги-Холлдың, Нью-Йорктегі
ең әйгілі концерт залының, басқарушысы. Рональд
қайырымдылықты жасағанда көп көңілді медицина
және білім беру саласына бөледі. Оның осыдан
жуығымен 20 жыл бұрын жасаған қайырымдылығы сүт
безі ісігін емдеуге арналған дәрінің өңделуіне ықпалын
тигізді.
Сол
уақыттан
бері
Рональд
ұдайы
қайырымдылыққа қатысуда.
Рональд қазіргі таңда «Сыйға тарту антының»
мүшесі болып табылады және жанұясын жайғастырып
болған соң, өзінің жарты ақшасын қорға беруге
келісімін берді.
4.
9. ЛАРРИ ЭЛИССОНOracle корпорациясының негізін қалаушы, ең
ірі
программалық
қамтамасыздандыру
өңдеушілердің бірі – Ларри Эллисонның әл-ауқаты
$51
миллиард
бағаланады.
Эллисон
де
қайырымдылық қордың мүшесі болып табылады,
ол өз антында былай деп жазды: «Мен түгел
дерлік активтерімді трастқа қайырымдылық
қорына беру мақсатымен, өзімнің кемінде 95%
мүлкімді салудамын». Одан соң Ларри былай деп
қосты: «Уоррен Баффетт маған бұл хатты
«өзгелерге үлгі болсын» және «басқаларға
ықпалын тигізсін» деген оймен жазуды сұранды.
Оның аталған ойы жеміс алып келеді деп
үміттенемін».
Эллисон өз байлығын тек медицина саласына
қосқанды қалайды.
5.
8. ТЕД ТЕРНЕРТед Тернер – мыс магнаты ғана емес, сонымен
қатар тәулік бойы жұмыс жасайтын «CNN»
жаңалықтар арнасының негізін қалаушы. Сірә оның ең
жарқын үлгісінің бірі - 1988 жылы БҰҰ қолдауына
бөлінген
$1
миллиард
соммасына
жасалған
қайырымдылығы, нәтижесінде БҰҰ Фонды ашылды.
Тернердің айтуынша, оны қайырымдылыққа
әкесінің өмір бойы үлкен соммалы қайырымдылық
жасауы итермелеген.
Тедтің антынан: «Мен өз ресурстарым мен
энергиямды
әлемнің
басты
проблемаларымен
(ядерлық жойылу қаупі, климаттың күрт өзгеруі және
әлемдегі тұрғындардың тоқтаусыз өсуі)
күресуге
бағыттаймын».
6.
7. АЗИМ ПРЕМЖИПремжи – Индиядағы IT индустриясының гиганты
Wipro Limited-тің Директорлар Кеңесінің басқарушысы.
2001 жылы ол Azim Premji Foundation фондының
негізін қалады. Аталған фондтың көмегімен Индия
мемлекеттік білім беру жүйесін жақсартамын деген
үмітте.
Азим өз антында: «Байлыққа жетіп, сәті түскен
адамдар осындай сәтке ие болмаған миллиондаған
адамдар үшін, олардың өмірлерін аз да болса жақсы
жаққа өзгерту мақсатымен көрнекті қайырымдылық
жасаулары қажет деп» деп жазды.
7.
6. ДЖЕФФРИ СКОЛЛДжеффри Сколл көбіне eBay директоры ретінде
атақты, дегенмен тәуелсіз кино саласына да сіңірген
еңбегі аз емес.
1999 жылы ол Skoll Foundation фонды – дамушы
елдердегі денсаулық сақтау және білім беру
саласында әлеуметтік кәсіпкерлікке мамандырылған
инвестициялар салу фондының негізін қалады.
2009 жылы оның екінші фонды - Skoll Global
Threats Fund ашылды. Бұл фондтың негзгі бағдары
климаттың
өзгеруі
және
жаппай
қырып-жою
қаруларымен күресу болып табылды.
Сколлдың айтуынша, eBay-дегі жұмысында тапқан
табысының жартысынан көбін ол қайырымдылыққа
жұмсаған.
8.
5. ДЖОРДЖ ЛУКАСТаныстыруды қажет етпейтін адамдардың бірі,
сірә Джордж Лукас болар. Өзінің «Звездные войны»
сагасымен әйгілікке ие болған Лукас өзінің өмірін құпия
ұстағанды қалайды және көпшілік арасында өтетін
салтанатты жиындарға сирек қатысады.
Дегенмен Лукастың Edutopia және George Lucas
Educational Foundation ұйымдары білім беру жүйесінің
сапасын арттыруға бағытталған. Джордж білім –
болашақ ұрпақтың табысына зор септігін тигізетініне
кәміл сенімді.
9.
4. ДЭВИД РОКФЕЛЛЕР«Рокфеллердің» фамилиясы қазіргі таңда тұрақты
тіркеске айналғандай : «Мен сеніңше, Рокфеллермін
бе?» – сөзін екінің бірінен естуге болады.
Атақты
жанұяның
өз
ақшасын
осындай
жомарттықпен қайырымдылық қорларына арнауы –
қатты қуантарлық жағдай.
100-жылдық
өмірінің
бойында
Рокфеллер
денсаулық сақтау, қоршаған орта және кедейлікпен
күрес саласына қыруар табысын қамқорлыққа бергені
бәріне мәлім.
10.
3.МАЙКЛ БЛУМБЕРГНью-Йорктің
экс-мэрі
қайырымдылықпен
қызметіне келмей жатып айналысқан.
Антында ол: «Шындық – орасан зор байлықтың
барлығын жарату не өзіңмен бірге алып кетудің мүмкін
еместігінде. Мен жылдар бойы өз қаражатымның
айтарлықтай көп бөлігін мен үшін маңызды
қайырымдылыққа беріп отырдым» деп айтып өткен.
Блумберг Bloomberg Philanthropies фондының
негізін қалаған, бұл фонд арқылы білім беру, өнер,
денсаулық сақтау, қоршаған ортаны қорғау салалары
және мемлекет инновацияларына жәрдем көрсетіледі.
11.
2. МАРК ЦУКЕРБЕРГМарк Цукерберг басқа миллиардерлерге
қарағанда байлыққа беріректе қол жеткізіді,
дегенмен Facebook-тың негізін қалаушысы бұған
дейін де қайырымдылықпен айналысқаны мәлім
болды.
«Сыйға беру анты» кампаниясының мүшесі
болғалы, ол жұбайы - Присцилла Чанмен
мүліктерінің тең жартысын қайырымдылық
қорына жұмсауға сөз берді. Онымен қоса, қызы
дүниеге келген соң, Цукерберг жұбайымен
Facebook-тағы
тиесілі
99%
акцияларын
қайырымдылыққа жұмсайтындарын жария етті,
ал бұл өз кезегінде $45 миллиард құрайды.
12.
1. БИЛЛ ГЕЙТСБилл Гейтс дегенде бәріміздің көзімізге Microsoft
елестейтін болар, расында ол Microsoft-тың негізін
қалаушы. Зейнетақыға шыққан Билл де өзінің
қайырымдылық (филантропиялық) әрекеттерімен көзге
түсті.
2000 жылы Билл жұбайымен Bill and Melinda Gates
Foundation фондының негізін қалады, негізгі салалары
білім беру, денсаулық сақтау және кедейлікпен күрес
болып табылды. Фондтың негізгі жұмысы – кедей
аймақтар мен мемлекеттердегі адамдарға көмек беру,
олардың өмір сүру деңгейін арттыру және өлімге алып
баратын аурулармен күресуге бағғыталды.
2014 жылы The Chronicle of Philanthropy газетасы
Гейтсты әлемдегі ең әйгілі әрі жомарт филантроп
ретінде көрсетті.
13.
ЖАРАЙСЫҢДАР, МЫРЗАЛАР!!!!НАЗАРЛАҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!