Орта Азия мемлекеттері қаржы жүйесінің ерекшеліктері
1. Қырғыз Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму кезеңдері. 2. Өзбекстан Республикасының қаржылық-экономикалық жағдайына
Өзбекстан Республикасы
Тәжікстан Республикасы
Тәжікстан Республикасы
ҚОРЫТЫНДЫ
306.78K
Категория: ФинансыФинансы

Орта Азия мемлекеттері қаржы жүйесінің ерекшеліктері

1. Орта Азия мемлекеттері қаржы жүйесінің ерекшеліктері

2. 1. Қырғыз Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму кезеңдері. 2. Өзбекстан Республикасының қаржылық-экономикалық жағдайына

сипаттама.
3. Тәжікстан Республикасының
нарақтық экономика
жағдайындағы қаржы жүйесі.

3.

Қырғыз Республикасы, Қырғызстан — Орта
Азияда орналасқан мемлекет.
Жер аумағы – 198,5 мың км2.
Халқы – 6 миллион адам. Қырғыздар (72,6%),
орыстар (6,4%), өзбектер
(14,5%), украиндар, татарлар, қазақтар, ұйғырлар, нем
істер, тәжіктер, дүнгендер, т.б. ұлт өкілдері тұрады.
Астанасы – Бішкек қаласы (624 мың адам).
Конституциясы бойынша – Президенттік басқару
нысанындағы мемлекет

4.

Қырғыз Республикасының макроэкономикалық
көрсеткіштері:
-Экономика саласында еңбекпен қамтылғандар
саны-1,8 млн
-ЖІӨ-99,5 млрд ұ.в
-Өнеркәсіптік өнім көлемі -87 млрд ұ.в
-Біріккен бюджет табыстары-10,3 млррд ұ.в
-Біріккен бюджет шығыстары-110,3 млрд ұ.в
-Экспорт-408,9 млн АҚШ долл.
-Импорт-558,9 млн АҚШ долл.
Қырғыз Респуьликасының негізгі сауда
қатынастары ТМД елдерінің ішінен Ресеймен,
Қазақстанмен және АҚШ, Түркия, Қытай Халық
Республикасы сияқты шет елдермен жүргізіледі. 90шы жылдармен басталған реформадан кейінгі
Қырғыз Республикасының әлеуметтік-экономикалық
дамуы 2 кезеңнен тұрады. Алғашқы кезең-1992-1994
ж.ж аралығы, барлық экономикалық көрсеткіштердің
төмендеуімен, сыртқы сауда қатынастарының
үзуімен, өндірістің құлдырауымен сипатталады.

5.

Екінші кезең -1995 жылдан кейін, реформалардың
аяқталуымен, экономикалық құлдырау бәсеңдетіліп,
экономиканың өрлеуге бет алуымен
байланыстырылады.
Қырғыз Республикасында жүргізілген экономикалық
реформаның басты бағыттары-бағаны босату,
инфляция деңгейін төмендету мен тұрақтандыру, ұлттық
валюта тұрақтылығын қамтамасыз ету, бюджет
тапшылығын қысқарту, экономиканың белгілі
секторларын монополизацияландыру, мемлекеттік
жекешелендіру бағдарламасын орындау, халықты
әлеуметтік қорғауды нығайту болып саналады.

6. Өзбекстан Республикасы

- Халық саны-25,1 млн. Адам
- Еңбекпен қамтылған халық саны-9,3 млн адам
- ЖІӨ-103,1 млрд. Ұ.в
1991 жылы тәуелсіздік алғаннан кейін Өзбекстан Республикасында
экономикалық реформалар үздіксіз жүргізілуде. Кеңес үкіметі құрамында
болған елдер ішінен Өзбекстан 90-шы жылдары өнеркәсіп өндірісін
айтарлықтай шамада игере алды. ТМД елдерінің ішінен республика жемісжидек, көкөніс өнімдерін өндіруден алдыңғы қатарда. Жылына 4 млн
тоннаға дейін мақта өндіру арқылы мақта экспортеры ретінде әлемдік
нарықтағы ірі өндірушілер қатарына қосылуда.
Экономика саласында инвестицияларды тарту арқылы ішкі нарықты
отандық тауарлармен қамтамасыз ету жүргізілді

7.

Өзбекстан жері табиғи ресурстарға бай. Бүкіл Орта Азиядағы газ
конденсатының 74%-ы Өзбекстанның үлесіне тиеді. Алтын қоры жөнінен ол
әлемде 4, жез қоры жөнінен 11, уран қоры бойынша 7 – 8-орынды иеленеді.
Мақта дақылын өсіру көрсеткіші бойынша әлемде 5-орында, оны экспортқа
шығару жөнінен 2-орында. Ел аумағынан жалпы ұзындығы 4 мың
шақырым құрайтын 9 ірі газ құбыры өтеді. Аса маңыздылары: Орта Азия –
Орталық және Бұхара-Орал құбырлары. Жібек шикізатын, жүн, қаракөл
елтірісі, жеміс-жидек, алтын, табиғи газды экспортқа шығарып, азық-түлік,
шикізат, т.б. өнімдерді сырттан алады.
Өзбекстан мен Қазақстан арасында саяси-экономикалық, әскери, мәдени
байланыстар орнаған. 1992 жылы екі ел арасында Достық, ынтымақтастық
және өзара көмек, 1994 жылы Бірыңғай экономикалық кеңістік, 1998 жылы
Мәңгілік достық туралы шартқа және экон. байланыстарды кеңейту туралы
келісімге қол қойылды. 2004 жылы екі ел арасындағы шекара толық
делимитацияланды.

8. Тәжікстан Республикасы

Тәжікстан— Орталық Азиядағы мемлекет. Оңт-нде
Ауғанстанмен, солүстік мен батысында Өзбекстанмен,
солтүстігінде Қырғызстанмен, шығысында Қытаймен
шектеседі. Жер аумағы – 143,1 мың км2. Халқы – 6,579
миллион (2001). Халқының 62%-ын тәжіктер, 23%-ын
өзбектер, 5%-ын орыстар, қалған 10%-ын түрікмендер,
қазақтар, қырғыздар, корейлер, немістер, т.б. құрайды.

9. Тәжікстан Республикасы

Электр энергетика өндірісі – Тәжікстан индустриясының басты
салаларының бірі. Электр энергиясы негізінен Ресейге, Түрікменстанға және
Иранға шығарылады. 2002 жылы Тәжікстанның сыртқы сауда айналымы 1
млрд. 73,6 миллион долларды құрады. Тәжікстан экспортының 55%-ын
алюминий құрайды. 2002 жылы 226,2 мың т алюминий сыртқа жөнелтілді.
Тәжікстан тау-кен өндірісінің негізгі өнімдері – қорғасын-мырыш, сүрмесынап, вольфрам-молибден, висмут кендері, алтын және флюорит. Машина
жасау және металл өңдеу кәсіпорындары тоқыма станоктарын, ауыл
шаруашылық машиналарын, тоңазытқыш, электртехникалық
қондырғылар, трактор бөлшектерін, т.б. шығарады. Химия өнеркәсібінен
минералдық тыңайтқыштар өндірісі дамыған. Құрылыс материалдары
өндірісінен цемент-шифер комбинаты, темір-бетон және бетон
конструкциялары зауыттары, гипс, алебастр, әктас зауыттар жұмыс істейді.
Ауыл шаруашылығында мақта егуге ерекше көңіл бөлінген. Мақта
экспорты сыртқы айналымның 14,1%-ын құрайды.

10. ҚОРЫТЫНДЫ

Интеграциялық бірлестктің болашағы бар екенін әр мемлекет үшін
тиімділігінен көруге болады: біріншіден, ортақ экономикалық
реформалар прогрессивті дамуға алып келеді және қауіптер алдында
біріңғай құқықтық жүйемен төтеп беру жеңілдеу болады; екіншіден,
аймақтық тең дәрежеде дамымақ.
Еуро Одақ құрылғанда да ядросы Германия мен Франция болған еді,
біздің жағдайда Қазақстан ядро болмақ және бұл-аймақтық лидерлік
амбициялар емес, аймақтағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты
қамтамасыз етуге ұмтылыс.
English     Русский Правила