Похожие презентации:
Математикалық ойын
1.
«Бала өмірінде ойынның маңызы зор, ересек адам үшінеңбектің, жұмыстың, қызметтің қандай маңызы болса, нақ
сондай маңызы бар. Бала ойында қандай болса, өскен соң
жұмыста да көп жағынан сондай болады»
А.С.Макаренко
Ойын дегеніміз ұшқын, білімге құштарлық пен еліктеудің
маздап жанған оты.
В.М. Сухомлинский
Ойын бала үшін жаңа ортаға тезірек бейімделуге мүмкіндік
береді. Ойынға бір жақты көзқарас қате...
А.С.Макаренко
2.
тынысы кең, алысқа меңзейтін,ойдан-ойға жетелейтін, адамға
қиял мен қанат бітіретін ғажайып
нәрсе, ақыл-ой жетекшісі.
3.
ОйынАқыл-ойды кеңейтеді
Шығармашылық қабілеті
ұшталады
Өзінің денесін шынықтырады
Эстетикалық тәрбие беріледі
4.
сабақта тұрақтыбелсенділік,
қызығушылық
пайда болады
оқушылардың
математикалық
қабілеттері
айқындалады
оқушы тұлға ретінде
өзін көрсете біледі, оның
іс-әрекеті өзінің қабілеті
мен деңгейіне
байланысты болады
ойын арқылы бірбірімен тез тіл табысады,
жақсы ұғысады, бірбірінен ептілікті
сергектікті үйренеді
5.
Дидактикалықойындар
Ұлттық
ойындар
Интеллектуал
дық ойындар
Қозғалыс
ойындары
Бастауыш
сыныптардағы
ойын түрлері
Іскерлік
ойындар
Рөлдік
ойындар
Грамматикал
ық ойындар
Лексикалық
ойындар
Фонетикалық
ойындар
6.
Ханталапай7.
Дидактикалық мақсаты: Теңдеуді шешуге, әріпті өрнектрдің мәнін табуға арналған(ең қарапайым жеңіл түрі алынады).
Керекті құрал: Топтағы оқушылар екі топқа бөлінеді де, бір-біріне қарама-қарсы
тұрады немесе отырады (арасы 5-6 метр, 10м болуы керек). Жүргізуші қолындағы
орамалды 1-ші топтың шеткі ойыншысына береді. Ол ойыншы қарсыласына теңдеу
немесе әріпті өрнек жасырады (жұмбақ жасыру ойыны сияқты): (х+8=12) Белгісіз
қандай санға 8-ді қосқанда 12 саны шығады? Қарсы топтағы бала орамалды қосып
алып, жауабын айтады. Егер жауабы дұрыс болмаса, өнер көрсетіп орнына отырады
немесе ойыннан шығып кетеді де, бақылаушы болып отырады. Егер дұрыс жауап
берсе, ойын әрі қарай жалғасады. х-4=7 қай санды 4-ке азайтқанда 7 саны қалады?
(жауап береді), жауапты тек қана орамалды ұстаған, аты аталған бала ғана айтады.
Күрделендіріп мұғалім өз қалауынша келесі сабақтарда қолдана беруіне болады.
8.
«Орамал тастау» ойыны (теңдеулерді шешу).Мақсаты: теңдеулерді шешуді пысықтау, әріпті өрнек құра білу.
Керекті құрал: орамал.
Сыныптағы оқушылар екі топқа бөлінеді де бір-біріне қарама-қарсы тұрады немесе
отырады. Жүргізуші орамалды1-топтың шеткі отырған балаға береді. Ол ойыншы
қарсыласына теңдеу немесе әріпті өрнек жасырады: (х+7=15). Белгісіз қандай санға
7-ні қосқанда 15 шығады?
Қарсы топтағы бала орамалды қағып алады да жауабын айтады. Егер жауабы дұрыс
болмаса, өнер көрсетеді не не ойыннан шығып кетеді де бақылаушы болып отырады.
Егер жауап дұрыс болса, ол ойынды әрі қарай жалғастырады. Енді ол теңдеу
жасырады. Жауапты тек орамал ұстаған, аты аталған бала ғана айтады. Мұғалім
ойынды өзі қалауынша күрделендіруіне болады.
9.
Дидактикалық мақсаты: 20 көлемін ауызша және жазбаша есептепдағдыландыру.
Қажетті материалдар: Цифрлар жазылып, қиып алынған карточкалар.
Мазмұны: Мұғалім 1-ден
9-ға
дейінгі
сандар
жазылған
карточкаларды балаларға таратып береді. Ойынның тәртібімен
таныстырады. Бір балаға карточканы береді де, тақтаға шығарады. Бала
қолындағы санды атайды. Мұғалім балаларға қарап, сол санды 9-ға
дейін толықтыр дейді. Содан соң оны 14-ке, соңынан тапсырма береді.
Қалған оқушылар бақылушылар ролінде болады.
6+3+5+6=20
2+8+7+3=20
4+2+3+6+5=20
Ойын нәтижесінде тез және қатесіз орындаған топ озып шығады.
Ойынды сан құрамын табуға, ондықтан аттап қосу мен азайтуға да
пайдалануға болады. Келесі сабақтарда күрделендіріліп, орындай
беруге болады.
10.
Дидактикалық мақсаты: балаларға сан құрамын толық меңгертуге жәнеесеп құрап шығара білуге үйрету. Ауызша , жазбаша есептеу дағдыларын
қалыптастыру.
Керекті құралдар: Әр топқа бір-бірден бет орамал таратылады. Үлкен етіп
жазылған сандар /11,12,13/
Мазмұны: Топ қатарға байланысты топқа бөлінеді. Әр қатар бір топ болып
есептеледі. Ойын басқарушы бала бір қолына орамал алады, ал екінші
қолына жазылған сан алады. Бала санды жоғары көтеріп, орамалды өзі
қалаған балаға береді. Ол санның құрамын айтып, орамалды екінші балаға
жалғастырып, бала бірден жауап береді. Қалған балалар бақылап отырады.
11=4+7 11=5+6 11=8+3 1=9+2
1-ші болған соң 2-ші, 3-ші топтар жалғастырады. Ойын барысында әр
топтың тұсына /тақтаға/ қате жіберген жағдайда белгі қойылып отырады.
Нәтижесі сол арқылы анықталады.
11.
/3- ші нұсқасы/Дидактикалық мақсаты: Сан құрамын есте сақтау. Сан құрамына
байланысты өрнек құрастыру. Шапшаң есептеуге дағдысын қалыптастыру.
Керекті құралдар: қол орамал.
Ойын мазмұны: Ойынға сынып оқушылары тегіс қатысады. Ойын
басқарушы бір санды өрнекті не санды айтып, орамалды кез келген
оқушының алдына тастайды. Ол оқушы іле жауабын айтады, жауабы
дұрыс болса келесі оқушыға өзі ойлаған өрнегін немесе санын айтып
орамалды алдына тастайды. Мысалы, орамал тастайтын оқушы 9 десе ,
орамал алған бала 8+1, 5+4 т.с.с жауабын айтады. Ойын осылайша жалғаса
береді. Бұл ойынды сан құрамын анықтау барысында. Кестелік қосу мен
азайту, бөлу мен көбейту тақырыптарын өткенде пайдалануға болады.
12.
Дидактикалық мақсаты: Бір таңбалы санды қосу және азайту, ондықтан аттапқосуға байланысты мысалдар шығарып жаттығу.
Керекті құралдар: Әр топқа арналған кішкентай жолаушылар, сол ойынға
қатысқан балаларға арналған номер, қосымша мысалдар жазылған карточкалар,
плакат.
Мазмұны: Мұғалім топты бірнеше топқа бөледі де, оқулықта жаттығуға берілген
мысалдарды карточкаларға немесе ойын тақтасына плакат жазып қояды. Бәйгеге
түсетін бала алдын ала 1-ші турдан өтіп мысалдарын шығарып, жарысқа қатысуға
жолдама алады. Жарысқа қатысуға жолдама алған топтың балалары алдымен бірбірден тақтаға шығады: мұғалім жарыс тәртібімен таныстырады. Екі бала өздеріне
тиесілі жолдың бойындағы есеп-мысалдарды шығара отырып, алға жылжиды. Кім
бірінші болып мәреге жетсе, сол топ жеңеді. Мәреге жеткенше қатысқан баланы
шаршады деп есептесе, басқа балалармен ауысуға болады. Қалған топтың балалары
«жанкүйерлер» болып отырады. Ойынды күрделендіріп келесі сабақта қолдана беруге
болады.
13.
Дидактикалық мақсаты: Оқулықты пысықтауға арналған бағандағы мысалдардыауызша немесе жазбаша орындап, жаттығу кезінде пайдаланады. Жарыса отырып,
жылдам есептеуге жаттығады.
Керекті құралдар: Топ санына байланысты 2 немесе 3 сақина, не оның орнына
құрт, кәмпит, түйме, т. б. қолда барды пайдалануға болады (әр қатарға бір-бір
сақинадан болса, ойын тез жүреді).
Мазмұны: Топтағы балалар 2 немесе 3 топқа бөлінеді. Сыныпта неше қатар парта
болса, сонша топ болады. Әр топқа бір-бір сақина береді. Тақтаға топ санына
байланысты, баған түрінде мысалдар жазып қойылады. Әрбір қатар мысалдарды
топқа бөліп береді. Мұғалімнің командасы бойынша, қолында сақинасы бар ойын
бастаушылар бірінші мысалды шығарып, ойынды жалғастырады. Ойын үнсіз
жалғасады. Ойынды қай топ бірінші аяқтаса және дұрыс орындаса, сол топтың
балалары ұтады (бағалауға да болады). Ойын бірдей уақытта басталып, бір мезгілде
үш топпен бірдей аяқталуы да мүмкін. Онда шығарылған мысалдардың дұрыстығы
ескеріледі .
14.
Мақсаты: балаларға берілгентапсырмаларды ойната отырып орындату.
Керекті құралдар: Бірнеше нөмір жазылған
дөңгелектер. Дөңгелектердің мөлшері (теңгелер)
үлкен болмағаны жөн. Сынып оқушылары екі, үш
топқа бөлінеді. Әр топтан бір бала «шыбық ат»
мінеді. Ойынды басқарушы жүргізеді. Ойын
басталатын жерге қазаншұңқырға ұқсатып
шеңбер сызып дайындап қояды. Сызылған
шұңқырға ұқсайтын дөңгелек шеңбердің
ортасына ыдыс қойып, соған «теңгелер»
салынады. Әр топтан бір бала атпен шауып барып
тоқтамай, ыдыстан «теңгені» іліп алып кетеді. Әр
сайыскерлердің іліп алған «теңгелерін» есептеп,
сол «теңгенің» нөмеріне сәйкес карточкалардағы
мысалдарды шығарғандары есептеледі. Қай топ
көп «теңге» алып, сол «теңгелерден» жазылған
нөмірге сәйкес карточкалардағы тапсырмаларды
дұрыс орындаса, сол топ жеңеді.
15.
Мақсаты: Оқулықты пысықтауға арналған бағандағымысалдарды ауызша немесе жазбаша орындап, жаттығу
кезінде пайдаланады. Жарысып отырып, жылдам
есептеуге жаттығады.
Керекті құралдар: Топ санына байланысты 2 немесе 3
сақина, не оның орнына құрт, кәмпит, түйме т.б.
Мазмұны: Сыныпта неше қатар парта бар сонша топ
болады . Әр топқа бір- бір сақинадан беріледі.Тақтаға
топтағы балалар санына байланысты мысалдар
жазылып қойылады. Мұғалімнің командасы бойынша ,
қолында сақина бар ойын бастаушылар бірінші
мысалды шығарып, екінші ойыншы сақинаны алып,
ойынды жалғастырады. Ойын үнсіз жалғасады.
Ойынды қай топ бірінші аяқтаса және дұрыс орындаса,
сол топтың балалары ұтады. Ойын бірдей уақытта
басталып, бір мезгілде аяқталуы қажет.
16.
/белгісіз санды табу/Мақсаты: белгісіз санды табуға, өрнектің мәнін табуға, жасырынып
тұрған санды тауып жаттауға арналған ойын.
Керекті құралдар: Белгісіз санды табуға арналған кесте, әріпті
өрнектер мен теңдеулер.
Мазмұны: Кестедегі белгісіз сандардың орнына «Ақ сүйек» тығылып
жатыр. Кім дұрыс шығарса , сол табады. Дұрыс шығармаса, көрмей
аттап кетеді.
17.
Мақсаты: Бір таңбалы санға қосу және азайту, ондықтан аттап қосуға, көбейту менбөлуге байланысты мысалдар шығарып жаттығу.
Керекті құралдар: Әр топ арналған кішкентай жолаушылар, сол ойынға қатысқан
балаларға арналған нөмер, қосымша мысалдар жазылған карточкалар, плакат.
Мазмұны: Мұғалім топты бірнешетопқа бөледі де, оқулықта жаттығуға берілген
мысалдарды карточкаларға немесеойын тақтасына плакат жазып қояды. Бәйгеге түсетін
бала алдын ала 1-ші турданөтіп мысалдарын шығарып, жарысқа қатысуға жолдама
алады. Жарысқа қатысуғажолдама алған топтың балалары алдымен бір-бірден тақтаға
шығады: мұғалім жарыстәртібімен таныстырады. Екі бала өздеріне тиісті жолдың
бойындағы есеп-мысалдардышығара отырып, алға жылжиды. Кім бірінші болып мәреге
жетсе , сол топ жеңеді.Бұл ойынды екі бала да жарысып ойнайды.
18.
Мақсаты: санау дағдыларын бекіту. Артық, кем түсініктерін тиянақтау.Қажетті құрал: асық
Ойынның мазмұны: Ойынды сыныппен жұмыс түрінде өткізуге болады. Әр
қатардан оқушы шақырылады. Ойын бастаушысы:
Талапай-ау талапай,
Табылды ойын алақай!
Асықты алға шашамыз,
Талапаға басамыз,- деп өлең шұмағын айтып, асықты шашып жібереді.
Оқушылар шашылған асықтарды жинап алады. Әр оқушы өзінің қолындағы
асығын сыныппен қосыла , хормен санайды. Асықтың саны анықталады. Содан
соң, салыстыру жұмыстары жүргізіледі. Кім көп жинады? Нешеу? Қаншасы
артық? Кем? Сияқты сұрақтар қоя отырып, жеңімпаз оқушыны мадақтайды.
19.
Тапсырманы дұрыс орындасақ қояндарды тордан құтқарамыз.1) 3,6:0,4=
3) 5,5:0,5=
5) 8,4:1,2=
2) 2,46:0,6=
4) 4,68:0,9=
6) 1,96:0,04=
20.
21.
«Балық аулау» ойыны.Қазір балалар көктем мезгілі. Балықшылар өзеннен балық аулайды.
Бізде бүгінгі сабақта балық аулаймыз. Ойынның шарты бойынша
балық аулап, берілген тапсырманы орындаймыз.
22.
«Ұста,ұстама» ойыны.Қорытынды ретінде оқушылар бір-біріне тақырып бойынша әр
түрлі сұрақтар бере отырып, допты лақтырады, допты ұстаған
оқушы тез жауап беріп, ұпай жинау керек. Егер жауап бере алмаса
топтан ұпай кемітіледі. Осылай топ оқушылары кезек-кезек допты
лақтырып сабақты қортындылайды.
23.
Дидактикалық мақсаты: Балаларға сан құрамын толық меңгертуге және есепқұрап шығара білуге үйрету. Ауызша, жазбаша есептеу дағдыларын
қалыптастыру.
Керекті құралдар: Әр топқа бір-бірден бет орамал таратылады. Үлкен етіп
жазылған 13,15,16 сандары.
Мазмұны: Топ қатарға байланысты топқа бөлінеді. Әр қатар бір топ болып
есептеледі. Ойын басқарушы бала бір қолына орамал алады, ал екінші қолына
жазылған сан алады. Бала санды жоғары көтеріп, орамалды өзі қалаған балаға
береді. Ол санның құрамын айтып, орамалды келесі балаға жалғастырып, бала
бірден жауап береді. Қалған топтың балалары ойынды бақылап отырады.
13=7+6
13=9+4
13=8+5
13=11+2
13=10+3
13=14-1 т.с.с.
1-ші топ болған соң, 2-ші, 3-ші топтар жалғастырады. Ойын барысында әр
топтың тұсына (тақтаға) қате жіберген жағдайда, белгі қойып отырады. Нәтижесі
сол арқылы анықталады. Ойынды бір тақтаны (санды) санға ондықтан аттап
қосу, ондықтан қосу, ондықтан аттап азайту, екі таңбалы сандарды екі таңбалы
сандарға қосу және азайту т.с.с.
24.
Дидактикалық мақсаты: Белгісіз санды табуға, өрнектің мәнін табуғажасырынып тұрған санды тауып жаттауға арналған ойын.
Керекті құралдар: Белгісіз санды табуға арналған кесте, әріпті өрнектер мен
теңдеулер (осы ойынға тиесіле ғана тоқтап алады).
Мазмұны: Ойынға топ толық қатысады. Кестедегі белгісіз сандардың орнына
«Ақ сүйек» тығылып жатыр. Кім дұрыс шығарса, сол табады. Дұрыс шығармаса,
көрмей аттап кетеді.
12
12
7
9
8
3
4
5
А
А+4
8
7
9
6
25.
Оқыту барысында қарапайым математикалық ұғымдарды, геометриялықфигураларды (үшбұрыш, төртбұрыш т.б) ұғындыру қажет. Сондай- ақ ол
ұғымдарды балалардыңадамгершілік қасиетін дамытумен бірге ежелгі салтдәстүрімізді, әдет-ғұрыптарымызды, ұлттық мұрамыздыұрпақтан- ұрпаққа
жеткізу мақсатында келтіріп беруге болады.
Керегенің суретін көрсетіп, ондағы төртбұрыштарды санауға болады.
Мұндағы сансыз төртбұрыштар «кереге» деп аталады. Керегенің әрбір көзі
төртбұрыш тәрізді. Неліктен осылай аталады деген сұрақ тууы мүмкін.
Төртбұрыштары көп болғандықтан солай аталатын шығар? Ал, онда бұрыш
дегеніміз не? Керегенің бір көзіне дұрыстап қарайықшы. Төртбұрыштың төрт
қабырғасы бар. Қарама -қарсы қабырғасы тең. Сөйтіп төртбұрышты есімізге
түсіруге болады. Енді осы төртбұрыштың бір қабырғасына көңіл аударайықшы.
Кесінді екенін көріп тұрсыңдар. Төртбұрыш неше кесіндіден тұрады? Әрине
төрт кесіндіден. Кесінді - екі жағынан да нүктелермен шектелген түзудің бөлігі
деп кесіндінің анықтамасын қайталауға болады. Енді бұрыш дегеніміз не? Екі
кесінді қалай орналасқан? Олар бір нүктеден шығып тұр. Ендеше бұрыш
дегеніміз-бір нүктеден шыққан екі түзу. Демек, төртбұрышта неше бұрыш бар
екен? Әрине төрт бұрышы бар.
26.
Үшбұрыш та мұнда бар,Төртбұрыш та мұнда бар.
Кесінді мен нүктелер
Керегеде ол да бар.
Ойлы көзбен қарасаң,
Түзу, қисық сызықтар.
Кездеседі таба алсаң,
Доғал, сүйір бұрыштар.
Кесінділер бір нүктеде кездесіп,
Екеу ара бұрыш жасап алыпты.
Бір көзінде керегенің жүздесіп,
Қараңдаршы төртбұрыш боп
қалыпты.
Осылай геометриялық фигураларды қайталауға
болады.
27.
Сурет 2- үшбұрыш пен төртбұрышБір күні үшбұрыш пен төртбұрыш ерегісіп қалыпты. «Сенде не бары үш ақ
бұрыш бар, ал менде ол -төртеу»- деп мақтаныпты төртбұрыш. Бұл екеуінің
айтысып жатқандарын өтіп бара жатқан бесбұрыш пен алтыбұрыш естіп қалады.
- Бауырларым-ау неге сонша таласасыңдар, үшбұрыш сен де, төртбұрыш сен де,
мына біз де көпбұрышпыз! Айырмашылығымыз тек бұрыштарымыздың саны
әртүрлі. Шеңбер мен дөңгелекке қарағанда бұрыштарымыз баршылық.
көпбұрыштың тағы бір артықшылығы қабырғаларымыз да жеткілікті:
бесбұрышта –бес, алтыбұрышта – алты,..., онбұрышта –он қабырға бар.
Сондықтан біз дауласпауымыз керек, -депті бесбұрыш пен алтыбұрыш.
Ағаларының ақылын тыңдаған үшбұрыш пен төртбұрыштатуласып, қайта дос
болыпты.
Бастауыш сынып оқушыларына математика сабағында осындай әртүрлі
ойындарды қолданып тұрған дұрыс.
28.
Сабақта осындай дидактикалық ойындарды қазақтыңұлттық ойындармен байланыстыра жүргізу келешек
жас ұрпақ тәрбиесіне үлкен әсерін тигізеді деп
ойлаймын. Себебі ұлттық ойындар арқылы жас ұрпақ
өзінің кім екеніне, ата-анасының өсу тарихына көз
жібереді.