1.02M
Категория: ПедагогикаПедагогика

Студенттің өзіндік жұмысын ұйымдастырудың ерекшеліктері

1.

СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫН
ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
•Студенттің өзіндік жұмысы
•Студенттің өзіндік жұмысының құрылымы және маңызы
•Атақты ғалымдар еңбектеріндегі өзіндік жұмыс мәселесі

2.

Студенттің өзіндік жұмысы (СӨЖ) – студент білімінің
тереңдігі, дағдылары мен біліктілігіне, білім меңгеруіне
ықпал ететін оқу процесінің ең негізгі элементтерінің бірі.
СӨЖ орындау арқылы студент оқу процесінің белсенді
мүшесі бола отырып, өз ойын еркін, сондай-ақ, нақты
дәлелдермен жеткізе алатын дағдыларды үйренеді және
меңгереді.

3.

Оқытудың
кредиттік
технологиясы
бойынша
студенттің
өзіндік
жұмысының
статусы
жоғарылайтыны белгілі. Талап бойынша, студенттің
өзіндік жұмысы (СӨЖ) оқытушының қатысуымен
белгіленген уақытта және оқытушының қатысуынсыз
(СӨЖ)
да берілген тапсырмаларға сәйкес
орындалады. СӨЖ-дің тақырыптары, тапсырмалары,
өткізілу
тәртібі,сағат
саны
пән
бойынша
құрастырылған
силлабустарда
аладын-ала
көрсетіледі. Студенттің әрбір өзіндік жұмысы пән
бойынша
жоспарланған
жұмыс
бағдарламаларымен
ұйымдастырылады

4.

Курстың көлемін және оның күрделілігін, маңызын
ескере отырып студенттердің өзіндік жұмысының және
жеке тапсырмаларының әртүрлі формалары жасалған:
• реферат;
• бақылау жұмысы;
• коллоквиум;
• дискуссия (кейстер);
• кроссвордтар0;
• тесттік тапсырмалар.

5.

СӨЖ-ді дұрыс және тиімді өткізу үшін:
- студенттің өзіндік жұмысына қажетті оқу-әдістемелік
нұсқау беру;
- СӨЖ тапсырмаларын оқу жылының басында беру;
- ағымдық және аралық бақылау түрлерін өңдеу;
- СӨЖ бойынша консультациялар күнін белгілеу

6.

Педагогика-психология саласындағы атақты ғалымдар өз
еңбектерінде өзіндік жұмыс мәселесін психологиялық
тұрғыдан қарастырған.
С. Л. Рубинштейн «өздігінен» ұғымы
әрекеттердің саналы түрткісі мен
өзектілігін болжайтынын, ерік күшінің
өзбетінділігін және «танымдық
өзбетінділік» ақыл-ой әрекетінің сапасы
ретінде өз бетінше білім алу мен дамуды
білдіретінін тұжырымдаған.
В. А. Крутецкий өз бетінше
жұмыстану, білім алу,
мәселені өз бетінше шешу,
заңдылық ашумен теңбе-тең
екендігін анықтаған

7.

А. Н. Леонтьевтің пікірінше адам
миында заттар, құбылыстар туралы
толық бейне сақталу үшін адам мен
зат арасында әрекеттік қатынас
орнау қажет, осыған байланысты
бейнелердің толықтық дәрежесі
байқалады. Бұл өз кезегінде жеке
тұлғаның өзіндік жұмыспен
айналысу арқылы жинақталған
білімді толықтырып отыруына
меңзейді. Іс-әрекет теориясы, оқутәрбие жүйесінде теория ретінде
қолданылып келеді.

8.

Жоғары оқу орындарында СӨЖ ұйымдастыру
сыртқы және ішкі мақсаттарға сәйкес қызмет
атқарады және дамытылады. СӨЖ атқарудың сыртқы
мақсаты қоғамның мамандарды даярлауға қоятын
талаптарымен
анықталады.
Мамандарды
дайындаудың сапасын арттыру міндетін шешудің
негізі оқыту сапасын күшейту болып отыр. Ол
бірнеше факторлармен айшықталады. Ең бастысы,
маманды даярлау деңгейіне нарықтың қояр талабы
және оқытудағы экстенсивті және интенсивті
факторлардың арақатынасының өзгеруі болып
табылады.
English     Русский Правила