Похожие презентации:
Лексикология туралы түсінік
1. Лексикология туралы түсінік
2. Жоспар
1.
Кіріспе.
2.
Негізгі бөлім:
а). Лексикология және оның түрлері мен салалары
б). Лексикологияның тіл білімінен өзге салаларымен
байланысы.
3. Ќорытынды бөлім.
• Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
3.
• Лексика-көне гректіктің Lexiros (сөздік) деген сөзі. Лексика деген сөзжер жүзіндегі халыќтар тілінің көпшілігінде термин болып
ќалыптасып кеткен. Біздің тілімізге ол орыс тілі арќылы келіп
орныќты. Бұл термин - бір тілдегі барлыќ сөздердің жинағы деген
ұғымды білдіреді. Осы лексика деген терминнің ұғымына тілдің
жергілікті ерекшелігі де, сол бір тілдің говорлары да, диалектілері
де енеді. Лексикалыќ ќұрамына енген сөздерді тексеретінлексикология, мағыналарын тексеретін-этимология., сөздік жасау,
сөздерді жүйелі түрде жинау ісін тексеретін-лексикография кіреді.
Бұған фразеология да іргелесіп отырады. Тіл ғылымының
этимология, лексикология, семасиология, лексикография деген
тараулары лексиканы тексереді. Сонымен ќатар лексика
грамматиканың негізгі базасы болып табылады. Грамматикалыќ
категорияларды сөздің грамматикалыќ өзгерістерін, түрленуін, бір
сөз бен екінші сөздің байланысын-оның негізгі обьектісі болатынсөзден бөліп ќарауға болмайды. Сөздердің мағынасын, оның жалпы
лексикалыќ системадағы алатын орнын, шығу төркіне ќолдану
ќабілеттігін күнделікті ќарым-ќатынастағы көрінісін, стильдік мәні
мен сипатын тексеретін лексикология.
4.
• Лексикология - сөзді және сөздердің жиынтығы-тілдің сөздік ќұрамын(лексикасын) зерттейді. Сөз лексикологияда лексикалыќ единица ретінде
ќарастырылады. Лексикалыќ единицалардың (сөздердің) жиынтығынан
тілдің сөздік ќұрамы (лексикасы) ќұралады. Әрбір тілдің сөздік ќұрамындағы
сөздер ќаншама көп және алуан түрлі болғанымен олар бір-бірімен
байланысты, өзара шарттас элементтердің жүйесі ретінде ќұралады да сөз
тілдің лексикалыќ жүйесінің элементі ретінде ќаралады. Жалпы ќатынас
ќұралы ретіндегі тіл атаулының лексикалыќ жағына тән ќұбылыстар мен
жалпылама заңдылыќтар мен ұғымдар жалпы лексикологияда
ќарастырылса, лексикалыќ ќұбылыстар мен жалпы заңдылыќтардың жеке,
наќтылы тілдердің лексикасына икемделіп көрініс табуы және әрбір тілдің
сөздік ќұрамы мен дамуы, өзіндік ерекшеліктері жалќы лексикологияда
(жеке наќтылы тілдің лексикологиясында) ќарастырылады. Әрбір тілдің
лексикологиясы (жеке лексикология) жалпы лексикологияның жалпы
теориялыќ ќағидаларына негізделеді де, наќты бір тілдің лексикасын
зерттейді.
5. Жеке лексикология
• Жеке лексикология білгілі бір тілдің сөздік ќұрамын шығуы мен тарихбойында дамуы тұрғысынан немесе тілдің сөздік ќұрамын сол тілдің
белгілі бір дәуірдегі мысалы, ќазіргі дәуірдегі ќалпы тұрғысынан
ќарауы мүмкін. Осыған орай, лексикология тарихи (диахрониялыќ)
лексикология және сипаттама (синхрониялыќ) лексикология болып
бөлінеді. Тарихи лексикологияда тілдің сөздік ќұрамы шығуы
замандар бойында ќалыптасуы
• және дамуы, лексиканы ќұрастырушы арналар және олардың тарихы
тұрғысынан зерттеледі. Ал сипаттама немесе синхрониялыќ
лексикологияда, мысалы "Ќазіргі орыс тілі, "Ќазіргі ағылшын тілі",
"Ќазіргі ќазаќ тілі" атты пәндердің лексикология бөлімдерінде аталған
тілдердің лексикасының осы заманғы ќалпы, сөздің мағыналыќ
ќұрылымы, лексиканы ќұрастырушы арналар мен ќат-абаттар,
сөздердің активті және пассивті топтары, сөздік ќұрамның даму
жолдары, лексиканың стилистикалыќ жаќтан дифференциялануы
сөздердің ќолданылу аясы, мағыналардың ќарым-ќатынасына ќарай
сөздердің топтасуы және тағы басќа мәселелер ќарастырылады.
6. этимология.
• Тарихи лексикологияның бір саласы - этимология. Этимология сөздердіңшығу тегін зерттеп, олардың ең алғашќы мағынасының ќандай болғандығын
айќындайды. Этимологиялыќ зерттеулердің жеке сөздердің шығу төркінін
ғана емес, сонымен бірге жалпы тілдің тарихын танып білуде маңызы күшті.
Этимологи ялыќ зерттеулердің екі түрлі проблемаға ќатысы бар. Оның бірі тіл мен тарих проблемасы, екіншісі - тіл мен ойлау проблемасы.
• Лексикологияның енді бір саласы- салыстырмалы лексикология, туыстас
тілдердің сөздік ќұрамын, ондағы сан алуыан сөздерді бір-бірімен
салыстыра отырып зерттейді. Салыстырмалы лексикология туыстас
тілдердің лексикасын салыстырып ќана ќоймайды, оларды тарихи даму,
өзгеру тұрғысынан ќарастырады. Сондыќтан ол, әдетте, салыстырмалытарихи лексикология деп аталады. Оның маңызы мынада: тілдің ерте
кездегі шағын сөздік ќоры талай замандар бойында, біріншіден, талай
өзгерістерге ұшыраса, екнішіден өрбіп, өсіп сан мыңдадаған сөздер
ќосылып, бұл күнде оның аумағы да арнасыда кеңіді. Тілдің лексикасындағы
әрбір сөздер белгілі бір мағына бар. Сөздердің мағыналыќ жаќтары
семасиологияда ќарастырылады.
7. Лексикологияның ең басты зерттеу обьектісі - сөз. Толық мағыналы сөз. Ол лексема деп аталады. Лексикологияның ең басты
Лексикологияның ең басты зерттеу обьектісі сөз. Толық мағыналы сөз. Ол лексема депаталады. Лексикологияның ең басты салалары:
• 1. Этимология – сөздің шығу тегін, қалай пайда болғанын, уәждемесін
зерттейді;
• 2. Семантика – сөздердің мағынасын және мағыналық категорияларын
зерттейді;
• 3. Лексикография – тілдегі сөздерді жинақтап, әртүрлі сөздіктер
құрастырады.
• 4. Ономасиологияда сөздік қор мен сөздік құрам және оның
элементтері тексеріледі.
• 5. Фразеологияда – тұрақты сөз тіркестері зерттеледі.
• 6. Терминогия – әр түрлі ғылым, өнер салаларындағы арнаулы
сөздерді зерттейді.
8. Қорытынды
• Ќорыта айт ќанда, тіл білімінің лексикология саласы сөздібіріншіден мағынасы жағынан, екіншіден шығу тегі жағынан,
үшіншіден ќарым-ќатынас жасауда ќолданылу аясы мен
шеңбері жағынан, төртіншіден экспрессивті-стильдік
сипатымен ќызметі жағынан, бесіншіден, сөздің сөздік құрам
мен сөздік қордан алатын орны жағынан - жан-жақты
ќарастырып зерттейді. Демек, лексикология сөзді тілдің
лексикалыќ единицасы ретінде ќарастыра отырып, оны жанжаќты ќамтиды. Сонымен, лексикология тілдегі сөздер және
барлыќ сөздердің жиынтығы-сөздік ќұрам туралы оның жасалып
ќалыптасуы және дамуы туралы ғылым болып табылады.
9. Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
• 1. Т.Аханов . "Тіл білімінің негіздері"• 2. І.Кеңесбаев, Ғ. Мұсабаев. "Ќазіргі ќазаќ тілі"
• 3. Ә. Болғанбаев. "Ќазаќ тілінің лексикологиясы"