Похожие презентации:
Тернер Тед
1. Тернер Тед Орындаған: Мыңжасарова.Н.Ғ Тексерген: Тобылов.К.Т
2. Тед Тернердің жетістіктері
CNN және TNT негізін қалаушыТеледидар пайдалану туралы адамдардың түсінігін өзгертті
1977 және 1979 жылы желкенді спорт бойынша АҚШ чемпионы
3. Табыс тарихы. Өмірбаяны.
1938 жылы 19 қарашада Цинциннати (Огайо штаты) дүниегекелген.
Әкесімен нашар қарым қатынаста болған. Ол Тедті ұратын.
Ол жас кезінің көп бөлігін екі түрлі әскери академияларда
өткізген.
Экономикалық бөлімге оқуға түскен, бірақ нашар мінезі үшін
оқудан шығарылған.
Кейін CNN және TNT арнасын құрды.
4. Тед Тернердің табысқа жетудегі негізгі қасиеттері
Өз өзіне деген сенімділікБастамашылық
Тәуекелшіл
Білімге деген құштарлық
Ешқашан берілмеу
5. Turner Broadcastіng Systems
Жер жүзін жаулап алуды армандаған Ескендір Зұлқарнайынның жеңісті жолын Тед Тернер басқашажалғастырды. 1977 жылы Тернер телевизияда шын мәніндегі революция деуге тұрарлық іске кірісті. Ол
тәулік бойы жұмыс істейтін жаһандық жер серігі телеарнасын жасауды қолға алды. Бұл кезде Тернердің
атағы асып, байлығы тасып тұрған. Баласының баласының баласына жететіндей ақшасы бар еді. Оның
үстіне американ телеэфирінде жерді көтереді дейтін үш алып киттей ABC, NBC, CBS деген үш алып
компания билік құратын. Әйтсе де Тернер тартынған жоқ. Тартынбайтыны – мұның алдында ғана, 1976
жылы ол “супер-станция” идеясын ойлап тапқан еді. Ол идеяның мәні – телесигналдарды жер серігі
арқылы бүкіл елге кабель жүйесімен тарату. Міне, 30 жылға жуық уақыттан бері адамзат аузында
жүрген CNN (Кейбль-Ньюс-Нетуорк, яғни, Жаңалықтардың Кабельді Торабы) ұғымы өмірге осылайша
келген. Кейіннен бұл жүйе TBS (Turner Broadcastіng Systems) деп аталып кетті. Тернер есімі осылайша
әлем техникасының тарихына да технологиялық тамаша жаңалық иесі ретінде енді.
6.
Вашингтоннан жақында жолданған мақаламызда CNN компаниясы 1993 жылғы қазандаМәскеудегі Ақ үй (сол кездегі Жоғарғы Кеңестің ғимараты) атқылана бастасымен жер
жаһанға тікелей трансляция беріп кеп жіберген кезде адамзат айран-асыр қалғанын
жазғанбыз. “Тернер командасы осындай бір сұмдық оқиға орын аларын алдын ала біліп
(білмесе – сезіп), Мәскеуге басқа бір сылтаумен келіп, Ақ үйдің қарсы бетіндегі “Украина”
қонақ үйінен журналистеріне, операторына бөлмелер алып, камераларын сайлап отырған
екен...”, дегенбіз. Сол күндері Ресей телеарналары әуелде тек CNN-нен сатып алған бейнетаспаларды айналдыра көрсетумен болғанын білеміз. Біз “журналистер”, “камералар” деп
сәл қате жазған екенбіз. Одан беріде Тернер туралы талай ақпарат ақтарып келіп, көзіміз
жетті: CNN-нің репортерлік топтары дәйім тек екі адамнан – бір репортер, бір оператордан
тұрады екен. Әрине, Тернер Мәскеуге 4 адамды да іссапарға жібере алады. Мәселе қаржы
үнемдеуде ғана емес. Көрермен көз алдындағы оқиғаға әлгі жалғыз камераның көзімен
қарайды, әр қырынан түсірілмегендіктен репортаждың компьютер арқылы
монтаждалмағанына сенеді.
7. Тернер Тедтің жанұясы
Талай жыл әлемдік экран жұлдызы Джейн Фондамен неке құрған(Тернердің бұрынғы-соңғы әйелдерінен бес баласы бар), серілігі аңызға
айналған Тед Тернер жетпіске жасы толғанымен әлі жас жігіттей бабында.
Жарқылдап, жұтынып тұр. “Деньги” журналының былай деп жазғаны бар:
“Бір жолы ол апта ішінде үш бірдей ұлттық телевизия бағдарламаларына
қатысты. Сегіз рет ұшаққа мінді. Бес жерде сөз сөйледі. Іскерлік сипатта
үш таңғы ас, екі түскі ас берді. Екі баскетбол ойынына, бір кешке барды.
Каннмен өткізілетін телекөпірге қатысу үшін таңғы төртте оянды...”. Жеке
басының жарнамасын да ұмытпайтын сияқты. Кешегі өткен кіші Бушты
“ішуді тастаған алкоголик” деп салатыны, өзінің басты бәсекелесі Руперт
Мердокты бокс сайысына шақыратыны содан ба дейміз.
8.
Бұл адам қай шаруаны қолға алса да жеріне жеткізбей тынбайды. Осыдан жиырмашақты жыл бұрын Америкада бизондар Қызыл кітапқа кіргізердей азайып кеткен
болатын. Бизондардың ХVІІІ ғасырда баудай қырылғаны белгілі. Тернер осыны ойлап,
БАҚ-тан түскен табысына 90-шы жылдардың аяғына қарай жер учаскелерін сатып ала
бастайды, ақыры АҚШ-тағы ең жері көп адамға айналады. Қазір оның иелігінде 7,7
мың шаршы шақырым жер, соның ішінде елдегі ең үлкен ранчо – Нью-Мексико штатындағы көлемі 2,4 мың шаршы шақырым Вермехо ранчосы бар. Сөйтіп, Тернер құрып
бітуге айналған бизонды аз уақыттың аясында кәдімгі жануарға, еті үшін сойылатын
малға қайтадан айналдырды. Бүгінде медиа-магнаттың ранчоларында 35 мың бизон
жайылып жүр. 2002 жылы Тернер Montana Grіll ресторандар торабын ашқан. Олардағы
бизон етінен дайындалатын тағамдар саны 25-ке жетеді дейді.
Тед Тернер құрған телевизиялық империя – ғасырлар тоғысындағы ғажаптардың бірі.
Ал енді осы ғажап қаншаға созылады? Тед Тернердің өзі CNN арнасын ашарда былай
деген: “Біз эфирге адамзат қылкөпірге жеткенге дейін шыға береміз. Біз тіпті
ақырзаман келгенде де жұмысымызды жалғастыра береміз, ақырзаманның қалай болғанын көрермендерге айтамыз, көрсетеміз, біздің соңғы эфиріміз сол болады! Сонан
кейін біз: “Құдайым, бізді құшағыңа ал” деп мінәжат айтамыз”...