Тұлға мен қоғам арақатынасы мәселелері
96.76K
Категория: СоциологияСоциология

Тұлға мен қоғам арақатынасы мәселелері

1. Тұлға мен қоғам арақатынасы мәселелері

ТҰЛҒА МЕН ҚОҒАМ
АРАҚАТЫНАСЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Орындаған:Есенова Асия
Топ: МБ-21

2.

Тұлға — жеке адамның өзіндік адамгершілік,
әлеуметтік, психологиялық қырларын ашып,
адамды саналы іс-әрекет иесі және қоғам
мүшесі ретінде жан-жақты сипаттайтын ұғым.
Aдамның әлеуметтік қасиеттерінің жиынтығы,
қоғамның даму жемісі және белсенді қызмет
ету мен қарым-қатынас орнату арқылы жеке
адамды әлеуметтік қатынастар жүйесіне
енгізудің жемісі.

3.

Тұлға проблемасы бірқатар ғылымдардың –
философиялық, социология, психология,
педагогика, т.б. ғылымдардың зерттеу объектісіне
жатады.Осы аталған және басқа да ғылымдардың
ғылыми мәліметтеріне сүйене отырып, әлеуметтану
ғылымы тұлғаны әлеуметтік өмірге белсенді түрде
араласатын, әлеуметтік қатынастардың субъектісі
ретінде қарастырады.
Тұлға әлеуметтік қатынастар мен байланыстардың
бастапқы агенті болып саналады. «Тұлға» дегеніміз
кім? Бұл сұраққа жауап беру үшін «адам»,
«индивид», «тұлға», деген ұғымдардың арасындағы
мазмұндық айырмашылықты біліп алуымыз керек.
«Адам» деген – адамзат баласының жер бетіндегі
басқа биологиялық организмдерден өзгеше
қасиеттерін сипаттайтын жалпылама ұғым.

4.

Индивид – жеке – дара адам. Барлық адамға
тән ортақ қасиет – ол тек қоғамда ғана өмір
сүреді. Ол қоғам ішінде ғана нәтиже алады,
себебі ол қоғамдық болмыс тәжірибесін бойына
сіңіреді. Жаңа туған сәбидің ата – анасынан
тәуелсіз өмір сүруге ешқандай қабілеті
болмайды. Бұл жағынан ол жануар,
хайуанаттардың кез келгеніннен әлсіз екені
белгілі. Мысалы, жұмыртқадан шыққан құс
балапаны бірден тамақ іздеп жүгіреді. Ата –
ананың, басқа адамдардың қамқорлық
көмегінсіз адам баласы өсіп жетіле алмаған
болар еді.

5.

Ч. Кули тұлғаның қалыптасуы айналасындағы
адамдар мен алуан түрлі қарым – қатынастар
мен байланыстар негізінде болды деп
тұжырымдады.Осылардың негізінде адам
өзінің «айнадағы мен» деген имиджін
жасайды. Ол үш элементтерден құрылады:
а) Жұрт мені қалай қабылдайды;
ә) Жұрт менің сыртқы түрімен қалай әсер етеді;
б) Мен жұрттың тигізген ықпалына қалай
жауап беремін.
Бұл теория біздің қоғамдық пікірді қалай
қабылдап, оған қалай жауап беру керектігін
түсіндіреді.

6.

Мидтің пікірінше, адамның тұлғаға айналу процесі үш
түрлі сатыдан құрылады.
Бірінші иммитация. Бұл сатыда балалар үлкен
адамдардың мінезіне еліктейді, бірақ, оны түсінбейді.
Кішкене бала үйдің еденін жумақшы болып, өзінің
ойыншық шаңсорғышымен бөлмеде жүреді.
Екіншісі, ойын сатысы. Бұл уақытта кішкене бала өзінің
мінезін – белгілі бір рөлді орындау арқылы көрсетеді.
Сөйтіп балалар өз істерін ойлап жасайтын қабілетке жете
бастайды.
Үшінші саты – ұжымдық ойын. Мұнда балалар тек өздерін
ғана ойлап қоймайды, сонымен қатар басқалардың нені
күтетінін түсіне бастайды. Мысалы, футбол ойнап жүрген
бала ойынның барлық ережелерін біледі. Бұны
команданың барлық ойыншылары да біледі. Балалардың
футбол ойының тәртібін, ережелерін білу оларды
адамдардың қоғамда өздерін қалай ұстау тәртіптерін біліп,
меңгеруіне бағыттайды. Бұл тәртіп, ережелер қоғамда заң
және ережелер түінде көрінетінін де түсініп, жақсы біледі.

7.

Тұлғаны одан әрі әлеуметтендіру процесі тек қана
адамдардың алуан түрлі бірліктері мен топтық
шеңберінде болуымен шектелмейді. Тұлғаны
әлеуметтендіру оны өз бетімен еркін адамзаттың
алдыңғы қатарлы тәжірибелеріне, мәдени бағалы
құндылықтарына, нысандарына, бағыттарына, т.б.
белсенді араласып, оларды терең игеруге, бойына
сіңіруге, өңдеуге мәжбүр етеді. Бұларды игерудің
нақтылы жолдары болады. Олар:
а) іс - әрекет, қызмет, бұған ойын, оқу, еңбек ету
жатады.
ә) қарым – қатынас, бұл – адамдардың бір – бірімен
ұдайы, үздіксіз алуан түрлі қоғамдық қатынастарда
болуын керек етеді.
б) өзіндік сана – сезімді дамыту, бұған ми мен
жүректің өз бетінше қызмет, іс - әрекет етуі
жатады.

8.

Тұлға тек қана әлеуметтік – қоғамдық қатынастардың
жемісі ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік іс әрекеттер, дің маңызды субъектісі де болып саналады.
Бұл іс - әрекет, қызмет қоғамның барлық салаларында
әрдайым көрініп отырады. Мысалы, экономикада,
саясатта, рухани өмірде, т.б. Көрнекті неміс
әлеуметтанушысы Макс Вебер әрбір адам өзінің іс әрекетіне белгілі бір мән, мағына береді деп атап
көрсеткен. Вебер осындай іс - әрекеттің біреуге
бағытталуын, нысаналауын тосу, күту, үміт ету
(ожидание) дейді. Мұнсыз ешқандай іс - әрекет, қимыл
әлеуметтік болып саналмайды. Мұндай әлеуметтік іс –
қимылдың алуан түрлері болады. Олардың ең бастысы
мақсатқа сәйкес келетін іс - әрекет
(целенаправленноедейсствие). Бұл мақсатқа сәкес
келетін іс - әрекет тұлғаның ойлаған мақсатына жету
үшін қолданылады.

9.

Вебер әлеуметтік іс - әрекетті, қимылды 4 типке
бөледі:
а) Ақыл – ойдың мақсатқа бағытталуы
(целерациональный). Мұнда әрбір іс - әрекеттің
мақсаты мен құрылымының бір – біріне сәйкестігі
көзделеді.
ә) Іс - әрекеттің құндылыққа бағытталуы. Мұнда
әрбір іс - әрекеттің басқа құндылық, бағалық үшін
өмір сүруі (мысалы, діни немесе моральдық, т.б.)
көзделген.
б) Аффективтік. Бұл адамның эмоциялық
реакциясына негізделген (аффективия).
в) Дәстүрлік (яғни, салт – дәстүрлік). Мұнда
адамның іс - әрекеті белгілі бір дәстүр, салтқа
сәйкес болады.

10.

М. Вебер атап көрсеткендей, адамның мінез –
құлқы деп, оның іс - әрекетінің, қызметінің
сыртқы көрінісін айтады. Оның негізгі үш түрі
болады:
а) Инстинктивті;
ә) қарапайым;
б) әлеуметтік;
Әлеуметтік мінез – құлық әр түрлі болады, олар:
а) Индивидуалды (яғни, жеке адамның мінез құлқы);
ә) Ұжымдық – бұл жалпы мұқтаждығы, талап –
тілегі және іс - әрекет мақсатының бірлігі негізінде
құрылған ұйымдасқан топтын мінез – құлықтары;
б) Бұқаралық – бұл бір типті, әрі ұйымдаспаған
үлкен бұқара тобының мінез – құлқы.
English     Русский Правила