№ 1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық-педагогтік колледжі
№ 1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық-педагогтік колледжі
  Аударма объектісі дерексіз жүйе емес, осыған орай нақты тілдік мәтін екеніне назар аударып, зейін қойып отырған жөн. Аудармашының жұмысы
Ал осы деңгейлердегі аударма процесінде қолданылатын техникалық әдістердің негізгілеріне төмендегілер жатады: 1) орын тәртібі (сөйлем құр
1. Орын алмастыру. Бұл – аудару үстінде түпнұсқа тілдегі элементтердің орналасу тәртібін аударма мәтінде өзгертіп жіберу. Алмастырылатын,
 Ауыстыру. Түпнұсқа мәтіндегі сөз формаларын, сөз таптарын, сөйлемшелерді, синтаксистік байланыс түрлерін т.с.с. ауыстыру. Кейде түпнұсқан
3. Қосу. Кейде түпнұсқа тілдегі құрылымда белгілі бір сөздің не элементтің айтылмай тұруы, көрінбей тұруы мүмкін. Ал аударуда сол элементті
4. Түсіріп тастау. Бұл – мәні жағынан қосуға қарсы тәсіл. Аудару үстінде түпнұсқадағы мағыналық тұрғыдан басы артық сөздер, оларды алып тас
74.35K

Мәтінді стилистикалық тұрғыда аудару тәсілі

1. № 1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық-педагогтік колледжі

Тақырыбы: Мәтінді
стилистикалық
тұрғыда аудару тәсілі
Алматы 2016

2. № 1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық-педагогтік колледжі

Тақырыбы:Аударма
процесіндегі
трансформалау әдісі
Алматы 2016

3.   Аударма объектісі дерексіз жүйе емес, осыған орай нақты тілдік мәтін екеніне назар аударып, зейін қойып отырған жөн. Аудармашының жұмысы

 
Аударма объектісі дерексіз жүйе емес, осыған орай нақты тілдік мәтін екеніне
назар аударып, зейін қойып отырған жөн. Аудармашының жұмысы осы нақты
мәтіннің тіліне байланысты істелетін нақты әрекеттерден тұратынын дәйім
ескеріп отырған ұтады. Ол нақты әрекеттер қандай? Ендігі сөз солар туралы.
Аудармада бара-барлыққа жету аудармашыдан әрқилы тіларалық өзгертулер
жасай білуді талап етеді. Мұндай өзгертулер аударматануда трансформалау
(трансформация) деп аталып жүр. Мұндай трансформалаулар көбінесе
түпнұсқа тіліндегі хабар, мағлұматтарды, ақпаратты, мазмұнды аударма тіл
нормаларын сақтай отырып жеткізу мақсатына бағындырылады.

4. Ал осы деңгейлердегі аударма процесінде қолданылатын техникалық әдістердің негізгілеріне төмендегілер жатады: 1) орын тәртібі (сөйлем құр

Ал осы деңгейлердегі аударма процесінде қолданылатын техникалық әдістердің негізгілеріне
төмендегілер жатады:
1) орын тәртібі (сөйлем құрылысындағы сөздер мен сөз тіркестерінің орын тәртібі);
2) ауыстыру (сөздерді, сөз таптарын, сөйлем мүшелерін ауыстыру; құрмалас сөйлемдегі
синтаксистік ауыстырулар; тілдік және контекстік нақтылау; генерализация; антономиялық аударма;
компенсация);
3) қосу;
4) түсіру [1, 190-231-бб.]. Осы негізгі техникалық әдіс-тәсілдерді қолдану шеберлігіне қарай
аударма түпнұсқаға дәл келмейтін (недоперевод) және түпнұсқадан әлдеқайда артық (көркем,
түсінікті, әсерлі, ғылыми) көрінетін (сверхперевод) нұсқа ретінде бағаланады.
Бұлай бөлуді, айта кету керек, шартты бөлу деп санаған дұрыс. Өйткені көбіне бұлар аудару үстінде
бір-бірімен қоса жарыса, бірігіп, араласып келіп отырады.

5. 1. Орын алмастыру. Бұл – аудару үстінде түпнұсқа тілдегі элементтердің орналасу тәртібін аударма мәтінде өзгертіп жіберу. Алмастырылатын,

1. Орын алмастыру. Бұл –
аудару үстінде түпнұсқа
тілдегі элементтердің
орналасу тәртібін аударма
мәтінде өзгертіп жіберу.
Алмастырылатын, әдетте,
сөздер, сөз тіркестері,
құрмалас сөйлемдерді
құрастырушы сыңарлардың
орын тәртібі, дербес
сөйлемдердің тіркестегі орны.
Аудару үстінде неғұрлым көп
кездесетін жайт – түпнұсқа
мәтіндегі сөздер мен сөз
тіркестерінің орын тәртібінің
аударма мәтінде өзгеріске
ұшырауы. Мысалы, орыс
тілінде сөйлемдегі сөздердің
орын тәртібі еркін, ал қазақ
тілінде қалыптасқан, тұрақты.

6.  Ауыстыру. Түпнұсқа мәтіндегі сөз формаларын, сөз таптарын, сөйлемшелерді, синтаксистік байланыс түрлерін т.с.с. ауыстыру. Кейде түпнұсқан

 Ауыстыру. Түпнұсқа мәтіндегі сөз формаларын, сөз таптарын, сөйлемшелерді, синтаксистік байланыс
түрлерін т.с.с. ауыстыру.
Кейде түпнұсқаның сөйлеміндегі нақты атаулар аудармада есімдік арқылы беріледі, кейде керісінше
болуы да мүмкін. Бұл – бір сөзді қайталай бермеу мақсатынан туған әрекеттер болады.
Түпнұсқадағы зат есім аудармада етістік түрінде беріле алады. Мысалы: Свист его сильным. – Ол
қатты ысқырды. Бұл жерде «оның ысқырығы қатты болды» деп аударса, түпнұсқа мәні өзгеріп, оны
қазақша «ашуы қатты болды» деп екіұшты түсініп қалуымыз мүмкін.
Орыс тілінен қазақ тіліне аударуда сын есімдердің зат есімге ауысып отыруы – жиі кездесетін құбылыс.
Мысалы: Английское Правительство. – Ағылшын Үкіметі; серебряная ложка – күміс қасық; мамино
пальто – шешемнің пальтосы т.с.с.
Кейде орыс тіліндегі предлогі бар зат есімдер қазақ тіліне сын есім түрінде де беріледі.
Мысалы: Девушка из города. – Қалалық қыз; человек с характером – мінезді адам т.с.с.

7. 3. Қосу. Кейде түпнұсқа тілдегі құрылымда белгілі бір сөздің не элементтің айтылмай тұруы, көрінбей тұруы мүмкін. Ал аударуда сол элементті

3. Қосу. Кейде түпнұсқа тілдегі
құрылымда белгілі бір сөздің не
элементтің айтылмай тұруы, көрінбей
тұруы мүмкін. Ал аударуда сол
элементті көрсетуге тура келетін
жайттар болады, міне, осыған
байланысты қосу тәсілі пайдаланылады.
Мысалы: Слава народам Казахстана! –
Қазақстан халықтарының даңқы арта
берсін! Решения сессии – в жизнь –
Сессия шешімдерін жүзеге асырайық.
Қосуға байланысты тағы бір байқалғаны
– аударма мәтін оқырманының
түпнұсқадағы берілгендер туралы
хабары болмауы. Мәселен, Олар
Припятьке таядыдеген сөйлемді осы
тәсілмен Олар Припять өзеніне
таяды деп беру ұтымды болуы мүмкін,
өйткені қазақ оқырманы «Припятьтің»
өзен, қала, әлде село екенін айыра
алмауы ықтимал. Тағы бір мысал: Ол
шіркеуге баратын күні келді. –Ол
жексенбіде, шіркеуге баратын күні,
келді (Христиандардың шіркеуге
жексенбі күні баратынын қазақтың бәрі
біле бермейді).

8. 4. Түсіріп тастау. Бұл – мәні жағынан қосуға қарсы тәсіл. Аудару үстінде түпнұсқадағы мағыналық тұрғыдан басы артық сөздер, оларды алып тас

4. Түсіріп тастау. Бұл – мәні жағынан қосуға қарсы тәсіл. Аудару үстінде түпнұсқадағы
мағыналық тұрғыдан басы артық сөздер, оларды алып тастаса да, мағына-мазмұнды өзгеріске
ұшыратпайтын, тым болмаса, нұқсан келтірмейтін сөздер түсіріліп тасталуы мүмкін.
Мұндай басы артық сөздер плеоназм құбылысына байланысты болатыны байқалады.
Мысалы, орыс тілінде «каждая минута времени», «в апреле месяце», «промышленная
индустрия» сияқты тіркестер қолданылады, бұларды ыңғайына қарай, контексті есепке ала
отырып, «әрбір минут», «сәуірде», «өнеркәсіп» деп аударуға да болады, өйткені минут сөзінің
өзі уақытты білдіреді, ал «апрель» ай аты екені мәлім, «промышленность» пен «индустрия»
сәйкес ұғымдарды береді.
Келесі бір кездесетін құбылыс – орыс тілінің сөйлеміндегі кейбір сөзді қазақ тілінде көрсету
міндетті болмай қалады. Мысалы: Солдаты остановились у дома, хозяйн встретил их. –
Солдаттар үй жанына келіп тоқтады, үй иесі қарсы алды.
Қазақ тілі синтаксистік құрылысының бір ерекшелігі сол, салалас құрмалас сөйлемді
құрастырушы сыңарлардың жалғаулықты, жалғаулықсыз болуы көбіне мағына өзгерте
бермейді. Ал орыс тілі синтаксисі үшін бұл – ұстанымдық қағидат. Сондықтан орыс тіліндегі
кейбір жалғаулықтарды аудармай-ақ түсіріп тастауға болады.
English     Русский Правила