691.58K
Категория: БЖДБЖД

Суды сүзу

1.

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық –
техникалық университеті
Машина жасау факультеті
Химия және химиялық технология кафедрасы
Тақырыбы:
Суды сүзу
Орындаған: МХТОВБ 11 магистранты
Меңдіхан Қ.Қ
Тексерген: доцент Гумаров М.Х

2.

Қатты бөлшектерді ұстап қалатын, ал сұықты
өткізіп жіберетін кеуекті бөгеттер жәрдемімен
суспензияларды ажырату, сүзу процесі деп аталады.
Сүзу процесінің мәні құрамында қоспалары бар
сұйықтықты сұйықтық үшін өте алатын және қатты
бөлшектер үшін өткізе алмайтын сүзуші материал
арқылы өткізу. Көп жағдайда сүзу суды өңдеудің
қорытынды сатысы болып табылады және суды
тұндырғыштарда немесе мөлдірлеткіштерде алдын ала
өңдегенен кейін жүргізеді.

3.

Сүзгіш материалына байланысты сүзгілердің жіктелуі:
1) Маталы немесе торлы сүзгілер;
2) қаңқалы сүзгілер;
3) түйірлі сүзгілер (құмды, керамзитті);
Сүзгіш материал ретінде жиі қолданылатындар:
1. кварц құмы
2. құм
3. қиыршық тас, антрацит, керамзит
Сүзу материалы ретінде қолданылатын затқа Денсаулық
сақтау министрлігінің рұқсаты болуы керек. Сүзгілердің
жұмыс тиімділігін анықтайтын негізгі көрсеткіш – сүзу
жылдамдығы болып табылады. Сумен қамтамасыз ету
тәжірибесінде әр түрлі құрылымдағы сүзгі қолданылады.

4.

Түйірлі сүзгілер өзінше былай жіктеледі:
1) сүзу жылдамдығы бойынша
- баяу сүзгі (V = 0,1 - 0,3 м/сағ);
- жедел сүзгі (V = 5,0 - 12,0 м/сағ);
- жүйрік сүзгі (V = 36,0 - 100,0 м/сағ).
2) қысымына байланысты
- ашық немесе арынсыз сүзгі;
- арынды сүзгі.
3) ағынның бағытына байланысты
- бір ағынды;
- екі ағынды.

5.

4) сүзгіш материалдың ірілігіне байланысты
- майда түйірлі;
- орташа түйірлі;
- ірі түйірлі.
5) сүзгіш қабаттың санына байланысты
- бір қабатты;
- екі қабатты;
- көп қабатты.

6.

Баяу сүзетін сүзгінің өнімділігі төмен болғандықтан,
кішігірім су құбырларында, ауылды елді мекендерде ғана
қолданылады. Ол бетоннан немесе кірпіштен жасалған
резервуар болып табылады, ішіне қабат-қабатпен,
бөлшектердің
өлшемі
жоғары
қарай
біртіндеп
азаятындай, ұсақтас, малтатас, қиыршықтас, құм, (0,81,0 метр) салынады. Сүзгінің түбінде темір-бетон
плиталарынан немесе саңылаулары бар түтіктерден
тұратын дренажды жүйе орнатылады. Су, сүзгі арқылы
баяу, сағатына 0,1-0,3 м жылдамдықпен өткізіледі. Баяу
сүзетін сүзгі арқылы суды тазарту бірнеше фактор
кешенінің әсерінен жүзеге асырылады: араласқан
заттардың механикалық ұсталуы адсорбция, тотығу
(суда еріген оттектің химиялық әсер етуі).

7.

Ірі су құбырлары станцияларында жылдам сүзгілер
қолданылады. Олардың сүзу жылдамдығы, баяу
сүзгілерге қарағанда, 50 есе жоғары, алайда, бұндай
сүзгілерден өтетін судың мөлшері көп болғандықтан,
олар тез ластанып, оқтын-оқтын, төменнен жоғары
қарай бағытталған, сумен жуып тазартуды қажет етеді.
Қазіргі кезде суды тазарту үшін санитарлық
практикада, сүзу жылдамдығы 10-12 м/сек болатын,
кварцты-антрацитті сүзгілер қолданылады. Сүзу
нәтижесінде
су
толық
мөлдірленеді
және
микроағзалардан, шамамен, 99% тазарады .

8.

Суды сүзу, бірбірімен принципі бойынша айрықша келетін,
екі әдіспен жүргізіледі.
1.Қабықты сүзу. Ол сүзуші толтырғыштың жоғарғы
қабатында судан ұсталған қоспалардан пайда болған қабық
арқылы сүзу. Биологиялық қабық баяу сүзгіштердің
жұмысында шешуші рөлді атқарады. Өте ұсақ қалқыма
бөлшектерді ұстаудан басқа, бұл қабық бактерияларды
ұстап
(олардың
санын
95-99%
азайтып),
судың
тотықтануын (20-40%-ке) және түсін (20%-ке) төмендетеді.
Баяу сүзгіштердің суды сүзу жылдамдығы 0,1-0,3м/сағат.
2. Көлемдік сүзу. Ол жедел сүзгіштерде жүргізіліп,
физико-химиялық
процесс
болып
табылады.
Коагуляцияланған
және
тұндырғыштан
немесе
мөлдірлеткіштен өткен су сүзгішке түседі. Сүзгіштің
бетіндегі су қабатының биіктігі 2 метрден кем болмау керек.

9.

Сүзу кезінде сұықтықты тесікшелері, бар материалсүзгіден өткізеді. Сүзгіш материалдар ретінде кварц құмы,
асбест, шыны-мақта, фосфор пластинкалар(Гуч ыдысы),
нығыздалған шыны (Шот ыдысы), текстильді маталар,
мақта, қағаз сүзгілер қолданылады.
Сүзілетін сұйықтықтың қасиетіне байланысты әртүрлі
материалдан жасалған сүзгілер қолданылады.

10.

Лабораторияда
көбіне
қағаз
сүлгілер
қолданылады. Олар қарапайым және қатпарлы
болады.
Егер
сүзілген
тұнба
әрі
қарай
пайдаланылатын
болса,
қарапайым
сүзгі
қолданылады. Қарапайым сүзгіні құйғыштың
өлшемдеріне сәйкес, шаршы қағазда дәл ортасынан
бүгіп, сүзгінің жиегі құйғыштың жиегінен 0,5 см.
Төмен түсіп тұратындай етіп бүктелген шаршының
жиегін доға етіп қайшымен қию арқылы даярлайды.

11.

Төрт бөктелген сүзгінің бір бөлігін ашып, құйғышқа
салады да, бір саусақпен басып тұрып дистеленген сумен
сулайды. Суланған сүзгі құйғыштың қабырғаына
жабысып тұруы қажет.
Бұл сүзгіні даярлау қарапайым сүзгі сияқты, бірақ
шаршы қағазға бірнеше рет бірдей бөліктерге бүктеу
арқылы жасалады.
Оңай
сүзілетін
сұйықтықтырды-қалыпты
қысымда, қиын сүзілетіндерді вакуум арқылы сүзеді.
Тұтқыр және қаныққан ерітінділер ыстықтай сүзіледі.

12.

Жедел арынсыз сүзгілерді алдын ала мөлдірлеген
(тұндырғыштарда,
мөлдірлеткіштерде,
түйістіруші
префильтрларда) суды тазартудың екі сатылы схемасында
және ауыз суы сапасындағы суды алу үшін реагенпен
өңделген алдын ала мөлдірленбеген суды тазартудың бір
сатылы схемасында қолданады.
Жедел арынды сүзгілер әсіресе техникалық мақсатта
(ауызсуы мақсаты үшін) қолданылатын суды алу үшін
реагенпен және реагентсіз өңделген алдын ала
мөлдірленбеген суды тазартудың бір сатылы схемасында
кең қолданылады.
English     Русский Правила