613.97K

Жүсіпбек Аймауытов (1889—1931)

1.

Тақырыбы :
Жүсіпбек Аймауытов
Орындаған: Айдарбекқызы Альбина
Топ: Аударма ісі 102
Қабылдаған: Әлібай Айшолпан

2.

Жүсіпбек Аймауытов (1889—1931) — қазақтың
көрнекті жазушысы, драматург, публицист, қазақ
әдебиетін қалыптастырушылардың бірі.
1917-1919 жылдары Алаш партиясына кірсе, 1919
жылы бірінші желтоқсанда Семейде кеңес өкіметі
орнап, Губревком құрылған мезгілде көптеген қазақ
жастарымен бірге мүше болады (Семей облыстық
мемлекеттік мұрағаты, 72- қор, 19-тізім-1, бума 7-3).
Жүсіпбек Аймауытұлы 1920 жылы Қазақстан
Кеңестерінің Құрылтай сиезіне делегат болып
қатысса, 1921 жылы Семей губерниялық оқу
бөлімінің меңгерушісі, «Қазақ тілі» газетінің
редакторы және журналистер бюросының хатшысы
қызметін атқарды. 1922-24 жылдары Қарқаралыда
мектеп мүғалімі, 1924-26 жылдары «Ақ жол»
газетінде бөлім бастығы міндетін атқарды. Қазақ
институтында істеді (Ташкент), 1926-29 жылдары
Шымкент педагогикалық техникумының
оқытушысы әрі директоры болды. атылды.

3.

Өмірі
Туып өскен жері Павлодар облысының Баянауыл
ауданына қарасты бұрынғы «Қызыл ту», қазіргі
Жүсіпбек Аймауытов
ауылы. Арғын тайпасы Сүйіндік руы Құлболды
бөлімінен шыққан[1].
Әкесі Аймауыт кедей болғанымен, арғы аталары
Дәндебай мен Қуан атақ-абыройлы, бай, ел арасында
білікті кісілер екен.
Жүсіпбек жастайынан арабша хат тану, оқу
үйренген. 1907 ж. бастап Баянауылдағы орысшақазақша екі кластық мектебінде, Керекудегі (Павлодар)
Павлодар
қазыналық ауыл шаруашылық мектебінде, Керекудегі
екі класты орыс қазақ мектебінде тиіп-қашып оқиды.
Қазақстан Кеңестерінің Құрылтайы
Бір жағынан бала оқытып, қаражат табады.
съезіне делегат болып қатысып, Қазақ
1911—1914 жж. ауылда мұғалім болып істейді.
АҚСР Халық ағарту комиссариаты
1914 жылы Семейдегі мұғалімдер
комиссарының орынбасары болып
семинариясына қабылданады. Оны 1918 жылы аяқтап
тағайындалады (1920).
шығады.
Мұнан соң Семей губерниялық оқу
Мұнан соң алашордашылардың істеріне
бөлімінің меңгерушісі (1921), «Қазақ тілі»
араласып, Семейде «Абай» журналын шығарысып, Қ.
газетінің редакторы.
Сәтбаевпен, М. Әуезовпен танысады.
Қарқаралыда мектеп мұғалімі (1922—
Кейін Алашордадан бөлініп, Коммунистік партия
1924), Ташкентте шығатын «Ақ жол»
қатарына өтеді (1919).
газетінің бөлім меңгерушісі.

4.

Шығармалары
Ж.Аймауытұлы ұлттық сөз өнерінің әр алуан саласында ерен
еңбек етті. Оның қаламынан туған, әсіресе ақындық әлемін
танытатын («Сарыарқаның сәлемі», «Көшу», «Нұр күйі», т.б.),
кемел прозашылығын («Әнші», «Елес», «Жол үстінде», «Қара
бақсы» - әңгімелер), «Күнікейдің жазығы», (повесть),
«Қартқожа», «Ақбілек» (романдар), белгілі драмашылығын
(«Сылаң қыз», «Мансапқорлар», «Рабиға», «Ел қорғаны»,
«Қанапия - Шәрбану», «Шернияз»), айтулы аудармашылығын
(«Сараң сері», «Тас мейман» (А.С.Пушкин), «Бақылаушы» (Н.В.
Гоголь), «Бейшаралар» (В. Гюго), «Дәмелі», (Ф. Дюшен), «Тау
еліндегі оқига» (С. Чуйков), сындарлы сыншылығын «Мағжанның ақындығы туралы», «Аударма туралы», «Сұңқар
жыры», жан жүйесінің білікті білгірі екендігін - «Тәрбиеге
жетекші», «Психология», «Комплекспен оқыту жолдары»,
«Жаңа ауыл» т.б. ғылыми еңбектері табиғи талант қырларын
жан-жақты жарқырата көрсетті. Балаларға арналған - «Жаман
тымақ», «Көк өгіз», «Шал мен кемпір», «Үш қыз» сынды
ертегілер қарапайым мәтін мен көркем суреттің табиғи
тұтастығы мен үндескен үлгісін терең танытады. Ең
маңыздысы, бұл еңбектер бүгін де рухани-тәлімдік қырларымен
мәнді.

5.

Ақбілек Романы
Ақбілек(романы) — Жүсіпбек Аймауытовтың қаламынан туған психологиялық роман.
Роман тұңғыш рет 1927 жылы «Әйел теңдігі» журналында жарияланды.
Ақбілек романындағы барлық оқиғалар тікелей өмірден алынған. Ақбілек романы - қазақ
ауылындағы дүрбелең жылдар шындығын, олардың дәстүрі мен тұрмысын, жекелеген
адамдардың іс-әрекеттері мен қарым-қатынастарын, әсіресе негізгі тұлға - Ақбілектің
қызығынан қиындығы мол өмір жолдары жайында мұң мен шер де, сыр да толғайтын
туынды.Бір ғана қазақ қызының күрделі тағдыры негізінде әлеуметтік төңкерістер
тұсындағы қазақ ауылының өзгеру процесін суреттеген алғашқы қазақ романдарының бірі.
Сонымен бірге халқымыздың өткен өмір көріністерін, адамдар арасындағы көзқарастар
қақтығысын, ел мен жер, келешек күндерге деген наным, сенімдері серпінді, шабытты,
көркем кестеленеді. Кейіпкерлер келбеті, іс-қимылдары да нанымды жеткізіледі. Қазақ
төңкерісінен кейінгі қазақ ауылының өмір-тірліктері, ақ гвардияшылар әрекеті кеңінен
көрініс береді. Романда көтерілген басты мәселе - қазақ қызының тағдыры,.әйел теңсіздігі.
«Ақбілек» романы - бір ғана қазақ қызының күрделі тағдыры негізінде әлеуметтік
төңкерістер тұсындағы қазақ ауылының өзгеру процесін суреттеген алғашқы қазақ
романдарының бірі. Шығарманың бас кейіпкері Ақбілек өшіккен адамдардың кесірінен ақ
әскерлердің тұтқынына түсіп, неше қилы қорлық көреді. Өз елінде де алуан қиындықтарға
жолығады. Кейін төңкеріс аяқталған соң қалаға кетіп, оқу оқып, өз бақытын табады.
Ақбілектің басынан өтетін осы оқ

6.

Шығарманың басты кейіпкерлері
Ақбілек - құрбыларының алды, теңдікке ұмтылған, азаттықты аңсаған, зорлыққа мойымаған,
өмірінен тағылым-ғибрат алған, жан-жүрегі таза, махаббат, мейірімі мол, өжет қыр қызы.Ақбілек
содырлардың ортасына түсіп, қарамұртқа ермек болды.Соған қарамастан өмірге деген құштарлық
сезімінен айырмады.
Бекболат - қара торы, орта бойлы, қошқар тұмсық, түлкі мұрт, шүңірек көз жігіт. Жасы жиырма
жетіде. Басында барқытпен тыстаған қара елтірі жекей тымақ, үстінде орысшалау пенжек, шалбар.
Сұр шапан, сар сафиянға қара ала жапқан күміс белбеу, аяғында көнелеу қисық табаны бар.
Белбеуіндегі жарғақ далбағайы, шашақты сары қынды мүйіз сапты өткір кездігі, алдыңғы
қапталдағы дабыл байлайтын ұзын қайыс шеттегі- оның өнерсіз жігіт еместігіме айғақ болады.
Мұқаш - таңқы мұрын, бадырақ көз, шұнақ құлақтау, жарбақтау, кірпі шаш, қырыс маңдай, қара
сұр жігіт. Жасы 35-те. Болыстыққа сайланбай қалған.
Офицер- романның басты тұлғасын жәбірлеп, арын аяққа таптаған жиіркенішті жан ғана емес,
империялық саясаттың ғасырлар бойы халқымызды билеп, басып-жаншып келген көрінісі ретінде
де есте қалады.
Ұрқия - Ақбілектің жанашыр жеңгесі. Ақбілектің қалаға келіп, көзін ашуына бірден бір себепкер.
Сонымен бірге баласы Ескендірді өсіруіне де көп көмектеседі.
Балташ - Ақбілектің жанын түсінген жігіт. Ақбілектің басынан өткен тағдырға қарамай, оған
ғашық болады. Балташтың бұл қасиетін бағалап, Ақбілек оған күйеуге шығады
English     Русский Правила