Похожие презентации:
Заңды күшіне енбеген сот шешімдеріне апелляциялық шағым беру, наразылық білдіру
1.
Заңды күшіне енбеген сотшешімдеріне апелляциялық
шағым беру, наразылық білдіру
2.
Сот шешімдеріне апелляциялық шағым беру меннаразылық келтіру құқығы
1. Осы тарауда көзделген ережелерге сәйкес заңды күшіне енбеген сот
шешімдеріне апелляциялық тәртіппен шағым жасалуы, наразылық берілуі
мүмкін.
2. Сот шешіміне апелляциялық шағым жасау құқығы іске қатысушы
тараптар мен басқа да тұлғаларға тиесілі.
3. Наразылық келтіру құқығы істі қарауға қатысушы прокурорға тиесілі.
Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры мен оның орынбасарлары, облыс
прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар мен олардың
орынбасарлары, аудандардың прокурорлары және оларға теңестірілген
прокурорлар мен олардың орынбасарлары өздерінің құзыреті шегінде істі
қарауға қатысуына қарамастан сот шешіміне наразылық келтіруге құқылы.
4. Іске қатысуға тартылмаған, бірақ сот құқықтары мен міндеттері жөнінде
шешім қабылдаған тұлғалар да апелляциялық шағым беруге құқылы.
3.
Апелляциялық шағымдар,наразылықтар беру (келтіру) тәртібі
мен мерзімдері.
1. Шағымдар, наразылықтар шешім, қаулы шығарған сот арқылы беріледі
(келтіріледі). Тікелей апелляциялық сатыларға келіп түскен шағымдар,
наразылықтар осы Кодекстің осы бабы екінші бөлігінің және 338-бабының
талаптарын орындау үшін шешім шығарған сотқа жіберілуге тиіс.
2. Шағымдар, наразылықтар іске қатысушы тұлғалардың санына қарай
көшірмелермен қоса сотқа беріледі (келтіріледі). Қажет болған жағдайларда
судья апелляциялық шағымды немесе наразылықты берген тұлғаны
апелляциялық шағымға немесе наразылыққа қоса тіркелген жазбаша
айғақтардың іске қатысушы тұлғалардың санына қарай көшірмелерін беруге
міндеттей алады.
3. Шағым, наразылық сот шығарған шешімнің көшірмелері тапсырылған
күннен бастап он бес күн ішінде берілуі (келтірілуі) мүмкін.
4. Істі қайта қарау кезінде шығарылған шешімге жалпы тәртіппен шағым
жасалуы, наразылық келтірілуі мүмкін.
4.
Апелляциялық шағымның немесенаразылықтың мазмұны
1. Апелляциялық шағымда немесе наразылықта:
1) шағым немесе наразылық жолданатын соттың атауы;
2) шағым жасайтын немесе наразылық келтіретін тұлғаның атауы;
3) шағым жасалатын немесе наразылық келтірілетін шешім және сол шешімді шығарған соттың атауы;
4) істі қараудың дұрыс еместігі неде екендігін көрсету;
5) заңдарға, өзге де нормативтік құқықтық актілерге және материалдарына сілтеме жасай отырып, шешімнің заңсыздығы немесе
негізсіздігі неде екендігінің негіздемесі;
6) шағым жасайтын немесе наразылық келтіретін тұлғаның шағымды немесе наразылықты толық немесе бөлігінде келтіретінін және
қандай өзгерістер енгізуді талап ететіндігін көрсету;
7) шағымға немесе наразылыққа қоса тіркелген құжаттардың тізімі;
8) шағымды, наразылықты беру (келтіру) күні және шағым, наразылық беретін (келтіретін) адамның қолы болуы тиіс. Өкіл берген
шағымға сенімхат немесе іске осындай өкілеттік болмаса, өкілдің өкілеттігін растайтын өзге де құжат қоса тіркелуге тиіс.
2. Апелляциялық шағымда немесе наразылықта айғақтарына апелляциялық шағым немесе наразылық бойынша дау айтылатын
куәларды шақыру туралы өтініштің де болуы мүмкін.
3. Апелляциялық шағым, наразылық беретін (келтіретін) тұлғаның бірінші сатыдағы сотқа табыс етілмеген жаңа айғақтарға сілтеме
жасауына тек шағымында олардың бірінші сатыдағы сотқа оларды табыс етуге мүмкіндігі болмауы негізделген жағдайда ғана жол беріледі.
5.
Бірінші және апелляциялық сатылардағы соттардың заңды күшіне енгеншешімдеріне, қаулыларына және ұйғарымдарына кассациялық тәртіппен
шағымдану және наразылық келтіру құқығы.
1. Бірінші және апелляциялық сатыдағы соттардың заңды күшіне енген
шешімдеріне, қаулыларына және ұйғарымдарына кассациялық шағымдану
және наразылық келтіру құқығы тараптарға және іске қатысушы басқа
тұлғаларға тиесілі.
2. Іске қатысуға тартылмаған, бірақ соттар олардың құқықтары мен
міндеттеріне қатысты шешім, қаулы немесе ұйғарым шығарған тұлғалар да
кассациялық шағым беруге құқылы.
3. Бірінші, апелляциялық сатылардағы соттардың заңды күшіне енген
шешімдеріне, қаулыларына және ұйғарымдарына кассациялық наразылық
келтіру құқығы істі осы сатыларда қарауға қатысқан прокурорға тиесілі.
Қазақстан Республикасының Бас прокуроры мен оның орынбасарлары,
облыстардың прокурорлары мен оларға теңестірілген прокурорлар істі
қарауға қатысқан-қатыспағанына қарамастан, бірінші және апелляциялық
сатылардағы соттардың заңды күшіне енген шешімдеріне, қаулыларына және
ұйғарымдарына наразылық келтіруге құқылы.
6.
Кассациялық шағым немесенаразылық беру мерзімі
• 1. Кассациялық шағым немесе наразылық
бірінші немесе апелляциялық сатыдағы соттың
шешімі, қаулысы, ұйғарымы заңды күшіне
енген күннен бастап алты ай ішінде берілуі
мүмкін.
2. Көрсетілген мерзім өткеннен кейін
берілген шағым немесе наразылық қараусыз
қалдырылады және шағымды немесе
наразылықты берген тұлғаға кері
қайтарылады.
7.
Кассациялық шағымның немесенаразылықтың мазмұны
1. Кассациялық шағымда немесе наразылықта:
1) шағым немесе наразылық жолданған соттың атауын;
2) шағымды немесе наразылықты берген тұлғаның атауын;
3) шағым жасалып немесе наразылық келтіріліп отырған шешімнің, қаулының және
ұйғарымның көрсетілуін;
4) шешімнің, қаулының және ұйғарымның дұрыс еместігі, сондай-ақ шағымды немесе
наразылықты берген тұлғаның өтініші неге саятындығының көрсетілуін;
5) шағымға немесе наразылыққа қоса тіркелген жазбаша материалдардың тізбесін
қамтуға тиіс. Кассациялық шағымға шағым берген тұлға немесе оның өкілі қол қояды.
Кассациялық наразылыққа прокурор қол қояды.
2. Егер кассациялық шағымданған өкілдің істі жүргізуге берілген сенімхатында
кассациялық шағым беру құқығы арнайы айтылмаса немесе ол бірінші сатыдағы сотта істі
талқылау уақытында процеске қатыспаса, кассациялық шағымға өкілдің өкілеттігін
куәландыратын сенімхат немесе өзге де құжат қоса тіркелуге тиіс.
8.
Сот қадағалауы тәртібімен қайтақаралуға жататын сот актілері
1. Жергілікті және өзге де соттардың заңды күшіне енген сот актілерін, оларға шағым
жасалудың кассациялық тәртібі сақталған жағдайда, іске қатысушы адамдардың өтініштері
және Қазақстан Республикасы Бас прокурорының наразылығы бойынша Қазақстан
Республикасының Жоғарғы Соты қадағалау тәртібімен қайта қарауы мүмкін.
Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген айрықша жағдайларда, заңды күшіне енген бірінші
сатыдағы соттың шешімі немесе апелляциялық сатыдағы соттың шешімі немесе қаулысы
Қазақстан Республикасы Бас прокурорының наразылығы бойынша сот қадағалауы тәртібімен
қайта қаралуы мүмкін.
2. Қазақстан Республикасының жергілікті және өзге соттарының заңды күшіне енген,
кассациялық тәртіппен шағым берілмеген актілері сот қадағалауы тәртібімен тексеруге
жатпайды.
3. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қадағалаушы сот алқасының қаулысы, егер
қабылданған қаулы адамдардың өмірі, денсаулығы не Қазақстан Республикасының
экономикасы мен қауіпсіздігі үшін орны толмас ауыр зардаптарға әкеп соғуы мүмкін айрықша
жағдайларда сот қадағалауы тәртібімен тексерілуі мүмкін.
9.
Заңды күшіне енген сот актілеріне өтініш беруге,наразылық келтіруге құқығы бар тұлғалар
1. Осы Кодекстің 384-бабының бірінші бөлігінде көзделген сот актілеріне дау айту туралы
өтініштерді тараптар және олардың өкілдері, іске қатысушы басқа да тұлғалар Қазақстан
Республикасы Жоғарғы Сотының қадағалау сот алқасына беруі мүмкін.
2. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры заңды күшіне енген сот актісіне Қазақстан
Республикасының Жоғарғы Сотына наразылық келтіруге құқылы.
3. Наразылық осы баптың бірінші бөлігінде аталған адамдардың өз бастамалары бойынша
да, өтініші бойынша да келтірілуі мүмкін. Өтініш наразылыққа қоса тіркеледі.
4. Өтінішті, наразылықты іс қадағалау сатысында қаралғанға дейін оны сотқа тиісінше арыз
беру жолымен жүгінген тұлға кері қайтарып алуы мүмкін. Сот іске қатысушы тұлғаға
наразылықтың кері қайтарып алынғаны туралы хабарлайды. Өтініш пен наразылықты кері
қайтарып алу қадағалау сатысында іс жүргізудің қысқартылуына әкеп соғады.
5. Осы Кодекстiң 393-395-баптарында көзделген ережелер прокурордың
наразылықтарына қолданылмайды және тiкелей қадағалау сатысында қаралады. Сот кеңесу
бөлмесінде осы Кодекстiң 387-бабында көзделген iстi қадағалау тәртiбiмен қайта қарау
негiздерiнiң бар-жоғы туралы мәселенi шешедi, содан кейiн прокурор наразылығын мәнi
бойынша қарайды. Аталған негiздер болмаған кезде сот iстi сот қадағалауы тәртiбiмен қайта
қараудан бас тарту туралы қаулы шығарады.
10.
Істерді талап етудің және заңды күшіне енген сотактілерін қайта қараудың себептері мен негіздері
1. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры не оның тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Бас
Прокурорының орынбасарлары, облыстардың прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар,
сондай-ақ Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьялары азаматтық істі қадағалау тәртібімен
тексеру үшін тиісті соттан талап етіп алдыруы мүмкін.
2. Осы Кодекстің 385-бабының бірінші бөлігінде аталған адамдардың өтініштері, сол сияқты осы
Кодекстің осы бабының екінші бөлігінде аталған прокурорлардың өз құзыреті шегіндегі бастамасы істерді
талап етуге себеп болып табылады.
2-1. Сот прокурордың істі талап ету туралы сұрау салуын ол сотқа келіп түскен күннен бастап күнтізбелік
жеті күннен кешіктірмей орындайды. Сұрау салулар байланыс арналары пайдаланыла отырып жіберілуі
мүмкін.
Істі талап еткен жағдайда қадағалау наразылығын келтіру туралы өтінішті прокурор іс прокуратураға
келіп түскен күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қарауға тиіс.
3. Заңсыз сот актісін шығаруға әкеп соққан материалдық не іс жүргізу құқығының нормаларын елеулі
түрде бұзу заңды күшіне енген шешімдерді, қаулыларды және ұйғарымдарды қадағалау тәртібімен қайта
қарауға негіз болады.
4. Соттың заңды күшіне енген шешімдерін, ұйғарымдарын, кассациялық қаулыларын, егер Қазақстан
Республикасының Конституциялық Кеңесі оларды шығаруда негізге алынған акт конституциялық емес деп
таныған жағдайда олар қадағалау тәртібімен қайта қаралуы мүмкін.
11.
Заңды күшіне енген сот актілеріне шағым жасау,наразылық келтіру мерзімдері
1. Соттың шешімі, ұйғарымы, қаулысы заңды күшіне енген
күннен бастап бір жыл ішінде өтініш, наразылық беруге болады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінің ережелері адам мен
азаматтың Қазақстан Республикасының Конституциясында
баянды етілген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан
келтіретін, осы Кодекстің 387-бабының төртінші бөлігінде
көзделген негіз бойынша сот шешімдерін, ұйғарымдарын,
қаулыларын қайта қарау жағдайларында қолданылмайды.
3. Егер қадағалау наразылығын келтіру туралы өтініш
прокурорға белгіленген мерзім сақтала отырып берілсе, бірақ
ол бойынша шешім қабылданбаса, сот наразылық келтіру
мерзімін ұзартады. Наразылықта бұл туралы көрсетілуге тиіс.