141.48K
Категория: ПсихологияПсихология

Әлеуметтік теңсіздік. Теңсіздік тудыратын факторлар

1.

Әлеуметтік теңсіздік. Теңсіздік
тудыратын факторлар.
Әлеуметтік теңсіздік – жеке индивидтер, әлеуметтік топтар,
қабаттар, таптар тік әлеуметтік мобильдік иерархиясының әр түрлі
сатыларында тұратын, өмірлік тең емес және қажеттіліктерді
қамтамасыз етудің мүмкіндіктерге ие әлеуметтік дифференцияның
ерекше түрі.
Орындаған: Муктар Жазира АКК-203

2.

Қоғамның әлеуметтік құрылымы
• 1. Қоғамның немесе әлеуметтік топтың ішкі
құрылымы, әлеуметтік топтар, институттар мен
олардың арасындағы өзара реттелген қатынастардың
жиынтығы.
• 2. Әлеуметтік құрылым негізінде еңбектің қоғамдық
бөлінісі, ерекше қажеттіліктер мен мүдделердің,
ережелер мен рөлдердің, өмір салтының және әртүрлі
әлеуметтік топтардың болуы жатады.
• 3. Әлеуметтік құрылым ұғымы «таптықө құрылым»
ұғымынан әлдеқайда кең, өйткені ол қоғамды тек
таптарға емес, сонымен қатар баска да әлеуметтік
топтарға, жіктерге бөледі.

3.

• Әлеуметгік саяси әдебиетте әлеуметтік құрылым
деп кең және тар мағынада екі түрлі түсінік бар.
Кең мағынада — бүкіл қоғамның құрылуы, оның
барлық элементтері арасындағы байланыс жүйесі.
Мұнда әлеуметтік құрылымды әлеуметтік
қауымдардың және олардың арасындағы
қатынастардың алуан түрін, сипаттайды. Олар —
әлеуметтік-этникалық топтар және т.б. қауымдар.
• Тар мағынада — әлеуметтік-таптық құрылым,
олардың арасында түрлі қабаттар мен қатынастар
тұзетін әлеуметтік таптар, әлеуметтік
топтар. Әлеуметтік топ дегеніміз адамдардың
белгілі бір қажетін қанағаттандыру мақсатында
өзара қарым- қатынас орната отырып, түрлі ісәрекеттерді жұзге асыратын көптеген адамдардың
үлкенді- кішілі жиынтығы. Бұл топ айтарлықтай
тұрақты, ортақ мұддесі бар және әдет - ғұрпы
бірдей жиынтық, белгілі бір тарихи қоғамда
қалыптасады.

4.

• Ғылыми – материалистік социология әлеуметтік
топтардың классификациясына тарихи принцип
тұрғысынан қарайды, яғни олар белгілі бір тарихи
қоғамда, қоғамдық-экономикалық формацияда,
қалыптасатын топтар деп түсіндіреді; екіншіден, таптық
қоғамдардағы ең негізгі әлеуметтік топтар – таптар,
қоғамдық өмірдің барлық салаларына, барлық басқа
әлеуметтік топтардың мінез-құлқына шешуші әсер ететін
де осы таптық топтасу деп түсіндіреді. Бұл материалистік
принцип әлеуметтік топтың ғылыми талдауының негізін
құрады. Бұл топтар бір-бірімен тең қатынаста болмайды.
Әр түрлі белгілері арқылы ажыратылады. Теңсіздік
әлеуметтік стратификацияның (strat, яғни қабат, топ)
барлық теориялары негізінде жатыр. Бұл теорияларды
түрлі бағыттағы ғалымдар жасаған. Түрлі әлеуметтік
топтар өзара бір – біріне әсер етеді. Мәселен, таптық –
антогонистік қоғамдар жағдайында барлық топтардың
мінез-құлқы таптардың күресімен анықталады,
сондықтан мұндағы әлеуметтік топтардың бүкіл жүйесі
конфликтілі (қайшылықты) сипатта болады.

5.


К.Маркс қоғамның әлеуметтік құрылымының бір жағы болып
табылатын таптық құрылымды, XX ғасырдағы екі антагонистік
таптың өзара әрекетін (буржуазия мен пролетариат) зерттеді.
Қоғамды дұшпандық таптарға бөлудің негізгі белгісі ретінде жеке
меншікті таныды (меншік иесі, меншікке ие еместер).
Макс Вебер де Карл Маркс сияқты меншіктік рөлін және
капитализмдегі теңсіздікті талдады. Бірақ, оның пікірінше теңсіздік
негізінде одан басқа белгілер де бар: байлық, бедел және билік. Бұл
негізгілерден басқа ол этникалық және діни, лингвистикалық
белгілерді де атайды.
Р.Дарендорф, пен В.Парето анықтаушы белгі — билікті басты ұғым
деп санады. Олар осыған байланысты қоғамды таптарға бөлудің
марксистік бөлінісін билікке ие (басқарушы) және билікке ие емес
(бағынушы) деп бөлумен алмастыруды ұсынады.
Бұл әлеуметтік теңсіздіктің себептерін түрлі социологтар түрліше
түсіндіреді. Мәселен, функционалдық теориялар ол себепті түрліше
қоғамдық қызметтердің маңыздылығы әр түрлі болатындығынан
іздейді.
Әлеуметтік стратификация дегеніміз адамдар арасындағы табиғи
және әлеуметтік теңсіздік; бұл теңсіздік олардың жоғарыдан төмен
қарай болатын теңсіздігінен көрінеді; бұл теңсіздікті түрліше саяси
мекемелер берік сақтап, реттеп отырады. Мұның бұлай екенін адамзат
қоғамының тарихи дамуы дәлелдейді. Адамдар арасындағы
теңсіздікті ұш топпен классификациялауға болады (1.Байлық, 2.Билік
,2.Бедел.)

6.

• П.Сорокиннің теориясына сәйкес қоғам түрлі страт —
қабаттарға бөлінеді, олар табыс деңгейі, қызмет түрі, саяси
көзқарасы, мәдени дәстүрі сияқты болып келеді. Әлеуметтік
стратификаттау мен әлеуметтік теңсіздік қоғамдағы табиғи
қалыпты жағдай болып табылады. П.Сорокин өзінің жалпы
адамдық стратификация картасын жасау әрекетінде бір өлшемді
және көп өлшемді стратификациалау әдістерін ұштастырып
қолданды. Сорокиннің пікірінше, дұниеде миллиондаған
әлеуметтік система мен топтасқан жиынтықтар бар. Бұл сансыз
көп әлеуметтік топтарды, классификациялаудың мақсатына
қарай, түрліше классификациялауға болады. Мұндай әлеуметтік
топтарға мыналар жатады:
• 1.
Аса маңызды бір жақты топтар, оның ішінде: нәсілдік,
жыныстық, жасына қарай.
• 2.
Мәдени әлеуметтік топтар: рулық, территориялық,
көршілестік, этностық және ұлттық топтар.
• 3.
Аса маңызды көп жақты топтар: отбасы, рулық топ,
тайпалық, ұлттық, әлеуметтік сословие, әлеуметтік топ.

7.

• Жоғарыда айтылғандардан ұғатынымыз: қазіргі қоғам көп өлшемді,
яғни қоғамда түрлі орындарға ие, түрлі белгілері бар көптеген
страттардан құралады. Таптар, әлеуметтік топтар, қабаттар қоғам
өмірінің барлық жағына әсер етеді. Осыдан келіп әлеуметтік
стратификаттаудың маңызы көрінеді.
Әлеуметтік құрылым динамикасының сипаты әлеуметтік
мобилділік (байланысқа) тәуелді болады. "Әлеуметтік мобилділік"
терминін әлеуметтануға ендірген П.А.Сорокин. Термин адамдардың
бір әлеуметтік қабаттан топтар басқасына өтуін, олардың барынша
жоғары орынға, билікке, табысқа көтерілуін, я болмаса өте төмен
әлеуметтік орын алмасу әлеуметтік кедергілерді жеңе білу арқылы
жылжиды. Ол ең басты кедергілердің бірінің пайда болуы салдарынан
болады. Мәселен, шығармашыл зиялылар отбасындағы сәби шаруа
немесе жұмысшы ортаның нормасы мен құндылықтарын әркезде
игере бермейді.

8.

• Қазіргі қоғамның әлеуметтік құрылымына талдау
жасауда орта тап қызығушылық тудырады.
Американ ғалымы У.Уотсонның моделіне сәйкес
қоғам ұш таптан тұрады: жоғары, орта, төмен тап.
Олардың ішінен де аралық таптарды айырып
көрсетеді. Сөйтіп, модельдің соңғы көрінісі
мынадай:
• I жоғары — жоғары тап. төменгі — жоғары тап.
• II жоғары — орта тап. төменгі — орта тап.
• IIIжоғары — төмен тап. төменгі — төмен тап.

9.

Бұл экономикасы дамыған елдерде ең көп
кездесетін орта тап. Бұлар - алдыңғы қатарлы
бизнесмендер, фирмадағы жалдамалы
менеджерлер, ірі заңгерлер, ғылыми элита,
эстрада жұлдыздары (жоғары орта тап),
сондай-ақ жалдамалы қызметкерлер инженерлер, орташа және ұсақ шенеуліктер
, оқытушылар, ғылыми инженерлер, орташа-және--ұсақ--шеиеуліктер, ғылыми
қызметкерлер, бөлімше басшылары, жоғары
білікті жұмысшылар (төменгі — орта тап).
Американың "Форбс" журналының (1997
шілде) мәліметінше бұл таптың орташа
табысы жылына 35 мың доллар (айына 2-3
мың доллар). АТоинби қазіргі индустриялық
дамыған қоғамдар — орта тап қоғамы деп
басқа көрсетеді. АҚШ-та олар тұрғындардың
3/4 бөлігін құрайды.

10.

!
English     Русский Правила