Похожие презентации:
Қазақ газеті
1.
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІТексерген : Исаева Алия Исаевна
Орындаған : 6В01508 – Химия –
Биология мамандығының 1 курс
студенті Кахар Диляра Ақылбайқызы
2.
Қазақ газетіЖоспар :
1. Қазақ газеті ;
2. «Қазақ» газетін шығаруды
ұйымдастырушы, редакторы ;
3. «Қазақ» газеті тілшілері ;
4. Қазақ газетінің мақсаты ;
5. Қорытынды.
3.
Қазақ газетіҚазақ газеті — 1913—
1918
жылдары Орынбор қала
сында жарияланып
тұрған қоғамдық-саяси
және әдеби-мәдени
басылым. № 1
номері 1913 жылы 2
ақпанда шыққан.
4.
Қазақ газеті1915 жылға дейін аптасына бір рет, одан кейін екі
рет шыққан. Бастырушысы — «Азамат» серіктігі.
Газетке қаржылай көмектескендердің
көшбасында Мұстафа Оразайұлы бар. Жалпы 265
нөмірі жарық көрген. Газет рәміздік-бейне
ретінде киіз үйді ұсынды. Бұл — қазақ ұлты
деген ұғымды берді. Оның түндігі батыстан
ашылып, есігіне «Қазақ» деп жазылды. Мұны
түсіндірген ұлт зиялылары «қазақ
ішіне Еуропа ғылым-өнері таралсын, Қазақ газеті
қазақ жұртына әрі мәдениет есігі, әрі сырт жұрт
жағынан күзетшісі болсын» деп жазды.
5.
Қазақ газеті«Қазақ» газетін шығаруды ұйымдастырушы,
редакторы — Ахмет Байтұрсынұлы, оның
өкілетті өкілі М. Дулатұлы болды. 1918 жылы
газетті Жанұзақ Жәнібекұлы басқарды.
Басылымда А. Байтұрсынұлы, Ә. Бөкейхан, М.
Дулатұлы, М. Шоқай, М. Тынышбайұлы, Ш.
Құдайбердіұлы, Ғ. Қараш, Р. Мәрсеков, Ж.
Тілеулин, Ғ. Мұсағалиев, М. Жұмабаев, Х.
Болғанбаев, Х. Ғаббасов, Ж. Ақпаев, Ж.
Сейдалин, С. Торайғыров, А. Мәметов, С.
Дөнентайұлы, Х. Досмұхамедұлы т.б.
авторлардың мақалалары жарияланып тұрды.
6.
Қазақ газетіXX ғасыр басында
аталған газет
оқығандардың,
діндарлардың,
шәкірттердің, қарапайым
сауаты бар адамдардың,
тұтастай жалпы ұлттың
ықыласпен оқитын
басылымына айналды.
Бұдан кейін пайда болған
барша елшіл газетжурналдар осы
«Қазақтың» шекпенінен
шықты.
7.
Қазақ газетіОсы газетке Қазақстанның әр өлкесінен хат жазып, мақалаларын
бастырып тұрған басқа да зиялы азаматтар көп болды. Солардың
ішінде Солтүстік өңірден (бұрынғы Ақмола облысы Петропавл уезі)
жазып тұрғандар да бірқатар еді. Солардың біразын келтіре кетейін.
Қазақтың ұлы ақыны Мағжан Жұмабаев 1913-1917 жылдары Омбы
қаласында мұғалімдер семинариясында оқыды, оны бітіргесін сол
қалада өзі ашқан қазақ мұғалімдерін дайындайтын курстың
меңгерушісі әрі оқытушысы болып қызмет атқарды. Сол жылдары ол
«Қазақ» газетіне өзінің өлеңдерін жариялап тұрды. Оның өлеңдері
сезімді селт еткізер жан дауысы, сұлулықтың мөлдір суретіндей
болатын. Оның өлеңдері көркемдіктің шырқау биік көрінісіндей
болып, өлеңге ғашық оқырманның құныға оқитын жырына, сөзден
сурет салар үлгісіне айналды. Ақынның «Қазақ» газетінде басылған
өлеңдерінің тақырыбы әр алуан. «Орал тауы», «Есімде, тек таң
атсын», «Жарыма» сияқты өлеңдері азаматтық лириканың озық
үлгілері ретінде ақынның азаматтық рухын танытса, «Туған жер»,
«Көңіл», «Зар» атты өлеңдері оның туа біткен табиғатына тән,
сезімнің нәзік қырларын шерткен сыршыл жырлар.
8.
Қазақ газеті«Қазақтың» белсенді тілшілерінің бірі – Ахмет
Жанталин. Троицк қаласындағы «Расулия» медресесін
бітіргесін зиялы азамат 1908 жылы өз ауылында қазақ
балаларына арнап орысша-қазақша мектеп ашқан.
Оның біраз түлектері кейін Алашқа адал қызмет еткен.
Ақпан революциясынан кейін Ахмет Жанталин
Петропавл уездік Алаш Орда бөлімінің белсенді
мүшелерінің бірі болды. 1918 жылы Петропавлда
шығып тұрған «Жас Азамат» газетіне мақалалар жазып
тұрды. Кеңес үкіметі кезінде әуелі ауылда мұғалім
болады да, 1920-1923 жылдары Петропавл уезіндегі
Преснов ауданында судья болып істейді. Бұл тұралы
Сәбит Мұқанов «Өмір мектебінің» 2-ші кітабында
жазған-ды.
9.
Қазақ газетіАхмет бұл кезде де жергілікті газеттерге
мақалалар жазып, проблемалық мәселелерге жұрт
назарын аударып отырған. Ахмет Жанталин
«Қазақ» газетіне қазақ ұлтының жанашыры
ретінде бірнеше мақалаларын жариялады.
Мәселен, газеттің 1913 жылғы 10 ақпанда
шыққан №2 санында оның «Медреседе оқып
шыққан шәкірттеріміз не болмақ?» деген
проблемалық мақаласы жарық көрсе, сол жылғы
23 маусымда шыққан «Емтихан» атты
мақаласында қазақ арасындағы оқу-ағарту ісінің
жайына жұрттың назарын аударады.
10.
Қазақ газеті1914 жылғы 31 қантарда жарық көрген
«Государственная Думада» атты мақаласында
Мемлекеттік Думада қазақ елінен делегаттардың
жоқтығына назаланады. Сол жылғы 15-ші
маусымдағы мақаласында орыс тіліндегі оқу
орындары мен татар тіліндегі оқу орындары
туралы айта келіп, қазақ арасындағы оқу-ағарту
проблемасын көтереді. Газеттің сол жылғы 9
шілдедегі санындағы «Жер мұңы» атты
мақаласында Патша үкіметінің қоныс аудару
саясаты қазақ жеріне салына бастаған қалалар,
жер бөлу ісіндегі озбырлыққа наразылық жайы
сөз болады. Бұлардан басқа да бірталай проблемалық мақалалары осы газетте жарияланды.
11.
Қазақ газеті20-шы жылдардың екінші жартысында оның
басына да қара бұлт үйіріле бастады. Мұны сезген
Ахмет Ресейдің Түмен облысына барып
паналайды. Сол жақта 1950 жылы 75 жасында
қайтыс болады. Жұмағали Тілеулин (1889-1937) –
Міржақып пен Мағжанның досы, дәрігер әрі
педагог, Алаш Орданың Петропавл уезіндегі
бөлімшесінің белсенді мүшесі, Омбы қаласында
құрылған Ақмола облыстық қазақ комитетінің
мүшесі, «Қазақ» газетінің жергілікті белсенді
тілшілерінің бірі. «Қазақ» газетінде ол көбінесе
дәрігер ретінде денсаулық сақтау туралы
проблемалық мақалалар жазды.
12.
Қазақ газеті1913 жылы газеттің бірнеше санында «Денсаулық
сақтау жайында» атты мақаласы, 1914 жылы
қантар-шілде айларында «Денсаулық мәселесі,
түрлі аурулардан сақтану, емделу жолдары» атты
көлемді мақаласы жарық көрді. 1915 жылы 28
ақпанда оның Ахмет Жанталин туралы «Ұлтшыл
жігіт» атты мақаласы жарияланды. 1917 жылы 3
шілдеде «Жалпы мұсылмандар съезі» атты
мақаласы басылып шықты. Мақалада ол сол 1917
жылғы 1-12 мамырда Мәскеуде өткен Ресей
мұсылмандарының съезі туралы өз ойымен
бөліседі.
13.
Қазақ газетіӘбуһайра Жұсыпов (1887-1967) кезінде Уфа
қаласындағы «Ғалия» медресесін бітірген. Алаш
партиясының мүшесі болған. Кеңес үкіметі
тұсында мектепте бала оқытқан, болыстық атқару
комитетін (волисполком) басқарған. Бірақ 1929
жылы бай адам ретінде тәркіленіп,
Қарақалпақстанға жер аударылған. Тек 1956 жылы
ақталып елге оралған. Алайда оны «Алаш
партиясының белсенді мүшесі болды» деп, ауылдастары жылы қабылдамаған. Сондықтан ол
Оңтүстік Қазақстандағы Шәуілдір деген елді
мекенге қоныс аударған.
14.
Қазақ газетіСол жерде шығармашылықпен айналысып,
естеліктер жазған. Сонда 1967 жылы 80 жасында
қайтыс болған. Шығармалары жоғалған. Ол
кезінде «Айқап» журналына және «Қазақ» газетіне
халықтың ауыр тұрмысы туралы мақалалар жазған.
Газетке берген өлеңдерінде ауылдағы қелеңсіз
жайларды сынайды. Байбатыр Ержанов-Құлақбаев
туралы жазушы Сәбит Мұқанов өз естелігінде:
«Жас жазушылардың Қызылжарда тұратындары
1925 жылдың күзінен бастарын қосып әдебиет
үйірмесін жасады.
15.
Қазақ газеті«Қазақ» газетінде Байбатыр ЕржановҚұлақбаевтың «Жұмбақтар», «Жаңбырлы дауыл»,
«Нәзік көңіл», т.б. өлеңдері, «Бозбалаларымыздың
түрі», «Көкшетауда көргендерім», «Қазақ
халқынан бір-екі сөз», т.б. қара сөзбен жазған
мақалалары жарық көрді. Ибрагимов Хамза
«Ғалия» медресесін бітірген. Біраз жыл елде
мұғалім болып бала оқытқан. Бірақ 1929-30
жылдары бай ретінде қуғындала бастағанда
Ресейдің Түмен облысына қоныс аударған. Сонда
жүріп «Әубәкір молда», т.б. әңгімелер жазып,
шығармашылықпен айналысқан. «Қазақ»
газетінде оның «Мұғалім қуу» атты мақаласы
1915 жылы 20 мамырда шығыпты.
16.
Қазақ газеті«Қазақ» газетінің 1917 жылғы 4-ші шілдедегі санында Қызылжарлық мұғалім
А.Жолмұхамбетовтың дәрігер Жұмағали
Тілеулин туралы мақаласы жарияланды.
Сол жылғы 27 мамырда оның
«Учительдер съезінің қаулылары» атты
мақаласы жарық көрді. Мақалада сол
жылғы 7-8 мамырда Қызылжарда өткен
Қызылжар уезінің мұғалімдерінің съезі
туралы айтылған.
17.
Қазақ газеті“Қазақ газеті” туралы Қ. Аллаберген , Ж.
Нұсқабай , Ф.
Оразай “Қазақ журналистикасының тарихында
(1870-1995
жылдар)”: “Қазақ” газетінің материалдарынан ба
йқалғанындай , ол
“солшыл бағыттағы органдардың тактикасын”,
яғни революцияшыл бағытты қолдады .
Ондағы мақсаты — самодержавиені құлату
, буржуазиялық-демократиялық өзгерістер
мен бостандық үшін үгіт-насихат жүргізу болды
” — деп тұжырым жасаған .
18.
Қазақ газетіӘрине , мұндай шындыққа сай келмейтін ,
ғылыми негізі жоқ тұжырыммен келісу қ
иын . Өйткені ,
бір ғана нөмірі шығып жабылып қалған
“Қазақ газеті” түгіл 6 жыл бойы дерлік
шығып тұрған ,
265 нөмірі жарық көрген “Қазақ” та өзін
ің алдына “самодержавиені құлату ,
буржуазиялықдемократиялық өзгерістер мен бостандық
үшін үгіт насихат жүргізу” мақсатын қой
ған жоқ.
19.
Қазақ газеті“Қазақ” газеті шын мәнісінде туған
халқының оқу-өнерге сусап, шөлдеп қалған
мейірін қандырып, білім дариясына армансыз
шомылып, еркін жүзуіне бар пейілін салды.
Редакторы Ахаңның өзі бас боп, газет бетінде
исі қазаққа арнап білім жарысын
ұйымдастырып, ата салт-дәстүрдің
жоралғысымен бәйгі жариялап, пікірін
оздырған шын жүйрікке де, ақ-адал көңілімен
қосылған талапкерге де сәт сапар тілеп, оң
батасын берді.
20.
Айқап журналы1.
2.
3.
4.
5.
6.
"Айқап« журналы ;
Журналды шығару
жұмыстарына қызмет атқарған белгілі
жазушылар ;
Айқап журналының ашылу тарихы ;
Айқап журналынды қозғалған
мәселелер ;
Айқап журналының тоқтау себебі ;
Қорытынды.
21.
Айқап журналы"Айқап" - қоғамдықсаяси және әдеби
журнал.
1911-1915
жылы Троицк қаласынд
а басында айына бір рет,
кейіннен айына екі рет
шығып тұрған. 1-2 мың
данамен 88 нөмірі
жарық көрген. Алғашқы
редакторы - М.Сералин.
22.
Айқап журналы"Айқап" қазақтың қоғамдық санасының оянуына және
ұлттық мәдениеттің дамуына үлкен үлес қосқан.
Журналда қазақ ауылдарындағы оқу-ағарту
жұмыстары, әйел теңдігі, отырықшылық өмір салтына
көшу, сонымен қатар Мемлекеттік Думаға қатысу
жөніндегі саяси мәселелер көтерілді. Журналды
шығару жұмыстарына Ә
.Ғалимов, С.Торайғыров қатысқан.
Журналда А.Байтұрсынұлы, Ш.Құдайбердіұлы, Б.Май
лин, Б.Өтетілеуов, С.Көбеев, Н.Құлжанов, т.б. сияқты
белгілі жазушылар белсенді қызмет
атқарған. Абай, Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин өлеңдері
мен қатар халық ауыз әдебиетінің шығармалары,
шығыс, орыс және еуропа әдебиетінің туындылары
жарияланған.
23.
Ұзақ уақыт күш-жігер жұмсап, аянбайеңбектенуінің арқасында М. Сералин 1910 жылдың
аяғында журнал шығаруға рұқсат алды. “Қостанай
уезінің Шұбар болысы № 5 ауылының қазағы М.
Сералинге, – делінген құжатта,- Троицк қаласында
оның жауапкершілігімен мынадай бағдарлама
бойынша: бас мақалалар, шетелдік хабарлар,
мұсылмандар өмірінің мәселелері, хроника,
фельетондар мен өлеңдер, библиография және
ғылыми мақалалар, аралас дүниелер және
редакцияға хаттар бағдарламасымен ай сайын “Эйкафь” журналын шығаруға рұқсат берілді”.
Прогресшіл демократияшыл зиялылардың сан
жылдар бойы аңсаған армандары орындалды:1911
жылғы 10 қаңтарда Троицкіде қазақ халқының
тарихындағы тұңғыш “Айқап” ұлттық журналының
бірінші нөмірі шықты.
24.
Ұйымдастырушы және баспагер, идеялық басшысыжәне редакторы М. Сералин (1872-1929) бұрын
педагоктік және журналистік қызметпен айналысқан,
сол кезге қарай белгілі ақын, әдебиетші, қоғам
қайраткері болған. Кеңестік тарихнаманың дегені
жүріп тұрған кезеңде көптеген зерттеушілер
идеологияға жағынып, М. Сералинді XX ғасырдың
басында Оңтүстік Оралдың революцияшыл
социалдемократтардың шеңберіне кезігуге тырысты.
Мұның бәрі “Айқап” журналын кеңес өкіметі
контрреволюциялық ұлтшыл деп айыптаған “Қазақ”
газетіне қарсы қою мақсатымен жасалған еді. М.
Сералиннің өз айтуына қарағанда, журнал “еңбекші
таптың органы болған жоқ. Халықтық болған ол
белгілі бір таптық, саяси және экономикалықбағдар
ұстанбады ”.“Оренбургский край” газетінің журналды
“жергілікті халықтық басылым” деп атағаны кездейсоқ
емес.
25.
М. Сералиннің сіңірген еңбегін атап өте келіп,зерттеушілер ол “Қазақстанда демократиялық
бағыттағы ұлттық журнал шығаруды бірінші
болып жолға қойды. “Айқап” журналы білім
әлеміне ашылған бір терезе болды”деп атап
көрсетеді. М. Дулатов “Оян ” деп қазаққа дабыл
қаққаннан кейін М. Сералиннің демократияшыл
зиялыларды, либерал-революциялық ниеттегі
студент жастарды іс жүзінде топтастырып,
олардың назары мен жігерін жалпы ұлттық
проблемаларды шешуге шоғырландыра білгенін
айту керек. “Айқап” патша өкіметінің
реакциясынан кейін қазақ қоғамын оятты, “Қазақ”
газеті оның жақсы дәстүрлерін жалғастырып,
жаңа биікке көтерілді.
26.
Айқап журналыМ.Сералинмен қатар, Б. Қаратаев, Ж.
Сейдалин, С. Торайғыров журналдың рухани
жетекшілеріне айналды. “Айқап” төңірегіне
әртекті қазақ демократияшыл зиялыларының,
талантты студент жастардың өкілдері
топтасты. Журналға А. Ғалымов, М.
Жолдыбаев, Т. Жомартбаев, М. Кашимов, Қ.
Кемеңгеров, М.Ж. Көпеев, А. Мұсағалиев, Б.
Сыртанов, С. Лапин, Н. Манаев және тағы
басқалар белсене қатысып тұрды.
27.
Журнал беделінің өсуіне бастапқы кезеңде оныңжұмысына А. Байтұрсыновтың, М. Дулатовтың
қатысуы себепші болды. Дала өлкесінің
демократияшыл қалың жұртшылығы кейіннен қазақ
мәдениетінің, әдебиетінің аса көрнекті
қайраткерлеріне айналған дарынды тұлғалар: С.
Сейфуллин, Ш. Құдайбердиев, Б. Майлин, С.
Дөнентаев, С. Торайғыров, М. Жұмабаевтардың
шығармашылығымен танысуға мүмкіндік алды.
Журнал беттерінен қырғыз И. Арабаев, ноғай С.
Ғаббасов, түрікмен Ш. Назари және басқалар
көрінді. Қазақ әйелдері Сақыпжамал Тілеубайқызы,
Мариям Сейдалина, Гүлайым Өтегенқызы, Нәзипа
Құлжанова журнал беттерінде әйелдердің тең
құқықтығы, қазақ әйелдерін азат ету, балалар мен
аналарды қорғау проблемасын көтерді.
28.
Айқап журналы“Бізге не істеу керек?” деп аталған
мақаласында “Айқап” өз бағдарламасын былай
деп белгілеген:
1. Отырықшылыққа көшу, қалалар тұрғызу,
жерден қол үзбеу ;
2. Мектептер мен медреселер ашу, білімді әрі
мәдениетті болу ;
3. Дін істерін өз қолына алу, өз мүфтиін сайлау ;
4. Мемлекеттік Думаның мінберінен халық
мүдделерін қорғау және оларды үкіметке
жеткізе алатын депутаттардың болуы ;
5. Петербургте тұрақты өкілдік болуы .
29.
“Айқап” нөмірден-нөмірге жер мәселесіне зоркөңіл бөліп отырды. Бұл түсінікті де. Патша
өкіметі орыс және украин шаруаларын қоныс
аудару қозғалысының қарқынын ұлғайту
мақсатына қазақтардың құнарлы жерлерін күштеп
тартып алу жолымен “қоныс аудару қорын” құрды.
“Айқап” жетекшілері мұндай жағдайда
көшпелілер мен жартылай көшпелілердің
отырықшылануы, “тұрғылықты ауылдық елді
мекендер” салу, егіншілік негізінде қазақ
шаруаларының тұрмыс-салтын өзгерту қажет деп
саналды. “Қазақ” газетінің жетекшілері, ең
алдымен Ә. Бөкейханов басқаша көзқараста
болды. Журнал мен газет арасындағы жер мәселесі
жөніндегі пікірсайыс екі жақтың да көп күшін
алды.
30.
Айқап журналы“Айқап” журналы ағарту ісі мен
мәдениеттің жаршысы болды. М. Сералин
“біздің ғасырымыз-ғылымның ғасыры”
деп санады. Ол Ш. Марджанидің,
Ы.Алтынсариннің ізбасары болды.
Жәдидшілдіктің, жаңа әдіспен дауыстап
оқытудың атасы И. Гаспринскийді өзінің
ұстазы және тәләмгері деп білді.
31.
Айқап журналыСонымен бірге М. Сералин “Айқап”
беттерінде мұсылмандардың қасиетті
кітабының мазмұнын ыңғайлы, түсінікті
нысанда баяндауға тырысқан авторлардың
мақалаларын жариялап отырды.
“Айқап” журналының қазақ фольклорын
зерттеудегі, абайтануды қалыптастырудағы,
орыс және дүниежүзі классикалық
әдебиетінің рухани мұрасын насихаттауда
атқарған рөлі зор.
32.
Айқап журналыБірінші дүние жүзілік соғыстың басталуы
жағдайында едәуір шиеленіскен зор қаржы
қиындықтары, зиялылардың бір бөлігінің сол
кезге қарай өзінің көркемдік
толысқандығымен, қазақ әдеби тілін
түлетуімен, стилінің сындарлылығымен және
ең бастысы-толғағы жеткен жалпы ұлттық
проблемаларды қоюымен әйгілі болған
“Қазақ” газеті жағына шығуы 1915 жылдың
тамызында“Айқап” журналы шығуының
тоқтауына себеп болды.
33.
Айқап журналы«Айқап» журналы ХХ ғасыр басындағы қазақ
зиялыларының ұлты үшін атқарған ұлы еңбектерінің
куәсі. Журнал 1911 жылдың қаңтары мен 1915 жылдың
қыркүйегі аралығында Троицк қаласынан кейде айына
бір рет, кейде екі рет шығып тұрған қазақтың алғашқы
қоғамдық саяси және әдеби-мәдени журналы.
Редакторы – көрнекті көсемсөзші, ақын, зерттеуші
Мұхамеджан Сералин. Журналды шығару ісіне татар
ұлтының зиялылары біршама қаржылай-рухани көмек
көрсеткен. Басылымның 88 саны жарық көрген.
34.
Алаш зиялыларыЖоспар :
1. Алаш туралы түсінік ;
2. Алаш зиялылары ;
3. Алаш партиясы ;
4. Алаш Орда үкіметі ;
5. «Алаш» партиясының өмірге келуі ;
6. Қорытынды.
35.
Алаш зиялыларыАлаш қозғалысы – тарихи – саяси , айрықша құбылыс
ретінде ұлтымыздың мәдени – рухани даму жолын жаңа
арнаға бұрғаны сөзсіз. Өйткені ол Қазақ баласының саясат
, мәдениет сатысына көтерілгендігін айғақтай отырып ,
ендігі жерде ұлт ретінде дербес өмір сүруге , өзге елдермен
терезесі тең халық ретінде азат күн кешуге болатындығына
әлеуметті сендіре алған жаңашыл қозғалыс еді. Алаш
қозғалысының ең ұлы мақсаты – ұлттық тәуелсіз мемлекет
құру .
Алаш – халқымызды бесігінде тербеп , есейіп ат жалын
тартып мінгенде бойына күш – қуат және сенім берген
ұлттық идея.
Алаш – ұлттың өзін бөлінбес тұтас жер , яғни территория
ретінде сезінуі.
36.
Алаш зиялылары37.
Алаш зиялылары38.
Алаш зиялылары«Алаш» партиясы (1917—1920) — Тұңғыш
жалпықазақ съезін шақыру туралы шешім 1917
жылғы сәуір айында өткен Торғай облыстық қазақ
съезінде қабылданып, съезд оны даярлауды
Ә.Бөкейханов пен А.Байтұрсынов бастаған бір топ
қазақ зиялыларынан құрылған айрықша бюроға
тапсырды. XX ғасырдың бас кезіндегі ұлт-азаттық
қозғалыс тарихының өзекті мәселелерінің бірі –
Алаш партиясының құрылуы, оның тарихи
негіздері, саяси әлеуметтік сипаты және тарихта
алатын орны. Қазақ зиялылары саяси партия құру
әрекетін бірінші орыс революциясы жылдарындаақ қолға алған болатын. Төрағасы — Әлихан
Бөкейханов.
39.
Алаш зиялыларыXX ғасырдың басындағы елдегі аласапыран қиын
кезеңде халықтың қамын ойлаған саяси күш – Алаш
қозғалысы болатын. Осы қозғалыстың басында –
саяси мәдениеті әлемдік деңгейге көтерілген, оқыған,
сауатты, кәсіби даярлығы заманына сай
адамгершілік-имандылық қасиеттері ата-бабамыздың
сан ғасырлық қастерлі құндылықтарымен сусындаған
Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов,
М.Тынышбаев, Ж.Ақбаев, Б.Қаратаев сияқты
дүлдүлдер тұрса, солардың ізін басқан болашақтың
нарқасқа ұлдары – Ж.Досмұхамедов, М.Жұмабаев,
С.Сейфуллин, М.Шоқай, Т.Рысқұлов, С.Сәдуақасов,
Ж.Аймауытов, М.Әуезов тағы басқалар одан әрі
дамытты.
40.
Алаш зиялыларыБірінші жалпықазақ съезіне қатысқан М.Шоқаев
өзінің естеліктерінде бұл жиынға өзбек және татар
елдері өкілдерінің де қатынасып, өздерінің ыстық
ықыласын білдіргендігін айтып: «Сөйтіп
құрылтай ұлы түркі халықтарының бас қосқан
үшеуінің мызғымас бірлігін көрсететін сахнаға
айналды» - дейді. Бірінші жалпықазақ съезін
ұйымдастыру бюросы «Қазақ» газетінің 24маусым күнгі санында съездің тәртібіне
қойылатын мәселелерге байланысты ел талқысына
өз тұжырымдарын ұсынды. Тезистер түрінде
баяндалған бұл мәселелердің бәрі дерлік кейін
бірінші жалпықазақ съезінің күн тәртібіне енді.
41.
Алаш зиялыларыАлаш партиясы мүшелері Алаш Орда үкіметінің
құрамында барынша көпшілігі болған. Тарихты
халық жасағанымен, қоғамның тарихи даму
заңдылықтарын реттеп отыратын заңдар мен
құқықтық құжаттарды, саяси-құқықтық
доктриналарды нақты тұлғалар жүзеге асыратыны
белгілі, осы салада мемлекеттік тілдің де атқарар
қызметі зор. Қазақ жері екі ғасырдан астам Ресей
самодержавасының қол астында болған жылдарда,
қазақ халқының өз тағдырын өзі билеу құқығынан
айырғаны, көк түрік дәуірінен бастау алған бірегей
саяси тарихы бар халық, түгелдей империялық
заңдардың бұғауына түскені, біздерге тарихтан
белгілі.
42.
Қазақ қоғамының осы қасіретін халықтың озықойлы, көзі ашық өкілдері аңғара бастады. Олар
халықты саяси күрес додасына бастап шықты.
Бұған себеп болған 1917 жылғы Ресейдегі қос
төңкеріс еді. Патша үкіметінің тақтан құлауы
саяси күресті одан әрі қыздыра түсті. Қазақ
зиялылары саяси қызметтің қатерлі жолына
жалтақтамай, жанқиярлықпен күрескен көрнекті
тұлғалар шықты. Олар: Әлихан Бөкейханов,
Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Жақып
Ақбаев, Әлімхан Ермеков, Халел Досмұхамедов,
Жаһанша Досмұхамедов және т.б. болатын. Олар
патша самодержавасының қазақ халқының саясисезімінің қалыптасып, оның саяси күреске
ұласуына, барынша кедергі келтіріп отырғанын
бірден түсінген еді.
43.
Алаш зиялылары1917 жылдың 21 қараша күні «Қазақ»
газетінде Алаш партиясы бағдарламасының
жобасы және съез материалдары жарияланды.
«Алаш» партиясының өмірге келуі үлкен
саяси мәселе еді. Сол кездегі қазақ
зияларының ғылыми жұмыстарымен де, оқуағарту ісімен де, алғашқы қазақ тілінде
басылымдар шығару әрекетімен де, көркем
әдебиетімен де айналысқанын көруге болады.
44.
«Алаш» партиясы бағдарламасының жобасындағытоғызыншы тарауда «Ғылым-білім үйрету»
жөнінде
- Оқу ордаларының есігі кімге де болса ашық,
ақысыз болуы;
- Жұртқа жалпы оқу жайлы; бастауыш мектептер
ана тілінде оқылады;
- Қазақ өз тілінде орта мектеп, университет ашуға;
- Оқу жолы өз алдына автономия түрінде болуы;
- Үкімет оқу ісіне кіріспеуі;
- Мұғалімдер-профессорлар өзара сайлаумен
қойылуы;
- Ел ішінде кітапханалар ашылу туралы айтылады;
- Газет шығаруға, кітап бастыруға еркіншілік - деп
көрсетілген.
45.
1917 жылғы 5-13 желтоқсанда Орынбор қаласындаЕкінші жалпықазақ съезі өтеді. Съездегі қаралған
аса маңызды мәселелер: қазақ-қырғыз
автономиясы; милиция құру; ұлт кеңесі; оқу
мәселесі т.б..
Бұл сиезде автономияны жариялау мерзімі туралы
қызу тартыстар бірнеше күнге созылды. Осы
съезде Алаштың аяулы азаматы Міржақып
Дулатов баяндама жасады: қазақ даласында
медресе мен мектептердің аздығын, қазақ тілінде
оқулықтардың жетіспейтінін, сондықтан міндетті
түрде ұлттық мектептерді құру керектігін тілге
тиек етті. Осы мәселе бойынша құрамы 5 адамнан
тұратын бастауыш және орта мектептерге
арналған қазақ тілінде оқулық жазатын комиссия
құрылды.
46.
Комиссия орталық ұлттық кеңеспен біргеболу керек. Комиссияға оқулықтан басқа да
жұмыстар жүктелді. Атап айтсақ: ұлттық
мектептерге арналған бағдарламалар;
мұғалімдерге арналған нұсқаулар; бала
тәрбиесі жөніндегі кітаптар; барлық қырғызқазақ мектептерінде халықтық білім беру ісшараларының ережелерін жасау; қазақ тілінде
жазу үлгілерін енгізу; қазақ тіліне пайдалы
кітаптарды, брошюраларды аудару т.с.с.
Комиссия 1918 жылдың басынан жұмысқа
кірісу керек. Өздері құрастырған кітаптарын,
бағдарламаларын баспаға жариялап отыру
қажет. Комиссия құптамаған окулықтар
басылымға шығарылмайды. Комиссия
жұмысына қаражатты облыстық земстволар
ұлттық қордан бөлуге тиіс делінген.
47.
Алаш зиялыларыЖаңадан құрылып жатқан «Алашорда»
үкіметі алғашқы сағатынан бастап ұрпақ
тәрбиесіне, ұрпақ болашағына зор көңіл
бөлген. Жас ұрпақтың туған тіліне деген
сауаттылығын арттыру үшін, ана тіліндегі
оқулықтарды жасауға кіріскен. Бала
тәрбиесіне, оқуына осындай қиын заманда
жаңаша бетбұрыс, бұл болашаққа деген сенім
еді. Білімді жастар, еліне салауатты да сауатты
қызмет етеріне деген үміт болатынды .
48.
Алаш зиялыларыАлаш зиялыларының саяси және рухани
күресіндегі негізгі мақсат, орасан міндет, ол
ұлтымызды ұйыстыру, сол арқылы
елдігімізді айқындау десек, онда осындай
ұланғайыр сауапты істің аясында ана
тілімізді сақтау мәселесі тұрды. Алаш
қайраткерлерінің қай-қайсы да тілдің саяси,
қоғамдық һәм рухани үлкен күш, ұлтты
біріктіруші қуатты құбылыс екендігін жақсы
сезінді. Сондықтан да Алаш сияқты аса ірі
қозғалыстың рухани тінінде қазақ тілі
мәселесі ерекше орынға ие болды.
49.
Қолданылған әдебиеттер«Алаш» қозғалысы. Алматы, 2008 ;
2. “ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық
анықтамалық. — Алматы ;
3. “ Қазақ Энциклопедиясы” ;
4. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас
редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ
энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998
жыл ;
5. Айбын. Энциклопедия. / Бас ред.
Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ
энциклопедиясы», 2011.
1.