Похожие презентации:
Ұлттық мемлекет құру жолындағы қозғалыстар
1. Тақырыбы: Ұлттық мемлекет құру жолындағы қозғалыстар
2. Жоспары:
1. Қазақстандағы саяси партиялар менағымдар
2. ХХ ғ.басындағы қазақ ұлттық баспасөзінің
дамуы
3. Қазақ саяси элитасының қазақ халқының
тарихы мен мәдениетін зерттеудегі үлесі
3.
Тыл жұмысшыларының орысжұмысшыларымен, солдаттармен қарымқатынаста болуы олардың саяси санасының
өсуіне ықпал етті. Олар туған жерлеріне түрлі
саяси партиялардың мүшесі болып оралды:
-Верныйда – “Қара жұмысшылар одағы”;
- Сергиопольде (Аягөз) – “Солдаттардың орысмұсылман ұйымы”;
-Петропавлда – “Жас арбакештер одағы”.
4.
Сонымен қатар, жастар ұйымдарықұрылып,белсенді жұмыс жүргізді:
- Әулиеата мен Меркеде “Қазақ жастарының
революцияшыл одағы”;
- Ақмолада – “Жас қазақ” ұйымы;
- Петропавлда – “Талап”ұйымы;
- Спасск зауытында – “Жас жүрек ” ұйымы;
- Омбыда – “Бірлік” ұйымы” құрылды.
5.
Ақпан төңкерісінен кейін Қазақ өлкесіндекөппартиялы жүйе қалыптасты. Билік жолында
күрескен саяси партиялар мен ағымдар
дағдарыстан шығудың алуан түрлі
бағдарламаларын ұсынды.
6.
1917 жыл!! “Алаш партиясы”1905 жылы – “Алаш” қозғалысы
1917 жылы – “Алаш” партиясы құрылды.
Әлеуметтік негізі: капиталистік даму жолына
бағыт алған зиялылар
Мақсаты:
1. Қазақ халқын отарлық езгіден азат ету;
2. Автономиялық ұлттық мемлекет құру.
Бағыты: реформистік капитализм жолы.
7.
Жетекшісі: Әлихан Бөкейханов (1869-1937жж), Шыңғыс хан ұрпағы, Ресей
либералдық-демократиялық қозғалысының
қайраткері.
Мүшелері: А.Байтұрсынов, М.Дулатов,
Ғ.Қарашаев, Ш.Құдайбердиев,
М.Тынышпаев, С.Торайғыров, Х.Ғаббасов,
Ә.Ермеков, ағайынды Досмұхамедовтер
8.
“Алаш партиясының” бағдарламасы1917 ж. 21 қараша “Қазақ” газетінде
бағдарлама жобасы жарияланды.
- Дінді мемлекеттен бөлектеу;
- Сот ісін қазақ тілінде жүргізу;
- Әскери қызметін өз жерінде атқару;
-Жұмысшыларды заңмен қорғау;
-Жалпыға бірдей және ақысыз оқыту;
-Жиналыс, сөз, баспасөз еркіндігі;
-Жерді алдымен жергілікті халыққа беру.
9.
Бағдарлама жобасының маңызы:1.Сол кездің нақты мүмкіндіктерін ескере
отырып, қазақ халқы дамуының балама
жолын ұсынды;
2. буржуазиялық – демократиялық, ұлтазаттық рефолюцияны аяқтауға бағытталған
жолды көрсетті.
1917 ж. қараша-1918 ж. қаңтарда өткен
сайлау көрсеткіші бойынша:
-Жетісу губерниясында – 57,5%;
- Семей уезінде – 85,6%
- Торғай, Орал губернияларында – 75% .
10.
“Үш жүз”партиясы(Қырғыз социалистік партиясы)
1917 ж. күзінде құрылды.
Мақсаты:большевиктік бағыт ұстау.
Бағыты: Кеңес өкіметін нығайту.
Жетекшісі: Мұқан Әйтпенов, Көлбай
Тоғысов.
Бұл партияның іс-әрекеті 1917 ж. күз- 1918
жылдың басы аралығында елеулі түрде
өзгерді:
- Алғашқыда социал-революцияшылдар
партиясымен одақтасты;Мұқан Айтпенов,
Көлбай Тоғысов
11.
-1918 ж. қаңтарынан Кеңес өкіметіннығайтуға белсене араласты;
- 1918 ж. басынан большевиктердің
алашордашыларға қарсы күресінде одақтасы
болды.
12.
“Кадеттер”(конституцияшыл демократтар)
1917 ж. Ақпан төңкерісінен кейін Семейде,
Петропавлда, Қостанайда, Оралда,
Өскеменде кадеттер ұйымы құрылды.
Мақсаты:
- бөлінбес, біртұтас Ресей, конституциялық
монархия құру;
-Қоныстандыру саясатын қолдау.
Бұл партия Семейде “Свободная речь”
газетін шығарып тұрды.
13.
“Эсерлер”(социал-революционерлер)
1917 ж. көктемінде эсерлер ұйымы құрылды.
Мақсаты:
-“ Жерді шаруаларға беру, жер – бүкіл
халықтың меншігі – деген ұран көтеру;
- патша өкіметінің отарлау саясатын айыптау.
1917 ж. жазына қарай Черняев Кеңесінен
басқа Кеңестер эсерлердің қолында болды.
14.
Мұсылман бағытындағы партиялар-1917 ж. қыркүйек – Түркістан федералистер
партиясы құрылды;
-“Иттифок – и- муслимин” (мұсылмандар
одағы) партиясы құрылды;
-1917 ж. наурызда “Шура - ислами” саяси
ұйымы;
- Мұсылмандар қозғалысы негізінде “Шура и
Ислам” партиясы құрылды, Семейде,
Гурьевте, Ақтөбеде, Қазалыда, Павлодарда,
Верныйда халық комитеттері пайда болды.
15.
1917 ж. сәуір –Қазақтардың Жетісудағыоблыстық съезі. Қаралған мәселелер:
-Халықты азық-түлікпен жабдықтау;
-Өзін-өзі басқару;
- Сот ісі;
- Салық салу;
- Білім беру және ағарту;
- аграрлық мәселе;
- Босқындарды Қытайдан қайтару;
- қазақ-орыс қатынасын реттеу.
16.
1917 ж. 27 сәуір –7 мамыр -қазақтардыңСемей облыстық съезі. Қаралған мәселелер:
- Автономия құру;
- Ресейдегі ұлыстардың еркіндігі, теңдігі
және ерекшеліктеріне сәйкес қайта құру
мүмкіндігін беру;
- Дала генерал-губернаторлығы және
приставтарды тарату.
17.
1917 ж. 21 -26 шілде – Орынбор жалпықазақсъезі. Қаралған мәселелер:
-Мемлекеттік басқару;
- Автономия құру;
- Жер мәселесі;
- Халық милициясын құру;
- Білім беру;
- Сот ісі;
- Дін мәселесі;
- Құрылтай жиналысын шақыру;
- Жетісудың ашыққан халқына көмек көрсету
18.
1917 ж. мамыр – мұсылмандардыңБүкілресейлік съезі. Қаралған мәселелер:
-Соғысты тоқтату туралы бітім жасау;
- ұлттық-аймақтық федерациялық негіздегі
демократиялық республика құру;
- мұсылман әйелдерінің саяси және азаттық
құқықтары жағынан ерлермен тең құқылы
болуы;
- көп әйел алушылық пен қалың малға
қарсылық;
- 8 сағаттық жұмыс күнін енгізу;
- міндетті және тегін жалпыға бірдей ана
тілінде бастауыш білім беру
19.
1917 ж. 5-13 желтоқсан – Орынбордағыжалпы қазақ съезі. Қаралған мәселелер:
-территориялық-ұлттық автономия құру;
- Қазақ (қырғыз) облыстарының
автономиясына Алаш атауын беру;
- Автономиялы Алаш облыстарының
территориясын Алаштың мемлекеттік
меншігі деп жариялау;
- Алаш автономиясының Конституциясын
Бүкілресейлік құрылтай жиналысында бекіту
және т.б.
20.
ХХ ғ.басындағы қазақ ұлттық баспасөзініңдамуы
Ресми емес қазақ мерзімді баспасөзінің
қалыптасуы ХХ ғасырдың басындағы жалпы
азаттық қозғалыспен тығыз байланысты.
-1902 ж.қазақ тіліндегі мерізімді баспасөздің
алғашқы басылымдары “Түркістан
уәлаятының газетін” , “Дала уәлаятының
газетін” отаршылдық өкімет органдары
құрды.
-1907 жылғы наурызда Троицкіде “Қазақ”
газетінің бірінші нөмері шықты.
21.
-1911 ж. 16 наурызда Орал қаласында қазақжәне орыс тілдерінде шағын көлемді
“Қазақстан” газеті шықты.
- 1913 ж. қыркүйектен желтоқсанға дейін
Петропавлда “Ешім даласы” газеті шығып
тұрды.
- 1911 ж. 10 қаңтарда Троицкіде қазақ
халқының тарихындағы тұңғыш “Айқап”
ұлттық журналының бірінші нөмері шықты.
Бұл журналдың 1915 ж. қыркүйекке дейін
айына бір рет, 88 нөмері мен 1000 дана
таралымы болды.
22.
-“Қазақ ” газеті 1913 ж. ақпаннан 1918 ж.қаңтары аралығында 3000 дана таралым мен
265 нөмері жарық көрді.Ал, жекелеген
нөмерлері 8000 данаға дейін жетті.
- “Қазақ” газеті ХХ ғасырдың басындағы
азаттық қозғалысының стратегиясын
анықтап берді.
23.
Қазақ саяси элитасының қазақ халқыныңтарихы мен мәдениетін зерттеудегі үлесі
ХХ ғасырдың басында зиялылар
салауаттылық қоғамдары мен халықтық
оқулар ұйымдастыру жөніндегі қоғамдардың
ашылуы туралы шешім қабылданды.
Осылайша, ХХ ғасырдың басында қазақ
зиялылары орыс географиялық қоғамы
жергілікті бөлімшелерінің жұмысына
белсене араласты.
24.
Мәселен, көрнекті қазақ жазушысыШ.Құдайбердиев Семей бөлімшесіне
материалдық қолдау жасады. Онда
Ж.Ақбаевтың, Ә.Бөкейхановтың еңбектері
басылып шықты.
Сонымен қатар, 1905-1907 жж.
революциядан кейін Жетісу облысында Орыс
географиялық қоғамы белсенділік көрсетті.
25.
Қазақстанның және қазақ халқының тарихымен мәдениетін зерттеуге В.В. Радлов,
Г.Н.Потанин, Н.Я.Коншин, Н.А. Аристов
және т.б үлес қосты.
ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың
басында Қазақстанның табиғи жағдайлары
мен әлеуметтік мүмкіндіктерін зерттеу
жөніндегі экспедициялар жұмыс істеді.
Осылайша, Қазақстанды зерттеу жөніндегі
әртүрлі ғылыми мекемелердің қызметі
ғылым тарихын зерттеу нысанына айналды.