Похожие презентации:
Құқықтық статистика мен арнайы есеп жүргізудің жүйесі
1.
ОРЫНДАҒАН ЮП 18-1 Гельманова АйданаТЕКСЕРГЕН: Аға оқыт Қолдасов Б
2.
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтықстатистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитетiнің негізгі
міндеттері мыналар: бiрыңғай статистикалық принциптер мен
стандарттар негiзiнде елдегi заңдылық пен құқық тәртiбiнiң жайкүйi туралы мемлекеттiк органдарды, заңды және жеке
тұлғаларды тиiмдi және жеткiлiктi ақпаратпен қамтамасыз ету;
мемлекеттiк құқықтық ақпараттық статистикалық жүйенi
жетiлдiру мен дамыту, ал функциялары: мемлекеттiк құқықтық
статистиканы түзу; құқықтық статистика ақпаратын жинақтау,
жүргiзу және өңдеу; жедел және ведомстволық есепке алуды
қоспағанда, арнайы есеп жүргiзу; құқықтық статистика
мәселелерi бойынша статистикалық байқаулар жүргiзу;
3.
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектiлерi:1) уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен, шекте, көлемде және
мерзiмдерде ақпараттық-есептiк құжаттарды, өзге де
қажеттi материалдар мен мәлiметтердi уәкiлеттi органға
беруге;
2) құқықтық статистикалық ақпараттың тұтастығын,
объективтiлiгiн, анықтығын және жеткiлiктiлiгiн
қамтамасыз етуге және өз өкiлеттiктерi шегiнде құқықтық
статистикалық ақпараттың көрсетiлуiнiң толымдылығын
және анықтығын бақылауды жүзеге асыруға;
3) мемлекеттiк құпияларды және заңмен қорғалатын құпияны
құрайтын алынатын мәлiметтердiң, сондай-ақ құқық қорғау,
арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу
жүйесінен алынған электрондық ақпараттық ресурстардың
сақталуын қамтамасыз етуге;
4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тексерулер
тағайындау туралы актiлердi тiркеуге мiндеттi.
4.
Жеке және заңды тұлғалар құқықтарының кепiлдiгi5.
Арнайы есепке алуды тағайындау мен жүргiзуАрнайы есепке алу:
1) мемлекеттiк органдардың құқық қолдану қызметiн;
2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен
жеке тұлғаларды ақпараттық қамтамасыз етуге арналған.
2. Уәкiлеттi орган арнайы есепке алуды жинауды, топтауды, тiркеудi,
өңдеудi, жинақтауды, жiктеудi, сақтауды және пайдалануды
қамтамасыз етедi.
3. Уәкiлеттi орган өз өкiлеттiгi шегiнде оған жүктелген мiндеттердi
орындау үшiн жедел және ведомстволық есепке алуды қоспағанда,
арнайы есепке алудың түрлерiн белгiлеуге құқылы.
4. Құқықтық статистика субъектiлерi өз құзыретiне кiретiн
мiндеттердi шешу мақсатында жедел және ведомстволық есепке алуды
жүзеге асырады.
5. Арнайы есепке алуды құру, қалыптастыру, сақтау және пайдалану
ережесiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.
6.
Құқықтық статистикалық ақпаратты пайдалану және сақтау тәртiбi1.Уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын
сақтай отырып, бұқаралық ақпарат құралдарында статистикалық
мәлiметтердi жариялауға, статистикалық жинақтарды шығаруға
және құқықтық статистикалық ақпаратты практикалық және
ғылыми-зерттеу мақсаттарында өзгедей пайдалануға құқылы.
2. Ақпараттық есепке алу құжаттары мен есептiлiк нысандары
түрiндегi құқықтық статистикалық ақпарат сақталуы уәкiлеттi орган
айқындаған талаптарға сәйкес қамтамасыз етiлетiн жағдайларда
сақталады.
3. Құқықтық статистикалық ақпаратты сақтау мерзiмiн Қазақстан
Республикасының заңдарына сәйкес уәкiлеттi орган белгiлейдi.