Похожие презентации:
10-11 сыныптарда математиканы оқыту үдерісінде бақылау және бағалаудың өлшемдік технологиясын жетілдіру жолдары
1.
М.Әуезов атындағы ОҚМУЖоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институты
« Жаратылыстану ғылымдары және педагогикасы»
жоғары мектебі
«МАТЕМАТИКА» кафедрасы
Магистрлік диссертация тақырыбым:
«10-11 сыныптарда математиканы оқыту үдерісінде
бақылау және бағалаудың өлшемдік технологиясын
жетілдіру жолдары»
Магистрант: Әлшериев Б.С
Ғылыми жетекшісі:Мадияров Н.К
2.
Өлшемді бағалау – бұл білім берудің мақсаты менмазмұнына негізделген оқушының оқу-танымдық
құзырлығын қалыптастыруда алдын-ала белгіленген
жетістіктермен салыстыру үрдісі, яғни белгілі бір
критерийлер арқылы бағалау. Өлшемді бағалауды енгізудің
мақсаты – мектепте оқыту сапасын көтеру. Бұл жағдайда
өзін-өзі бағалауға баса назар аударылады. Критерий арқылы
бағалау мұғалімдерге сапалы нәтиже алуды қамтамасыз
ететін критерийлерді құруға; өз жұмысын талдау және
жоспарлау үшін ақпарат алуға; оқу үрдісінің сапасын
жақсартуға; әрбір оқушының жеке ерекшеліктері көп
ескеріле бермейді міне осыдан өлшемді бағалауда қарама
қайшылық туындайды. Осы қайшылықтың шешімін табу
бізге зерттеу мәселесін айқындап, тақырыпты «10-11
сыныптарда математиканы оқыту үдерісінде бақылау және
бағалаудың өлшемдік технологиясын жетілдіру жолдары»
деп таңдауымызға негіз болды.
3.
Зерттеу нысаныЗерттеу пәні
Жаратылыстану
математика
бағытындағы 10-11
сыныптарда алгебра
және анализ
бастамалары курсын
оқыту үдерісі
Оқыту үдерісінде жаратылыстану
математика бағытындағы 10-11
сыныптарда алгебра және анализ
бастамалары курсында оқушылардың
математикалық қабілеттерін дамыту
және әрбір оқушының жеке
ерекшеліктерін зерттеу.
Жаратылыстану математика
бағытындағы 10-11 сыныптарда
алгебра және анализ бастамалары
курсында есептің шығарылу
жолдарын оқыту үдерісі.
4.
Зерттеу мақсаты: Жаратылыстану математика бағытындағы 10-11 сыныптардаалгебра және анализ бастамалары сабақтарында білімді бақылау және өлшемді
бағалау технологиясын жаңартылған білім мазмұны бойынша жетілдіру және
оқу үдерісінде пайдалану.
Зерттеудің міндеттері
Оқу үрдісінде бақылау және өлшемді бағалаудың психологиялық-педагогикалық
аспектілері. Жаратылыстану математика бағытындағы 10-11 сыныптарда алгебра және
анализ бастамалары сабақтарына қатысты тақырыптар бойынша бағдарлама мазмұнына
салыстырмалы әдістемелік талдау;
Мектепте жаратылыстану математика бағытындағы 10-11 сыныптарда алгебра және
анализ бастамалары курсын оқытудың жаңа мазмұнына сәйкес ұзақ мерзімді, орта
мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлар жасаудың әдістемелік негіздерін анықтау
Жаратылыстану математика бағытындағы 10-11 сыныптарда алгебра және анализ
бастамалары курсы бойынша бақылау және бағалаудың өлшемдік технологиясының
дербес әдістемесін ұсыну
Жаратылыстану математика бағытындағы 10-11 сыныптарда алгебра және анализ
бастамалары курсын оқыту тақырыптары бойынша өлшемді бағалау дискрипторларын
даярлау
5.
Зерттеу жұмысының болжамы:Зерттеудiң теориялық негiздерi:
• Егер Жаратылыстану
математика бағытындағы 10-11
сыныптарда алгебра және
анализ бастамалары
сабақтарында оқушылардың
жеке ерекшеліктері ескеріліп,
жаңартылған мазмұнда оқытуға
терең әдістемелік талдау
жасалып, білімдерін
критериальді бағалауға қатысты
тиімді әдістер жүзеге асырылса,
онда оқушылар Жаратылыстану
математика бағытындағы 10-11
сыныптарда алгебра және
анализ бастамалары курсының
теориялық негіздерін терең
түсініп, білімдерін практикада
қолдану дағдылары артады.
• Бағалаудың өлшемдiк
технологияларын қолдану
жағдайларындағы оқушының
оқу-танымдық iс-әрекеттерiн
ұйымдастырудың тиiмдi
әдiстерi, оқу процесiнде
ақпараттық-қатынастық
технологияларды қолдану
жөнiндегi зерттеулер, бiлiмдi
ақпараттандыру
тұжырымдамасы, бағалаудың
өлшемдiк технологияларын
жасаудағы және қолданудағы
жетiстiктер.
6.
Зерттеудiң ғылымижаңалығы:
Мектептегi математика
курсы бойынша есептер,
тапсырмалар мен
олардың орындалуын
бағалаудың өлшемдiк
технологияларының
дидактикалық
мүмкiндiктерi
айқындалды
Негiзгi мектепте
математиканы оқытуда
бағалаудың өлшемдiк
технологияларын
қолданудың қажеттi
шарттары анықталды
Есептер, интерактивтi
тапсырмалар мен
олардың орындалуын
бағалаудың критерийлiк
технологияларын негiзгi
мектепте математикада
қолдану әдiстемесi
жасалды және оларды
оқушылардың
сыныптағы және өз
бетiнше орындайтын
жұмыстарына қолдану
шарттары айқындалып,
олардың тиiмдiлiгi
тексерiлдi
7.
8.
Дисертациялық жұмыстың құрылымы: дисертациялыққжұмыс кiрiспеден, кестелер мен суреттер қамтылған екi бөлiмнен,
қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тiзiмiнен тұрады.
Кiрiспеде зерттеу тақырыбының көкейкестiлiгi мен
маңыздылығы негiзделген, зерттеу жұмысының мақсаты, оның нысаны
мен пәнi, болжамы мен мiндеттерi анықталып, маңыздылығы, зерттеу
нәтижелерiнiң дәлелдiгi мен негiздiлiгi баяндалған.
«Оқу үрдісінде бақылау және өлшемді бағалаудың
психологиялық-педагогикалық негіздері» деп аталатын бiрiншi
бөлiмде оқушылардың оқу жетiстiктерiн өлшемдiк бағалауды
пайдаланудың теориясы мен практикасы талданды, оқытуда
қолданылатын бағалаудың өлшемдiк жүйелерiнiң рөлi баяндалды және
оның негiзгi компоненттерi ашып көрсетiлдi.
9.
«Жаратылыстану математика бағытындағы 10-11сыныптарда алгебра және анализ бастамалары курсын оқыту
үдерісінде бақылау және бағалаудың өлшемдік технологиясын
жетілдіру жолдары» деп аталатын екiншi бөлiмде бағалаудың өлшемдiк
технологияларын оқыту құралы ретiнде қолдану мүмкiндiктерi мен
ерекшелiктерi қарастырылған, негiзгi мектептiң математика курсындағы
негiзгi мазмұндық-әдiстеменi оқып-үйренуде бағалаудың критериалды
жүйесiн қолданудың негiзгi тенденциялары қарастырылған;оқытудың
кезеңдерiнде: жаңа бiлiмдердi түсiндiргенде, оқып-үйренген материалды
бекiткенде және оқушылардың бiлiмiн бағалағанда компьютерлiк және
дәстүрлi оқытудың салыстырмалы талдауы жүргiзiлдi.
Қорытындыда зерттеудiң ұсыныстары мен негiзгi
қорытындылары тұжырымдалған, проблеманы ары қарай зерттеудiң
перспективалары анықталған.
10.
Қорыта айтқандаҚазiргi дәуiрде оқушылардың бiлiмдiлiгiн өлшеу технологиясы мен мәдениеттiлiгiн
мөлшерлеу әдiстерiн анықтау педагогикада дамып келедi.Оқушыға бiр бiлiмдi беру және ол
оқушының сол бiлiмдi меңгеруiн (қысқаша айтқанда, оқушының танымдық iс-әрекеттерiн
қалыптастыру) анықтау технологиялары зерттелуде. Ол өлшем әртүрлi пәнде әртүрлi болып тұр.
Мысалы, оқушыға бес тәсiлмен шешiлетiн бiр есеп( шешу эталоны ρ, 5 ке тең) беру арқылы, оның
үлгерiмдiлiк коэффициентi былай анықталады: (К =a/ρ, бұл коэффициент 0,7 ден үлкен болса ,келесi
сатыға көшуге рұхсат берiледi).
1. Егер оқушы берiлген есептiң 3 тәсiлiн (а=3 болады) таба алса,онда оның үлгерiм
коэффициентi К=3:5=0,6 болады. Бұл жағдайда оқушыға келесi сатыға көшуге рұхсат (допуск)
берiлмейдi. Ол тақырыпты басынан қайталауы керек.
2. Егер берiлген есептiң 4 тәсiлiн таба алса, онда үлгерiм коэффициенттi 4:5=0.8 болады
да , ол оқушы келесi есептердi шешуге рұхсат алады. Яғни, тақырыпты меңгерген болып табылады.
Есеп орнына тапсырмалар, өзiндiк жұмыстар,тесттер, әртүрлi сұрақтар т.с.с. берiлуi мүмкiн.Белгiлi
бiр тақырыпты меңгерудi де осылай бағалауға болады. К қойылатын баллды көрсетедi.
Мұғалiм мен бiлiм алушылардың өзара әрекеттесуi үзiлмей, оған қоса, оларды
көтермелеумен қолдау тауып отырады. Бағалау үздiксiз жүредi, сапалы нәтижеге қозғалыс үрдiсiнiң
өзi бағаланады. Бiлiм алушылар өзiнiң бiлiмiндегi ақаулықтарын өз бетiнше және саналы анықтап,
мұғалiммен бiрге оларды жою бойынша жұмыс жүргiзедi. Мұғалiм мен бiлiм алушының осындай
өзара әрекеттерiнiң үлкен құндылығы олардың бiлiм беру үрдiсiнде белсендi әрекеттесуiнде, қажет
кезiнде бiр-бiрiнiң пiкiрлерiне сыйластықпен қарап, ауысуында түйiн тауып отыр.
Әрбiр үйренушiнiң сабақта жұмыс жасағандығын анықтау- мұғалiм үшiн өте күрделi
мәселе. Мұнда басты сұрақ оқушының оқу процесiнде қалайша жұмыс жасап , оқу мазмұнын қандай
дәрежеде игергендiгiмен байланысты болады. Сол себептi де оқушылар өздерiнiң қалайша
дамығандарын бiлуi үшiн оларға өзiн-өзi бағалау жұмысын тапсырған орынды. Мұндай үлгiлерде
оқушылар өз жұмыстарын атқарған әрекеттерi арқылы бағалайды.