493.84K
Категория: МедицинаМедицина

Қағанақ сұйықтығы

1.

ҚАҒАНАҚ СҰЙЫҚТЫҒЫ
Дайындаған:Жумабаев Нурбек
Группа: 18-020/2 жм

2.

Қағанақ қабығы
• Қағанақ (гр. funiculus amnion — сулы
қабық, амнион) - Эмбриональдық даму
кезеңінде ұрықты қаптап жатқан сулы
қабық. Қағанақ ұрық денесімен кіндік
арқылы байланысып, өзінен сұйық бөлу
арқылы ұрықтың айналасында, оның
дамуына қолайлы сулы орта түзіп, оны
әртүрлі механикалық әсерлерден
қорғап, қорғаныс қызметін атқарумен
қатар, ұрықты кеуіп кетуден сақтап,
оның қоректенуін қамтамасыз етеді.

3.

Шарана суы
• Шарана суы ұрықты қоршайтын және
оны мен анасының организмі
арасындағы аралық болып табылатын
сұйық орта. Жүктілік кезінде шарана суы
үрықты қысылып қалудан
қорғайды, еркін қозғалуға
салыстырмалы мүмкіндік береді,
дүрыс орналасуын, қалпын
қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Босану кезінде шарана суы жатыр ішілік
қысымды қалыпты деңгейде сақтайды

4.

Шарана суы
Шарана суы жүктіліктің мерзіміне байланысты әр түрлі
көздерден пайда болады. Жүктіліктің ерте мерзімінде
амнион беткейінің түгелі секреторлы қызмет атқарады, кейін
алмасу көп мөлшерде плацентаның амниондық беткейі
арқылы жүзеге асырылады. Су алмасуының басқа бөліктері
болып өкпелер мен бүйректері табылады. Шарана суының
және басқа бөліктерінің өзара қатынасы алмасудың түрақты
динамикалық регуляциясы арқасында үсталып тұрады,
Шарана суының толық алмасуы 3 сағат шінде жүзеге
асырылады.Шарана суының көлемі мен қүрамы жүктілік
мерзіміне, үрық салмағына және плацента мөлшеріне
байланысты. Жүктіліктің дамуына қарай амнион
сүйықтығының көлемі 10 аптада 30 мл – ден 38 – ші аптада 40
мл-ге азаяды, күрт босанулар кезінде 600 – 1500 мл, орташа
800 мл – ді қүрайды.

5.

Су көптік (многоводие)
• Су көптік дегеніміз – шарана суының 1500 мл -ден асатын мөлшері.
Оның жиілігі 0,3 – 0,5% – ды құрайды.
• Этиологиясы. Су көптік жүктіліктің әртүрлі асқынуларымен бірге жүруі
мүмкін. Көбінесе су көптік созылмалы инфекциялары бар жүкті
әйелдерде анықталады. Мысалы; пиелонефрит, қынаптың қабыну
аурулары, жедел респираторлы инфекция,
• Су көптік жиі экстрагенитальды патологиясы (қант диабеті, резус –
конфликті жүктілік) бар жүкті әйелдерде, көп үрықтық жүктілігі, үрық
дамуының ақаулары (ОЖЖ – ң, асқазан – ішек жолының зақымы,
бүйректер поликистозы, қаңқа аномалиялары) бар жүкті әйелдерде
диагностикаланады.Жедел және созылмалы су көптік ажыратылады,
жиі жүктіліктің II және III триместрінде дамиды.

6.

Клиникалық көріністері. Жедел дамитын
көпсулық кезінде Жалпы әлсіздік, белде және
іште ауырлық және ауырсыну сезімдері пайда
болады. Диафрагманың жоғары тұруынан
болған жедел су көптік ентікпемен, жүрек
қызметінің бүзылысымен жүруі мүмкін.
Созылмалы су көптіктің әдетте клиникалық
көріністері болмайды: біртіндеп жиналуына
бейімделеді.

7.


Диагностикасы. тері жабындыраның бозғылттылығы, тері асты май қабатының азаюы;
кейбір жүкті әйелдердің ішінде венозды сурет күшейетіні көрінеді. Іштін шеңбері және
жатыр түбінің орналасу биіктігі жүктілік мерзіміне сәйкес келмей, одан асады. Жатыр айқын
үлғайған, қатайған, эластикалығы төмендеген консистенциялы, шар тәрізді пішінді.
Ұрықтың қалпы түрақсыз, жиі көлденең, қисық, жамбас үстінде орналасуы мүмкін;
пальпация кезінде ұрық өзінің орналасуын оңай ауыстырады, үрық бөліктері оңай
сезілмейді, кейде мүмкін анықталмайды. Ұрықтың жүрек соғысы нашар естіледі, түйық.
Кейде үрықтың белсенді қозғалысы айқын болады.
Қосымша тексеру ультрадыбыстық сканирлеу, үрық салмағын, жүктілік мерзімін, шарана
суының көлемін
Жүктілік ағымының ерекшеліктері. 28 – ші аптаға дейін дамитын жедел су көптікте түсік
тастау болады. Созылмалы су көптік кезінде кейбір жүкті әйелдер жүктілікті көтереді, бірак
жиі мерзімінен бүрын босануымен аяқталады.

8.

Емі
• Ақырғы жылдары үрыққа әсер етіп, шарана суының
мөлшеріне әсер ету тенденциясы пайда болды.
Индометацин (дозасы 2 мг/кг тәулігіне) үрықтың
диурезін азайтып, сол арқылы шарана суының
мөлшері де азаяды. Кей жағадайларда амниоцентез
арқылы артық суды эвакуациялайды. Өкінішке орай,
шарана суының мөлшерін азайтуға бағытталған емдік
шаралар әрдайым тиімді бола бермейді.

9.

Су аздық
• Егер жүктілік мерзімінің соңында шарана суы 600 – мл –
ден аз болса, су аздық болып саналады. Ол өте сирек
кездеседі.
• Қазіргі уақытқа дейін суаздықтың этиологиясы
анықталмаған. гипотрофияланған үрықта бүйректер
функциясы бұзылады,
• ал сағаттық диурездің төмендеуі амниондық сұйықтық
мөлшерінің азаюына әкеледі. Су аздық кезінде кеңістіктің
жеткіліксіздігінен үрықтың қозғалысы шектеледі.
жатырдың қабырғалары үрыққа тығыз жанасқан, оны
басады және омыртқа жотасының қисаюына, аяқ
қолдарының ақауына әкеледі.
• Жүкті әйелдің жағдайы өзгермейді. Кейбір әйелдер ұрық
қозғалысынан болатын ауырсынуларды сезінеді.

10.

• Босанулар жиі ұзақ ағымды болады, өйткені алдыңда
орналасқан бөліктерге әрең созылған тығыз
қабықшалар ішкі араңның ашылуына және алдында
орналасқан бөліктердің қозғалысына кедергі
жасайды.
• Акушерлік көмек ұрық көпіршігін ашудан басталады.
Оны ашқан соң, ішкі араңды ашуға және басының
қозғалысына бөгет жасамас үшін қабықшаларды жан
-жаққа итеріп кеңейту қажет.
English     Русский Правила