Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің Педагогикалық институты
Африка
Оңтүстік Африка мемлекеттері
1.58M
Категория: ГеографияГеография

Оңтүстік Африка физгеографиялық ауданы

1. Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің Педагогикалық институты

Топ: Гео-08-1
Орындаған: Алмагамбетова Б.Э.
Утепова Н.А.
Тақырыбы: Оңтүстік Африка физгеографиялық ауданы

2. Африка

1.
2.
3.
4.
5.
6.
Атлас таулы ауданы
Ливия-Сахара шөлі
Эфиопия-Сомали ауданы
Конго ауданы
Шығыс Африка таулы қыраты
Оңтүстік Африка ауданы

3. Оңтүстік Африка мемлекеттері

Оңтүстік Африка Республикасы
(ОАР)
Лесото
Мозамбик
Ботсвана
Намибия
Свазиленд
Зимбабве

4.

Оңтүстік Африка Республикасы (ОАР) -
Африка материгінің оңтүстігінде орналасқан мемлекет.
Солтүстігінде Намибия, Ботсвана, Зимбабве; солтшығысында Мозамбик, Свазиленд елдерімен шектеседі.
ОАР аумағының құрамында Лесото мемлекеті орналасқан.
ОАР көлемі 1 219 090 шаршы км, әлем бойынша көлемі
жөнінен 24-орында. Жағалау сызығының ұзындығы
2798км. Ең биік нүктесі- Айдаһар тауларындағы
Нджесути тауы.
ОАР Намиб шөлінен бастап шығыстағы Мозамбик пен
Үнді мұхитының жағалауын алып жатқан субтропикке
дейінгі климаттық белдеулерде жатыр.
Елдің оңтүстік-батысындағы климат жерортатеңіздік
климатқа өте ұқсайды, яғни қысы жаңбырлы, ал жазы
ыстық әрі құрғақ болып келеді. Және де бұл аймақ жыл
бойы соғып тұратын тұрақты желдерімен белгілі.

5.

ОАР-ның туы
ОАР-ның
елтаңбасы

6.

ОАР-ның саяси
картасы
ОАР-ның физикалық картасы

7.

ОАР провинциялары

8.

Лесото – Оңтүстік Африка мемлекеті,
Оңтүстік Африка Республикасымен толықтай
қоршалған анклав болып табылады. Аумағы –
30 355 шаршы км. Астанасы – Масеру.
Лесото шығысында ОАР-ның Квазулу-Натал
провинциясымен, оңтүстігінде Шығыс-Кап
провинциясымен, батысында және
солтүстігінде- Фри-Стейт провинциясымен
шектеседі.
Мемлекет теңіз деңгейінен биік
орналасқандықтан Атлант және Үнді мұхиттары
оның климатына тек аздап әсер етеді.
Лесотоның климаты салыстырмалы түрде
салқын, алайда Масеру қаласында және
жазықтарда жазда температура 30градусқа
дейін жылынады. Мамыр-қыркүйек айларында
таулы аудандар қар жамылады. Жылдық
жауын-шашын мөлшері 500-1200мм.

9.

Лесотоның туы
Лесотоның
елтаңбасы

10.

Лесотоның картасы
Спутниктен
көрінісі

11.

Мозамбик Республикасы- Африканың
оңтүстік-шығысында орналасқан, бұрынғы
Португал отары, 1975жылдан бері тәуелсіз
мемлекет. Мозамбик шығысында Үнді
мұхитымен, солтүстігінде Танзаниямен, солтбатысында Малави және Замбиямен,
батысында- Зимбабвемен, ал оңтүстігінде ОАР
және Свазиленд мемлекеттерімен шектеседі.
Республика аумағы Үнді мұхиты жағалауымен
қоса есептегенде 3000км жуық. Ауданы 801590
шаршы км. Дүние жүзі бойынша көлемі
жөнінен 35-орында.
Мемлекеттің солтүстік бөлігі Шығыс Африка
таулы қыратында жатыр. Мозамбиктің климаты
солтүстігінде- субэкваторлық, муссондық;
оңтүстігінде- тропиктік, пассатық. Мозамбик
ойпатында қаңтар айының орташа
температурасы 26-30градус.

12.

Мозамбик
Республикасының
туы
Мозамбик
Республикасының
елтаңбасы

13.

Мозамбиктің жер бедері

14.

Ботсвана Республикасы- Оңтүстік
Африка мемлекеті. Оңтүстігінде - ОАР-мен,
батысында және солтүстігінде- Намибиямен,
солтүстік-шығысында – Замбиямен,
шығысында- Зимбабвемен шектеседі.
Астанасы- Габороне қаласы.
Ел аумағы 581730 шаршы км-ді құрайды.
Дүние жүзі бойынша көлемі жөнінен 47орында.
Мемлекеттің көп бөлігі субтропиктік климат
белдеуінде жатыр. Көпшілік аудандарында
қазан айы ыстық ай болып табылады. Орташа
жылдық жауын-шашын мөлшері 460мм. Елдің
70%-н Калахари шөлі алып жатыр.

15.

Ботсвана туы
Ботсвана
елтаңбасы

16.

Ботсвананың
картасы
Спутниктен көрінісі

17.

Намибия - Африканың оңтүстік-
батысында орналасқан мемлекет. Солтүстігінде
– Ангола және Замбиямен, шығысында –
Ботсванамен, оңтүстік-шығысында және
оңтүстігінде – ОАР-мен шектесіп, батысында –
Атлант мұхитымен шайылып жатыр. Аумағы
824,3 мың шаршы км. Халқы – 2,1млн
адам(2009). Астанасы – Виндхук.
Намибияның негізгі бөлігін үстірттер алып
жатыр. Мұнда ең биік нүктесі Кенигштайн тауы
(2606м) бар. Мемлекетте өзендер аз. Ең ірі
өзендері Оранжевая, Фиш-Ривер, Окаванго.

18.

Намибияның туы
Намибияның
елтаңбасы

19.

Свазиленд Корольдігі – Африканың
оңтүстігіндегі мемлекет. Батысында ОАР-мен,
шығысында Мозамбикпен шектеседі. Астанасы
– Мбабане. Ірі қаласы және экономикалық
“астанасы” болып Манзини қаласы саналады.
Аумағы 17363 шаршы км. Дүние жүзі
бойынша көлемі жөнінен 153-орында.
Мемлекет әртүрлі табиғи ландшафттарымен
ерекшеленеді. Аумақ бойымен бірнеше өзендер
ағып өтеді, соның ішінде Свазилендтің ірі өзені
– Лусутфлу.

20.

Свазиленд туы
Свазиленд елтаңбасы

21.

Свазиленд картасы

22.

Свазиленд 4
округқа
бөлінген:
1. Хохо
2. Лубомбо
3. Манзини
4. Шисельвени

23.

Зимбабве Республикасы – Африканың
оңтүстік бөлігінде, Виктория сарқырамасы мен
Замбези, Лимпопо өзендерінің арасында
орнасқан мемлекет. Оңтүстігінде ОАР-мен,
батысында Ботсванамен, солтүстігінде
Замбиямен жане шығысында Мозамбикпен
шектеседі.
Астанасы – Хараре. Аумағы 390 580 шаршы
км. Дүние жүзі бойынша көлемі жөнінен 59орында.
Зимбабве аумағының көп бөлігі 1000-1500м
биіктікте жатыр. Ең биік нүктесі – Иньянгани
тауы, 2592м.
Республика климаты солтүстігінде
субэкваторлықтан бастап оңтүстігінде
тропиктікке дейін өзгереді. Жылдық жауыншашын мөлшері 400мм, ал тауларда 2000мм.

24.

Зимбабве
Республикасының
туы
Зимбабве
Республикасының
елтаңбасы

25.

Калахари – Оңтүстік
Африкада орналасқан шөл.
Ауданы 600 мың шаршы км
жуық. Климаты аридті,
жауын-шашын мөлшері
қараша-сәуір айларында
500мм-ге дейін жетеді. Бірақ
оның молшері уақытқа және
аумақ көлеміне тәуелді
ауытқып отырады.
Калахари – Оңтүстік
Африканың ең ыстық
аудандарының бірі. Мұнда
орташа максимальды
температура +29С; ал орташа
минималды температура
+12С; буланушылық 3000ммге дейін жетеді. Жергілікті
халық Ботсванадағы Ганзи
қаласын Калахаридің
астанасы деп атайды.

26.

Намиб – Африканың оңтүстікбатысы жағалауында орналасқан
шөл. Шөлдің атауы жергілікті “нама”
халқының тілінде “ештеңе жоқ жер”
деген мағынаны білдіреді.
Намибтің ауданы 100мың шаршы км
құрайды. Шөл Атлант жағалауы
бойымен Намибе қаласынан бастап,
бүкіл Намибия бойымен Олифантс
өзеніне дейін 1900 км-ге созылып
жатыр.
Намиб шөлі өте құрғақ, жылына тек
10-13мм жауын-шашын түседі. Бұл ең
ежелгі шөл болып саналады.
Бұл шөл 3 географиялық зонаға
бөлінеді: Жағалау сызығы, Ішкі Намиб
және Сыртқы Намиб. Намибтің көп
бөлігі толықтай дерлік топырағынан
айырылған. Және мұнда кездесетін
топырақтар тек тұзды, гипсті, әктасты
болып келеді.

27.

28.

Айдаһар таулары – ОАР, Лесото
және Свазиленд елдерінің аумағында жатқан
таулы жүйе. Ең биік нүктесі – ТабанаНтленьяна тауы, 3482м. Ұзындығы – 1000км
шамасында. Айдаһар тауы жануарлар мен
өсімдіктердің көптеген түрлерінің ареалы
болып табылады. Таудың улкен бөлігі
Дракенсберг паркінің аумағына кіреді.

29.

Замбези – Африкадағы ұзындығы бойынша
4-көл. Бассейнінің ауданы 1570мың шаршы
км, ұзындығы – 2574км. Өзеннің бастауы
Замбиядан басталып, Оңтүстік Африка
мемлекеттері арқылы Үнді мұхитына құяды.
Әлемнің ірі сарқырамаларының бірі –
Виктория сарқырамасы осы өзенде. Өзенде 2
ірі СЭС салынған: Кариба және КабораБасса.
Замбезидің салалары көп. М: Кабомпо,
Лапалу, Квандо, Луангва, Лангвебангу, Кафуэ
т.б.

30.

31.

Луангва – Африкадағы өзен,
Замбезидің сол жақ саласы.
Ұзындығы 770км жуық, бассейнінің
ауданы 145,7мың шаршы км.
Бастауын Ньяса көлінен алып,
Замбези өзеніне барып қосылады.
Замбия, Мозамбик аумағын кесіп
өтеді. Бұл Оңтүстік Африканың ең
ірі өзендерінің бірі. Жаңбыр суымен
қоректенеді. Жергілікті халық үшін
бұл өзен негізгі су көзі болып отыр.

32.

Луангва өзені

33.

Виктория – Оңтүстік Африкадағы
Замбези көліндегі сарқырама. Ені –
1800м шамасында, биіктігі 128м.
Шотланд зерттеушісі Дэвид
Ливингстон сарқыраманы зерттеп,
оны Королева Викторияның атымен
атаған. Бұрын оны жергілікті халық
“Бұрқыраған түтін” деп атаған.
Виктория- әлемдегі жалғыз биіктігі
100м, ал ұзындығы 1000м-ден
асатын сарқырама.

34.

35.

36.

Оранжевая –
Оңтүстік Африкадағы
өзен. Айдаһар
тауынан басталып,
Намибия бойымен
Атлант мұхитына
барып құяды.
Ұзындығы 2200км,
бассейнінің ауданы
973мың шаршы км.
Ірі саласы – Вааль
өзені.
Оранжевая өзенінде
146метрлік Ауграбис
сарқырамасы
орналасқан.
Өзеннің атауы Оран
династиясынан келіп
шыққан.

37.

Лимпопо – Оңтүстік Африка өзені. ОАР,
Ботсвана, Зимбабве, Мозамбик мемлекттерінің
аумағында жатыр. Витватерсранд тауынан
басталып, Могали тауын кесіп өте келе
Марикомен қосылады. 1600км-ден соң
салаларымен қосылып Үнді мұхитына құяды.
Ұзындығы – 1750км, бассейн ауданы 415мың
шаршы км.

38.

Назар
аударғаныдарыңыз
үшін рахмет!!!
English     Русский Правила