Похожие презентации:
Оңтүстік Америка физгеографиялық ауданы
1. Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің Педагогикалық институты Биология және география каф
Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттіктехнологиялар және инжиниринг
университетінің Педагогикалық институты
Биология және география кафедрасы
Топ:
Гео-08-1
Орындаған: Алмагамбетова Балзира
Утепова Нағима
Тақырыбы: Оңтүстік Америка физгеографиялық ауданы
2. Оңтүстік Америка
Солтүстік ауданШығыс аудан
Орталық аудан
Анд таулары
Оңтүстік аудан
Отты Жер аралы
3.
Оңтүстік Американың оңтүстікауданына физ-географиялық
жағынан Патагония, Ла-Плата
(Пампа) және аралдар кіреді.
Саяси жағынан бұл ауданға
Аргентина мен Чили тиесілі.
4.
Аргентина Оңтүстік Американың оңтүстікшығыс бөлігін түгелдей дерлік қамтиды.Оңтүстіктен солтүстікке 3800 км, батыстан
шығысқа 1400 км-ге жуық созылып жатыр.
Оңтүстігі мен батысында – Чилимен,
солтүстігінде – Боливия және Парагваймен,
солтүстік-шығысы мен шығысында – Бразилия
және Уругваймен шектеседі. Атлант мұхиты
оңтүстік-шығыс жағалауын жуып жатыр.
Астанасы – Буэнос-Айрес. Ауданы – 2 780 400
км кв. Аргентина 4 географиялық аймаққа
бөлінеді: Солтүстік-шығыс жазықтар, Пампа,
Патагония және Анд. Меридиан бағыты
бойынша ұзын болып келгендіктен бірнеше
климаттық белдеулерді кесіп өтеді. Бұл ел кең
жазықтарымен, ірі өзендерімен, биік
тауларымен ерекшеленеді. Өзендері: РиоНегро, Рио-Колорадо, Рио-Терсеро т.б. Көлдері:
Архентино, Буэнос-Айрес, Вьедма, т.б.
5.
Ла-Плата аймағы (Пампа)Бұл аймақ Гранд-Чако жазығының оңтүстігінде
жатыр. Оның құрамына Бразилия территориясының
бір бөлігі, Урувай түгелдей және Аргентинаның
солтүстік-шығысы кіреді. Ол Ла-Платаның эстуарийін
3 жағынан қоршап жатыр. Шығыста және оңтүстікшығыста Атлант мұхитының жағаларына шығады.
Батыста оның шекарасы біраз жерінде көтеріңкі
Прекордильераға ұласып кетеді. Бұл аймаққа
субтропиктік климат тән, бірақ жауын-шашын түсуі
әркелкі, шығыстан батысқа қарай азаяды.
Пампа – Оңтүстік Американың халық жиі
мекендейтін жері және игерілген аймақтарының бірі.
6.
Патагония үстіртіПатагония деп Оңтүстік
Американың Аргентина
алабында жатқан оңтүстік-шығыс
бөлігін айтады. Бұл 40 градус
о.е. дүние жүзіндегі бірден-бір
қуаңшылық аймақ. Мұнда қатты
шөп және тікенді бұталар өседі,
су жоқтың қасы, халық өте сирек
тұрады. Патагония үстіртінің бет
жағы көлбеу жатқан жас шөгінді
жыныстар мен қоңыр түсті
базальт лаваларының
жабындыларынан тұрады.
Үстірттің климаты құрғақ. Батыс
желдері арқылы келген жауыншашынды Анд тауы ұстап
қалады. Жылдық мөлшері
Атлант жағалауында 150 мм.
Жағалауы кеме қатынасына өте
қолайсыз. Мұнда халық аз
тұратындықтан көптеген жабайы
жануарлар жақсы сақталған.
7.
Рио-Колорадо – Патагонияныңсолтүстігіндегі Аргентина өзені.
Ұзындығы 1100 км жуық. Анд тауынан
бастау алған Рио-Гранде және
Барранкас өзендері қосылып келіп,
Рио-Колорадо өзенін құрайды. Атлант
мұхитының Байя-Бланка шығанағына
барып құяды. Мұздықтар мен қар
суларымен қоректенеді. Өзеннің
бойында бірнеше кішігірім көлдер
орналасқан. Бассейнінің ауданы 350
мың км кв шамасында. Өзен ауыл
шаруашылығына қолданылады.
8.
Рио-Негро – Патагонияның солтүстігіндегі Аргентина өзені.Ұзындығы 635 км. Анд тауынан бастау алатын Неукен және Лимай
өзендерінен құралады. Байя-Бланка шығанағына құяды.
Бассейнінің ауданы 130 мың км кв. Рио-Негро мен Буэнос-Айрес
провинцияларының бойымен ағып өтеді. Өзен аңғарында ауыл
шаруашылық өнімдері өндіріледі. Әсіресе Аргентинаның алма мен
алмұрт өнімінің 65 %-н береді.
Рио-Негро аңғары 3 географиялық аймаққа бөлінеді: Жоғарғы,
Ортаңғы, Сыртқы. Өзен бойындағы негізгі қалалар – Хенеральрока, Вьедма, Кармен-де-Патагонес, Чиполетти т.б.
Кармен-де-Патагонес
9.
Буэнос-Айрес (ХенеральКаррера) – Патагониялық Андтағымұздан қалыптасқан көл. Чили мен
Аргентинаның шекарасында
орналасқан. Қазіргі ауданы – 1850 км
кв. Теңіз деңгейінен 217 м биіктікте
жатыр. Ең терең жері -590 м. Көлдің
батыс бөлігі фьордтүзгіш, ал шығыс
бөлігі үстіртте жатыр. Көлден Бейкер
және Рио-Десеадо өзендері ағып
шығады. Карлос Мари Мояно өзінің
1880-1881жылдары жүргізген
экспедициясы барысында осы көлді
ашқан.
10.
Чили – Оңтүстік Американың Тынық мұхитыжағалауы бойымен Атакама шөлінен Фроуард
мүйісіне дейінгі жіңішке жолақты аумақты
қамтиды. Және де Чилидің құрамына Отты Жер
архипелагы, Хуан Фернандес архипелагы, Пасха
аралы кіреді. Ауданы – 756 950 км кв. Жағалау
сызығының ұзындығы – 6435 км. Ұзынынан
созылып жатқандықтан климаты солтүстікте
тропиктен оңтүстікте қоңыржай мұхиттыққа
дейін өзгереді. Климаты шығысқа қарай құрғақ,
континенталдық бола түседі. Чилидің солтүстігі
– Атакама шөлі - әлемнің ең құрғақ
аудандарының бірі. Чилидің барлық өзендері
дерлік Тынық мұхиты алабына жатады. Ірі өзені
– Био-био. Көлдері екіге бөлінеді: оңтүстікчилилік және патагондық.
Чили Анд тауының оңтүстік бөлігінде
орналасқан. Ең биік нүктесі – Охос-дель-Саладо
тауы (6880м). Мұнда жер сілкіністері көп болып
тұрады. Адамзат тарихындағы ең күшті сілкініс
1960 жылы 22 мамырда осында болған (9балл).
11.
Био-био – Чили территориясындағыөзен. Оның ұзындығы 380 км жетеді, ал
бассейнінің ауданы 24 264 км кв.
Бастауын Анд тауындағы Икальма
және Галлетуэ көлдерінен алып, Тынық
мұхитының Арукан шығанағына барып
құяды.
Өзенді 1544 жылы испандық Хуан
Баутиста Пастене ашқан. Қазіргі
уақытта рекреациялық мақсатта және
шарап істеуде бұл аймақ жақсы
қолданысқа ие.
12.
Чили архипелагы – Чилидің Тынықмұхитында орналасқан оңтүстік-батыс
жағалараның шоғырланған тобы.
Барлығының дерлік жер бедері таулы болып
келеді. Ең биігі Санта-Инес аралында 1341 м
биіктікте. Архипелагтың ең ірі аралдары –
Чилоэ, Веллингтон, Санта-Инес. Аралдардың
климаты қоңыржай, мұхиттық, өте ылғалды
болып келеді. Орташа жылдық жауын-шашын
мөлшері 3000 мм. Солтүстігін мәңгі жасыл
ормандар алып жатыр.
13.
Чилоэ – Чилидің оңтүстік бөлігіндегі Тынықмұхит аралы. Ауданы 8394 км кв. Чилоэ
архипелагының 91,4 %-н құрайды. Халқы
2002 жылы 154,7 мың адамға жеткен.
Ауданы бойынша Чилидің Отты Жер
аралынан кейінгі 2-ші аралы. Солтүстіктен
оңтүстікке қарай 190 км, батыстан шығысқа
60км-ге созылып жатыр. Аралдың орталық
бөлігінде теңіз деңгейінен 800 м биіктікте
орналасқан аласа таулар жатыр. Шығыс
жағалауы төбелі жазықтардан тұрады және
қатты тілімденген. Арал материктен
шығысында Анкуд және Корковадо
шығанақтары арқылы, солтүстігінде Чакао
бұғазы арқылы бөлініп тұр.
Климаты салқын және ылғалды. Гумбольд
ағысының әсерінен арал ауасы
салқындайды. Таулары аласа болса да,
климтақа олар да әсер етеді. Жылдық жауыншашын мөлшері 2900 мм шамасында.
14.
Веллингтон – Тынық мұхитында орналасқан Чилиархипалыгының ірі аралдарының бірі. Ауданы 5 556 км кв.
Ең биік нүктесі – теңіз деңгейінен 1463 м биіктікте. Халқы
250 адам. Жағалық Кордильердің жалғасы болып
табылады. Жер бедері төбелі және сирек ормандар
кездеседі. Климаты салқын, қоңыржай жаңбырлы, жылдық
жауын-шашын мөлшері 9000 мм. Ауаның орташа
температурасы +9 С.
1520 жылы Магеллан бұғазымен қатар ашылған.
15.
Вальдес – Аргентинаның Атлантмұхиты жағалауындағы түбек.
Ауданы 3625 км кв. Патагониядан
Нуэво шығанағы арқылы бөлінген.
Түбектің көп бөлігіне адамдар
қоныстанбаған. Бірнеше тұзды
көлдері бар. Олардың ішіндегі ең
ірісі теңіз деңгейінен-40 метр
терең. Ол сонымен қатар Оңтүстік
Американың ең терең нүктесі
болып табылады. Қайталанбас
және бай фаунасы үшін Вальдес
түбегі 1999 жылы ЮНЕСКО-ның
қорғауына алынған.
16.
Назараударғандарыңыз
үшін рахмет!!!