Похожие презентации:
Пародонт тіндерінің құрылымы. Пародонттың функциясы
1.
Пародонт тіндерінің құрылымы. Пародонттыңфункциясы. Пародонт ауруларына пайда болуына қауіп
факторлары мен клиникалық ағымының ерекшеліктері.
Пародонт ауруларды тексеру әдістері.
Орындаған: Кожаханова А.А
Топ: 407
Факультет: Дантист
Тексерген: Камиева З.Р
2.
Пародонт тіндерініңаурулары
Пародонттың функциясы
Жоспар:
Пародонт ауруларының
пайда болуы
Тексеру әдістері.
Қорытынды
3.
Пародонт• Пародонт деп бір-бірімен генетикалық,
морфологиялық, функционалдық тығыз байланысты
тісті қоршаған тіндер кешенін айтады. Бұл кешеннің
құрамына қызылиек, периодонт, альвеола өсіндісі және
тіс тіндері кіреді. Грек тілінен аударғанда раra–
айналасы, odontos—тістістерді қоршап тұрған
тіндержиынтығынан тұрады
• Ең алғаш тіс төңірегіндегі тіндер кешені туралы
ұғымды 1905 жылы орыс ғалымы н:н:Несмеянов
қалыптастырды және патологиялық үрдіс кезінде
барлық тіндер кешені жарақаттанады деп қорыта келе,
бұл кешенді құрылымды «амфодонттық ағза»
(амфодонтный орган) деп атауды ұсынды.
4.
Қызыл иек• Қызыл иек (десна); (лат. gingiva — қызьш
иек) жақ сүйектерінің тіс жиектерін қаптап
жатқан кілегейлі қабық. Қызыл иек тіс
ұяшықтарындагы сүйекқаппен
(периостпен) бірігіп, тісті тіс ұяшықтарына
бекітіп тұрады. Қызыл иекте сезімтал жүйке
талшықтары аздау келеді,
бірақ ол қан тамырларына өте бай
болады.Тіс пен
бекітілмеген қызыл иек арасындағы
кеңістікті қызыл иектік жүлге деп атайды.
5.
Цемент• Цементтің бейорганикалық бөлігін 50–60% гидроксиапатиттің кристалдарынан тұрса; ал
органикалық бөлігі негізінен I типтегі коллагеннен тұрады. Цементтің сүйектен айырмашылығы
сүйекте қалыпты жағдайда сорылу үрдісімен қатар жұқа сүйек тінінің қалыптасуы жүретін болса, ал
цементте сорылу үрдісі жүрмейді. Цемент коллагені периодонттағы цементобластардан және
фибробластардан құрылады және ол жалғыз пайда болу көзі болап табылады. Цементобластар ішкі
коллаген талшықтарын, ал фибробластар сыртқы коллаген талшықтарын түзейді. Ішкі диаметрі кіші
талшықтарцементтің өзіндік талшықтары цементтің беткейімен параллельді жүріп отырады.
Сыртқы талшықтардың диаметрі үлкен, периодонта қалыптасып, шарпеев талшықтары түрінде
цементке еніп оның беткейіне тік бұрышта жүреді. Бұл талшықтар тістің альвеолада мықты тұруын
қамтамасыз етеді. Жасушалықсыз цементке қарағанда жасушалық цемент тез түзіледі және
цементобластар цементоциттерге ауысып отырады. Цеменнтоциттер –бұл
ірі ядролы және көптеген тармақталған өсінідісі бар жасушалар. Терең қабаттарда цементоциттер тез
өліп, өзінен кейін ұяшықтар қалдырады. Периодонтқа жақын қабаттарда бұл жасушалар жақсы
қызмет етеді және цементобластармен ұқсастығы бар. Цементобластар цементтің пайда болуын
қамтамасыз ететін белсенді жасушалар болып саналады. Цементтердің көп түзілуі гиперцементозға
алып келеді.
6.
Периодонт• Периодонт- периодонт саңылауын (тіс ұяшығының
компакті табақшасы мен тіс түбірі цементінің арасында
орналасқан) толтырып тұрған тығыз дәнекер тін болып
табылады. Периодонттың қалыңдығы әр түрлі, адамның
жасына, тұрған орнына, оған түсіп тұрған күшке
байланысты болады. Астыңғы жақ сүйегінде
периодонттың қалыңдығы-0,15-0,22 мм, үстіңгі жақ
сүйегінде – 0,7-0,8 мм-ге тең келеді.
• Периодонттың атқаратын қызметтері: Тісті берік ұстап
тұру. Шайнау кезінде тіске қысымды тең түсіруге жағдай
жасау. Өзгерген тінді қайтадан қалпына
келтіру (клеткалық элементтердің қатысуымен ).
Қорғаныш қызметі. Сезім қызметі - көптеген нерв
жүйелерінің ұшы арқылы жүзеге асады. Қоректендіру
қызметі
7.
Пародонттың функциясыҚолдау. Тістің сүйек
пластинкаларының
арасында ұсталатын
негізгі қызметі.
амортизациялау
функциясы. Бүкіл тіс
қатарына қысымды
дұрыс таратады.
Трофикалық.
Тамақтануға және тіндік
кешеннің метаболизмін
қамтамасыз етуге
жауапты функция.
Бактериялардың әсеріне
қарсы тосқауыл жасауға
ықпал ететін қорғаныс
функциясы.
Рефлекс – шайнау
жүктемесінің дұрыс
бөлінуіне әсер етеді.
Пластикалық функция
пародонт тіндерінің
серпімділігіне жауап
береді.
8.
Пародонтауруларының пайда
болуы
• Тіс тазалау бұзылғанда
микроорганизмдер беті белсенді
микробтармен жабылға құрылымдық
масса түзеді.Оларды
микробты тіс түйіндіктері(зубные
бляшки) деп атайды. Тіс түйіндіктері
тазалауға қиын тіс мойыны, тіс
мойыны мен қызыл иек жиегінің
тереңінде орналасады. Тіс
шөгіндісіндегі микроорганизмдер
ауыздың шырышты қабатының
ауруларының ағымын асқындыруы
мүмкін.
9.
Тісшөгінділері
• 1.Физиологиялық тіс үстілік түзінділер: Кутикула
(құрылымсыз органикалық қабық, сыртқы эмаль
эпителийнің қалдығы, жаңа шыққан тістің
сауытын түгелімен қаптап, кейін механикалық
әсерлерден азая бастайды) Пелликула
(құрылымдық емес жасушасыз қабық, сілекей
гликопротеиндерінен тұрады)
• 2.Тіс шөгіндісі: Жұмсақ минерализацияланбаған
(пигменттелген және пигменттелмеген) Қатты
минерализацияланбаған (пигменттелген және
пигменттелмеген)
Тіс шөгінділері
• 1.Қызыл иек үсті шөгіндісі
• 2.Қызыл иекасты шөгіндісі
10.
• Пародонт сырқат адамды тексерудің басты мақсаты аурудың түрін, ауырлығын, ағым ерекшеліктерін,себептері мен патогенездік механизмін анықтау.
Пародонт
ауруларды
тексеру
әдістері
Тексеру әдістері:
1. Негізгі тексеру әдістері немесе клиникалық әдістер –
пародонты сырқат адамның шағымын, ауруының даму
тарихын, өмір тарихын сұрау тексеру арқылы білуден
және қарап тексеру арқылы пародонт тіндеріндегі
өзгерістерді анықтап сараптардан тұрады.
2. Қосалқы немесе арнаулы тексеру әдістері:
Рентгендік әдіс.
Лабораториялық зерттеу әдістері (цитологиялық,
микробиологиялық, биохимиялық, иммунологиялық,
қан құрамын зерттеу немесе гемограмма құру).
Функционалдық зерттеу әдістері (стоматоскопиялық,
капилляроскопиялық, биомикроскопиялық,
реографиялық, полярографиялық әдістер).
11.
• Сұрап тексеру арқылы пародонты сырқат адамның шағымын анықтайды. Негізгі шағымдарықызылиектің қанағыштығы, ондағы әртүрлі ауыру сезімдері, тістерінің әртүрлі тітіркендіргіштерден
ауыратындығы, олардың орындарынан ауытқуы, қозғалмалылығы, қалыпты тістемнің бұзылуы, эстетикалық
ыңғайсыздық, ауыздан нашар иістің шығуы, сілекей бөлінуінің бұзылуы.
• Аурудың даму тарихын (анамнезі) туралы мәлімет жинағы кезде алғашқы белгілерінің біліне бастаған
уақытын, даму барысын, жүргізілген емдеу шаралары және олардың жиілігін (емдеу жүргізілген болса),
нәтижелілігін анықтауға тырысады
• Пародонты сырқат адамның өмірінен мәлімет жинаған кезде қандай ортада өскені, тамақтану, демалу
кестесі, тағамдардың толыққандығы, мамандық-кәсіпкерлігі жайлы, зиянды ықпалдар әсерлерінің болуболмауы туралы, ертедегі және қазіргі кездегі бойындағы сырқаттары, басқа да тұқым қуалайтын аурулары
және олардың пародонт ауруларымен байланысын анықтауға тырысу керек. Сонымен қатар зиянды
әдеттерінің бар-жоғын да білген жөн.
12.
• Қызылиектегі қабыну үрдістерінің ерекшелігін төмендегі белгілермен сипаттайды: түсінің қызаруы, домбығу немесе ісінуі,тістераралық бүртіктердің пішіндері мен көлемдері және қанағыштығы, эпителий қабатының түлегіштігі, жаралануы. Сонымен
қатар ондағы атрофиялық және гиперпластикалық үрдістерді де ескереді. Тістер бетіндегі қатты және жұмсақ шөгінділерді
Федоров-Володкина (1964) немесе ГриньВермильон (1960) индекстерінің көмегімен анықтайды. Тіс шөгінділерін бояп анықтау үшін
құрамында иод бар арнаулы сұйық (кристалды иод 1 грамм, калий иодиді 2 грамм, 40 мл дистилденген су) немесе эритрозин
таблеткаларын пайдаланады. Қызыл иектегі қабыну үрдісінің қарқындылығын гликогеннің жиналу деңгейін анықтау арқылы
немесе Шиллер-Писарев сынамасының көмегімен анықтауға болады. Ол үшін жоғарыда келтірілген сұйыққа суланған мақта
анжымен қызылиекті сүртеді. Қалыпты жағдайда қызылиек боялмайды, ал қабыну кезінде гликогеннің жиналу деңгейіне
байланысты ашық-қоңыр түстен бастап қараөқоңыр түске дейін боялады. Бұл сынаманы қабынуға қарсы жүргізілген жергілікті
емдеу шараларының нәтижелілігін бағалау үшін де қолдануға болады.
• Қызылиек қабынуы кезінде пародонт тіндерінің жағдайын папиллярлы-маргиналдыөальвеолалық индексті (РМА) анықтау арқылы
бағалауға болады және ол гингивалдық индекс (қызылиек қабынуының индекс ө ҚҚИ) деп аталады. Бұл индексті Pаrma (1960)
ұсынған.
• Қызылиектің қабыну аймақтарын сандық көрсеткіштермен белгілейді. Қызыл иек бүртігінің қабынуы (Р) 1 балмен, жиегінің
қабынуы (М) 2 балмен, альвеолалық бөлігінің қабынуы (А) 3 балмен бағаланады.
• Қызылиек қабынуының индексі = барлық балдар қосындысы *100 Барлық тістер саны *3
• Әрбір тіс төңірегіндегі қызылиек қабынуының ең жоғарғы сандық көрсеткіштерін қосқан кезде баллдар қосындысы шығады; ал
тістер санын 6 жастан 11 жасқа дейін 24; 12 жастан 14 жасқа дейін ө 28; 15 жастан жоғары 30 деп қабылдайды немесе тексеру
кезіндегі ауыздағы тістер санын алады.
• Пародонт қабынуы кезіндегі пародонт тіндерінің жағдайын Russel (1956) ұсынған пародондалдық индексті (PJ-ПИ) анықтау арқылы
бағалайды.
13.
Қорытынды• Парадонт ауруларын стоматолог
науқастардың жас, балалық шағынан байқай
алады. Сондықтан профилактикалық ағарту,
тәрбие жұмыстарын бала-бақшадан бастап,
өсіп келе жатқан баланың парадонт
жағдайын жиі қадағалап тұру қажет. Оған
стоматолог ғана емес, баланың ата-анасы,
бала-бақша тәрбиешілері де қатысу керек.
• Пародонт ауруларын алдын-алу үшін ақуыз,
Е, С және Р винтаминдерінің жеткілікті
мөлшері
бар тамақтануды қалпына келтіруге көңіл
бөлінеді, қатты
тағамдарды қолдануды жоғарылату.
14.
Назарларыңызғарахмет!