Похожие презентации:
Микроорганизмдер морфологиясы мен систематикасы
1.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫМИНИСТРЛІГІ
ЖӘҢГІР ХАН АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН АГРАРЛЫҚТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
«Микробиология, вирусология және зертханалық
балау» пәнінен
№2 дәріс тақырыбы:
Микроорганизмдер морфологиясы мен
систематикасы
Пән оқытушысы: «Ветеринарлық
және биологиялық қауіпсіздік» жоғары
мектебінің аға оқытушысы Ищанова
Айман Салимжановна
Орал, 2022
2.
Жоспар:• Микроорганизмдер систематикасы
• Бактериялар морфологиясы
3.
Микроорганизмдер систематикасыБарлық жіктелудің (классификация)
негізгі жүйелері: патшалық – бөлім –
класс (топ) – қатар – тұқымдастық –
туыстастық – түр.
Жіктелудің ең басты ктаегориясы – түр
болып саналады, яғни морфологиялық және
физиологиялық белгілері ұқсас ағзалар
жиынтығы.
4.
• Микроорганизмдерді топтастыру кезінде келесідейқасиеттері ескеріледі:
• Морфологиялық (клетканың пішіні, көлемі, сыртқы түрі,
өзара орналасуы) клеткалық құрылымы, спора түзу
қабілеті, көбею түрі.
• Физиологиялық (қоректену типі, энергия алу түрі, оттегінің
әсері, патогендігі, температураның әсері және т.б)
• Культуралдық (қоректік ортада өсу сипаты, түзетін
колонияларының пішіні мен көлемі, түсі, мөлдірлігі,
шеттері және беткі бөлігі)
• Биохимиялық (органикалық заттарды түзу кезіндегі
айырмашылықтары)
5.
• Таксономиялық бірлік негізі түр болып табылады.• Түр – шығу тегі ортақ, ортақ морфологиялық және физиологиялық
сипатқа ие, қоршаған ортаның белгілі бір жағдайларында тіршілік етуге
бейімделген организмдер жиынтығы. Яғни бір түрге жататын
микроорганизмдер ортақ генотипке ие.
• Штамм – бірдей немесе әртүрлі табиғи қоректік орталардан, әртүрлі
уақыт аралығында бөлініп алынған,
бір түрге жататын
микроорганизмдердің таза культурасы. Бір түрдің штаммдары ортақ
қасиетке ие. Культуралды ашытқылар штаммы –
• Раса деп аталады. Мысалы тағам өндірісінің көптеген салалаларында
(нан, спирт, сыра, квас және т.б) қолданылатын Saccharomyces
cerevisiae түріне жататын ашытқылар расасы бір-бірінен көмірсуларды
пайдалану жылдамдығы, ашыту белсенділігі, түзетін жанама өнімдердің
көлемі бойынша өзгешеленеді.
• Клон – бiр клеткадан алынған дақыл немесе культура. Қазiргi кезде
микрооорганизмдердi анықтау, ажырату үшiн 1984 жылы қабылданған
Бергийдiң «Бактериялар анықтамасы» пайдаланылады.
6.
• Номенклатура.Микроорганизмдерді топтастыру кезінде екі әдіс
қолданылады: табиғи (филогенетикалық) және жасанды классификация. Қазіргі
кезде
микроорганизмдердің
классификациясының
барлығы
жасанды
классификация болып табылады. Номенклатура–микроорганизмді толығымен
зерттеген соң, белгілі бір атау берілуі. Микроорганизмдерді атау үшін, ХVIII
ғасырда К.Линней ұсынған бинарлық номенклатураны (екі латын сөзінен
тұратын атау) қолданады. Бірінші сөз– түр атауы. Бұл зат есім, бас әріппен
басталады, әдетте морфологиялық, физиологиялық немесе ерекше бір
қасиетін, мысалы: тіршілік ету ортасын сипаттайды. Екінші сөз– бұл сын
есім және кіші әріппен жазылады, түрдің белгілі бір ерекшелігін сипаттайды.
Мысалы: Streptococcus lactis микроорганизмінің атауы. Streptococcus–түр
атауы. Бұл түрге сфералық пішінді (коккалар), әдетте тізбектеліп орналасатын
(морфологиялық қасиет) бактериялар жатады. Екінші сөз тіршілік ету ортасын
көрсетеді
–
сүтқышқылды
стрептококк.
Микроорганизмдерді
атау
микроорганизмдер номенклатурасының Халықаралық Кодексі ережелеріне сәйкес
жүргізіледі және ол дүниежүзі елдерінде бірдей.
Сәйкестендіру
(идентификация)–
микроорганизмдерді
тану.
Бұл
микроорганизмдерді жүйелендірудің үшінші мақсаты. Бактериялар, ашытқылар
және саңырауқұлақтар анықтауыштарын пайдаланып, қоршаған ортадан бөлініп
алынған микроорганизмдердің атауын анықтауға болады.
7.
Прокариотты (бактериалды) клетканыңқұрылымы
8.
Бактериялар — хлорофилсіз, тек екіге бөлінуарқылы көбейе алатын бір жасушалы ағзалар.
Бактериялардың пішіні мен көлемін тірі не
өлтірілген күйінде, боялған не боялмаған
түрінде микросоп көмегімен зерттейді.
Бактерия жасушасының орташа мөлшері – 2-6
мкм. Нақты микроорганизм түріне тән бактерия
жасушасының пішіні мен көлемі әртүрлі
факторлардың (тіршілік ету ортасына,
қоректенуіне қарай және т.б.) әсерінен өзгеріске
ұшырауы мүмкін. Бұл құбылыс полиморфизм
деп аталады.
9.
Бактериялардың сыртқы түріне қарай 3 негізгіформаларға жіктейді: шар тәріздес, таяқша
және иілген.
10.
Шар тәріздес бактерияларды:Кокктар деп атайды (лат.тілінен coccus жеміс) және диаметрі 0,5-тен 1 мкм-ге дейін
болады.
Кокктардың пішіні әртүрлі болып келеді.
Кокк жасушаларының бөлінуіне қарай келесі
пішіндерге ажыратылады:
11.
1. Микрококктар (лат. micros — ұсақ) —бір-бірден дара орналасады;
12.
2. Диплококктар (от лат. diploos — жұп) —жұптап орналасады; оларға пневмококктар,
гонококктар және менингококктар;
13.
3. Стрептококктар (лат. streptos —моншақ)— тізбектеліп орналасады;
14.
4. Стафилококктар (лат. staphyle — шоғыр)— жүзім шоғырына ұқсас орналасады;
15.
5. Тетракокктар (лат. tetra — төртеу) — төрттөрттен орналасады;16.
6. Сарцина (лат. sarcio —қосыламын)— 8немесе 16 жасушалар бірігіп орналасады.
17.
• Таяқша тәріздес бактериялар• Спора түзбейтін таяқша тәрізді
микроорганизмдерді бактериялар деп атайды.
• Спора түзетін таяқша тәрізді бактерияларды
бациллалар деп атайды.
18.
Орналасуына қарай:1.Таяқша тәрізді бактериялар, дара
орналасады.
19.
2.Диплобактериялар немеседиплобациллалар, қос-қостан орналасады.
20.
3.Стрептобактериялар немесестрептобациллалар
21.
Иілген бактериялар — вибриондар (үтіртәріздес)
22.
Спирилла тәріздес бактериялар– 2-3 жерден иілген